Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 қазанда № 15901 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-48) тармақшасын сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 30 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 26 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 20 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 364 бұйрығымен
бекітілген

Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-48) тармақшасына сәйкес әзірленді және басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;

      3) өтініш беруші – жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі, мемлекеттік орман орналастыру ұйымы.

      4. Ені 10 метр және одан да көп, алаңы 0,05 гектар және одан да көп табиғи және (немесе) жасанды жолмен өскен ормандар көмкерген басқа санаттағы жерлер мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға орман шаруашылығының мұқтаждары үшін, оның ішінде орман өсіру мақсаттары үшін тұрақты жер пайдалануға берілетін орман емес жерлер ауыстырылуы мүмкін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалардың 4 тармағында көрсетілген басқа санаттардағы жерді мемлекеттік орман қоры жеріне, жеке меншікке немесе жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді пайдалануға берілген аталған учаскелер ауыстыруы мүмкін емес.

2-тарау. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру тәртібі

      6. Өтініш беруші жер учаскесінің орналасқан жері бойынша еркін нысанда жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

      Орман кодексінің 6-бабының 4-тармағында көрсетілген, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген екпелер орналасқан жер учаскелері олардың өтініші бойынша жеке меншік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.

      Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер пайдалануға берілмеген, мемлекет меншігіндегі жер учаскелері орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік орман орналастыру ұйымының өтініші бойынша мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.

      Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе жер пайдалануға берілген жер учаскелері 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қоры жеріне ауыстырылуы мүмкін.

      7. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағиадаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман қоры жерлерінің санатына ауыстыру үшін жер учаскесін таңдау туралы акт (бұдан әрі – учаске таңдау туралы акт) ресімдеу үшін өтініштің көшірмесін орман мекемесіне жібереді.

      Орман мекемесі өтініш берушімен бірлесіп өтініштің көшірмесі келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде учаскені таңдау туралы акт жасап, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      8. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру туралы мәселені қарау үшін жергілікті атқарушы орган құрамында кемінде 5 мүшесі бар комиссия құрады.

      Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның: орман шаруашылығы, жер қатынастары, экология мәселелеріне жетекшілік ететін өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      Комиссияның жұмыс органы жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      9. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің орман шаруашылығына жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.

      10. Комиссия жергілікті атқарушы орган учаскені таңдау туралы актіні алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жер учаскелерін ауыстыру мәселесі бойынша уәжді жазбаша оң немесе теріс қорытынды беріп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Қорытындыда басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстырудың мақсаттары, басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қажеттігінің талдамасы, оларды кейіннен орман қоры жерлерінің құрамында пайдаланудың орындылығы және басқа да мәліметтер көрсетіледі. Комиссия қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.

      11. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге жазбаша уәжді бас тарту береді.

      12. Жергілікті атқарушы орган комиссияның оң қорытындысы негізінде қорытындыға қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарады. Қаулыда орман қорына берілетін учаскелер алаңы, орман иелену құқығы берілетін орман мекемесі, жеке немесе заңды тұлға көрсетіледі.

      13. Басқа санаттардағы жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны мынадай құжаттарды қоса бере отырып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жібереді:

      1) учаскені таңдау туралы акт;

      2) орман мекемесі басшысының жазбаша келісімі;

      3) орман мекемесі қарамағындағы мемлекеттік органның жазбаша келісімі;

      4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;

      5) комиссияның оң қорытындысы;

      6) басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының көшірмелері.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алынып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Басқа санаттағы жерлерді орман
қоры жерлеріне ауыстыру
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Орман қоры жері санатына ауыстыру үшін жер учаскесін таңдау туралы акті

      Қазақстан Республикасы _________________ облысы ________ ауданы

      Ереже негізінде әрекет етуші орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің өкілі

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан, және жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы, орман шаруашылығы

      саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік орман

      орналастыру ұйымының өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) (қажеттісінің асты сызылсын)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      екінші тараптан, төмендегілер туралы осы актіні жасасты:_______________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде зерттеп-қарау жүргізілді.

      Зерттеп-қарау кезінде мыналар анықталды:

      1. Учаске _____________________________________________________________ орналасқан.

      (жергілікті жердің атауы)

      2. Зерттеп-қаралған учаскенің алаңы _____________ гектар,

      оның ішінде:

      орман көмкерген орманды алаң ____________ гектар,

      орман көмкермеген орманды алаң __________ гектар,

      алқаптар ________________ гектар,

      шабындықтар ___________ гектар,

      жайсыз жерлер (батпақты жерлер және басқалар) ______ гектар,

      жайылымдар _________ гектар,

      жолдар ______________ гектар,

      өзге жерлер _________ гектар.

      3. Орман көмкерген алаң мыналардан тұрады:

Тұрған жері

Учаскенің координаталары

Орналасқан жердің сипаты

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      4. зерттеп-қаралған учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында орналасқан,

      оны орман қорына қосу жоларалықтар жасамайды.

      5. Жер учаскесі сипаттамаларына сәйкес келетін орман қорының санаты

      ________________________________________________________________________________

      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Учаске мәлімделген мақсаттар үшін жарамды (жарамсыз), мынадай топырақтық-

      геологиялық сипаттамаға ие:_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Әкімшілік ауданның ормандылығы__________________________________________

      Қолдары:

      орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің өкілі: ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      өтініш беруші:___________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Жасалған күні_____________________