"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12 және 13-тармақтарына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық құжат және қағаз жеткізгіш нысанында, қазақ және орыс тілдерінде, ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) әскери қызметшісін әскери оқу орындарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында (бұдан әрі – Шекара қызметінің академиясы) оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.
2. Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 12 және 13-тармақтарына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орны бойынша Шекара қызметі әскери бөлімдердің кадр бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде Шекара қызметі Орталық аппаратының кадр бөлімшесіне:
1) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери қызметші əскери оқу орнынан шығарып жіберілгені туралы;
2) бас тарту құжаттамалық расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде - əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген мерзімі аяқталғанға дейін әскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен босатылғаны туралы хабарлайды.
4. Әскери қызметшіден оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеу бойынша талап арыз жұмысын жүргізу үшін әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша әскери бөлімнің кадр бөлімшесі әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша әскери бөлімнің заң бөлімшесіне мынадай материалдар жолдайды:
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 Қаулысына сәйкес нысан бойынша əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт;
2) оқудан шығарып жіберілген әскери қызметшіге қатысты – әскери оқу орны тізімдерге қабылдау немесе одан шығару туралы әскери оқу орны бастығының бұйрығынан үзінді;
3) әскери оқу орнын бітірген әскери қызметшіге қатысты – әскери бөлім тізімдерінен шығару туралы бұйрықтан үзінді;
4) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Шекара қызметі академиясының курсантын, магистрантын, докторантын және әскери оқу орындарының, оның ішінде шетелдік әскери оқу орындарының курсантын, адъюнктін, тыңдаушысын оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі.
5. Шекара қызметі академиясының курсантын, магистрантын, докторантын оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі Шекара қызметі Академиясының бастығымен жыл сайын оқудың әрбір курсы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі. Бұл ретте шығындар сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
6. әскери оқу орындарында, оның ішінде шетелдік әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорымен жыл сайын оқудың әрбір курсы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі. Бұл ретте әскери оқу орындарында окытуға жұмсалған шығындардың сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, ал шетелдік әскери оқу орындарында окытуға жұмсалған шығындардың сомасы оқу курсы аяқталу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
2-тарау. Оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өтеу тәртібі
7. Оқытуға жұмсалған бюджет қаражаттарын ерікті түрде өтеу қажеттілігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) ерікті нысанда жасалады және әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша әскери бөлімдердің кадр бөлімшелерімен әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің мекенжайына жолданады. Хабарламада өтеуге жатқызылған сома, сондай-ақ өз еркімен өтеу мерзімдері мен оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өтеуге келісу не болмаса бас тарту туралы жазбаша жауапты ұсыну көрсетіледі.
8. Оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өз еркімен өтеуге келісу туралы жазбаша жауапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің мекенжайына оның соңғы қызмет (оқу) орны бойынша әскери бөлімдердің кадрлық бөлімшелері банкілік деректемелер мен оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өтеу кестесін (бұдан әрі – кесте) алты айдан аспайтын мерзімге көрсете отырып, хабарлама жолдайды. Оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өз еркімен өтеу сомасын толық көлемде өтемеген жағдайда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір ай ағымында құралған қарыздың орнын толтыру мәселесі сот тәртібінде шешіледі.
9. Әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметші оқуға жұмсалған бюджет қаражаттарын өз еркімен өтеуден жазбаша бас тартқан не болмаса хабарлама жолданған күннен бастап бір ай ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайда бюджет қаражаттарын өтеу мәселесі хабарлама жолданған күннен бастап бір ай өткеннен кейін сот тәртібінде шешіледі.
10. Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.
11. Шекара қызметінің әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған шығындардың өтелуіне бақылау жасауды Шекара қызметі Орталық аппаратының заң бөлімшесі жүзеге асырады.
12. Тоқсан сайын өткен тоқсанның кейінгі айдың 5-і күніне дейін Шекара қызметі әскери бөлімдерінің кадр және заң бөлімшелері оқытуға жұмсалған бюджет қаражаттарының шығыстарын өтеу бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді.
________________ мамандығы бойынша _____/_____ оқу жылына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясының курсантын, магистрантын, докторантын оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі
Р/с | Шығыстар атауы | ___оқу курсы |
1. | Әскери қызметшінің ақшалай ризығы (айлықақы) | |
2. | Өтемақы төлемдері (жол жүру, пошталық шығыстар, азық-түлік үлесі, көтермелеу жəрдемақысы, сауықтыруға арналған жəрдемақы және т.б.) | |
3. | Жанар-жағармай материалдарына шығыстар | |
4. | Азық-түлікпен қамтамасыз ету | |
5. | Заттай мүлікпен қамтамасыз ету | |
6. | Оқ-дәрілермен қамтамасыз ету | |
7. | Монша-кір жуу шығыстары | |
8. | Медициналық қамтамасыз ету | |
9. | Кеңсе және шаруашылық шығыстары | |
10. |
Коммуналдық шығыстар: | |
Барлығы | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі академиясы бастығының
кадр жұмысы бойынша орынбасары
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі академиясының қаржы бөлімшесі бастығы
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)
__________________________________
(шетелдік әскери оқу орнының атауы) курсанты _______________________________ мамандығы бойынша _____/_____ оқу жылында оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі
Р/с | Шығыстар атауы | ___ оқу курсы |
1. | Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, келісімшарттары мен оқуға шақыру бойынша төленетін ақшалай ризығы (айлықақы) | |
2. |
Өтемақы төлемдері | |
3. | Ұшу практикасы | |
4. | Жол жүру құжаттарын ресімдеу | |
Барлығы | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі директорының
кадр жұмысы бойынша орынбасары
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің қаржы бөлімшесі бастығы
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)
_____________________________________________ (әскери оқу орнының, шетелдік әскери оқу орнының атауы) адъюнкті, тыңдаушысы ________________________ мамандығы бойынша _____/_____ оқу жылында оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі
Р/с | Шығыстар атауы | ___ оқу курсы |
1. | Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, келісімшарттар мен оқуға шақыру бойынша төленетін ақшалай ризығы (айлықақы) | |
2. |
Өтемақы төлемдері | |
3. | Заттай мүлікпен қамтамасыз ету | |
4. | Адъюнкт (тындаушы) мен олардың отбасы мүшелерінің қызмет өткеру (мекенжайы) орнынан оқу орнына дейін барған және Қазақстан Республикасына қайтқанда жол жүрулері | |
5. | Өз мүлкін тасымалдау бойынша көлік шығыстары | |
6. | Медициналық қамтамасыз ету | |
7. | Жол жүру құжаттарын ресімдеу | |
Барлығы | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі директорының
кадр жұмысы бойынша орынбасары
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің қаржы бөлімшесі бастығы
М.О. ___________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әрібі мен тегі)
"___" ____________
(күні)