Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, "Заң газеті" газетiнде 2009 жылғы 20 наурызда жарияланған № 42 (1465) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
207. | "Миника 1102 ФKZ" (ломбардтарға, металл және шыны ыдыстарды қабылдау пунктеріне арналған) | |
208. | "Аппараттық-бағдарламалық кешен Webkassa 2.0" |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |