"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасы белгіленген заңнамада тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда – бірінші басшылардың шешімі бойынша жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік
әділет кеңесшісі
_________________Ж. Асанов
2017 жылғы 25 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің бастығы генерал-лейтенант
_________________А. Күреңбеков
2017 жылғы 28 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
_____________ К. Мәсімов
2017 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
_______________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 30 тамыз
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ
басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру тәртібін айқындайды.
2. Жоғары офицерлер құрамы, офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мынадай әскери киім нысанын киіп жүреді:
1) ерекше салтанатты – салтанатты рәсімдерді орындау кезінде (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі үшін) және әскери қызметші әйелдер үшін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде өткізілетін әскери парадтарды өткізу кезінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша өткізілетін салтанатты іс-шаралар, халықаралық келіссөздер мен шетел делегацияларымен кездесу);
2) салтанатты:
сап үшін – парадтарға қатысқан, әскери бөлімдерге (корабльдерге) Жауынгерлік туларды тапсырған, әскери қызметшілерге мемлекеттік наградаларды тапсырған және жоғары офицер атағын берген, Әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындалған кезде, сондай-ақ әскери бөлімдердің (корабльдердің) жылдық мерекелері күндері, Отан қорғаушы күніне және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кәсіби мерекелері күндері құрметіне салтанатты сапқа тұруда және корабльдерді суға жіберген, қатарға қосылатын корабльде Әскери-теңіз жалауын көтерген кезде, ескерткіштерге және жауынгерлер зираттарына гүлшоқтарын қойған кезде, әскери құрмет көрсету көзделген адамдарды жерлеген кезде;
саптан тыс – парадтық есептоптан тыс парадтарға қатысатындар, ведомстволық наградалар алған, лауазымға тағайындалған және әскери атақ берілген кезде тікелей бастықтарға өзін таныстырған кезде, салтанатты отырыстарда, ресми қабылдауларда, шекаралық бақылау бөлімшелерінің қызмет өткеруі уақытында;
3) күнделікті:
саптағы және саптан тыс – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда (далалық сабақтардан басқа) және тәуліктік нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде, штабтардағы, басқармалар мен мекемелердегі жұмыс кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінен және теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен (бұдан әрі – Қарулы Күштер), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі) теңіз бөлімдерінен басқа;
Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда және тәуліктік (корабльдік) нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде, жауынгерлік кезекшіліктерде, корабльдер теңізге (оқу-жаттығуларға) шыққан кезде, корабль (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша штабтардағы, басқармалар мен мекемелердегі жұмыс кезінде, сабақтарда, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта.
Әскери бөлімдердің (корабльдердің) бөлімшелерінде сапта болумен байланысты емес міндеттерді орындаған кезде, бөлім орналасқан жердегі сыныптық сабақтарда, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) дәрісханаларында, зертханалары мен шеберханаларында, қызметтік кеңестер мен жиналыстарда саптан тыс күнделікті киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі;
4) далалық – оқу-жаттығуларда, далалық шығуларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, қарауылдар құрамында қызмет өткерген, Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) жөніндегі міндеттерді орындаған, оқу-жаттығу орталықтарындағы, полигондардағы сабақтарда, гауптвахтада болған кезде, сондай-ақ әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша күнделікті қызметі кезінде.
3. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары, Кадет корпусының кадеттері және республикалық мектептердің тәрбиеленушілері мынадай әскери киім нысанын киіп жүреді:
1) салтанатты – парадтарға қатысқан, әскери бөлімдерге (корабльдерге) Жауынгерлік туларды тапсырған, мемлекеттік және ведомстволық наградалар алған, Әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындалған кезде, әскери бөлімнің (корабльдің) жылдық мерекелері күндері, Отан қорғаушы күніне және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кәсіби мерекелері күндері құрметіне салтанатты сапқа тұруда, корабльдерді суға жіберген, қатарға қосылған корабльде Әскери-теңіз жалауын көтерген, Жауынгерлік туды күзету бойынша сақшы болып түскен кезде, бөлім орналасқан жерден босатылған кезде, демалыста болған уақытта және әскери бөлім (корабль) командирінің нұсқауы бойынша;
2) күнделікті (Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін) – корабльдер теңізге оқу-жаттығуға, маневр жасауға, жауынгерлік кезекшілікке шыққан, корабльдік (тәуліктік) нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде және корабль (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша сабақтарда;
3) далалық – күнделікті тіршілік әрекеті кезінде, оқу-жаттығуларда, далалық шығуларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, қарауылдар, Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) жөніндегі міндеттерді орындаған, тәуліктік нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде, оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, сондай-ақ әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша;
4) жұмыс – шаруашылық жұмыстарды орындаған, гауптвахтада болған кезде. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткен кезде жұмыс киім нысанын киюге әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша рұқсат етіледі.
4. Жауынгерлік, арнайы және терроризмге қарсы операцияларды жүргізген кезде,оқу-жаттығуларда, арнайы міндеттерді орындаған, жауынгерлік кезекшіліктерде (жауынгерлік қызмет) әскери қызметшілер қорғаныс құралдарын (қорғайтын дулыға, броньды кеудеше және басқалар) киіп жүреді.
5. Саптық байқаулар, сапқа тұрғызулар және қызметтік кеңестер мен жиналыстар үшін киім нысанын осы іс-шараларды өткізетін адамдар жариялайды.
Патрульдік қызметті, бақылау-өткізу пункттеріндегі кезекшіліктерді атқару үшін, сондай-ақ басқармалар, әскери бөлімдер мен мекемелер штабтарының ғимараттарындағы бақылау-өткізу қызметін жүзеге асыратын әскери қызметшілер үшін киім нысанын әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары), әскери полиция органдарында – әскери полиция органдарының бастықтары жариялайды.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің (корабльдерінің) командирлері, мекемелерінің бастықтары:
1) әскери қызметшілерге киюге әскери киім нысанын берген кезде оларды мұқият үйлестіріп пішу, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, Кадет корпусының кадеттеріне және республикалық мектептердің тәрбиеленушілеріне, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге бекітіліп берілген мүлікке таңба қоюды ұйымдастырады;
2) барлық бөлімшелерде тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлмелерді, ротаның мүлкін және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), әскери оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының, Кадет корпусы кадеттерінің және республикалық мектептер тәрбиеленушілерінің жеке заттарын сақтауға арналған қоймаларды жабдықтау жөнінде шаралар қабылдайды, киім-кешек пен аяқ киім заттарының уақтылы жуылуын және жөнделуін қамтамасыз етеді;
3) кезең-кезеңімен саптық байқаулар өткізеді. Таңертеңгілік қарап тексерулер, саптық байқаулар өткізу кезінде, сондай-ақ жазғы (қысқы) киім нысанына көшкен кезде, барлық сапқа тұрғызуларда және сабақтар басталар алдында белгіленген киім нысанын, сыртқы пішінін, киім-кешек пен аяқ киім заттарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюға барлық шараларды қабылдайды;
Әскери қызметшілердің, әскери оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының, Кадет корпусы кадеттерінің және республикалық мектептер тәрбиеленушілерінің салтанатты, күнделікті, далалық киім нысанын бөлімшелердің және қызметтік үй-жайлардың шкафтарында сақтауға рұқсат етіледі.
7. Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу, заттай мүлік заттарын көктемгі уақытта киюді бастау және күзгі уақытта киюді тоқтату гарнизондар бастықтарының бұйрықтарымен белгіленеді.
8. Әскери қызметші басқа гарнизонда уақытша болған кезде осы гарнизон үшін белгіленген маусым бойынша киім нысанын киіп жүреді.
9. Болу елдеріндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери атташелері апараттарымен әскери өкілдіктерінің, басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында қызметтік іссапарларда болатын немесе шетел әскери делегацияларын қарсы алуды және олармен бірге жүруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілер Қарулы Күштердің түрлері мен әскер тектері бойынша немесе ратификацияланған шартқа сәйкес киім нысанын киіп жүреді.
10. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен ауыстырылған, корабльдық әскери атақтары барлардан басқа басқа басқару органдарына, әскери бөлімдерге (мекемелерге) қызмет өткеру үшін ауыстырылған, сондай-ақ Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне), Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) ауыстырылған келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер кию мерзімдері аяқталғанға дейін ауыстырылған күні олар киіп жүрген әскери киім нысанын киіп жүреді. Кейіннен оларға осы басқару органы, әскери бөлім (мекеме) үшін белгіленген киім нысаны беріледі.
11. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштеріне және теңіз жаяу әскерлері бөлімдеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдеріне қызмет өткеру үшін ауыстырылған офицерлер, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және теңіз жаяу әскерлері бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдері әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүреді.
12. Басқа басқару органдарына, әскери бөлімдерге (мекемелерге) қызмет өткеру үшін ауыстырылған корабльдік әскери атақтары бар Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде әскери қызмет өткеретін офицерлер Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдері әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүреді.
13. Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) басқару органдарында қызметін өткеру үшін ауыстырылған Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер, әскери қызметшілер Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.
14. Басқа басқару органдарына, әскери бөлімдерге (мекемелерге) ауыстырылған Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде (корабльдік әскери атақтары барлардан басқа), әскери полицияның келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлері, сарбаздары (матростары), сержанттары (старшиналары) кию мерзімдері аяқталғанға дейін олар ауыстырылған күні киіп жүрген әскери киім нысанын киіп жүреді. Кейіннен оларға осы басқару органы, әскери бөлім (мекеме) үшін белгіленген киім нысаны беріледі.
15. Әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) тұрақты құрам (офицерлер, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер) осы әскери оқу орны қарамағында болатын сол Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, басқа да әскерлер және әскери құралымдардың (қызметтің) әскери киім нысанын киіп жүреді.
16. Әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде), сондай-ақ курстық даярлықтан өту кезінде ауыспалы құрамның офицерлері, олар келген сол Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, басқа да әскерлер және әскери құралымдардың (қызметтердің) киім нысанын киіп жүреді.
17. Курстық даярлықтан өту кезінде ауыспалы құрам сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) олар келген сол Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, басқа да әскерлер және әскери құралымдардың (қызметтердің) киім нысанын киіп жүреді.
18. Барлық әскери оқу орындарында білім алатын Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және теңіз жаяу әскерлерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде әскери қызмет өткеретін офицерлер Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және теңіз жаяу әскерлері бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдері әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.
19. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациялық бөлімшелерінің, бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басқару органдарында қызмет өткеретін авиациялық мамандықтары бар әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді (фуражканың, фуражкалардағы айнала жиектер мен жиектердің, пилоткалардағы жиектердің, шалбардағы, мундирлер мен кительдердегі жиектердің түсі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне сияқты).
20. Курсанттар Құрлық әскерлері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдері әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіндегі әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары ашық жасыл түсті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде қызғылт-сары түсті берет киіп жүреді.
21. Қарауылдық қызметті өткеру кезінде әскери киім нысанын кию тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысымен айқындалады.
22. Офицерлерге, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қызметтен тыс уақытта ғана және қызмет уақытында әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша азаматтық киім киіп жүруге рұқсат етіледі.
23. Жылы киімдер (қысқа тондар, пима, теріден тігілген биялай мен басқа да заттай мүлік заттары) қысқы уақытта төмен температура кезінде әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша киіледі.
24. Жұмыс киім нысаны тек әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында киіп жүріледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүруі 1-параграф. Бас киім
25. Берет, пилотка мен күнқағарсыз фуражка белгіленген үлгідегі және түстегі оң жаққа қарай аздап түсіріліп киіледі, бедерлі түсті берет сол жаққа қарай түсіріліп, ал күнқағары бар құлақшын, құлақшын, маска-малақай, фуражка, кепи, әйелдер шляпасы, панама, далалық (жұмыс) фуражка мен бандана – тура, түсірілмей, құлақшынның, фуражканың, кепидің, әйелдер шляпасының, далалық (жұмыс) фуражкасының күнқағарлары қастың деңгейінде, ал құлақшынның, малақай-масканың, панаманың, бандананың, күнқағарсыз фуражканың, береттің және пилотканың төменгі жиегі – қастың үстіне көлденең қойылған екі саусақтың ені бойында тұратындай етіп киіледі. Кокарданың (жұлдыздың, эмблеманың) ортасы кеңсірік үстінде тұрады.
26. Далалық фуражканың, панаманың, маска-малақайдың және бандананың түсін міндеттерді орындау және қызмет өткеру өңіріне байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.
27. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары әскери қатынастар комендатураларының әскери қызметшілері қаракөлден тігілген құлақшынды, қара көк түсті фуражка және пилотканы киіп жүреді
Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттар ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген құлақшын киіп жүруге рұқсат етіледі.
28. Жиектері түсірілген малақай (күнқағары бар малақай) және құлақшындары түсірілген құлақшын сыртқы ауа температурасы – 100С-дан төмен болған кезде киіп жүруге рұқсат етіледі. Сапта жиектер мен құлақшындар командирдің (бастықтың) нұсқауы бойынша түсіріледі. Құлақшындар түсірілген кезде құлақшын ызбаларының ұштары иек астында байланады, құлақшындары көтеріліп тұрған кезде ызбаның байланған ұштары құлақшын астына орналастырылады. Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсеткен кезде, шаруашылық жұмыстарда және бөлімше командирінің нұсқауы бойынша құлақшынның құлаққабы артқа қарай қайырып байланады.
29. Үлкен бастықтың нұсқауы бойынша мыналар:
1) қысқы салтанатты киім нысаны кезінде сапта жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – фуражка (әскери қызметші әйелдер үшін – әйелдер шляпасы);
2) қысқы күнделікті киім нысаны кезінде сапта және саптан тыс жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – фуражка немесе берет;
3) жазғы күнделікті киім нысаны кезінде сапта және саптан тыс ыстық ауа райында берет орнына – кепи, әскери қызметші әйелдерге – пилотка;
4) қысқы далалық киім нысаны кезінде күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – далалық жүн малақай (малақай-маска);
5) қысқы далалық киім нысаны кезінде жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына, жазғы далалық киім нысаны кезінде (тек десанттық-шабуылдау әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлерінің және арнайы мақсаттағы бөлімдер мен бөлімшелердің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін) далалық бүркеніш түсті фуражка орнына – берет;
6) күнделікті киім нысаны кезінде – ақ түсті фуражка (тек Әскери-теңіз күштерінің, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін) киіп жүріледі.
Әскери қызметші әйелдер салтанатты киім нысаны кезінде әйелдер шляпасын киіп жүреді.
Белгіленген түсті фуражка тек салтанатты киім нысанымен киіп жүріледі (жоғары офицерлер құрамынан және полковниктерден басқа).
2-параграф. Сыртқы киім
30. Әскери қызметші әйелдерден басқа, жоғары офицерлер құрамына, аға және кіші офицерлер құрамына, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге арналған теріден тігілген жағасы (жоғары офицерлер құрамында, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандарда – қаракөлден тігілген жағасы) бар астары жылы пальто оң жаққа қарай алдындағы барлық түймелері салынады. Еденнен пальтоның етегіне дейінгі арақашықтық – 38-40 сантиметр.
Әскери қызметші әйелдерге арналған теріден тігілген жағасы (полковниктер мен 1-дәрежелі капитандарда – қаракөлден тігілген жағасы) бар астары жылы пальто сол жаққа қарай алдындағы барлық түймелері салынады. Еденнен пальтоның етегіне дейінгі арақашықтық – 42-45 сантиметр.
Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде астары жылы пальто салтанатты белдікпен және аксельбантпен, ал саптан тыс – салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.
Астары жылы пальто сыртқы жағына ұқыпты қаратылып бүктелген сол жақ қолда ұстап жүріледі.
31. Курсанттарға, Кадет корпусының және Республикалық мектептердің тәрбиеленушілеріне арналған астары жылы пальто оң жаққа қарай алдындағы барлық түймелері салынады, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), Әскери-теңіз күштері әскери оқу орындарының курсанттары үшін пальто жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн (шұға) галстукпен киіледі.
Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде пальто жез тоғамен және аксельбантпен, ал саптан тыс – белдіксіз және аксельбантсыз ақ түсті белдік белбеумен киіледі.
Пальтоның ішкі қалтасының астында курсанттардың, Кадет корпусы кадеттерінің және Республикалық мектептер тәрбиеленушілерінің әскери атағы, тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
Еденнен пальто етегіне дейінгі арақашықтық:
1) әскери оқу орындарының курсанттары, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін старшиналар мен матростар үшін (Кадет корпусының кадеттері және Республикалық мектептердің тәрбиеленушілерінен басқа) – бойының ұзындығына байланысты 29-32 сантиметр;
2) Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектептердің тәрбиеленушілері үшін – бойының ұзындығына байланысты 35-40 сантиметр.
Астары жылы пальто сыртқы жағына ұқыпты қаратылып бүктелген сол жақ қолда ұстап жүріледі.
32. Әскери қызметші әйелдерден басқа, Жоғары офицерлер құрамына, аға және кіші офицерлер құрамына, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге арналған теріден тігілген жағасы (жоғары офицерлер құрамында, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандарда – қаракөлден тігілген жағасы) бар қысқы күртешенің желден қорғайтын қақпағымен "сыдырмалы" ілмектері салынады. Қақпақтың оң жаққа қарай түймелері астарлы ілмекке салынады.
Әскери қызметші әйелдерге арналған теріден тігілген жағасы (полковниктер мен 1-дәрежелі капитандарда – қаракөлден тігілген жағасы) бар қысқы күртешенің желден қорғайтын қақпағымен "сыдырмалы" ілмектері салынады. Қақпақтың сол жаққа қарай түймелері астарлы ілмекке салынады.
Саптағы күнделікті киім нысаны кезінде қысқы күртешенің барлық түймелері салынады, саптан тыс күнделікті киім нысаны кезінде қысқы күртешенің жоғарғы түймесі салынбайды.
Қысқы күртеше сыртқы жағына ұқыпты қаратылып бүктелген сол жақ қолда ұстап жүріледі.
33. Әскери қызметші әйелдерден басқа, жоғары, аға және кіші офицерлер құрамына, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге арналған маусымдық плащтың астарлы ілмектерімен алдынан оң жаққа қарай барлық түймелері салынады. Еденнен плащтың етегіне дейінгі арақашықтық – 42-45 сантиметр.
Әскери қызметші әйелдерге арналған маусымдық плащтың астарлы ілмектерімен алдынан сол жаққа қарай барлық түймелері салынады. Еденнен плащтың етегіне дейінгі арақашықтық – 42-45 сантиметр.
Плащтың белдігі тоғаға салынуға тиіс.
Маусымдық плащты сыртқы жағына ұқыпты қаратылып бүктелген сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.
34. Плащ-жамылғының барлық түймелері салынады және қолайсыз ауа райы кезінде (капюшонмен немесе капюшонсыз) жазғы және қысқы сыртқы киім заттарының сыртынан киіледі.
Плащ-жамылғыны иық бауларында бүктеп және жинап немесе саптан тыс – сыртқы жағына ұқыпты қаратылып бүктелген сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.
35. Әскери оқу орындарының курсанттары және Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер бушлатының ілгектері және барлық түймелері салынады және жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн (шұға) галстукпен киіледі.
36. Ашық мундир (тужурка) оң (әскери қызметші әйелдерде – сол) жаққа қарай барлық түймелері салынады. Мундир (тужурка) саптағы салтанатты киім нысаны кезінде салтанатты белдікпен және аксельбантпен, ал саптан тыс – салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.
Десанттық-шабуыл әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлері және арнайы мақсаттағы бөлімдер мен бөлімшелердің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне саптағы салтанатты киім нысаны кезінде мундирді (тужурканы) галстугы бар жейде орнына тельняшкамен киюге рұқсат етіледі.
37. Күнделікті кительдің (тужурканың) оңжаққа қарай барлық түймелері, әскери қызметші әйелдерде – сол жаққа салынады.
38. Сыртынан киілетін нысанды жейде мен фланельден тігілген нысанды жейденің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады, тельняшкамен және нысанды жағамен киіледі. Жазғы уақытта тельняшкасыз киюге рұқсат етіледі.
39. Флоттық жұмыс жейдесі шалбарға салынбайды және тельняшкамен және нысанды жағамен киіледі.
40. Жазғы бүркеніш түсті (десанттық жазғы) далалық күртешенің оң жаққа қарай барлық түймелері салынады және ақ түсті жаға астарымен киіледі, жоғарғы жиегі жағадан 1-2 миллиметр шығып тұруға тиіс.
Жоғары, аға және кіші офицерлер құрамына, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге бүркеніш түсті (десанттық) күртешені ақ түсті жаға астарысыз қиюге рұқсат етіледі.
Күртеше футболкамен киіледі. Десанттық-шабуыл әскерлерінде, теңіз жаяу әскерлері және арнайы мақсаттағы бөлімдер мен бөлімшелерде күртешенің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады және тельняшкамен киіледі.
Жазғы уақытта күртешенің жоғарғы түймесі салынбай киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкандар түрінде қайырылады және күртешенің жеңдері шынтақ буынынан 2-4 сантиметр жоғары қайырылады.
Бүркеніш түсті күртеше амунициямен тек далалық сабақтар, ал сабақтан тыс – оларсыз киіледі (әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздардан, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарынан, Кадет корпусының кадеттерінен және Республикалық мектептердің тәрбиеленушілерінен басқа).
Бүркеніш түсті тік пішілген шалбар биік қонышты бәтеңкеге салынады. Шалбарды биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге рұқсат етіледі, бұл ретте шалбардың жиегі тартылып жиналған болуға тиіс.
41. Бүркеніш түсті астары жылы далалық күртешенің желден қорғайтын қақпағы бар "сыдырмалы" ілмектері салынады. Қақпақтың түймелері оң жаққа қарай астарлы ілмекке салынады. Ауа райы жағдайларына байланысты күртеше биік қонышты бәтеңкеге салынған бүркеніш түсті далалық астары жылы немесе жазғы далалық шалбармен (десанттық шалбармен) киіледі. Шалбарды биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге рұқсат етіледі, бұл ретте шалбардың жиегі тартылып жиналған болуға тиіс.
Күртеше амунициямен тек далалық сабақтар, ал сабақтан тыс – оларсыз киіледі (әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздардан, әскери оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусының кадеттерінен және республикалық мектептердің тәрбиеленушілерінен басқа).
42. Қорғаныш түсті күртешенің (жұмыс киім нысанының) барлық түймелері салынады және ақ түсті жаға астарымен киіледі, оның жоғарғы жиегі жағадан 1-2 миллиметр шығып тұруға тиіс.
Жазғы уақытта күртешенің жоғарғы түймесі салынбай және белдік белбеусіз киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкан түрінде қайырылады және күртешенің жеңдері шынтақ буынынан 2-4 сантиметр жоғары қайырылады.
43. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары әскери қатынастар комендатураларының әскери қызметшілеріне қара көк түсті пальто мен қысқы күртеше (жағасы қаракөлден тігілген), маусымдық плащ, мундир, китель, свитер мен шалбар киіп жүруге рұқсат етіледі.
Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттар ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген жағасы бар пальто және қысқы күртеше киіп жүруге рұқсат етіледі.
44. Астары жылы пальто, қысқы күртеше, маусымдық плащ, мундир, тужурка, китель, сыртынан киілетін нысанды жейде, фланельден тігілген нысанды жейде, жұмыс көйлегі мен шалбар белгіленген үлгіде, таза және үтіктелген болып киіледі. Шалбар тік үтіктелген қыр салынып киіледі. Қалған заттарға қыр салуға рұқсат етілмейді.
Юбка белгіленген үлгіде, таза және үтіктелген, қырсыз болады. Юбканың етегі тізе деңгейінде болады.
Пальто, мундир, тужурка мен китель қалталарының қақпалары сыртқа түсірілген болады.
Айырым белгілері дұрыс және ұқыпты тігілген (бекітілген) болып тағып жүріледі.
45. Далалық жағдайлардағы сабақтарда және оқу-жаттығуларда далалық киім нысаны жеке қарумен және жұмыс үшін қажетті керек-жарақтармен киіледі.
46. Жеңіл жүн матадан тігілген күнделікті кительді немесе тужурка мен шалбарды (юбканы) жазғы күнделікті киім нысаны кезінде киюге рұқсат етіледі.
47. Мыналарды киіп жүруге рұқсат етіледі (үлкен бастықтың нұсқауы бойынша):
1) қысқы күнделікті киім нысаны кезінде жылы ауа райында және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде суық ауа райында қысқы күртеше жағасыз немесе қысқы күртеше орнына – маусымдық плащ;
2) қысқы және жазғы күнделікті киім нысандары кезінде китель орнына – свитер;
3) қысқы күнделікті киім нысаны кезінде – қара түсті астары жылы пальто (тек Әскери-теңіз күштерінің, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін).
3-параграф. Жейде, галстук, футболка, майка (тельняшка), кашне мен қолғап
48. Жейденің оң (әскери қызметші әйелдер үшін – сол) жаққа қарай барлық түймелері салынады және погондармен және галстукпен (әйелдер галстугымен) киіледі. Киілген ашық мундир, китель, тужурка кезінде жейденің жағасы мундир (китель, тужурка) жағасының жоғарғы жиегімен бір деңгейде болуға немесе одан кемінде 0,5 сантиметр шығып тұруға тиіс.
49. Мынадай жейделерді киіп жүруге рұқсат етіледі:
1) жазғы салтанатты киім нысаны кезінде мундирсіз (тужуркасыз) погондары бар және галстукпен ақ түсті, ал қызметтік үй-жайларда – жылдың кез келген уақытында. Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне жазғы уақытта қызмет өткерген кезде – галстуксыз, қысқа жеңді;
2) жазғы күнделікті киім нысаны кезінде кительсіз (тужуркасыз, свитерсіз) погондары бар және галстукпен (әйелдер галстугымен) ашық жусан түстес, ашық көк және ақ сары түсті, ал қызметтік үй-жайларда, дәрісханалардағы (шеберханалардағы) сабақтарда – жылдың кез келген уақытында;
3) күндізгі ауа температурасы + 200С және одан жоғары болғанда жазғы күнделікті киім нысаны кезінде галстуксыз, кительсіз (тужуркасыз, свитерсіз) жеңі қысқа, погондары бар, жоғарғы түймесі салынбаған (жағасы қайырылған) ашық жусан түстес, ашық көк және ақ сары түсті.
Жейделер белгіленген үлгідегі және түстегі, таза, мұқият пішілген және үтіктелген, дұрыс таңдалған погондармен киіледі.
Түсі өнген және үтіктелмеген жейде, бұзылған және лас погондары бар жейде киюге, сондай-ақ жейденің артқы бойына қыр салуға жол берілмейді.
50. Галстук жейдеге тағылады және оған жоғарғы жағынан үшінші және төртінші түйме арасында белгіленген үлгідегі алтын түстес бекітпемен қыстырылады (әйелдер галстугынан басқа). Галстукқа (әйелдер галстугына) галстуктың жоғарғы жиегінен эмблема ортасына дейін 80 миллиметр арақашықтықпен (әскери қызметші әйелдерде галстук байламасының ортасы бойынша) Қарулы Күштердің нышаны бар эмблема тағылады. Галстук ұдайы мұнтаздай және таза болы киіледі. Түсі өнген және ластанған галстук тағуға жол берілмейді.
51. Футболка (тельняшка) далалық киім нысаны кезінде киіледі. Жазғы уақытта техникаға қызмет көрсету кезінде, шаруашылық жұмысты орындағанда футболканы бүркеніш түсті далалық жазғы күртешесіз немесе жұмыс күртешені киюге рұқсат етіледі.
52. Белгіленгентүсті майка (футболка) күнделікті киім нысаны кезінде қысқа жеңді (жағасы қайырылған) жейдемен киіледі.
53. Кашне (салтанатты киім нысаны кезінде – ақ түсті, күнделікті кезінде – қара жусан түстес, қара көк және қара түсті) астары жылы пальто, қысқы күртеше, маусымдық плащ жағасының астына ұқыпты салынып тағылады. Кашненің жоғарғы жиегі жағадан 1-2 сантиметр біркелкі шығып тұруға тиіс. Түсі өнген, белгіленбеген түсті және үлгідегі кашне тағуға жол берілмейді.
54. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары әскери қатынастар комендатураларының әскери қызметшілеріне ашық көк түсті жейде киюге, қара көк түсті кашне мен галстук тағуға рұқсат етіледі.
55. Ақ түсті жүн (трикотаж) қолғап саптағы салтанатты киім нысаны кезінде парадтарда киіледі. Салтанатты киім нысаны кезінде ақ түсті былғары қолғап киюге рұқсат етіледі. Салтанатты киім нысаны кезінде парадтарда қара түсті қолғап ерекше нұсқау бойынша киіледі.
Қара түсті жүн қолғап қысқы күнделікті, далалық және жұмыс киім нысандары кезінде киіледі, сондай-ақ жазғы киім нысаны кезінде суық ауа райында киюге рұқсат етіледі. Қара түсті жүн қолғап орнына – іші жылы қара түсті былғары қолғап киюге рұқсат етіледі.
Әскери сәлемдесу кезінде қолғап шешілмейді.
Қысқы нысандағы киімді жылыауа райында қара түсті жүнді (тері) қолғапты кимеуге рұқсат етіледі.
4-параграф. Аяқ киім, ұйық, шұлық пен колготки
56. Әскери киім нысанын киіп жүрген кезде аяқ киім белгіленген үлгіде қара (ақ) түсті, дұрыс жай-күйде және ұдайы тазаланған болып киіледі. Бәтеңкенің баулары ұқыпты байланған, етіктің қонышы жиналған болуға тиіс. Үстіңгі жағы бүлінген немесе өкшесі желінген аяқ киімді, етіктің қонышын түсіріп немесе қайырып киюге жол берілмейді. Жазғы уақытта корабльдерде саптан тыс және корабльдік нарядтар қызметі жөніндегі міндеттерді атқарудан бос уақытта сандалет немесе спорттық туфли киюге рұқсат етіледі. Кадет корпусының және республикалық мектептердің тәрбиеленушілеріне жаппай спорттық іс-шаралар өткізу уақытында және дене шынықтыру бойынша сабақтарда, сондай-ақ сабақтардан бос уақытта спорттық туфли киюге рұқсат етіледі.
57. Мыналарды (үлкен бастықтың нұсқауы бойынша):
1) жазғы далалық киім нысаны кезінде қонышы ұзын қара түсті былғары бәтеңке орнына – қонышы ұзын құм түстес былғары бәтеңке немесе қонышы қысқа қара түсті былғары бәтеңке;
2) қысқы далалық киім нысаны кезінде қонышы ұзын іші жылы қара түсті былғары бәтеңке орнына – іші жылы қонышы қысқа қара түсті былғары етік киіп жүруге рұқсат етіледі.
Әскери қызметші әйелдерге салтанатты және күнделікті киім нысандары кезінде саптан тыс белгіленген аяқ киіммен бірдей пішінді қара түсті азаматтық аяқ киім киюге рұқсат етіледі (өкше биіктігі 4 сантиметр аспайды).
58. Ұйық: қара түсті аяқ киім кезінде – қара, ақ түсті аяқ киім кезінде – ақ түсті киіледі. Түсі өнген, белгіленбеген түсті ұйық киюге жол берілмейді.
59. Әскери қызметші әйелдер үшін шұлық пен колготки қысқы киім нысаны кезінде қара түсті, жазғы киім нысаны кезінде – ақшыл сары түсті киіледі. Түсі өнген, белгіленбеген түсті шұлық пен колготки киюге жол берілмейді.
60. Әскери қызметшілерге арналған киім-кешек осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
5-параграф. Амуниция – қаруларды, оқ-дәрілер мен басқада әскери жабдықтарды алып
жүруді жеңілдететін әскери киім нысанының заттары (белбеулер, шағын сөмкелер, жақпарлы кеудешелер)
61. Салтанатты белдік жоғары офицерлер құрамының, келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицерлерінің, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерінің мундирлерінде (тужуркаларында) алдыңғы жағында жоғарыдан үшінші түймеге тиіп тұратынды.
Астары жылы пальтоға салтанатты белдік таққан кезде ол жоғарыдан үшінші түймеге тиіп тұратынды.
Белдік тоғасы алдыңғы жағында ортасында болады.
62. Далалық белбеу осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген жағдайларда әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне арналған жазғы бүркеніш түсті далалық (десанттық) күртешеге, қысқы күртешеге тағылады.
Далалық белбеудің тоғасы (жабдық) орта жағында болады.
63. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, Кадет корпусының кадеттері және республикалық мектептердің тәрбиеленушілеріне далалық белбеу орнына жез тоғасы бар қоңыр түсті белдік белбеу тағып жүруге рұқсат етіледі. Ол астары жылы пальто, китель, жазғы және астары жылы бүркеніш түсті далалық (десанттық) күртеше, қысқа тон, жылы кеудеше, ал Әскери-теңіз күштерінде сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге – шалбардың сыртына тағылады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздардың, әскери оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының, Кадет корпусы кадеттер және республикалық мектептер тәрбиеленушілерінің ашық кителінде (бүркеніш түсті күртешесінде) белдік белбеу үшінші түйменің үстіңгі жағын жауып тұруға, ал астары жылы пальтода (бүркеніш түсті астары жылы күртешеде) екінші және үшінші түймелер арасында болады.
64. Пистолет оң жақ жанында далалық белбеуде (жабдықта) кобурада алып жүріледі:
1) Қарулы Күштерде (Әскери-теңіз күштерінен басқа) астары жылы пальто, қысқы күртеше, китель мен далалық күртеше сыртында, жейде астында (белдік белбеуде);
2) Әскери-теңіз күштерінде – астары жылы пальто, бушлат, қысқы күртеше сыртында, тужурка және сыртынан киілетін нысанды жейде, фланельден тігілген нысанды жейде киген кезде жейде астында шалбардың сыртында және далалық күртеше сыртында.
65. Кездік Әскери-теңіз күштерінде мыналарды киген кезде салтанатты белдікпен сол жақ жанында алып жүріледі:
1) саптағы салтанатты киім нысаны кезінде – тужурка, астары жылы пальто сыртында;
2) саптан тыс салтанатты киім нысаны кезінде – тужурка астында.
66. Далалық сөмке жазғы және қысқы далалық және күнделікті киім нысандары кезінде киім-кешектің сыртынан оң жақ иыққа тартылған белдікте сол жақ жанында алып жүріледі.
67. Аксельбант саптағы салтанатты киім нысаны кезінде тағылады:
1) жоғары офицерлер құрамы, полковник атағындағы әскери қызметшілер, әскери дирижерлар мен үрлемелі оркестрдің әскери қызметшілері – екі ұштығы бар алтын түстес;
2) аға және кіші офицерлер құрамы, сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери қызметші әйелдер, құрметті қарауыл әскери қызметшілері – бір ұштығы бар алтын түстес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде – екі ұштығы бар);
3) әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар), Кадет корпусының және республикалық мектептердің тәрбиеленушілері – бір ұштығы бар күміс түстес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде – алтын түстес).
68. Әскери қызметшілерге арналған амуниция осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдары әскери қызметшілерінің айырым белгілері 1-параграф. Погондар мен шағын погондар
69. Жапсыра тігілетін погондар астары жылы пальтоға тағылады.
Алмалы-салмалы погондар мундирге, кительге, тужуркаға және қысқа тонға тағылады.
Муфталардағы алмалы-салмалы погондар қысқы күртешеге, маусымдық плащқа, жейдеге, астары теріден тігілген күртешеге және свитерге тағылады.
Әскери атағы бойынша ілмектер жаға жиегінен 5 миллиметр арақашықтықта бүркеніш түсті жазғы күртешеге тағылады.
Қан тобы көрсетілген кеуде жапсырмасы бүркеніш түсті жазғы күртешеге кеуденің сол жақ қалтасы қақпағының жоғарғы жиегі бойына тағылады.
"Қазақстан" кеуде жапсырмасы бүркеніш түсті жазғы күртешеге кеуденің оң жақ қалтасы қақпағының жоғарғы жиегі бойына тағылады.
Кеуде жапсырмасы әскери атағы бойынша оң жағында, ал қан тобы бүркеніш түсті астары жылы күртешенің сол жағында симетриялы, жоғарғы бұрыш желден қорғайтын қақпақтан 10 сантиметр арақашықтықта тағылады.
Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери қызметшілеріне арналған арнайы киім нысанына төртбұрышты нысанды әскери атағы бойынша кеуде жапсырмасы кеуденің сол жағына жаға ұшының деңгейіне тағылады.
Далалық киім-кешектің сол жақ жеңіне жапсыра тігілетін әскери атағы бойынша жеңдегі жапсырма жеңнің жоғарғы нүктесінен 1 сантиметр арақашықтыққа тағылады.
Әскери атағы бар Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдері жағалық бөлімшелерінің әскери қызметшілері негізі белгіленген түсті және ашық жасыл түсті жиегі бар погондар тағады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациялық бөлімшелерінің, бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басқару органдарында қызмет өткеретін авиациялық мамандықтары бар әскери қызметшілер негізі қара көк түсті және ашық жасыл түсті жиегі бар погондар тағады.
Штаттық әскери-есептік мамандықтары корабльдік болып табылмайтын (әскери атақтары бар) Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімшелерінің әскери қызметшілері қызыл түсті жиегі бар погондар тағады.
Шағын погондар сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге және жұмыс көйлегіне жапсыра тігіліп тағылады.
70. Погондарға жұлдыздарды (шағын жұлдыздарды) орналастыру осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
71. Погондарға жапсырмаларды орналастыру осы Қағидаларға 4-қосымшада сәйкес көрсетілген.
2-параграф. Жеңдегі және кеуде айырым белгілері
72. Әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін көрсететін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр арақашықтықта киім-кешектің сол жақ жеңіне тігіледі. Республикалық мектептердің тәрбиеленушілері үшін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр арақашықтықта тігіледі. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде халықаралық міндеттемелерді орындайтын әскери қызметшілер ағылшын тілінде жазылған жазулары бар шеврондар мен жапсырмалар тағады.
73. Әскери қызметшілердің Қарулы Күштер түрлеріне, әскер тектеріне, Бас қолбасшылықтарына, өңірлік қолбасшылықтарына, әсери бөлімдерге тиесілігін көрсететін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр арақашықтықта киім-кешектің оң жақ жеңіне тігіледі, ол диаметрі 81 миллиметр шеңбер түрін (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін 1, 2, 3-сыныпты сержанттар мен старшиналарға, шебер және штаб сержанттарға немесе старшиналарға арналған шеврондардан басқа) білдіреді. Әскери полицияның әскери қызметшілері үшін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 2 сантиметр арақашықтықта тігіледі. Республикалық мектептердің тәрбиеленушілері үшін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр арақашықтықта болады.
74. Киім-кешектің оң жақ жеңіне тағылатын шеврондар келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін 1, 2, 3-сыныпты сержанттар мен старшиналар, шебер және штаб сержанттар немесе старшиналар үшін жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр арақашықтықта тігіледі, қалқан нысанын білдіреді. Шевронның көлемі: биіктігі бойынша – 90 миллиметр, ені бойынша – 75 миллиметр. Шеврон жиегінің, ондағы жазулар мен суреттің түсі – алтын түстес.
75. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бейнеленген жеңдегі белгі халықаралық оқу-жаттығулар өткізген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары қызметтік іссапар кезінде оң жақ жеңге жеңнің жоғарғы нүктесінен 2 сантиметр арақашықтықта тігіледі.
76. Әскери-теңіз күштері корабльдік құрамының адмиралдары мен офицерлерінің әскери атақтары бойынша (корабльдік әскери атақтары бар) жеңдегі айырым белгілері тужуркаларға – сыртқы жағынан екі жақ жеңде жеңнің төменгі жиегінен 10 сантиметр арақашықтықта тағылады.
Корабльдік емес әскери-есептік мамандықтары бар (әскерлер әскери атақтары бар) Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімшелерінің әскери қызметшілері әскери атақтары бойынша жеңдегі айырым белгілерін тақпайды.
77. Әскери оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының (Әскери-теңіз күштерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері – әскер түрінің, әскер тегінің түсі бойынша шұғадан тігілген қақпақшаға ұштары төмен қаратып орналастырылған алтын түстес жезден жасалған бұрыштамалар китель және астары жылы пальто сол жеңінің сыртқы жағына Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін көрсететін жеңдегі белгіден 1 сантиметр төмен олардың төменгі жиегіне қарама-қарсы тігіледі.
Оқу курсына сәйкес жеңдегі белгілерге бұрыштамалар орналастырылады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші – курстар үшін тиісінше 1, 2, 3, 4,5-курс.
Жездің ені – 10 миллиметр, ұзындығы – 75 миллиметр. Бұрыштамалар арасындағы арақашықтық – 2 миллиметр.
78. Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскери оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері – қара (сыртынан киілетін нысанды жейдеге – ақ) түсті шұғадан тігілген ұштары төмен қаратып орналастырылған алтын түстес жезден жасалған бұрыштамалар сол жеңнің сыртқы жағына тігіледі. Бұрыштамалардың жоғарғы жағына диаметрі 20 миллиметр Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін көрсететін жеңдегі белгіден 1 сантиметр төмен олардың төменгі жиегіне қарама-қарсы тігілетін алтын түстес жұлдыз орналастырылады.
Оқу курсына сәйкес жеңдегі белгілерге бұрыштамалар орналастырылады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші – курстар үшін тиісінше 1, 2, 3, 4, 5-курс.
Жездің ені – 10 миллиметр, ұзындығы – 75 миллиметр. Бұрыштамалар арасындағы арақашықтық – 2 миллиметр. Бұрыштаманың жоғарғы бұрышының ұштарын біріктіретін сызықтан тік эмблема жұлдызының ортасына дейінгі арақашықтық – 25 миллиметр.
79. Сержанттық құрамын лауазымын анықтайтын жазғы және қысқы далалық күртешеде арақашықтығы 2 сантиметр жоғарғы нүкте жеңдегі белгіні оң жеңіне тігіледі, қорғаныш астарында мемлекеттік тілде қара әріппен жазбаланған.
3-параграф. Бас киімдердегікокарда, эмблема, тігіс пен жапсырмалар
80. Бас киімдердегі кокарда, эмблема, тігіс пен жапсырмалар "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №144 Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі – №144 Жарлығымен) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне сәйкес тағылады.
81. Беретке жапсырма ортасынан 50 миллиметр арақашықтықта сол жаққа қарай тігіледі.
4-параграф. Киім-кешектегі эмблемалар, тоғалар, шытырлар, түймелер, өрнектер мен тігіс
82. Киім-кешектегі эмблемалар, тоғалар, шытырлар, түймелер, өрнектер мен тігіс №144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне сәйкес тағылады.
83. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен және әскери прокуратураның мүшелері басқа) әскери қызметшілерінің (жоғары офицерлер құрамынан басқа) мундирлері мен кительдерінің жағаларына алтын түстес "KZ" эмблемалары жағаның төменгі жиегіне қарама-қарсы тағылады. Жағаның төменгі жиегінен әріптердің төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық – 15 миллиметр.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанына ордендерді,
медальдарды, планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын және басқа
да ерекшелік белгілерін тағып жүру
84. Әскери киім нысанында (мундирлерде, тужуркаларда, кительдерде, сыртынан киілетін нысанды жейделерде, фланельден тігілген нысанды жейделерде) ордендер мен медальдарды немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын және әскери кеуде белгілерін тағып жүру міндетті болып табылады.
85. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері: "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені, сондай-ақ құрмет атақтарына кеуде белгілері жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (свитерге немесе жейдеге), далалық және жұмыс киім нысанынан басқа, барлық киім нысанына тағылады.
86. Саптағы салтанатты киім нысанына:
1) жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері – "Алтын Қыран" (Золотой Орел) ордені, "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені;
2) ордендер мен медальдар;
3) құрмет атақтарына кеуде белгілері;
4) депутаттардың кеуде белгілері;
5) "Қазақстанның Ұшқыш-ғарышкері" кеуде белгісі;
6) "Ұшқыш-мерген" кеуде белгісі;
7) "Штурман-мерген" кеуде белгісі;
8) "Корабль командирі" кеуде белгісі;
9) "Алыс жорыққа шыққаны үшін" кеуде белгісі;
10) үздіктер мен сыныпты мамандар кеуде белгілері;
11) сержанттар курсын аяқтағаны туралы кеуде белгісі тағылады.
87. Жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (свитерге немесе жейдеге), далалық киім нысанынан басқа, барлық киім нысанына:
1) әскери оқу орындарын аяқтағаны туралы кеуде белгісі;
2) жоғары азаматтық оқу орындарын аяқтағаны туралы кеуде белгісі;
3) үздіктер мен сыныпты мамандар кеуде белгілері;
4) "Нұсқаушы-парашютші" кеуде белгісі;
5) "Үздік парашютші" кеуде белгісі;
6) "Парашютші" кеуде белгісі;
7) спорттық белгілер мен медальдар;
8) басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшелік белгілері тағылады.
88. Саптан тыс салтанатты киім нысанына мундирге және саптағы және саптан тыс күнделікті киім нысанына кительге ордендер мен медальдар орнына планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары, сондай-ақ ерекшелік белгілері, оның ішінде осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген кеуде белгілері тағылады.
89. Жараланулар санының белгілері жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (свитерге немесе жейдеге), далалық және жұмыс киім нысанынан басқа, барлық киім нысаны кезінде ордендер мен медальдардан 10 миллиметр жоғары кеуденің оң жағына, ал ордендер мен медальдар болмаған кезде – олардың орнына тағылады.
90. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері: "Алтын Қыран" (Золотой Орел) ордені, "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені ордендер мен медальдардан немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарынан жоғары кеуденің сол жағына тағылады.
Екі немесе одан көп жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін таққан кезде олар киімге мынадай реттілікпен жұлдыздар екі жаны ұштарының аралығы 10 миллиметр арақашықтықпен оңнан солға қарай орналастырылып, бөлек бір қатарға: "Алтын Қыран" (Золотой Орел) ордені, "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені тағылады.
"Алтын Қыран" (Золотой Орел) ордені, "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені:
1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундирге, тужурка мен кительге – медаль тегершігінің жоғарғы жиегі лацкан бұрышы деңгейінде болатындай лацканнан солға қарай;
2) ашық бір жаққа қаусырмалы мундирге, китель мен күртешеге – медаль тегершігінің жоғарғы жиегі лацкан қиығы деңгейінде болатындай лацканнан солға қарай;
3) сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге ордендер мен медальдар жұлдыздарының төменгі бұрыштары жаға қиығы бұрышынан 80 миллиметр жоғары тұратындай орналастырылады.
91. Тегершіктерге тағылатын бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСРО), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) және өзге де шетел мемлекеттерінің ордендері кеуденің сол жағына, ал тегершіксіз тағылатын ордендер – кеуденің оң жағына орналастырылады. Барлық медальдар кеуденің сол жағына тағылады.
92. Кеуденің сол жағына тағылатын ордендер, медальдар, құрмет атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көп балалы аналарға арналған наградалары маңыздылық дәрежесі бойынша оңнан солға қарай мынадай тәртіппен:
1) ордендер:
"Отан" (Отечество);
І, ІІ, ІІ дәрежелі "Барыс" (Барс І, ІІ, ІІ степени);
І, ІІ дәрежелі "Даңқ" (Слава І, ІІ степени);
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" (Доблесть І, ІІ, ІІ степени);
"Парасат" (Благородства);
І, ІІ дәрежелі "Достық" (Дружба);
"Құрмет" (Почет).
І дәрежелі "Барыс" (Барс), І дәрежелі "Даңқ" (Слава), І дәрежелі "Достық" (Дружба) ордендерінің белгілерін, олар оң иық арқылы өтетін иық ленталарына таққан кезде осы ордендердің жұлдыздары ордендерден солға қарай кеуденің сол жағына орналастырылады. ІІІ дәрежелі "Барыс" (Барс) ордені мойын лентасына тағылады.
2) медальдар:
"Ерлігі үшін" (За мужество);
"Жауынгерлік ерлігі үшін" (Воинскую доблесть);
"Ерен еңбегі үшін" (За трудовое отличие);
"Шапағат" (Милосердие);
3) құрмет атақтары:
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана);
"Қазақстанның Ұшқыш-ғарышкері" (Летчик-косманавт Казахстана);
4) көп балалы аналарға арналған наградалар:
"Алтын алқа" (Золотая подвеска);
"Күміс алқа" (Серебряная подвеска).
5) "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомствовалық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының генеральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі – №155 Жарлығымен) ведомстволық медальдар орналастырылады.
93. Кеуденің сол жағына тағылатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың медальдары мынадай тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" (10 лет Вооруженным Силам Республики Казахстан);
2) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл" (20 лет Вооруженным Силам Республики Казахстан);
3) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" (Ветеран Вооруженных Сил Республики Казахстан);
4) І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (За безупречную службу І, ІІ, ІІІ степени);
5) "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" (За участие в миротворческих операциях);
6) "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытқаны үшін" (За развитие международного военного сотрудничества);
7) №155 Жарлығымен бекітілген ведомстволық медальдар осы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының тізбесі бойынша маңыздылық дәрежесі тәртібінде орналастырылады.
Әскери қызметшіні әртүрлі ведомстволардың медальдарымен наградтаған кезде олар әскери қызметші әскери қызмет өткеретін ведомствоның медальдарынан кейін маңыздылық дәрежесі тәртібінде оңнан солға қарай тағылады.
Наградталған адамдар ордендер мен медальдар орнына белгіленген үлгідегі награда нышандарын тағып жүре алады.
94. Кеуденің сол жағына екі және одан да көп орден таққан кезде,сондай-ақ көрсетілген ордендермен бірге медальдар таққан кезде олардың тегершіктері осы Қағидалардың 92, 93-тармақтарында белгіленген тәртіппен оңнан солға қарай бір қатарда біріктіріледі. Бір атаулы ордендер мен медальдар наградтау уақыты тәртібінде қатар орналастырылады. Бір қатарға сыймайтын ордендер мен медальдар (5-тен астам) біріншіден төмен орналастырылатын екінші және келесі қатарларға ауыстырылады және оларда белгіленген кезектілікпен оңнан солға қарай орналастырылады.
95. Кеуденің сол жағына ордендер мен медальдарды орналастыру бірінші қатардағы жалпы планканың (тегершіктің) жоғарғы жиегі:
1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундирде, китель мен тужуркада – лацкан деңгейінен 70 миллиметр төмен;
2) сыртынан киілетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде – жаға қиығының бұрышы деңгейінен 70 миллиметр жоғары орналасатындай етіп жүргізіледі.
Екінші қатардағы ордендер мен медальдар тегершігінің жалпы планкасы бірінші қатардағы ордендер мен медальдардың астыңғы жағына кіріп тұруға тиіс, үшінші және келесі қатар ұқсас тәртіппен орналастырылады.
96. Кеуденің оң жағына екі және одан да көп орден таққан кезде олардың екі жанының шеттері аралығы 5 миллиметр арақашықтықпен солдан оңға қарай бір қатарға көлденең орналастырылады. Дәрежесі бар бір атаулы ордендер наградтау уақыты тәртібінде бір қатарға орналастырылады.
Бір қатарға сыймайтын ордендер біріншіден төмен орналастырылатын екінші және келесі қатарларға ауыстырылады және оларда көрсетілген кезектілікпен солдан оңға қарай орналастырылады. Ордендердің қатарлары арасындағы арақашықтық 10 миллиметр.
Бірінші қатардағы ордендердің (медальдар тегершіктерінің) жоғарғы шеттері кеуденің сол жағына орналастырылатын ордендер мен медальдар бірінші қатарының жалпы планкасы (тегершігі) үшін белгіленген деңгейге орналастырылады.
97. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері, бұрынғы КСРО, ТМД және шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдары олардың мәртебесіне сәйкес кезектілікпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейін тағылады.
98. Планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары кеуденің сол жағына:
1) ашық мундирге, кительге, тужуркаға – лацкан бұрышы деңгейінен 70 миллиметр төмен;
2) сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге – жаға қиығының бұрышы деңгейінен 70 миллиметр жоғары тағылады.
99. Планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары осы Қағидалардың 92, 93-тармақтарында көрсетілген тәртіппен оңнан солға қарай орналастырылады.
Бір планкаға сыймайтын ленталар (бір қатарда 5-тен көп емес) екінші және келесі планкаларға ауыстырылады, лентасы бар дайын планканың биіктігі 10 миллиметр.
100. Бұрынғы КСРО, ТМД және шетел мемлекеттерінің ордені мен медалінің ленталары, олардың мәртебесіне сәйкес кезектілікпен Қазақстан Республикасының планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарынан кейін планкаларға тағылады. Орден мен медаль ленталары бір қатарға 5-тен көп емес тағылады.
101. Құрмет атақтарына кеуде белгілері кеуденің оң жағына тағылады және ордендер мен медальдардан жоғары:
1) ашық екі жаққа қаусырмалы және бір жаққа қаусырмалы мундирге, тужурка мен кительге – белгі тегершігінің жоғарғы жиегі лацкан бұрышы деңгейінде болатындай етіп лацканнан оңға қарай;
2) сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге белгінің төменгі жиегі жаға қиығының бұрышы деңгейінен 80 миллиметр жоғары болатындай орналастырылады.
102. Депутаттардың кеуде белгілері кеуденің сол жағына тағылады және:
1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундир мен тужуркаға – лацкан ортасына ілгек деңгейіне;
2) ашық бір жаққа қаусырмалы мундир мен кительге – лацкан ортасына оның бұрышы деңгейіне;
3) сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге – ордендер мен медальдардан немесе ордендер мен медальдар ленталары бар планкалардан 10 миллиметр жоғары орналастырылады.
103. Маманның сыныптық біліктілігі кеуде белгісі кеуденің оң жағына лацкан деңгейінен 70 миллиметр төмен орналастырылады.
Жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісі маманның сыныптық біліктілігі кеуде белгісінен 10 миллиметр төмен орналастырылады.
"Алыс жорыққа шыққаны үшін" кеуде белгісі оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісінен оңға қарай бір деңгейде кеуденің оң жағына тағылады.
"Құрметті шекарашы" кеуде белгісі жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісінен солға қарай бір деңгейде кеуденің оң жағына тағылады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары берген басқа да ерекшелік және ведомстволық кеуде белгілері кеуденің оң жағына, бір қатарда, лацкан деңгейінен 10 миллиметр төмен тағылады және солдан оңға қарай орналастырылады.
104. Әскери қызметшілерде екі және одан да көп азаматтық жоғары және әскери оқу орындарын аяқтағаны туралы кеуде белгісі бар болған кезде барлық кеуде белгілері тағылады.
Азаматтық жоғары оқу орнын (университетті, институтты) аяқтағаны туралы кеуде белгісін жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісі болған кезде одан оңға қарай бір деңгейде тағуға рұқсат етіледі.
Жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы белгі болған кезде әскери оқу орнын аяқтағаны туралы белгі тағылмайды.
Кадет корпусын, республикалық мектептерді және арнайы мектеп-интернаттарды аяқтағаны туралы кеуде белгілері кеуденің оң жағына тағылады және олардан оңға қарай жоғары немесе орта әскери оқу орындарын аяқтағаны туралы белгілермен бір деңгейде, ал осы белгілер болмаған кезде олардың орнына орналастырылады.
105. Бұрынғы КСРО, ТМД және шетел мемлекеттерінің кеуде ерекшелік белгілері Қазақстан Республикасының кеуде белгілерінен кейін тағылады.
106. Әскери қызметшілердің салтанатты және күнделікті киім-кешегіне ордендерді, медальдар мен ерекшелік белгілерін орналастыру осы Қағидаларға 5, 6-қосымшаларда сәйкестігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 1-қосымша |
Әскери қызметшілерге арналған киім-кешек
Р/с | Заттар атауы | Ескертпе |
1 | Жиек салынған белгіленген түсті фуражка | |
2 | Белгіленген үлгідегі бөрік, құлақшын | Полковниктерге арналған – сұр түсті қаракөлден тігілген |
3 | Белгіленген түсті кепи | |
4 | Жиек салынған белгіленген түсті пилотка | |
5 | Белгіленген түсті әйелдер шляпасы | |
6 | Белгіленген түсті берет | |
7 | Белгіленген үлгідегі далалық фуражка | |
8 | Погоны бар белгіленген түсті мундир мен балағы түсіңкі шалбар | |
9 | Ашық-сұр түсті погоны бар мундир | Жоғары офицерлер құрамына және полковниктерге |
10 | Белгіленген түсті жиегі салынған погондары бар китель мен балағы түсіңкі шалбар кантымен | |
11 | Жиектер салынған белгіленген түсті балағы түсіңкі шалбар | |
12 | Белгіленген түсті юбка | |
13 | Погондары бар белгіленген түсті свитер | |
14 | Погондары және алмалы-салмалы теріден тігілген жағасы бар белгіленген түсті қысқы күртеше | Жоғары офицерлер құрамына және полковниктерге арналған – сұр түсті қаракөлден тігілген жаға |
15 | Белгіленген түсті теріден тігілген жағасы және погондары бар белгіленген түсті астары жылы пальто | Жоғары офицерлер құрамына және полковниктерге арналған – сұр түсті қаракөлден тігілген жаға |
16 | Сұр түсті қаракөлден тігілген жағасы және погондары бар сұрғылт түсті астары жылы пальто | Әскери қызметші әйелдердің ерекше салтанатты киім нысанына арналған |
17 | Бүркеніш түсті далалық күртеше мен балағы тік пішілген шалбар | |
18 | Жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар | |
19 | Қара түсті іші жылы қысқа қонышты былғары етік | |
20 | Қара түсті қысқа қонышты былғары бәтеңке | |
21 | Қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары етік | |
22 | Қара түсті былғары туфли | |
23 | Ақ түсті былғары етік | Әскери қызметші әйелдердің ерекше салтанатты киім нысанына арналған |
24 | Белгіленген түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке | |
25 | Белгіленген түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке | |
26 | Белгіленген үлгідегі тапочка | |
27 | Погондары бар белгіленген түсті жейде | |
28 | Белгіленген түсті галстук | |
29 | Белгіленген түсті кашне | |
30 | Бір түсті футболкалар | |
31 | Белгіленген түсті майкалар | |
32 | Іш киім | |
33 | Бір түсті трусы | |
34 | Жылы іш киім | |
35 | Белгіленген үлгідегі шұлық | |
36 | Белгіленген түсті қолғап |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 2-қосымша |
Әскери қызметшілерге арналған амуниция
1. Амуниция жиынтығының құрамына мынадай заттар кіреді:
Р/с | Заттар атауы | Заттар саны | Ескертпе |
1 | Қорғаныш дулыға | 1 | |
2 | Броньды кеудеше (жүзгенде киілетін броньды кеудеше) | 1 | |
3 | Қатпарлы кеудеше | 1 | Иық немесе белдік-иық жүйесінің бауларын беруге рұқсат етіледі |
4 | Далалық белдік | 1 | Жабдық беруге рұқсат етіледі |
5 | Плащ-шатыр (плащ-жамылғы) | 1 | |
6 | Астары және жылуды ұстайтын кілемшесі бар ұйықтауға арналған қап (каримат) | 1 | |
7 | Рюкзак (зат қабы) | 1 | |
8 | Оқжатарға арналған ішкі сөмке | 1 | |
9 | Иық баулары бар қол оқшашарының оқжатарына арналған ішкі сөмке | 1 | Оқшашаршыларға беріледі |
10 | Қол гранаталарына арналған сөмке | 2 | |
11 | Құтыға арналған қап | 1 | |
12 | Аралас бақырға арналған қап | 1 | |
13 | Газтұмшаға және жеке қорғану құралдарына арналған қап | 1 |
Ескертпе: Басқа әскери мамандықтардың әскери қызметшілеріне арналған амуниция жиынтықтарына тиесілі қаруға сәйкес өзгерістермен жоғарыда аталған заттар кіреді.
2. Амуницияны жинау және тағу:
1) далалық белбеуге немесе жабдыққа иық бауларын немесе белдік-иық жүйесі және амуниция заттары тағылады;
2) арқадағы белдік ілгектері бел ортасында орналасатындай, ал баудың бейне рамкасы жауырындар арасында болатындай иық немесе белдік-иық жүйесінің баулары бойы мен мөлшері бойынша келтіріледі;
3) белбеу мен иық немесе белдік-иық жүйелеріне бауларға қажетті ішкі сөмкелер мен қаптар тағылады және оларға оқ-дәрілер, гранаталар, құты, құрастырылған бақыр, газтұмша және жеке қорғану құралдары және басқа да қажетті амуниция тағылады;
4) амуниция тағылады.
Командирдің (бастықтың) нұсқауы бойынша кейбір амуниция заттары жеке заттарға арналған сөмкеде (рюкзакта) немесе заттар қабында сақталуы (салынуы) мүмкін.
3. Плащ-шатырды жинау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) плащ-шатырды оның төмен бұрышына тігілген ілмектер кенептің сыртқы жағында болатындай бет жағын сыртына қаратып төрт бүктеп (тік және көлденең бүктеп) жиналады;
2) жиналған кенеп екі рет бүктеледі және одан кейін ілмектері ораудың сыртқы жағында болатындай жиналады.
4. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жеке заттарына немесе киім-кешек қабына арналған сөмкеге (рюкзакқа) немесе зат қабына мыналар салынады:
1) ол пайдаланылмайтын жағдайларда плащ-шатыр (алып жүруге немесе пончоға арналған белбеуі бар плащ жамылғы);
2) жатын қап;
3) бас киім (қысқы далалық киім нысаны кезінде – жазғы бас киім, жазғы далалық киім нысаны кезінде – қысқы бас киім);
4) қосымша ұйықтар – 4 жұп (2 жұпмақта-матадан, 2 жұп жүннен), іш киім 2 жиынтық (жазғы және қысқы), белгіленген түсті футболка – 1 дана, трусы – 1 дана және жаға астары – 2 дана (немесе өлшенген ақ түсті материал) (несессерге салынады);
5) кружка мен қасығы бар бақыр;
6) жеке тамақтану рационы (қоймада сақталады, ерекше кезеңде беріледі);
7) ол пайдаланылмайтын жағдайларда қорғаныш дулығасы;
8) жуыну керек-жарақтары (құтыға салынған иіс сабын, тіс пастасы, құтыға салынған тіс щеткасы, қырынуға арналған керек-жарақтар) және сүлгі – 2 дана (бет және аяқ) (несессерге салынады);
9) шаруашылық керек-жарақ заттары (жіптер мен инелер жинағы, киім мен аяқ киім щеткалары, фурнитура жинағы, аяқ киім майы) (несессерге салынады);
10) жеке таңу пакеті (несессерге салынады);
11) қолшам (несессерге салынады);
12) сіріңке, майшам (несессерге салынады);
13) жиналмалы пышақ (несессерге салынады);
14) жазу керек-жарақтары жинағы (несессерге салынады).
5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің жеке заттарына немесе заттай киім-кешегіне арналған сөмкеге (рюкзакқа) мыналар салынады:
1) ол пайдаланылмайтын жағдайларда плащ-шатыр;
2) жатын қап;
3) бас киім (қысқы далалық киім нысаны кезінде – жазғы бас киім, жазғы далалық киім нысаны кезінде – қысқы бас киім);
4) қосымша ұйықтар – 4 жұп (2 жұп мақта-матадан, 2 жұп жүннен), жылы іш киім 1 жиынтық, белгіленген түсті футболка – 1 дана, трусы – 1 дана мен жаға астары – 2 дана (өлшенген ақ түсті материал) (несессерге салынады);
5) кружка мен қасығы бар бақыр;
6) жеке тамақтану рационы (қоймаларда сақталады, ерекше кезеңде беріледі);
7) ол пайдаланылмайтын жағдайларда қорғаныш дулыға;
8) жуыну керек-жарақтары (құтыға салынған иіс сабын, тіс пастасы, құтыға салынған тіс щеткасы, қырынуға арналған керек-жарақтар) және сүлгі – 2 дана(бет және аяқ) (несессерге салынады);
9) шаруашылық керек-жарақ заттары (жіптер мен инелер жинағы, киім және аяқ киім щеткалары, фурнитура жинағы, аяқ киім майы) (несессерге салынады);
10) жеке таңу пакеті (несессерге салынады);
11) жазу керек-жарақтарының жинағы (несессерге салынады).
6. Командирлық далалық сөмкеге мыналар салынады:
1) жұмыс және анықтама дәптерлері;
2) офицер сызғышы;
3) түрлі-түсті қарындаштар (қызыл түсті – 2 дана, көк түсті – 2 дана, қара түсті – 1 дана, қоңыр түсті – 1 дана, жасыл түсті – 1 дана, сары түсті –1 дана);
4) фломастерлер жинағы;
5) өшіргіш (резеңке), қарындаштарға арналған ұштағыш немесе жиналмалы пышақ, қайшы, кеңсе пышағы;
6) компас;
7) курвиметр, циркуль-өлшегіш.
8) фонарь.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 3-қосымша |
Погондарға жұлдыздарды (жұлдызшаларды) орналастыру
Р/с | Әскери атағы |
Жұлдыз | Погонның төменгі жиегінен бірінші жұлдыз (шағын жұлдыз) ортасына дейінгі арақашықтық, миллиметр | Погонның бойындағы жұлдыздар (шағын жұлдыздар) ортасы арасындағы арақашықтық, миллиметр |
1 | Армия генералы | 4 | 30 | 25 |
2 |
генерал-полковник, | 3 | 30 | 25 |
3 |
генерал-лейтенант, | 2 | 30 | 25 |
4 |
генерал-майор, | 1 | 55 | - |
5 |
полковник, | 3 | 35 | 25 |
6 |
подполковник, | 2 | 35 | - |
7 |
майор, | 1 | 55 | - |
8 |
капитан, | 4 | 30 | 20 |
9 | аға лейтенант | 3 | 30 | 25 |
10 | лейтенант | 2 | 30 | - |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 4-қосымша |
Погондарға жапсырмаларды орналастыру
Р/с | Әскери атағы | Бұрыштама түріндегі жапсырмалар саны |
Жапсырмалар |
1 |
Шебер-сержант | бұрыштама түріндегі екі жалпақ және бір жіңішке жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15, жіңішке жапсырманың ені 7 |
2 |
Штаб-сержант | бұрыштама түріндегі көлденең екі жалпақ жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15 |
3 |
Бірінші сыныпты сержант (бірінші | бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ және үш жіңішке жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15, жіңішке жапсырманың ені 7 |
4 |
Екінші сыныпты | бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ және екі жіңішке жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15, жіңішке жапсырманың ені 7 |
5 |
Үшінші сыныпты | бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ және бір жіңішке жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15, жіңішке жапсырманың ені 7 |
6 |
Аға сержант | бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ жапсырма | жалпақ жапсырманың ені 15 |
7 |
Сержант (бірінші | бұрыштама түріндегі көлденең үш жіңішке жапсырма | жіңішке жапсырманың ені 7 |
8 |
Кіші сержант | бұрыштама түріндегі көлденең екі жіңішке жапсырма | жіңішке жапсырманың ені 7 |
9 |
Ефрейтор | бұрыштама түріндегі көлденең бір жіңішке жапсырма | жіңішке жапсырманың ені 7 |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 5-қосымша |
Әскери қызметшілердің салтанатты киім-кешегіне ордендерді, медальдар мен айырым белгілерін орналастыру
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 6-қосымша |