Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 қазанда № 15902 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 60-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бір данада қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің дщиректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      Ж. Асанов _____________

      2017 жылғы 8 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 74 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша
анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 60-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) анықтау бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды нақтылайды.

      2. Анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелер Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексiнде (бұдан әрі – ҚПК) белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, Шекара қызметінің тергеулігіне жататын ҚПК-нің 191-бабының 6, 10-бөлімдерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

      3. Шекара қызметінде анықтау бөлімшелеріне жатады:

      1) Шекара қызметі Бас штабының анықтау және әкімшілік іс жүргізу басқармасы (бұдан әрі – БШ АӘІЖБ);

      2) Шекара қызметі бірлестіктерінің, құрамалары мен жауынгерлік бөлімдерінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімдері (бұдан әрі – АӘІЖБ).

      4. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерге:

      1) штабтың мемлекеттік шекараны күзетуді, жауынгерлік дайындықты және әскерлерінің қызметтерін ұйымдастыру бөлімдері (бөлімшелері);

      2) барлау бөлімдері (бөлімшелері);

      3) шекаралық бақылауды ұйымдастыру (қызмет атқару) бөлімдері (бөлімшелері);

      4) әкімшілік іс жүргізу бөлімшесі;

      5) шекара комендатуралары, десанттық-шабуылдаушы мотоманеврлік топтары, шекара заставалары (бекеттері), шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері), шекара корабльдері (катерлері), десанттық-шабуылдаушы заставалары, парашюттік-десанттық барлау заставалары жатады.

      5. Егер де анықтау бөлімшелерінің әскери қызметкерлері болмағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған аумақ алшақты болғанда анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген істерді жүргізуге кіретін офицерлер, сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамындағы келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілері Шекара қызметінің құзыретіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады, сонымен қатар ҚПК-нің 196 бабының 1 бөлігіне сәйкес кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн өткізеді.

2-тарау. Шекара қызметінде анықтауды ұйымдастыру

      6. Шекара қызметінде анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры және оның орынбасарлары, өңірлік басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары, әскери бөлімдерінің командирлері және олардың орынбасарлары, БШ АӘІЖ басқармасының бастығы және оның орынбасарлары, АӘІЖ бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары ие болады.

      7. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бірлестіктердің, құрамалар мен жауынгерлік бөлімдерінің, сондай-ақ ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілікті және анықтау бөлімшелерінің әрекетін үйлестіруді БШ АӘІЖ басқармасы жүзеге асырады.

      8. БШ АӘІЖ басқармасы АӘІЖ бөлімінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметін талдау негізінде:

      1) анықтау сапасын жақсартуға бағытталған шараларды, әзірлейді;

      2) АӘІЖ бөлімінің қылмыстық-процестік қызметінің жай-күйін тексеруді ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ic-шараларды әзірлеуге катысады, олардың орындалуын бақылайды;

      3) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметінің нәтижелері туралы шолулар, ақпараттық хаттарды дайындайды, анықтауды жетілдіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын тергеп-тексерудің тактикасы мен әдістемелерін дайындайды, үздік тәжірибе жинақтайды және таратады, оларды тәжірибеге енгізуді қамтамасыз етеді;

      4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізеді;

      5) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен жиын өткізеді және ұйымдастырады;

      6) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әрекетінің сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін карайды;

      7) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады;

      8) бағынысты АӘІЖ бөлімдері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері тәртіпті және заңдылықтарды бұзу деректері бойынша қызметтік тексеру жүргізеді.

      9) анықтау сұрақтары бойынша Шекара қызметінің бөлімшелерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру, заңдылықты нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлейді және келіседі, бұйрықтардың жобаларын, нұсқауларын, әдістемелік ұсынымдарын, қылмыстық істердің макеттерін дайындайды, белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді.

      9. Анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік іс-қимылының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

      1) біріктірілген істерді ескере отырып, сотқа жолданған қылмыстық істер саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу және қылмыстық істерді тоқтату туралы күші жойылған қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      3) прокуратура және сот органдарының қосымша тергеп-тексеруге қайтарған қылмыстық істердің жоқтығы, сондай-ақ ақтау үкімдерін шығару (болмауы оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      4) есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуы (бұзушылықтар фактілерінің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      5) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      6) анықтаушылардың процестік іс-қимылдарына және шешімдеріне азаматтардан келіп түскен шағымдардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      7) анықтаушылар жасаған құқық бұзушылықтардың саны (төмендеу оң көрсеткіш ретінде бағаланады).

      10. Бірлестіктерде анықтауды ұйымдастыру өңірлік басқармаларының АӘІЖ бөлімдеріне жүктеліп, олар жүзеге асырады:

      1) анықтау сұрақтары бойынша әскери бөлімдерінің бағынысындағы АӘІЖ бөлімінің ұйымдастыру әрекеттерінің үйлестіруін;

      2) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту бойынша, Шекара қызметінің басшылығына және БШ АӘІЖ басқармасына ұсыныстар енгізу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шараларын;

      3) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді және талдау жүргізуін;

      4) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік әрекетінің, инспекциялау, тексеру материалдарын және басқа да ақпаратты шаралардың жағдайы туралы талдау мәліметтерінің негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің сапасын жақсартуға, уақытылы кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      11. Өңірлік басқармаларының АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ "Нұр-Сұлтан", "Алматы" және "Қорғас" шекаралық бақылау жасақтары ай сайын есеп беру кезеңінен кейін, айдың 5-ші күнінен кешіктірмей БШ АӘІЖ басқармасына ұсынады:

      1) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің анықтау бойынша жұмыстарының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық есептілікті, ал қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтаудың жай-күйі нашарлаған кезде себебін ашып көрсете отырып, түсіндірме жазба жолдайды;

      2) Шекара қызметінің басшылығымен бақылауға алған қылмыстық істер бойынша ақпарат ұсынады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.01.2020 № 2/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өңірлік басқармалардың АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан", "Алматы" және "Қорғас" шекаралық бақылау жасақтары өндірістеріндегі барлық қылмыстық істер бойынша уақытылы есеп жүргізіп, бақылау жасау үшін:

      1) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - СДТБТ) тіркелген және ол туралы процестік шешімдер шығарылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметті ведомстволық деректер базасына тұрақты түрде енгізеді.

      2) он бес күндік мерзім ішінде әрбір айыпталғандарды ақтау, қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша тоқтату, заңсыз ұстау және (немесе) қамаққа алу, прокурорлардың қосымша тергеп-тексеру үшін қылмыстық істерді кері қайтару фактілері бойынша анықтаушылар айыптыларды жауапкершілікке тарта отырып, істі қарайды, ол туралы Шекара қызметінің басшылығына қызметтік тергеп-тексерудің қорытындыралы мен бұйрықтардан үзінділерді қоса бере отырып, баяндайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.01.2020 № 2/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Құрамалар мен жауынгерлік бөлімдерде анықтауды ұйымдастыруды құрамалар (бөлімдер) командирлері жүзеге асырады.

      14. Әскери бөлім командирі осы бағыттағы жұмысты тиімді қамтамасыз ету масқатында:

      1) АӘІЖ бөлімдері мен анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген бөлімшелердің олар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылын үйлестіреді;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеуді және олар бойынша процестік шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді (ҚПК 179-180, 187, 191-баптары);

      3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды СДТБТ-ға, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, уақтылы тіркеуді, тергеу реттілігі бойынша жолдауды, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуді, ic бойынша түпкілікті шешім қабылдауды бақылайды;

      4) анықтау бөлімінің жұмыстарына жүйелі түрде талдау жүргізеді, анықтаудың сапасын және тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүзеге асырады, өңірлік басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;

      5) ай сайын есеп беру кезеңінен кейін айдың 3-ші күнінен кешіктірмей Өңірлік басқарманың АӘІЖ бөліміне сотқа дейінгі істер туралы статистикалық есеп мәліметін ұсынады;

      6) анықтаушыларды қызметтік кабинеттермен, байланыс құралдарымен, көлікпен және ұйымдастыру техникасымен, оның ішінде көшіргілермен және сканермен қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;

      7) қылмыстық құқық бұзушылықтың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы мен уақытылы жағдайын жасайды;

      8) анықтаушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол бермейді;

      9) жедел-жауынгерлік, арнайы және денешынықтыру дайындығына анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің, анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілерін, прокуратура және сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды жұмылдыра отырып, анықтау сұрақтары бойынша сабақтар ұйымдастырады;

      10) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің бос лауазымдарына толықтырма жүргізеді және үміткерлерге іріктеу жұмыстары ұйымдастырады;

      11) Кодекстің 62-бабында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.