"Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 651 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 қазанда № 15900 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12553 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ереже:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. консультативтік-кеңесші органның қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі.

      45-1. Консультативтік-кеңесші органға жолданған қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін құзыреті шегінде қарайды;

      45-2. Қараудың мәні ресми мінез-құлық қағидаларына қатысты әдеп нормаларын, іскери әдеп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларында) көзделген қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын бұзуы, сондай-ақ полицейлердің қоғамдық резонансқа әкеліп соқтырған, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған әдеп нормаларын бұзуы болуы мүмкін.

      45-3. Егер өтінішті қарау өзге мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен құзыретіне жатқан жағдайда өтініш тиістілігі бойынша "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен және мерзімде тиесілігі бойынша жолданады.

      45-4. Келіп түскен өтініштер Консультативтік-кеңесші органға келіп түскен күнінен бастап Заңда белгіленген мерзімде қаралады.

      45-5. Консультативтік-кеңесші орган азаматтарды қабылдауды, оның ішінде ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов