Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қазанда № 15853 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервіне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 133 "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13821 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 шілдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 172 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Өтініштерді қабылдау:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұлан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификат, Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым, немесе Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеуден өткендігі туралы анықтама.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға

      1) Порталы арқылы өтінішті тапсыру;

      2) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті тапсыру негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

      1) бар бос орындар негізінде тестілеудің өту орнын, күнін және уақытын көрсете отырып Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тапсырады (15 митуттан ұзақ емес).

      Көрсетілетін қызметті алушыдан өтініштің қабылданғаны Порталда қалыптастырылатын тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады;

      2) көрсетілетін қызметті алушынының (ол қолхатта көрсетілген тестілеу өту орнына, күнінде және уақытында келгеннен кейін) жеке куәлігінің мәліметтерін тестілеуге жататын адамдардың тізімімен салыстыру нәтижесінде тестілеу әкімшісімен көрсетілетін қызметті алушыны тестілеуге жіберу (10 митуттан ұзақ емес);

      3) көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу бойынша нұсқаулықпен тестілеу әкімшісінің таныстыруы (10 митуттан ұзақ емес);

      4) көрсетілетін қызметті алушының тестілеуден өтуі (тестілеу бағдарламасына байланысты 3 сағат 45 минуттан ұзақ емес);

      5) көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу нәтижесін тестілеу әкімшісімен беру (тестілеу аяқталған сәттен бастап 20 митуттан ұзақ емес).

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және оның ведомстволық бағынысты мекемесінің мына қызметкерлері қатысады:

      1) тестілеу әкімшісі болып табылатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) тестілеу операторы болып табылатын "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамның қызметкері.

      7. Құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушынының (ол қолхатта көрсетілген тестілеу өту орнына, күнінде және уақытында келгеннен кейін) жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке куәлігінің мәліметтерін тестілеуге жататын адамдардың тізімімен салыстыру нәтижесінде тестілеу әкімшісімен көрсетілетін қызметті алушыны тестілеуге жіберу. Орындау ұзақтығы 10 миннуттан ұзақ емес;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу бойынша нұсқаулықпен тестілеу әкімшісінің таныстыруы. Орындау ұзақтығы 10 миннуттан ұзақ емес;

      3) тестілеу үдерісті тестілеу әкімшісімен әкімшілендіру және тестілеу үдерісті тестілеу операторымен техникалық қымтамасыз ету. Орындау ұзақтығы тестілеу бағдарламасына байланысты 3 сағат 45 минуттан ұзақ емес;

      4) тестілеу нәтижесіне тестілеу әкімшісімен және тестілеу операторымен қол қою. Тестілеу нәтижесін тестілеу әкімшісімен мөрбен куәландыру. Орындау ұзақтығы тестілеу аяқталған сәттен бастап 10 минуттан ұзақ емес;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу нәтижесін тестілеу әкімшісімен беру. Орындау ұзақтығы тестілеу аяқталған сәттен бастап 20 минуттан ұзақ емес.

      Құрылымыдық бөлімшелер арасындағы рәсімдері ретінің сызбалық сипаттамасы осы регламентке қосымшада көрсетілген.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл және пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Тестілеуге өтінішті тапсыру Портал арқылы, "Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу", "Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" бөліктерінде жүзеге асырылады.

      9. Портал арқылы тестілеуге өтінішті тапсыру келесі кезеңдерді қамтиді:

      1) Порталда тіркелу (қажет болған жағдайда) және Порталда авторлану;

      2) қызметті алу үшін өтініш беру;

      3) өтініштің қалып-күйін қарап шығу;

      4) қолхатты алу;

      5) өтінішті жою (қажет болған жағдайда).

      10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы Порталда тексеру;

      4) 2-үдеріс – Порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-үдеріс – көрсетілген қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті Порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды көрсетілетін қызметті алушының толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4-үдеріс – Порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және Порталда сұрау салуды өңдеу;

      7) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін талап етілетін шарттарға сәйкестігін тексеру;

      8) 5-үдеріс – талап етілетін шарттарға сәйкес еместігіне байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      9) 6-үдеріс – тестілеудің күні, уақыты және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырылған қолхатты алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Шартты белгілер:



  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 172 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұлан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және/немесе қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнің кадр резервіне алу туралы бұйрығынан үзінді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық/қағаз жүзінде беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Порталы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну арқылы өтінішті тапсыру мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

      1) көрсетілетін қызметті беруші мен Портал арқылы өтінішті тапсыру (30 митуттан ұзақ емес).

      Көрсетілетін қызметті алушыдан өтініштің қабылданғаны Порталда қалыптастырылатын қолхатпен расталады;

      2) кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келуін тексеру (10 жұмыс күні ішінде);

      3) кандидаттардың тестілеуден өтуіне рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешімді қабылдау (5 жұмыс күн ішінде);

      4) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында тестілеуді өткізудің кестесін жариялау (тестілеуді өткізуге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей);

      5) тестілеуден өту (8 жұмыс күн ішінде);

      6) тестілеудің оң нәтижесін алған кандидаттардың тізімін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына жолдау (5 жұмыс күні ішінде);

      7) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында әңгімелесуді өткізу кестесін жариялау (әңгімелесуді өткізуге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей);

      8) Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту;

      9) көрсетілетін қызметті берушіге Ұлттық комиссияның "А" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервін қалыптастыру бойынша шешімін жолдау;

      10) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою (көрсетілетін қызметті беруші Ұлттық комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күні);

      11) Агенттік төрағасының "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрығынан үзінді жазбаны беру (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 1 жұмыс күні).

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      1) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері және/немесе Агенттіктің облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық органдары Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері (бұдан әрі – қызметкер);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (бұдан әрі – басшы);

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссиямен кадр резервiне қою үшін ұсынылған адамдарға:

      1) қызметкер үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды. Орындау ұзақтығы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды;

      2) басшы құжаттарды қарау қорытындылары бойынша үміткерлерді тестілеуге қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Орындау ұзақтығы 5 жұмыс күнінен ұзақ емес;

      3) қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында тестілеуді өткізудің кестесін тестілеуді өткізуге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды;

      4) көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуден қызметкер жасаған кесте негізінде 8 жұмыс күн ішінде өтеді;

      5) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері тестілеудің оң нәтижесін алған кандидаттардың тізімін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды. Орындау ұзақтығы тестілеу аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды;

      6) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында әңгімелесуді өткізу кестесін әңгімелесуді өткізуге дейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей жариялайды;

      7) Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту;

      8) Ұлттық комиссияның жұмыс органы көрсетілетін қызметті берушіге Ұлттық комиссияның "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервін қалыптастыру бойынша шешімін жолдайды;

      9) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрығының қабылдауын қамтамасыз етеді. Орындау ұзақтығы Ұлттық комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды;

      10) Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының қызметкері "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді жазбаны береді. Орындау ұзақтығы көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 1 жұмыс күнін құрайды.

      Құрылымыдық бөлімшелер арасындағы рәсімдері ретінің сызбалық сипаттамасы осы регламентке қосымшада көрсетілген.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл және пайдалану тәртібін сипаттау

      8. "А" корпусының кадр резервіне қабылдау туралы өтінішті тапсыру Портал арқылы, "Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу", "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" бөліктерінде жүзеге асырылады.

      9. Портал арқылы тестілеуге өтінішті тапсыру келесі кезеңдерді қамтиді:

      1) Порталда тіркелу (қажет болған жағдайда);

      2) Порталда авторлану;

      3) қызметті алу үшін өтініш беру;

      4) өтініштің қалып-күйін қарап шығу;

      5) қолхатты алу;

      6) өтінішті жою (қажет болған жағдайда).

      10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы Порталда тексеру;

      4) 2-үдеріс – Порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-үдеріс – көрсетілген қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті Порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды көрсетілетін қызметті алушының толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4-үдеріс – Порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және Порталда сұрау салуды өңдеу;

      7) 5-үдеріс – талап етілетін шарттарға сәйкес еместігіне байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (қолхатты) алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметтiң кадрлық резервiне
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Шартты белгілер:



  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 172 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" өзіне жедел басқару құқығында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру және тіркелген құжаттармен өтініштерді (бұдан әрі – өтініш) қабылдау:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);

      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және/немесе қағаз жүзінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (магистратура, докторантура) білім алушылардың қатарына қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірме;

      2) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылар қатарына қабылданбау туралы хабарлама;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/ қағаз жүзінде.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

      1) Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну немесе портал арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыруы (15 минуттан ұзақ емес).

      Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талонмен, оның ішінде Порталда қалыптастырылатын электрондық түрімен расталады;

      2) конкурстық қабылдау емтихандарын сәтті тапсыру (жыл сайын 30 шілдеден 4 тамызға дейін);

      3) конкурсқа қатысу (жыл сайын 5 тамыздан 10 тамызға дейін);

      4) білім алушылар қатарына қабылдау (жыл сайын 11 тамыз).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      1) техникалық хатшы;

      2) пәндік комиссия;

      3) апелляциялық комиссия;

      4) қабылдау комиссиясы;

      5) жауапты хатшы.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) Стандарттың 8-тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес техникалық хатшы құжаттарды жыл сайын 1 наурыздан бастап Астана уақыты бойынша шілде айының екінші жұмасында сағат 18.30-ға дейін қабылдайды;

      2) пәндік комиссия қабылдау емтихандарын жыл сайын 30 шілдеден 4 тамызға дейін өткізеді;

      3) апелляциялық комиссияның жұмысы. Апелляциялық өтініш апелляциялық комиссиямен конкурстық қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00 дейін қабылданады және өтініш тапсырған күннен бастап бір тәулік ішінде қаралады;

      4) қабылдау комиссиясының жұмысы жыл сайын 5 тамыздан 10 тамызға дейін жүзеге асырылады;

      5) жауапты хатшы Академияның білім алушылардың қатарына қабылдау бойынша жұмысты (қабылдау туралы бұйрықты әзірлеу) жыл сайын 11 тамызда жүзеге асырады;

      6) техникалық хатшы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылар қатарына қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмені немесе Стандартқа 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім алушылар қатарына қабылданбау туралы хабарламаны береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл және пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті тапсыру Портал арқылы "Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу", одан әрі "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" бөліктерінде жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін Портал арқылы өтінішті тапсыру келесі кезеңдерді қамтиді:

      1) Порталда тіркелу;

      2) Порталда авторлану;

      3) қызметті алу үшін өтініш беру;

      4) өтініштің қалып-күйін қарап шығу;

      5) талонды алу;

      6) өтінішті жою (қажет болған жағдайда).

      10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы Порталда тексеру;

      4) 2-үдеріс – Порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-үдеріс – көрсетілген қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті Порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды көрсетілетін қызметті алушының толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4-үдеріс – Порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және Порталда сұрау салуды өңдеу;

      7) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін талап етілетін шарттарға сәйкестігін тексеру;

      8) 5-үдеріс – талап етілетін шарттарға сәйкес еместігіне байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырылған талондыалуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламентіне
қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 172 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" өзіне жедел басқару құқығында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік білім бағдарламасының толық меңгергенін растайтын дипломы, сондай-ақ оған қосымша (транскрипт);

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарламаларын аяқтамаған көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

      1) оқу мерзімінде оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу бағдарламаларын игеру (оқу бағдарламасына сәйкес 1 немесе 2 жыл не 3 жыл);

      2) өндірістік практикадан/тағылымдамадан өту немесе Қазақстан Республикасында немесе шет елде академиялық ұтқырлық аясында ауысу(оқу бағдарламасына сәйкес);

      3) диссертацияны жазу және директораттың қорғауға ұсыну туралы шешімі (директорат отырысының хаттамасынан үзінді) (оқу бағдарламасына сәйкес);

      4) ғылыми кеңес берушініңоң пікірін алу (оқу бағдарламасына сәйкес);

      5) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың немесе халықаралық не республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаудың белгілі бір санының болуы(оқу бағдарламасына сәйкес);

      6) сырттай рецензиялардың болуы;

      7) кешенді емтиханды тапсыру;

      8) диссертацияны қорғау.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      1) Академиялық бағдарламалар орталығы;

      2) қаржы-экономикалық қызметі;

      3) Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі,Басқару институты және Дипломатия институты (бұдан әрі – институттар);

      4) ақпараттық-ресурстық орталық;

      5) Халықаралық ынтымақтастық орталығы қызметі;

      6) мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) Академиялық бағдарламалар орталығы:

      білім алушылардың таңдалған мамандық бойынша жоғары сапалы білім, білік-дағдылармен қоса магистр/доктор дәрежесін алуына бағытталған оқу процесін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      барлық оқу кезеңі ішінде мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылайды;

      оқытушылардың қызметіне бақылау жүргізеді және бағалайды;

      құрылымдық бөлімшелер мен білім алушыларды оқу процесіне қажетті нормативтік құжаттармен және бланкілермен қамтамасыз етеді;

      "Platonus" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін бақылайды. Аталған жүйе мамандықтар бойынша оқуға өтінімдерді электронды түрде тіркеуді жүзеге асыруға; оқудың барлық кезеңі ішінде оқу жетістіктері, сабақ кестесі, емтихандар, оқу-әдістемелік материалдар пакеті туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және өзінің білім беру траекториясын оқудың барлық кезеңіне құрады;

      2) Қаржы-экономикалық қызметі:

      оқу үшін және өзге де ұсынылған қызметтер үшін түскен қаражаттарды есепке алуды жүргізеді;

      стипендия аудару және беру мерзімдерін сақтайды;

      қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттардың талаптарын уақытылы және толық орындалуына бақылау жүргізеді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің институттары жүзеге асырады:

      магистранттарды мамандықтар бойынша даярлауды, кәсіби міндеттерін орындау кезінде қажетті жаңа немесе қосымша арнайы білім, білік-дағдылар алу үшін оқу және тәрбие процесстерін ұйымдастырады;

      магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асырады;

      магистранттарды даярлау мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді іске асырады;

      көрсетілетін қызметті берушінің институттары сабақтар өткізеді және білім алушыларға оқу-әдістемелік материалдар пакетін ұсынады:

      силлабустар;

      элективті пәндер каталогы;

      әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, машықтану тесттері, бақылау тапсырмалары, әр пән бойынша емтихан сұрақтары;

      өндірістік практика бағдарламалары;

      4) ақпараттық-ресурстық орталық көрсетілетін қызметті берушінің оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың білім, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және шығармашылық қызметтерін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады және барлық оқу процесі ішінде ақпараттық-әдістемелік ресурстармен, оқу-әдістемелік материалдармен, ғылыми және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етеді;

      5) Халықаралық ынтымақтастық орталығы оқу процесінің құрамдас бөлігі саналатын және шетелдегі оқу мекемелері мен халықаралық ұйымдарда өтетін шетелдегі тағылымдама бойынша ұйымдастыру мәселелерін жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік аттестациялық комиссия жыл сайын 1 маусымнан 20 маусымға дейін қорытынды аттестаттауды өткізеді: кешенді мемлекеттік емтихандарды тапсыру және диссертацияларды қорғау.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында білім берудің
жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік бағдарламалары
бойынша оқыту" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламентіне қосымша

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.04.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 172 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" өзіне жедел басқару құқығында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат;

      2) біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын құжат.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

      1) қажетті құжаттарды қабылдау (1 жұмыс күннен ұзақ емес);

      2) тындаушылар тобын құру және оларды тындаушылар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлеу (3 жұмыс күннен ұзақ емес);

      3) тындаушылар қатарына қабылдау туралы бұйрыққа қол қою (1 жұмыс күннен ұзақ емес);

      4) оқыту бағдарламасына сәйкесоқытудан өту;

      5) оқыту бағдарламасына сәйкесқорытынды емтиханды тапсыру;

      6) мемлекеттік қызметті көрсеткені туралы құжатты беруге қатысты бұйрыққа қол қою (1 жұмыс күннен ұзақ емес);

      7) оқытуды өткені туралы құжатты беру(1 жұмыс күннен ұзақ емес).

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Мемлекеттік қызметшілергеқосымша білім беру институтының оқыту бойынша қызметкері(бұдан әрі –оқыту бойынша қызметкер);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы;

      4) Мемлекеттік қызметшілердің қосымша білімі институты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің институты);

      5) көрсетілетін қызметті берушінің профессорлық-оқытушылық құрамы.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан хатты құжаттар топтамасымен қоса алып, оны тіркегеннен кейін оқыту бойынша қызметкергебереді. Орындау ұзақтығы 1 жұмыс күн;

      2) оқыту бойынша қызметкер тындаушылардың тізімін қалыптастырады және семинар/курс тындаушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді. Орындау ұзақтығы 3 жұмыс күн;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы семинар/курстың тындаушылар қатарына қабылдау туралы бұйрыққа қол қояды. Орындау ұзақтығы 1 жұмыс күн;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің институты оқытуды ұйымдастырады және оны өткізеді. Орындау ұзақтығы оқыту бағдарламасына сәйкес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің профессорлық-оқытушылық құрамы қорытынды емтиханды өткізеді. Орындау ұзақтығы оқыту бағдарламасына сәйкес;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы оқытуды бітіргені туралы құжатты беруге қатысты бұйрыққа қол қояды. Орындау ұзақтығы 1 жұмыс күн.

      7) оқыту бойынша қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға оқытуды өткені туралы құжатты береді. Орындау ұзақтығы 1 жұмыс күн.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында қайта даярлау
және біліктілікті арттыру
курстарында оқыту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы