Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (Б.С. Әбдірәсілов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________ Д.Ә. Абаев
5 қыркүйек 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Т.М. Сүлейменов
31 тамыз 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 256 бұйрығына |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 3-қосымша |
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызметі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды өткізген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) заңды тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
3) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері өзгерген жағдайда аккредиттелген субъектілер көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына сәйкес мәліметтерді растайтын құжаттармен бірге аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді - күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде;
4) аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
6) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан артық емес.
Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың өткізілген күні жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді:
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз түрінде.
8. Жұмыс кестесі:
1) қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерін қабылдау мен нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы кезекті алдын ала броньдауға болады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке тұлғалар:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері;
жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report – ДжҰнл Сайтейшэн Рипот) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank – Саймаго ДжҰнл Рэнк) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала".
2) заңды тұлғалар:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъектінің рейтингтік парағы;
құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке тұлғалар:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері;
жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report – ДжҰнл Сайтейшэн Рипот) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank – Саймаго ДжҰнл Рэнк) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ соңғы бес жылда ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіндегі 3 (үш) мақала.
2) заңды тұлғалар:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъектінің рейтингтік парағы;
құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе сенімхат нотариалды куәландырылған құжат арқылы өкілі) жұзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорациясы нәтижесіне бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берішуге өткізеді. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша бір күн ішінде көрсетілетін қызмет алушуға дайын құжаттарды береді.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың ұсынылған көшірмелерін салыстырады, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
10. Қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) қызметті алушының ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі және/немесе шындыққа сәйкес емес ақпаратты оның ішінде анықтау.
2) аккредиттелген заңды тұлғаның қызметіне теріс бағалау ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субьектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына сәйкес берілгенде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 болып тіркелген).
Мелекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудаң бас тартады және осы стандартын 5-қосымшасына сәйкес қолхат береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағымды жазбаша түрде министрлік басшысының немесе оны алмастырушы адамның атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекен-жайға жазады және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алады.
Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) тіркелуі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қаратуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қаралуға тиісті. Өтінішті қарау нәтіжелері туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде пошта арқылы немесе колма қол беріледі.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптары
14. Өмірлік тіршілігін шектейтін кемістігіне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылуына байланысты денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекен-жайлары интернет-ресурстарында орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің sc.edu.gov.kz
2) мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.
16. Өзіне қызмет көрсетуге, өзінше жүріп-тұруға жарамайтын көрсетілетін қызметті алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қоңырау шалған кезде, қызмет көрсету үшін тұрғылықты мекенжайға бару арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8-800-080-7777.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8(7172) 74-20-29; 8(7172) 74-24-59. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Аккредиттеу туралы куәлік
Астана қаласы "____" __________" 20____ жылы
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеледі. Куәлік
Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызметі конкурсына қатысу үшін беріледі.
Уәкілетті орган
М.О.
Серия ______ № ____________
Өтініш (жеке тұлғалар үшін)
_______________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. болған жағдайда) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет
субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Жеке сәйкестендіру нөмері __________________________________________________
Қосымша:
Құжаттың атауы | |
1. | Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері |
2. | Жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report – ДжҰнл Сайтейшэн Рипот) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank – Саймаго ДжҰнл Рэнк) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген 3 (үш) мақала |
20___ жылы "____" "_____________"
_________________________________
(Қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия ақпараттарды құрайтын мәліметтерді
пайдалануға рұқсат беру 20___ жылы "____" "_____________" (қолы)
Өтініш (заңды тұлғалар үшін)
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Бизнес сәкестендіру нөмері __________________________________________________
(өкілеттікті растайтын құжат)
Қосымша:
Құжаттың атауы | |
1. | Субъектінің рейтингілік парағы |
2. | Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; |
3. | Рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері. |
20___ жылы "____" "_____________"
Басшы
__________________________________________________________________________
(Мөр орны) (Қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия ақпараттарды пайдалануына рұқсат
етемін 20___ жылы "____" "___________" (қолы)
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
Субъектің рейтингтік ақпараты (заңды тұлғалар үшін)
_______________________________________________________________________________
(субъектінің атауы, заңды мекенжайы, телефон, факс, құрылған жылы, web-сайт, е-mail)
р/с | Көрсеткіштердің мазмұны |
1-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларға сәйкес) | |
1. |
ҒЗЖ-на қаржыландырудың жалпы көлемі: |
2. | Инновациялық, ғылыми жобалардың және ғылыми-техниқалық бағдарламалардың саны |
3. |
Ғылыми ұйымдардың материалдары бойынша рецензиялардың саны: |
4. | Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша жүргізілген ғылыми сараптамалардың саны |
Жиыны: | |
2-блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері | |
5. |
Диссертациялық кеңестердің саны: |
6. |
Ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны: |
7. |
Ғылыми дәреже алуға (ҒҰ қызметкерлерінің басшылығымен) Қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының ізденушілері қорғаған (КСРО ЖАК, ҚР ЖАК және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен) диссертациялардың саны: |
8. |
Субъектілер кеңесінде азаматтар қорғаған диссертациялардың саны: |
9. |
Ғылыми дәрежесін алуға диссертациялар бойынша рецензиялардың саны: |
10. |
Диссертациялар субъекті қызметкерлерінің оппонент болу саны: |
11. | Ұлттық ғылыми кеңес құрамындағы ғылыми қызметкерлер саны: |
12. |
Біліктілігін көтеру курстарынан өткен қызметкерлердің саны: |
13. | Қызметінің бағыты бойынша ғылыми ұйымның жанындағы курстарда, семинарларда, циклдерде оқитын ғылыми қызметкерлердің саны |
14. |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті жабдығы бар зертханалардың саны |
15 |
-халықаралық деңгейдегі |
16. |
Сертификатталған немесе аттестатталған талдау, бақылау және т.б. әдістемелердің саны: |
Жиыны: | |
3-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері | |
17. |
Өнертабысына алынған патент құжаттар саны |
18 | Шетел ақпаратық жүйелер Thomson Reuters базасындағы алынған патент саны |
19. | Оң шешім алған патент саны |
20. | Өнертабысқа берілген өтінімдер саны |
21. | Зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы алынған куәліктердің саны |
22. |
Жарияланған ғылыми мақалалар саны (бір ғылыми қызметкерге бір мақаладан есептегенде): тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report – ДжҰнл Сайтейшэн Рипот) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank – Саймаго ДжҰнл Рэнк) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала. |
23. |
Баспақызметі. |
24. |
Съездерге, конференцияларға дайындалған баяндамалардың саны: |
25. |
Съездерде, конференцияларда басып шығарылған баяндама тезистерінің саны: |
Жиыны: | |
4-блок. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу | |
26. | Әзірленген бағдарламалар саны |
27. | Әзірленген және бекітілген директивалық, нормативтік құжаттар саны |
28. | Жоғары тұрған инстанцияға дайындалған ресми анықтамалар саны: |
29. |
Жоғары тұрған органдарға ғылыми ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын реформалау жөнінде дайындалған және ұсынылған құжаттардың саны: |
Жиыны: | |
5-блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (ұйымдардың бухгалтерлік балансы қосаберіледі) | |
30. |
Негізгі қаражаттың өсімі +/-: |
31. |
Игерілген қаражаттың орташа жылдық құны: |
32. |
Жоспардан ауытқу +/-: |
Жиыны: | |
6-блок. Қоғамдық іс-шараларға және БАҚ-қақатысу | |
33. |
Халықаралық деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысатын қызметкерлер саны: |
34. |
Өңірлік деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысушылардың саны: |
35. | Халыққа арна теледидарда, радиода сөз сөйлеу, дәріс оқу саны |
36. |
Тұрақты жұмыс істейтін түрлі комитеттерге, кеңестерге, қауымдастықтарға, академияларға және т.б. мүшелігі: |
Жиыны: | |
7-блок. Жақын және алыс шетелдердегі ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық | |
37. | Ашылған жаңалықтарды табыстауға құрылған лицензияланған келісімдердің саны |
38. |
Шығармашылық ынтымақтастық, ғылыми жетістіктерді енгізу туралы жасалған шарттардың саны: |
39. |
Қызметкерлер әзірлеген, енгізген ғылыми-техникалық өнертабыстардың саны: |
40. |
Ұсынылған экспонаттардың саны: |
41. |
Наградалар, сыйақылар саны: |
Жиыны: | |
Барлығы: |
Субъектінің рейтингін анықтау үшін жоғарыда келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын
Басшы
М.о. _____________ ________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ескерту: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
* АЕК – Айлық есеп көрсеткіші
* ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы
* КСРО ЖАК - КСРО Жоғары аттестаттау комитеті
* ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитеті
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының, 2-тармағын басшылыққа ала отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың пакеті толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекет қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы) құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1.________________________________________;
2.________________________________________;
3.________________________________________ ....
Осы қолхат әртарап үшін бір-бірден 2 данада құрастырылды.
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты-жөні (болған жағдайда)
(қолы)
"___" _________ 20__ жыл.