"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 44-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
С. Әбіш |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидалары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында (бұдан әрі – ҰҚО) тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
2. ҰҚО тамақтандыруды ұйымдастыруға жалпы басшылық:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі - Шекара Қызметі) – Шекара қызметі Тыл бас басқармасы азық-түлік және жем-шөпен қамтамасыз ету бөлімімен;
2) Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында (бұдан әрі – ҰҚК әскери полиция және әскери қарсы барлау органдары) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 Қызметінің әскери-техникалық қамтамасыз ету Департаментімен (бұдан әрі – ҰҚК ӘТҚД) жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының жекелеген құрылымдық бөлімшелері тамақтанумен орналасу орындары бойынша Шекара қызметінің әскери бөлімдерінен қамтамасыз етіледі.
4. Азық-түлікпен қамтамасыз ету нормасы және мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін адамдардың санаттары "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын азық-түлiкпен, азықпен, техникамен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11435 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы №38/ҚБП бұйрығымен регламенттелген (бұдан әрі – Қамтамасыз ету нормасы).
2-тарау. ҰҚО тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты жоспарлау
5.ҰҚО тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты жоспарлау мынадай бағыттар бойынша:
1) қанағаттанушылардың тамақтануын қамтамасыз ету:
азық-түлік өнімдерін және азықты жеткізу;
мемлекеттік сатып алу арқылы қанағаттанушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
жеке тамақтандыру рационын сатып алу (бұдан әрі – ЖТР) жолымен;
2) азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкін сатып алу үшін жүзеге асырылады.
ҰҚО органдарында қанағаттанушылардың тамақтануын қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлау үшін бастапқы деректер:
1) жоспарлы кезеңнің басында азық-түліктің нақты болуы;
2) жоспарлы кезеңнің басында қанағаттанушылар жеке құрамының тізімдік саны;
3) қамтамасыз ету нормалары;
4) жоспарланған кезеңде оларды жүргізу көзделетін ұйымдастыру іс-шаралары;
5) азық-түлік өнімдерінің және ЖТР құны болып табылады.
6. ҰҚО қанағаттанушылардың азық-түлік үлестерінің құн есебі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ҰҚО қанағаттанушылары азық-түлік үлестерінің арналған шығындарының құнын есепен пайдаланылады.
7. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға ақшалай қаражатты жоспарлау кезінде жабдықтау нормаларында көзделген тиісті азық-түлік үлестерінің құнынан 9 %-дан артық емес мөлшердегі сома Республикалық бюджеттік комиссия қолдаған кезде қосымша естеледі.
ҰҚО тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуетті жеткізушілердің шығыстарын төлеу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуетті жеткізушілердің шығыстарын төлеу есебі қолданылады.
Көрсетілген сомалар ҰҚО қанағаттанушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуетті жеткізушілердің шығыстарын төлеу үшін жоспарланады.
Бұл ретте, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын тек тамақтандыруды ұйымдастыруға көрсетілетін қызметте көзделген шығыстар сомасына ұсынады, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде Республикалық бюджет комиссиясы бекіткен азық-түлік үлестерінің сомасы өзгеріссіз қалдырылады.
ҰҚО қанағаттанушыларының тамақтануын қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлау нәтижелері бойынша алынған деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бюджеттік өтініміне тиісті бөлім болып енгізіледі.
8. ҰҚО азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкін сатып алу үшін ақшалай қаражатты жоспарлау үшін бастапқы деректер:
1) азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкінің нақты болуы, жоспарлы кезеңнің басында пайдалану мерзімдерін ескере отырып, олардың сапалық жай-күйі;
2) қолданыстағы штаттарға, табельдер мен қамтамасыз ету нормаларына сәйкес техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету нормалары;
3) жүргізілетін ұйымдық іс-шараларды ескере отырып, әскерлердің штат саны;
Азық-түлік қызметінің техникасы мен мүлкін сатып алу үшін ақшалай қаражатты жоспарлау нәтижелері бойынша алынған деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бюджеттік өтініміне тиісті бөлім болып енгізіледі.
3-тарау. Әскери қызметшілерді стационарлық жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру
9. Әскери қызметшілерді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін, Шекара қызметінің әскери бөлімдері және бөлімшелері штаттарында асханалар (сарбаздық, матростық, курсанттық, офицерлік) қарастырылады.
10. Офицерлік асхана болмаған кезде офицерлерді тамақтандыру жеке жабдықталған үй-жайларда (түстік қабылдау залдарында), сарбаздар (матростар) асханаларында жүзеге асырылады.
11. Аспазшылардың санын анықтау (штатты әзірлеу кезінде) келесі есеп бойынша жүргізіледі, 150 адамға дейін тамақтанатын асханада – 3 аспаз, 151-ден 200 адамға дейін – 4 аспаз, келесі әрбір 125 тамақтанушыға 1 аспаздан қосылады. Аспаз-нұсқаушы тамақтанушылардың саны 500 адамнан асқан кезде және аспаздардың есептік саны есептелмейді, ал тағамды дайындау технологиясы бойынша шебер – тамақтанушылардың саны 1000 адамнан асқан кезде болады және аспаздардың есептік саны есептелмейді.
12. Курсанттық және ұшқыш-техникалық асханаларда мынадай есептегі даяшылар: курсанттық асханада – 50 адамға 1 даяшы, ал ұшқыш-техникалық асханада – тамақтанатын 40 адамға 1 даяшы болады.
13. Әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде аспаздық құрамның штаттық лауазымдары жасақталуының 70%-дан төмендетуге жол берілмейді.
14. Әскери бөлімнің әскери қызметшілерін заңды және жеке тұлғалардың қатыстыруымен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде бейбіт уақыттағы штат бойынша аспаздық құрамның лауазымы 70-тен 100%-ға дейін бос болады.
15. Әскери бөлім және бөлімше асханасында азық-түліктерді өңдеу, тағамды дайындау және оны тарату 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің "Қоғамдық тамақтану нысандарына Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелерін бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде №10982 тіркелген) бұйрығының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып жүргізіледі (бұдан әрі – санитарлық ережелер).
16. Асханада жұмыс істеуге (нан пісіру құралдарында), жұмысқа қабылданған кезде 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушы "Міндетті медициналық тексеруден өту Ережесін бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде №10634 тіркелген) бұйрығына тиіс, алдын ала және мерзімдің медициналық тексеруден өткен аспазшылар мен наубайшылар жіберіледі.
17. Азық-түлік қызметінің объектілерінде тұрақты жұмыс жасайтын адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырындағы № 37/ҚБП "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11438 тіркелген) бұйрығына тиіс арнайы киіммен (бұдан әрі – Арнайы киім) қамтамасыз етіледі және жұмысқа алдын ала медициналық тексеруден, гигиеналық дайындықтан және аттестататтаудан өткеннен кейін жіберіледі.
18. Әскери бөлімнің асханасында жұмыс істеу үшін тәуліктік наряд құрамына тағайындалған адамдарды кезекшілікке түсер алдында (камбуздағы вахтаға) кезекші дәрігер (фельдшер) медициналық тексеруден өткізеді. Әскери бөлімнің асханасында жұмыс істеуге медициналық тексеруден өтпеген адамдар жіберілмейді.
19. Әскери бөлімнің асханасына бөгде адамдар әскери бөлім командирінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен кіргізіледі. Тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеруші адам цехтар мен басқа да үй-жайларға таза халат (кеудеше) киіп кіреді.
20. Әскери бөлімнің штатында лауазымдардың болмауы (жасақтау мүмкіндігі болмаған) жағдайда үй-жайларды тазалау, қоймадан асханаға азық-түліктерді жеткізу, жаңа піскен картоп пен көкеністерді тазалау, түстену үстелдерін әзірлеу, асхана және ас-үйлік ыдыстарды жуу, басқа да қосалқы жұмыстарға әскери қызметшілердің (жұмысшылардың) қатарынан тәуліктік наряд тағайындалады.
21. Жұмыстарды орындау үшін асханаға тәуліктік наряд (ас-үйлік жұмысшылары) мынадай есеппен тағайындалады:
тамақтанатын 50 адамға дейін - 2 адам;
тамақтанатын 50-ден 100 адамға дейін - 4 адам;
әрбір кейінгі тамақтанатын 50 адамға – қосымша 1 адамнан бөлінеді.
22. Нан кесуге, қантты бөлшектеуге және оларды жеке құрамға тарату үшін асханада тамақтанушы адам саны есебінен: 500 адамға дейін – 1, 500-ден 1000-ға дейін– 2, 1000-нан жоғары – 3 нан кескіш бөлінеді.
23. Асханаға тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар ет пен балықты өңдеуге, тамақты дайындауға және таратуға, сиыр майын, ірімшікті үлеске бөлуге, компотты, сиыр сүтін, жеміс және жидек шырынын құюға, пісірілген картопты және көкөністі тазалауға және кесуге, сондай-ақ тамақ пісіретін қазандарды (плиталық қазандардан басқа) жууға тартуға тыйым салынады.
24. Тәуліктік нарядтың жұмысына басшылық жасау, асханада тәртіптің сақталуын, қоймадан азық-түліктің дұрыс алынуын, олардың қазандарға толық салынуын және белгіленген Қаматамасыз ету нормалары бойынша тамақты уақтылы берілуін қадағалауды ұйымдастыру үшін асхана бойынша кезекші тағайындалады.
25. Асхана бойынша кезекші қызметін өткеруге жіберілген адамдардың тізімі жоспарланған жылда (айда) әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітіледі.
26. Асхана бастықтарын, аспазшыларды және азық-түлік қойма бастықтарын тәуліктік нарядтардың барлық түрлерінің құрамына тағайындауға жол берілмейді.
27. Асхана бойынша тәуліктік нарядқа түскен адамдарды жұмыстарға бөлуді асхана бойынша кезекшімен бірге асхана бастығы жүзеге асырады. Жұмысқа кірісер алдында асхана бастығы нарядқа түстік үстелді жабдықтау, ыдысты жинап, оларды жуу, картоп пен көкөністерді тазалау, үй-жайды жинау, жеке гигиенаны сақтау тәртібін көрсетіп, нұсқама жүргізіп, нарядты Арнайы киіммен қамтамасыз етеді.
28. Асхана бойынша тәуліктік нарядқа нұсқама жүргізу үшін жеке бөлме жабдықталады, ал тамақтанатын адамдардың саны аз асханаларда бұл мақсаттарға жеке орын бөлінеді. Бөлме (орын) тиісті стендтермен, көрнекті құралдармен жабдықталады.
29. Жұмысты жақсырақ ұйымдастыру үшін асхана бойынша тәуліктік наряд оларға қойылған тапсырмалар негізінде есептоптарға бөлінеді.
Тәуліктік наряд құрамынан адамдарды бөлу жұмыс көлемін ескере отырып жүзеге асырылады.
30. Асханада қажетті технологиялық құралдар болмаған кезде (сыну, су немесе электроэнергияның жоқтығына байланысты) әскери бөлім командирінің шешімімен картоп пен көкөністерді тазалау үшін жеке наряд тағайындалуы мүмкін.
31. Түстік залды жинау және үстелдерді жабдықтауға 10 үстелге бір әскери қызметші (жұмысшы) бөлінеді.
32. Барлық есептоптар үшін таңбаланған қажетті жинастыру құралдары, атқарылған жұмысты тапсыру тәртібі анықталады.
33. Асхана бойынша тәуліктік наряд құрамының адамдары Арнайы киім киюі қажет.
34. Асхана бойынша тәуліктік наряд құрамындағы адамдар орындауы тиіс:
1) жұмысқа кірісер алдында сыртқы киімін шкафқа ілу, щетка мен сабынды қолдана отырып, қолдарын ыстық сумен мұқият жуу;
2) асханада тек таза Арнайы киіммен жұмыс істеу;
3) әр технологиялық операциядан кейін қолдарын ыстық сумен жуу, асханадан шығарда немесе дәретханаға барарда Арнайы киімді шешу, асханаға қайтып келгенде қолдарын щетка мен сабынды қолдана отырып ыстық сумен мұқият жуу, бұдан кейін Арнайы киімін кию.
35. Асхана бойынша кезекшіде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы 5 маусымда бекітілген № 364 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысына (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес құжаттамалар болу керек.
36. Жұмыс барысында асхана бойынша кезекші өзінің іс-әрекетін Ішкі қызмет жарғысының 474 тармағы талабына тиіс атқарады, сонымен қатар асхана бойынша тәуліктік наряд құрамындағы адамдардың өз жұмыс орындарын тазалықта ұстауын, Санитарлық ережелер талаптардың сақтауын қадағалайды.
37. Асхана бойынша кезекші нарядқа түскенде асхана бойынша тәуліктік наряд ведомоста (журналда) кезекшілікті қабылдау, тізім бойынша құжаттардың, ас-үй құралдары мен ыдыс-аяқтардың бар-жоғы, технологиялық құралдардың жұмыс істеп тұруы, түстік залының, өндірістік цех пен қосалқы орын-жайлардың санитарлық жай-күйі, ыдыс-аяқтардың жуылу сапасы мен анықталған кемшіліктер туралы жазба жазады.
38. Тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын және олардың асхана орын-жайларында тәртіпті сақтауын тексеру нәтижелері туралы тексеруші адамдар (бөлімше командирі) ведомостта (журналда) жазба жазады.
39. Асхана бойынша кезекші нарядқа түскенде тізімдеме бойынша асхана мүлкін жауапты сақтауға алады. Мүліктердің жетіспеушілігі немесе бүлінуі анықталған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіледі.
40. Әскери бөлімнің командирлері азық-түлік қызметінің объектілерінде:
1) аспаздармен, асхана жұмысшыларымен және тәуліктік нарядпен санитарлық ережелерді орындауын;
2) әскери бөлім медициналық қызметінің бақылаудың объективті әдістемесін, гигиеналық дайындық, аспазшылармен (наубайшылармен) Санитарлық ережелерді орындау және жеке гигиена қағидаларын сақтау бойынша сабақ өткізуін;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрімен 2016 жылғы 6 маусымда бекітілген № 239 "Өндірістік бақылауды жүргізудегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелерін бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде №13896 тіркелген) бұйрығына сәйкес азық-түлікті алу, тасымалдау, сақтау және беру, тағамды дайындау және дайын тағамды тарату кезінде (оның ішінде зертханалық тексерулер мен сынақтарды өткізу жолымен) қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың өткізілуіне, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
41. Әскери бөлімнің азық-түлік қызметінің бастығы өз іс-әрекетін Ішкі қызмет Жарғысы негізінде, сонымен қатар:
1) әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруда ұсынылатын азық-түлік қызметінің объектілерінде санитарлық ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) азық-түлік қызметі мамандарының жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден (тексерілуден) уақтылы өтуін ұйымдастырады;
3) азық-түлік қызметі мамандарының санитарлық-гигиеналық дайындығы мен аттестаттаудан өтуін ұйымдастырады.
42. Әскери бөлімнің асхана бастығы:
1) асхана бойынша кезекшімен бірігіп асхана бойынша тәуліктік наряд құрамы адамдарының арасында міндеттерді бөледі;
2) асхана бойынша тәуліктік наряд құрамының адамдары мен аспаздарға жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нұсқама жүргізеді;
3) асхана бойынша тәуліктік наряд жұмысындағы барлық, істен шыққан коммуникациялар, асхананың қанағаттанарлықсыз санитарлық жай-күйін, Санитарлық ереженің талаптарын толық көлемде қамтамасыз ете алмайтын кемшіліктерді әскери бөлім бойынша кезекшіге тез арада баяндайды;
4) Тоқсан сайын әрбір аспаздың медициналық кітапшасының бар-жоғын тексереді, жұмысқа түсер кезде аспаздардың алдын ала медициналық тексеруден және мерзімдік медициналық тексеруден, зертханалық зерттеулерден уақытылы өтуін бақылайды, аспаздарды тексеру журналын жүргізеді;
5) асхана бойынша тәуліктік наряд құрамы адамдары мен аспаздарды Арнайы киіммен қамтамасыз етеді;
6) азық-түлік ас-мәзірін құруға және тағамды бақылаулық-көрсетілімдік пісіруге қатысады;
7) жабдықтар, ас-үйлік ыдыстар (оның ішінде сынған ыдыстарды тіркеу кітабы), бұйымдар мен басқа да мүліктерге есеп жүргізеді, олардың сақталуы мен жай-күйін бақылайды;
8) саны мен сапасы бойынша асханаға өндірістік қоймасынан азық-түліктерді аға аспазшының (аға коктың), нұсқаушы-аспазшының қабылдауын, сондай-ақ азық-түліктің ас-мәзіріне сәйкес оларды қазанға салу толықтығы, олардың аспаздық дұрыс әзірленуі мен дайын тағамдардың шығуын бақылайды.
43. Әскери бөлімнің азық-түлік объектілерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдар:
1) азық өнімдерінің жеткізілуіне, қабылдануына, сақталуына және берілуіне, өнімдердің аспаздық өңделуіне, дайындалуына, дайын тағамның сақталуына және әскери қызметшілерге берілуіне, азық-түлік қызметі объектілерін ұстауға және пайдалануға қойылатын Санитарлық ережелер талаптарды қатаң сақтайды;
2) жеке гигиены сақтайды.
44. Әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы, азық-түлік қызметі бастығымен бірлесіп, жоспарланған келер жылға дейінгі, 20 желтоқсаннан кешіктірмей тамақтан улану мен өткір ішек инфекциялары ауруларының алдын алу бойынша негізгі іс-шаралардың жылдық жоспарын әзірлейді және іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
45. Асханадағы (камбуздағы) және қоймадағы әрбір жабдықтың бірлігі әскери бөлім командирінің бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаларға бекітіледі, олар жұмыс істеу кезінде пайдалану, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауы, ағымдағы жөндеулердің уақтылы өткізілуін қадағалауы және оны ұстау бойынша талаптар мен Санитарлық ережелерді орындап, пайдалану нұсқамасы бойынша қолданады.
46. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің асханаларында тамақ азық-түлік ас-мәзірі бойынша дайындалады.
Қамтамасыз ету нормалары бойынша ыстық тағам тәулігіне 3 мәртет дайындалады және беріледі (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас). Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде қосымша азық-түлік алатын әскери қызметшілер үшін төрт реттік тамақтану ұйымдастырылуы мүмкін.
Үш мәрте тамақтандыру кезінде негізгі үлес нормасы энергетикалық құндылықтар (жұғымдылық) бойынша бөлінеді: таңғы ас – 30-35 пайыз, түскі ас – 40-45 пайыз, кешкі ас – 20-30 пайыз. Ыстық климат жағдайында (жазғы уақытта) түскі астың жұғымдылығы мен көлемін жалпы тәуліктік жұғымдылығынан 10-15 пайызға азайту, тиісінше таңғы ас пен кешкі астың жұғымдылығы мен көлемін арттыру ұсынылады.
Әскери бөлімнің күн тәртібі мен қызметті өткеруіне қарай энергетикалық құндылықтар (жұғымдылық) бойынша бөлуді әскери бөлімнің командирі ғана өзгертуі мүмкін.
Әскери қызметшілердің тамақтану сағаттары мен кезектілігін әскери бөлімнің командирі белгілейді.
47. Азық-түліктің ас-мәзірі әскери бөлімнің азық-түлік қызметінің бастығы және медициналық қызметі бастығымен, асхана бастығымен және нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшымен) бірлесіп құрылады.
Емдік үлес және диеталық тамақтану бойынша азық-түліктің ас-мәзірі т әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы, азық-түлік қызметі бастығының және нұсқаушы-аспазшының (аға аспазшының) қатысуымен жасайды.
Азық-түліктің ас-мәзіріне әскери бөлім командирінің тыл бойынша орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша), азық-түлік қызметінің бастығы, медицина қызметінің бастығы қол қояды және әскери бөлімнің командирімен бекітіледі.
48. Азық-түліктің ас-мәзіріне өзгерістер тек әскери бөлім командирінің рұқсатымен енгізіледі. Әрбір енгізілген өзгерістер мен толықтырулар әскери бөлім командирінің қол қоюымен расталады.
49. Азық-түліктің ас-мәзірі Қамтамасыз ету нормаларына тиіс әр азық-түлік үлесінің нормасы бойынша бөлек үш данада жасалады және бір апта бойы қолданылады.
Бірінші данасы әскери бөлімнің қаржы бөлімшесіне беріледі және азық-түлікті қоймадан асханаға (камбузға) беруге бастапқы есептік құжатты (2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы қаржы министрінің міндетін уақытша атқарушы бұйрығымен белгіленген формалар бойынша азық-түлікті беру тізім-талабы, запастарды ішкі көшірілімдеу жүк құжаты) (нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7126 тіркелген) (бұдан әрі – бастапқы есеп құжаттар) ресімдеу үшін негіз болып табылады, ал екі данасы асханаға беріледі. Олардың бірі түстік залда (асхана вестибюлінде) тамақтанушылар танысу үшін ілінеді, екіншісі тамақ әзірлегенде басшылыққа алу үшін нұсқаушы-аспазшыда (аға аспазшыда, нұсқаушы-аспазда) болады.
50. Жеке орналасқан бөлімшелер үшін азық-түліктердің ас-мәзірі бір данада және осы бөлімшелердің саны бойынша қосымша көшірмелерде жасалады және бір ай бойы қолданылады.
Мерзімінен бұрын жеткізілетін тәртіпте қамтамасыз етілетін бөлімшелер үшін азық-түліктің ас мәзірін қолданылуы үш айға дейінгі аралыққа ұзартуға рұқсат беріледі.
51. Азық-түліктердің ас-мәзірінде қарастырылған жеке орналасқан бөлімшелердің қоймасында азық-түлік болмаған жағдайда, бөлімше бастығының шешімі бойынша азық-түлік ас-мәзіріне Қамтамасыз ету нормасына тиіс өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Азық-түлік ас-мәзірінде қарастырылған азық-түлік болмаған жағдайда, осыған орай жасалған алмастырулар бойынша бөлімше бастығы әскери бөлімнің тыл бастығына баяндайды және азық-түлік қызметінің бастығына хабарлайды.
52. Корабль экипаждарының құрамына кіретін әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыру үшін азық-түлік ас-мәзірі әскери бөлімнің (жағалау базасы) азық-түлік қызметі бастығымен бір данада және корабль саны бойынша көшірмелері жасалып, әскери бөлім командирімен бекітіледі және бір ай бойы қолданылады.
53. Азық-түліктің ас-мәзірін жасау кезінде, әскери бөлімнің оқу процесінің еркшеліктері, асхананың аспаздық құраммен жасақталуы және оның біліктілігі, белгіленген тамақтану режимі, азық-түліктердің түр-түрінің болуы, асханада технологиялық, тоңазытатын және механикалық емес жабдықтардың болуы мен оның жағдайы, әскери қызметшілердің тілектері ескеріледі.
54. Тамақтың әралуандығын, Санитарлық ережелердің талабын сақтау, азық-түлік қорларын жаңарту, азық-түлік қоймасындағы азық-түліктің түр-түрінің болуы мақсатында, өндірістік үй-жайлардың, жабдықтардың болуынан және оның жай-күйіне сүйене отырып, стационарлық жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде бір азық-түлікті басқаларымен ауыстырудың нормалары қолданылады.
55. Еттің, балықтың, сиыр майының, өсімдік майының және қанттың тәуліктік нормасы белгіленген мөлшерде тамақтанушыларға күнделікті жеткізілуі тиіс.
56. Азық-түлік қоймасынан азық-түліктер тамақ дайындау үшін әскери бөлімнің асханасына азық-түлік таратылымының және тамақтанушылардың қозғалысын есепке алу кітабының деректері негізінде қаржы бөлімшесімен екі данада берген бастапқы есептік құжат бойынша әрбір тамақ қабылдауға асхана бойынша кезекшінің қатысуымен нұсқаушы-аспазшының (аға аспазшы, аға кок) қол қоюы арқылы беріледі. Әскери бөлім командирінің бұйрығына сәйкес тағам қабылдау бойынша тамақтанатындардың санын күн сайын әскери бөлімнің кадр бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бастапқы есептік құжаттар берер алдында қаржы бөлімшесіне жеткізеді және тамақтанушылар қозғалысын есепке алу кітабына әскери бөлім штабы бастығының немесе оның орынбасарының (көмекшісінің) қолымен расталады.
57. Әскери бөлім командирімен қаржы бөлімшесіне тамақтанушылардың саны жөнінде мәліметті беру уақыты (есеп уақыты) белгіленеді.
58. Қоймадан азық-түлікті асханаға беру құжатының екінші данасы бақылау үшін нұсқаушы-аспазшыда (аға аспазшыда, аға кокта) қалады және келесі күні бірінші данасымен салыстыру үшін қаржы бөлімшесіне тапсырылады.
59. Қоймадан асханаға азық-түлікті беру әрбір ас қабылдау бойынша жүргізіледі. Жекелеген жағдайда, тоңазтқыш құрылғылары және азық-түлікті сақтауды ұйымдастыру бөлмелері жеткілікті болған кезде әскери бөлім командирінің рұқсатымен азық-түлікті қоймадан асханаға тәулігіне бір рет беруге жол беріледі.
60. Қоймадан асханаға берілетін азық-түліктер осы мақсаттар үшін арнайы дайындалған таза жабық ыдыспен жіберіледі.
61. Әскери бөлімде осындай ыдыстың екі жинағы болуы, оның біреуі қоймада, басқасы асханада сақтауда тұруы тиіс.
62. Ыдыс жинағы қақпағы бар жәшіктен, алюминий немесе тот баспайтын болаттан, ет пен балыққа арналған зембілден тұрады. Картоп пен көкөністер контейнер-зембілдерінде жеткізіледі. Ыдыс жинағы оның қолданылуына сәйкес таңбаланады.
Асханаға жеткізілген және азық-түліктен босатқаннан кейін ыдыс жинағы жуылады, жидітіледі және кептіріледі.
63. Ұзақ аспаздық өңдеуді талап ететін (тұздалған, тоңазытылған балық, тоңазытылған ет) азық-түліктер оларды сулау немесе жібіту үшін қажет уақытты есепке ала отырып беріледі.
64. Жеке орналасқан бөлімшелердегі азық-түліктер асханаға бөлімше бойынша кезекшінің қатысуымен аспазшыға беріледі.
65. Ерекше жағдайларда (демалыс, мереке күндері, азық-түлік алу күндері) асханада азық-түліктерді сақтау мүмкіндігі болған кезде әскери бөлім командирінің шешімі бойынша асханаға азық-түліктерді беру тәртібі өзгертілуі мүмкін.
66. Әр асханада әрбір жеке негізгі азық-түлік нормалары бойынша Қамтамасыз ету нормасына сәйкес, осы Қағидалардың 3-қосымшасына тиісті форма бойынша тағамның дайындалу сапасын бақылау кітабы жүргізіледі (бұдан әрі – Бақылау кітабы).
67. Азық-түліктерді қазанға салуды аспазшы асхана бойынша кезекшінің және әскери бөлімнің басқа да лауазымды тұлғаларының қатысуымен Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
68. Дайын тағамды таратар алдында, оның сапасы әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларымен Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес тексереді.
69. Тағамды байқап көруге оны қарап тексеру және ет (балық), суық дәмтатымдардың, бірінші, екінші және үшінші тағамдардың дәмдік сапасын, мөлшері мен салмағын анықтау жатады.
Дайын түрде қолданылатын қант, сиыр майы және басқа азық-түліктер байқап көруге жатпайды.
Тағамды байқап көру нәтижесі мен әр тағамға баға бере отырып Бақылау кітабына жазылады. Азық-түлік таратылымында көрсетілген есеп деректеріне қатысты әскери қызметшілерге берілген тағам мен өлшемнің салмағы, шамасы сәйкес болмаған кезде, тиіс болмау себептері айқындалып, әскери қызметшілерге Қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тиісті үлес нормасын жеткізу бойынша шаралар қолданылады.
70. Әскери қызметшілердің асханаларда тамақтандыру:
1) үстелдерді әзірлеу;
2) аспаздардың дайын тағамды берулері арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету желілерін пайдалану әдісімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Дайын тағам үстелдерге немесе тарату желісінде таратуға әскери қызметшілер асханаға 10-15 минут келер алдында дайындалады.
71. Асхана бастығы және асхана бойынша кезекшінің басшылығымен тәуліктік нарядтың адамдары түскі астық залды тамақ ішуге дайындайды. Жеке құрамның қабылдау сәтіндегі дайын тағамның температурасы мынадай болуы тиіс: бірінші тағам және шай (кофе) - +75 °C төмен емес; екінші тағамдарға - +65 °C төмен емес; нәрсу, шырын, сиыр сүті - +14 °C жоғары емес. Дайын бірінші және екінші тағамдар дайын болған кезден мармитте немесе жылы плитада екі сағаттан артық емес тұруы мүмкін.
72. Тамақты таратуды қолдануымен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде түстену үстелдері бөлімшелерге бекітілмейді, әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлімшелермен тамақ қабылдау кестесі бекітіледі, ол асхананың вестибюлінде ілінеді. Әр әскери қызметшіге тамақты тарату жеке іске асырылады.
73. Үстелдерді әзірлеу әдісімен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен әрбір бөлімшеге тамақ ішетін үстелдер бекітіледі. Әрбір түстенетін үстелге бөлім командирі үстелге жауапты адамды бекітеді.
74. Әскери бөлімнің бөлімшелері бойынша кезекшілер (бос ауысымның кезекшісімен бірігіп) тамақ қабылдағанға дейін 15 - 20 минут бұрын әскери бөлім бойынша белгілі бір жерде әскери бөлім бойынша тағайындалған кезекшілердің біреуінің басқаруымен сапқа тұрады, әзірленген үстелдерді қабылдау және бөлімшелерді қарсы алуға асханаға барады.
75. Әскери бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен кезекші ауысымының жеке құрамы асхана бойынша кезекшіден әзірленген үстелдерді қабылдайды.
76. Дайын үлестер санының жабдықталымда тұрған әскери қызметшілердің санына сәйкестігін тексеріп, дайындалған үстелдерді қабылдағаннан кейін бос ауысымның тәуліктік кезекшілері тағам қабылдайды және бөлімшеде қалған тәуліктік кезекшіні ауыстыру үшін кетеді, ал бөлімше бойынша кезекші өз бөлімшесін асхананың алдында күтіп алады.
77. Шақырылым бойынша және сарбаздардың, сержанттар мен старшиналардың лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер әрбір ас қабылдар алдында бөлімшелерде қолдарын жуады және қарамағындағы әскери қызметшілердің тамақ ішуін бақылайтын, одан әрі асханада болып, ас қабылдау тәртібін қадағалайтын (бөлімше бойынша кезекші сияқты) рота старишинасының немесе взвод командирлерінің орынбасарлары бірінің немесе бөлімше лауазымды адамының (бұдан әрі – бөлімше командирінің) басқаруымен бөлімше құрамында саппен таза киім мен аяқ киімде асханаға келеді. Азық-түлікпен қамтамасыз етуге қабылданған әскери қызметшілердің асханаға уақтылы келуіне бөлімше командирі жауап береді.
78. Бөлімшелер асханаға келген соң бөлімшелер бойынша кезекшілер бөлімше командиріне ас қабылдауға дайын екендігі туралы баяндайды. Бөлімше командирі әскери бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен бөлімшеге асханаға кіруге команда береді.
Бөлімше командирінің бұйрығы бойынша әскери қызметшілер үстелге отырады, таратушылар оларға біркелікі таратуға, әскери қызметшілер - тамақтануға кіріседі.
Үстел бойынша жетекші әр үстелдегі тамақтанушыға дайын тағам мен азық-түліктің бірдей берілуіне, тамақ қабылдау кезінде әскери қызметшілердің тәртібіне, тамақ қабылдау мәдениетіне, сондай-ақ тамақ қабылдағаннан кейін асхана ыдысын тапсыруына бақылауды жүзеге асырады.
79. Асхана бойынша тәуліктік наряд құрамының адамдары тағамды әскери бөлімнің командирі белгілейтін уақытта қабылдайды.
80. Әртүрлі тапсырмаларды орындайтын және осыған байланысты таңғы аста, түскі аста немесе кешкі аста болмаған әскери қызметшілер үшін тиісті тағам шығыны қалдырылады. Бөлімше старшиналары әскери қызметшінің асханаға келу уақытын көрсете отырып, тамақты қалдыруға қатысты өтінімдерді бөлімше бойынша кезекші арқылы асхана бойынша кезекшіге береді.
81. Ерекше жағдайларда кезекші дәрігердің рұқсатымен және тамақтың дайындалу сапасына бақылау бойынша кітапта міндетті түрде белгі қойылып, жалпы таратылу алдында болмаған әскери қызметшілерге тағам алынып қалынады, салқындатылады және жеке жабық ыдыста 6 сағаттан аспайтын уақыт бойы + 4 °C + 2 °C температурада тоңазытқыш шкафта сақталады. Ет және балық порциялары гарнирден бөлек ұсталады. Іске асырылудың алдында салқындатылған тағамды, тамақтың дайындалу сапасына бақылау бойынша кітапта белгі қоя отырып, дәрігер (фельдшер) тексереді, содан кейін қайталап дәмін көріп, жылытылады. Екінші рет жылытқаннан кейін тағамды ішу мерзімі 1 сағаттан аспауға тиісті. Тағам қайталанып жылытылғаннан кейін одан әрі сақтауға рұқсат етілмейді.
82. Тағамның белгіленген сақталу мерзімдері аяқталғанға дейін асханаға келу мүмкіндігі болмайтын жеке құрам үшін азық-түліктер қазанға салынбайды. Мұндай жағдайларда әскери бөлім бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша болмаған әскери қызметшілерге, олардың асханаға келу уақытына қарай тағам жеке дайындалады.
83. Әскери бөлімде тамақ әзірлеудің сапасын жақсарту, аспаздық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында айына кемінде бір рет бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру ұйымдастырылады (шекара бөлімшелерінде – тоқсан сайын).
84. Бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді нұсқаушы–аспазшыны (нұсқаушы-коктың), сондай-ақ әскери бөлімнің едәуір білікті аспазшыларын қатыстыра отырып, азық-түлік қызметінің бастығы өткізеді.
85. Бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді өткізер алдында азық-түлік қызметінің бастығы дайындық кезеңінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әскери бөлімнің бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру кезінде жүргізілетін технологиялық операцияларды және нақты тағамды дайындауға жауапты аспазшыларды көрсете отырып бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру кестесін жасайды.
86. Әскери бөлімнің бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес акт жасалады.
87. Актіде асхананың жұмысындағы оң және жағымсыз сәттер аталып өтеді, әрбір аспазшының жұмысына баға беріледі, сондай-ақ асхана жұмысын одан әрі жақсарту жөнінде жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалады. Актіге бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді жүргізген адам қол қояды және әскери бөлім командирімен бекітіледі.
4-тарау. Заңды және жеке тұлғаларды қатыстырып, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру
88. Қажет жағдайда әскери қызметшілердің тамақтандыру заңды және жеке тұлғалардың қатысумен ұйымдастырылуы мүмкін.
89. Заңды және жеке тұлғаларды қатыстырумен тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайда әскери бөлімдер командирлерімен (ҰҚК ӘТҚД бастығы) заңды және жеке тұлғалармен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу шартын жасайды (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу туралы шарты).
90. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету, азық-түлікті жеткізу, әкелу, сақтау, ыстық тамақты дайындау, қызмет атқару орындарына жеткізу, белгіленген Қамтамасыз ету нормаларға сәйкес оны әскери қызметшілерге жеткізу және тамақтанушыларға қызмет көрсету (бұдан әрі - қызметтер) танылады.
91. Қызмет көрсету ҰҚО асханаларында немесе қызмет көрсету бойынша жеткізушіге (жеткізушімен) тиесілі (жалға алған) қоғамдық тамақтану мекемелерінде көрсетіле алады.
ҰҚО асханалар болмаған жағдайда, қызметтер Санитарлық ережелерге сәйкес, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға жабдықталған бөлмелерде көрсетіле алады.
92. Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларымен келесі іс-шаралар жүзеге асырады:
1) қызметті жеткізушімен бірлесіп апта сайын әрбір норма бойынша бөлек үш данада ағымдағы аптаның бейсенбісінен кешіктірмей қызметті жеткізушімен келісілген келесі аптаға азық-түліктердің ас-мәзірі дайындалады. Азық-түліктердің ас-мәзірінің бірінші данасы азық-түлік бөлімінде сақталады, екіншісі – тамақтанушылар танысып қарау үшін асхананың түстену залында (вестибюлінде) ілінеді, үшіншісі– қызметті жеткізушіге жолданады. Бекітілген ас-мәзіріне өзгертулер әскери бөлім командирінің жазбаша рұқсаты негізінде енгізіледі.
2) әскери қызметшілерді тамақтануға уақтылы, оның ішінде демалыс және мерекелік күндерде жеке ас қабылдауға қосу (тамақтанудан алып тастау) қамтамасыз етіледі;
3) келесі күнге ас қабылдау бойынша бөлінген асханада тамақтанушылардың саны туралы, ал аптаның соңғы жұмыс күнінде – демалыс (мерекелік) күндерге асханада тамақтанушылар туралы мәліметтер (әскери бөлімнің штаб бастығы немесе оның көмекшісінің қолымен) қызметтерді жеткізушіге күнделікті (16.00-дан кешіктірмей) жолданады. Демалыс (мерекелік) күндері әскери қызметшілер келген (кеткен) жағдайда асханада тамақтанушылар саны туралы мәліметтер нақтылануы мүмкін. Нақтыланған мәліметтер қызметтерді жеткізушіге әскери бөлім басшылығының лауазымды тұлғалары немесе әскери бөлім бойынша кезекшінің қолымен тамақтанушылар саны өзгерген ас қабылдауға дейін 4 сағаттан кешіктірмей жолданады.
4) тамақтанушылардың асханаға күн тәртібімен (қызмет атқару регламентімен) белгіленген уақытқа уақтылы келуі және олардың ас қабылдау кезінде тәртіпті сақтауы қамтамасыз етіледі;
5) қызмет жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауы бойынша күнделікті бақылау жүзеге асырылады.
Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ҰҚК ӘТҚД лауазымды тұлғаларымен келесі іс-шаралар жүзеге асырады:
1) апта сайынғы азық-түлік ас-мәзірі айына бір мәрте екі данада дайындалып, бір данасы қаржы бөліміне төлем жүргізуге, екінші данасы қызмет көрсететін жеткізушіге ас әзірлеуде басшылыққа алуға жолданады. Бекітілген азық-түліктің таратылымына өзгерістер ҰҚК ӘТҚД бастығының жазбаша рұқсатымен енгізіледі;
2) тамақтанушылар саны мемлекеттік сатып алу заңы жасалған бетте жеткізіледі және нақтылау, қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл жағдайда ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары лауазымды тұлғаларымен айдың 3 жұлдызынан кешіктірмей материалдық қамтамасыз ету бөлімшесіне әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз етуге бөлімше бастығымен немесе оның орынбасраымен қол қойылған осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес тапсырыс беріледі. Азық-түлікпен қамтамасыз етілетін әскери қызметшілердің саны өзгерген жағдайда, әскери қызметшілерді тамақтандыруға қосымша бекітілген тапсырыс және түсіндірме – хаты жолданады;
93. Қызметтерді орындау бойынша бақылау өзіне, күнделікті әскери бөлімнің (ҰҚК ӘТҚД) лауазымды тұлғаларымен дайын астың сапасын, азық-түлік ас-мәзірінде көрсетілгендей тағамдардың нақты шығымдық салмағының есептік салмағына сәйкестігін, сонымен қатар тамақтануға тіркелген әскери қызметшілер санына әзірленген тағам үлестерін тексеруді қосады.
94. Қызметтерді алушының өкілдері қызметтерді жеткізушіде сапасы сәйкес емес (күдік тудыратын) азық-түліктерді анықтаған жағдайда, оның ішінде органолептикалық көрсеткіштер бойынша, бұл өнімді әскери қызметшілерге пайдалануға беру тоқтатылады, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (ветеринарлық-санитарлық сараптама) орталықтарына (зертханаларына) (санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық, тауартанушылық) сараптамаға жолданатын сынаманы алу жүргізіледі.
95. ҰҚО қызметті көлемі, сапасы және мемлекеттік сатып алу шарты талаптарына сәйкестігін қабылдауды, тиісті лауазымдық міндеттер жүктелген лауазымдық тұлғалар жүргізеді.
Әскери бөлімнің асханасында қызмет көрсету кезінде қызметті қабылдау Бақылау кітабында жазылады.
Қызмет көрсету жеткізушіге (жеткізушімен) тиесілі (жалға алған) қоғамдық тамақтану мекемелерінде көрсетілген жағдайда лауазымды тұлғалармен күнделікті қызмет көрсететін жеткізушімен бірлесіп, осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес тізім рәсімделеді.
ҰҚК қарсы барлау және Әскери полиция органдарында, әр айдың 3 кешіктірмей ҰҚК ӘТҚД әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз етуге бөлімше бастығымен немесе оның орынбасарымен бекітілген, осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес әскери қызметшілерді тамақтандыру туралы есеп жолданады.
96. Әскери қызметшілерді тамақтандыру жеке және заңды тұлғаларды қатыстырумен, осы Қағиданың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
5-тарау. Шекара заставасында, комендатурасында, бекетінде және шекаралық бақылау бөлімшелерінде әскери қызметшілерді тамақтандыру
97. Шекара заставасы, комендатура, бекеті, шекаралық бақылау бөлімшелері (бұдан әрі – шекара заставасы) жеке құрамын тамақтандыруды жеке құрамның қызмет атқару, оның ішінде түнгі уақыттағы қызмет атқару ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгіленген Қамтамасыз ету нормаларына сәйкес шекара заставасының (комендатура, бекет, шекаралық бақылау бөлімшелері) бастығы ұйымдастырады.
98. Шекара заставасының бастығы жеке немесе оның тапсырмасы бойынша застава бастығының орынбасары аспазшыға нақты берілген азық-түліктерді ұдайы тексеру арқылы азық-тұліктің толық берілуін және дайындалған тағамның көлемі мен сапасын тексереді, оны жеке құрамға беруге рұқсат береді және нәтижелерін Бақылау кітабына жазады.
99. Шекара заставасында тағамдар құраманың (әскери бөлім) командирі бекіткен азық-түліктердің ас-мәзіріне сәйкес әзірленеді.
100. Шекара заставаларында азық-түліктер қоймадан асханаға аспазшыға бөлімше кезекшісінің қатысуымен азық-түлік ас-мәзірі және қазандық үлесте тұрған жеке құрамның саны бойынша беріледі.
Түнгі уақытта қызмет атқаратын әскери қызметшілердің тамақтануы (түнгі үлестер) белгіленген қосымша нормасы бойынша Қамтамасыз ету нормасына сәйкес жүзеге асырылады. Шекара заставасының старшинасы азық-түлікті түнгі уақытта тамақ даярлайтын аспазшыға береді. Аспазшы азық-түлікті шекара заставасы бойынша кезекші ұсынған тізімге сәйкес береді. Тәуліктік берілімнің саны шекара қызметінің кітабымен салыстырылады.
101. Бөлімшеден 12 сағаттан артық уақыт бойы қашықта қызмет атқаратын және ыстық тамақты кезекшілер үй-жайында, стационарлық бекеттерде, жылыту пункттерінде, дайындауға мүмкіндігі болатын шекара нарядтарына, шағын топтарға және командаларға ыстық тамақты дербес дайындау үшін Қамтамасыз ету нормасы шегінде азық-түлік (тамақ концентраттары, консервілер және басқа) беруге рұқсат етіледі. Қызмет атқару жағдайы бойынша тамақ дайындау және оны қызмет атқару орнына жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, әскери қызметшілер жеке тамақтандыру рационымен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – ЖТР).
6-тарау. Далалық жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыру
102. Далалық жағдайларда (далалық оқу-жаттығуларда, маневрлерде, полигондарда, оқу орталықтары мен лагерьлерде, әскери бөлім орналасқан пункттен қашықта әрекет ететін бөлімшелерде, табиғи апат және зілзала аудандарында) әскери қызметшілерді тамақтандыруды азық-түлік пункттерінде тамақ дайындаудың техникалық құралдарын пайдаланумен немесе термостармен ыстық тамақтарды жеткізумен әскери бөлімнің (бөлімше) командирі ұйымдастырады.
Далалық техникалық құралдары жоқ бөлімшелер тамақтануға аталған далалық техникалық құралдары бар басқа бөлімшелерге бекітіледі.
103. Стационарлық жағдайда әскери қызметшілерді заңды және жеке тұлғаларды қатыстырумен тамақтандыруды ұйымдастырған жағдайда, онда заңды және жеке тұлғалар (мемлекеттік сатып алу туралы шартың талабына сәйкес ) әскери қызметшілердің далалық жағдайда тамақтануына қатысады.
104. Әскери қызметшілердің тамақтануы құраманың (әскери бөлім) командирі бекіткен азық-түліктердің ас-мәзірі бойынша ұйымдастырылады.
105. Далалық жағдайларда әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыру үшін азық-түлік ас-мәзірі бір данада жасалынады және саны бойынша қосымша көшірмелері бөлімшелерде, далалық жағдайларда әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастырудың барлық кезеңіне жарамды болып табылады.
106. Азық-түлік ас-мәзірін құруы кезінде тағамды дайындау үшін қойылтылған және консервіленген азық-түлік тағамдарынан қолданудың жөнділігі ескеріледі.
107. Ыстық тамақты қабылдау уақыты әскери бөлім командирімен (бөлімше) белгіленеді.
108. Ыстық тамақ әдетте, тәулігіне үш рет беріледі. Қалыптасқан орналасу жағдайы бойынша ас дайындауға және оның тәулігіне үш рет берілуіне мүмкіндік болмаған жағдайда, тәулігіне екі рет дайындалады, ыстық тағам қабылдау арасында жеке құрамға аралық тамақтану беріледі: ет немесе өсімдік консервілері, нан (кепкен нан).
109. Далалық жағдайларда тамақтану және су ішу үшін далалық техникалық құралдарының топтамасына кіретін жеке бақыраш, қасықтар, кружкалар, құтылар пайдаланылады.
110. Далалық жағдайларда тамақтануды ұйымдастыру кезінде Санитарлық ережелер сақталады.
111. Далалық жағдайларда тамақтануды тікелей ұйымдастыру алдында азық-түлік қызметінің мамандарымен (жеткізушінің қызмет көрсету персоналымен) далалық техникалық құралдарды қолдануымен тамақты дайындау және далалық жағдайларда әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыру бойынша қосымша сабақтар өткізеді.
112. Азық-түлік пункттерінде және уақытша асханаларда жұмысқа медициналық тексеруден өткен аспазшылар және наубайшылар жіберіледі. Әскери бөлім командирінің шешімі бойынша штаттық аспаздық құрамы болмаған бөлімшелерде тамақ дайындауға Медициналық тексеруден өткен бөлімшенің әскери қызметшілеін тартуға рұқсат етіледі.
7-тарау. Авиацияның ұшу және инженерлік-техникалық құрамын тамақтандыру
113. Авиациясының ұшу және инженерлік-техникалық құрамын тамақтандыру әскери бөлімдердің (ұшу, инженерлік-техникалық құрам) тиісті асханалары арқылы ұйымдастырылады.
114. Қажет болған жағдайда ұшу күндерінде ұшу және инженерлік-техникалық құрамын тамақтандыру тікелеу әуеайлақта ұйымдастырылуы мүмкін. Осы мақсат үшін әзірленген тамақ термоста апарылады, әуеайлақтарда тамақты жылыту және қабылдау үшін арнайы орындар жабдықталады.
115. Авиацияның инженерлiк-техникалық құрамының әскери қызметшiлерiн тамақтану үлесіне тұрғызу рұқсат етілген жағдайда бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі.
116. Авиацияның ұшу және инженерлік-техникалық құрамының асханада тамақтануына азық-түлік ас-мәзірі негізінде алдын ала өтінім бойынша дайындалады.
117. Авиацияның ұшу және инженерлік-техникалық құрамына азық-түлік нормалары үлесі бойынша Қаматамасыз ету нормасына сәйкес тамақтандыру келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) авиациялық және авиациялық-техникалық бөлімдерді тарату (қайта қалыптастыру) кезінде;
2) әскери қызметшілерді бір авиациялық (авиациялық-техникалық) бөлімнен басқасына ауыстырған кезінде;
3) басшылықтың немесе әскер-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша ұшу жұмысынан (ұшудан) немесе ұшу аппараттарына қызмет көрсетуінен шектетілуі (оның ішінде уақытша) кезінде;
4) ұшу жұмысымен немесе ұшу аппараттарына қызмет көрсетумен байланысты емес жұмысқа ауыстыру кезінде.
118. Ұшу күндері ұшу құрамы ыстық тамақпен тәулігіне 4 рет қамтамасыз етіледі. Тамақты қабылдау, оның ішінде ұшу арасындағы аралығы 4-5 сағаттан аспауы тиіс.
119. Ұшу күндері ұшу құрамы ұшу басталғанға дейін тамақты 1,5-2 сағат бұрын қабылдайды.
120. Ұшу үлесінің азық-түлігі ұшу күндері энергетикалық құндылығы бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес бөлінеді.
121. Ұзақ қонусыз ұшуларды орындау кезінде ұшақтар және тікұшақтар экипажының жеке құрамы ұшақтар және тікұшақтар экипажы үшін борттық үлеспен қамтамасыз етіледі. Қажетті үлес санына өтінім әскери бөлім штабымен бөлімнің азық-түлік қызметіне ұшақтардың (тікұшақтардың) ұшуына дейін 10 сағаттан кем емес уаққытта беріледі.
122. Борттық үлестер ұшу асханасында экипаждың әрбір мүшесіне жеке арнайы бөлінген және нұсқау берілген тұлғамен жинақталады. Берілген борттық үлестер ұшақтар экипажы мүшелерінің азық-түлік аттестатына жазылады.
123. Борттық үлестер және ыстық шаймен термостар салынған борттық сөмкелер әуеайлаққа әскери бөлімі штабының өтінімінде көрсетілген сағатында жеткізіледі және әрбір ұшаққа (тікұшаққа) ұшуда тамақтануды ұйымдастыру үшін жауапты экипаж мүшесінің біреуіне жөнелтпе құжатына қол қойғызуымен тапсырылады.
124. Ұшақтар және тікұшақтар экипажы мүшелерін борттық тамақтандыру рационымен қамтамасыз ету үшін Қамтамасыз ету нормасына сәйкес борттық үлестің 4 түрі пайдаланылады.
125. Экипажды борттық тамақпен және сумен қамтамасыз ету үшін әуе кемелері борттық рационын сақтау үшін контейнерлермен, асханалық бұйымдарды және саптыаяқтарын, сонымен қатар ет консервалары үшін жылытқыштармен және ыстық сусындарды (кофе немесе шай) дайындауға арналған жабдықтармен жабдықталады. Кабинада ауыз суды сақтау үшін күбі, сонымен қатар тамақ қалдықтарын, ыдыс және гигиеналық майлықтарын жинауға және сақтауға арналған контейнерлер болады.
126. Әуе кемесінің бортындағы ауыз суға арналған ыдыстар тек ішу сапасымен орталықтандырылған су құбырынан толтырылады.
127. Ұшу кезінде борттық рациондар тамақтану режимін сақтаумен қабылданады: бірінші тамақ қабылдау – асханада немесе әуеайлақта соңғы ұшу алдындағы тамақтанудан соң 4 сағаттан кейін, ал қалған кейінгі тамақ қабылдау - ұшудың әрбір 4 сағатынан кейін. Ұзақтығы 4 сағаттан үзіліссіз ұшулар кезінде әуе кемесі экипажының әрбір мүшесіне бір борттық рацион беріледі және бұл жағдайда экипаж асханадағы үлестен алынып тасталмайды.
128. Ұзақ үзіліссіз ұшуларды болдырмау немесе бір және одан да артық тәулікке ауыстыру кезінде, сонымен қатар ұшақтың (тікұшақтың) алдында белгіленген мерзімінен қайтып келген кезінде ұшақ экипажына берілген борттық үлес бойынша азық-түлік асханаға тапсырылуы тиіс, бұл жағдайда экипаж мүшелері асхана арқылы тамақпен қамтамасыз етіледі.
8-тарау. Су үсті катерлері мен корабльдерінде қызмет өткеретін әскери қызметшілерді тамақтандыру
129. ҰҚО корабльдері мен катерлері корабль-катерлік құрамын (бұдан әрі – жүзу құрамы) тамақтандыру камбуздар, асханалар, кемелер кают компаниялары және жағалау базалары арқылы ұйымдастырылады. Жеке құрамның тамақтану сағатын корабль командирі бекітеді.
Камбузсыз катерлердің жеке құрамы жағалау базасының асханасы арқылы тамақтанады. Катерде арнайы камбуз, сондай-ақ штат бойынша кок қарастырылмаған жағдайда, осы катер жеке құрамы үшін тағам дайындау теңізге шығу барысында осы үшін арнайы жабдықталған орында катер командирінің нұсқауы бойынша матростардың біреуіне жүктеледі.
Жеке құрамның тамақтану сағатын корабль (катер) командирі бекітеді.
Корабльдер мен катерлердің жүзу құрамына, сондай-ақ теңіз бөлімдері жағалау бөлімшелерінің жеке құрамына ыстық тағам тәулігіне үш рет беріледі.
Азық үлестері энергетикалық құндылығы (құнарлығы) бойынша бөлінеді: ертеңгі ас - 20%, түстік ас - 40%, кешкі ас - 30% және кешкі шайға - 10%. Корабль (катер) командирі азық үлесін құнарлығы бойынша қызмет жағдайына, жеке құрамның қызметтік міндеттерді орындау сипатына байланысты бөледі және климаттық жағдайды ескере отырып, өзгертуі мүмкін.
130. Корабльдер мен катерлердің маторстары және старшиналары корабль асханасында, ал ол болмаған жағдайда – егер ауа райы қолайлы болса, кубриктерде немесе жоғарғы палубаларда тамақтанады.
Матростар мен старшиналар (бас кеме старшиналарынан және бас старшиналардан басқа) ас қабылдау үшін өздері орналасқан тұрғын үйлік кубриктердің үстелдеріне және бачкаларына тіркеп жазылады. Бачкаларға бөлінген матростардың саны 10 адамнан аспауы тиіс. Старшиналардың біреуі басшы болып тағайындалады.
Үстелді жаю, камбуздан тағам алу, үстелді жинау және ыдыстарды жуу үшін үстел басшысы бачкада тұратын матростар қатарынан бачколық кезекшілерді тағайындайды.
Офицерлер құрамы, мичмандар, бас корабль старшиналары және бас старшиналар тиісті кают-компанияларда, ал ол болмаған жағдайда – тұрғын каюттардың біреуінде тағам қабылдайды.
Ыстық тамақтың дәмін татып көруді оны таратқанға дейін дәрігер, корабль бойынша кезекші және корабль командирі немесе оның нұсқауы бойынша корабль командирі орынбасарларының біреуі жүргізеді. Тамақтың дәмін татып көру нәтижесі тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына жазылады (корабль командирінің рұқсатымен корабль бойынша кезекші, жүру барысында вахташы офицер жеке құрамға тағам беруге рұқсат береді).
131. Камбуздары жоқ кіші катерлердің жүзу құрамы өз бөлімінің жағалау базасынан қашықта және шекара заставаларында уақытша қызмет атқарулары барысында, Қамтамасыз ету нормасына сәйкес, заставаның асханасында застава жеке құрамы қамтамасыз етілетін азық-түлік үлесі бойынша алады.
9-тарау. Науқастарды тамақтандыру
132. Әскери-медициналық мекемелерде (әскери бөлімдердің лазареттерінде) ем қабылдаудағы науқастарды тамақтандыру Қамтамасыз ету нормасына сәйкес емдік азық үлесі бойынша ұйымдастырылады.
133. Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіш бойынша әскери бөлімде асқорыту органдарының ауруымен ауратын әскери қызметшілер үшін диеталық тамақтандыру ұйымдастырылады.
134. Әскери бөлімде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру әскери бөлімінің әскери-медициналық қызметінің бастығына жүктеледі. Емдік азық үлесінің нормасы бойынша азық-түліктің ас-мәзірін, сондай-ақ дителық тамақтандыруды ұйымдастырудағы ас-мәзірі әскери бөлімінің әскери-медициналық қызметінің бастығымен, азық-түлік қызметінің бастығы және нұсқаушы аспаздың (аға аспаздың) қатысуымен жасалып, әскери бөлім командирінің тыл бойынша орынбасары, медициналық және азық-түлік қызметтерінің бастықтарымен қол қойылып, әскери бөлім командирімен бекітіледі.
135. Әскери бөлімнің әскери-медициналық қызмет бастығының қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери қызметшіні емдеу үшін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге диеталық тамақтандыруға тұрғызу жүргізіледі.
136. Диеталық тамақтандыруды ұйымдастыру барысында жеке үстелдер бөлінеді.
137. Емдәмдік тағамын ұйымдастыру барысында тағам қабылдау үшін жеке үстелдер бөлінеді.
138. Әскери бөлімдердің жеке орналасқан бөлішелерінде емдәмдік тағам ұйымдастырылмайды.
139. Үлестен алу шығару барысында азық-түлік аттестаты беріледі (тиістілерге).
10-тарау. Қарауылдарда және әскери нарядтарда тамақтандыру
140. Қарауыл құрамына тәулік ара ауысыммен тағайындалған әскери қызметшілер төрт реттік тағаммен қамтамасыз етіледі: ертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас - күндізгі уақытта, кешкі ас – тәуліктің түнгі уақытында, ал 12 сағат арасындағы ауысымдағы қарауылдар – екі реттік тағаммен бір ауысымда Қамтамасыз ету нормасы бойынша қамтамасыз етіледі.
141. Қарауылда тағамды арнайы жабдықталған үй-жайда арнайы дайындықтан және медициналық тексеруден өткен әскери қызметшінің біреуі (штаттағы немесе штаттан тыс аспазшы) дайындайды.
142. Қарауылда тағамды дайындау үшін жағдай болмаған кезде, ал әскери наряд әскери қызметшілердің әскери бөлімнің асханасында тағам қабылдау мүмкіндігі болған жағдайда, ол термоспен жеткізіледі және әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалған және медициналық тексеруден өткен тағамды үлестірушімен беріледі.
143. Қарауылдар (әскери нарядтар) үшін тағам медициналық қызметкер және әскери бөлім (бөлімше) бойынша кезекші сапасын тексергеннен кейін жеке құрамға оны жалпы таратқанға дейін таза термостарға сұрыпталады. Тағамы бар термостарды әскери бөлім (бөлімше) бойынша кезекші мөрлейді. Нан, асхана құралдары және ыдыс-аяқтар санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін арнайы ыдыста тасымалданады. Жеткізілген тағамды, жеткізу уақытын қоса алғанда 3 сағаттан көп емес сақтауға рұқсат етіледі. Осы мерзім өткеннен кейін тағам 15 -20 минут қайнатылады (пісуі жеткізіледі) және бір сағат ішінде пайдаланылады. Оны ары қарай сақтауға рұқсат етілмейді.
144. Қарауылда тағамды даярлау (жылыту) және қабылдау үшін қарауыл үй-жайында жеке бөлмеде орын жабдықталады.
145. Әскери бөлімнің орналасу пунктінен едәуір қашықтықта қызмет атқаратын саны 3 – 5 адам қарауылдар кіші командалар Қаматамыз ету нормасы бойынша азық-түлікпен, тағамды даярлау және суды жеткізу (сақтау) шағын құралдарымен қамтамасыз етіледі. Тағамды тікелей қызмет ету орындарында арнайы дайындықтан және медициналық тексеруден өткен қарауылдың бір әскери қызметшісі дайындайды.
146. Қызмет атқару шарты бойынша тағамды даярлауға және оны тасымалдауға мүмкіндік болмаған жағдайларда, қарауыл (әскери наряд) құрамына тағайындалған әскери қызметшілер ЖТР қамтамасыз етіледі.
147. Мемлекеттік шекараны күзету бойынша нарядтарға түсетін әскери қызметшілер үш реттік тағаммен қамтамасыз етіледі.
148. Наряд құрамына тағайындалған әскери қызметшілердің қызмет атқару уақытының басталуы мен аяқталуына қарай, олар үшін тағам қабылдау ауыстырылуы мүмкін.
11-тарау. Әскери қызметшілерді жол жүру кезінде тамақтандыру
149. Әскери қызметшілер жол жүру кезінде әскери командалар құрамында және жеке тәртіппен:
1) техникалық құралдарды қолдана отырып ыстық тағаммен;
2) ЖТР;
150. Бұл ретте әскери қызметшілер азық-түлікпен қамтамасыз етудің тек бір түрімен қамтамасыз етіледі.
151. Жол жүруде болу уақыты толық тәулікпен есептеледі, бұл ретте 6 сағаттан аса уақыт толық тәулік болып табылады.
12-тарау. Гауптвахтада тамақтандыру
152. Гаупвахтада жазасын өткеріп жүрген әскери қызметшілер ведомствалық ерекшеліктеріне қарамастан, гауптвахта азық-түлікпен қамтамасыз ету үлесінде тұрған әскери бөлімнің бекітілген азық-түлік үлестерінің негізгі (жалпыәскери) нормасы бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақтану үлесіне тіркеу азық-түлік атестаттары негізінде жүргізіледі.
153. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің саны туралы мәлімет, әскери қызметшілердің гаупвахтаға түскен мерзімінен, белгіленген сот шешімі (қаулысы) негізінде жазасын өтеу уақытында тамақпен қамтамасыз етуге гаупвахта бастығымен ұсынылады.
13-тарау. ЖТР қамтамасыз ету тәртібі
154. Әскери қызметшілерге ЖТР Қамтамасыз ету нормасына сәйкес, сонымен қатар мерзімі өтуіне жол бермеу мақсатында және жаңарту тәртібінде беріледі. ЖТР беру үшін бастапқы есеп құжаттарын (жүк құжат) шығаруға негіз болатын әскери бөлім командирінің бұйрығында кімге қанша күнге ЖТР беру көрсетіледі.
155. Әскери бөлім қоймасынан ЖТР бөлімше командирі (старшина) қабылдайды. Азық-түлік қоймасынан ЖТР есептен шығаруға бастапқы есеп құжаттары, ал әскери бөлім есебінен – бөлімше командирінің (старшинаның) тамақтандыру рационын шығындау туралы баянаты және әр әскери қызметшіге тамақтандыру рационын беру туралы үлестіру тізімі негіз болады. Бұл ретте әскери қызметші тамақпен (ақшалай өтемақымен) қамтамасыз етілгенін (қамтамасыз етілмегенін) қаржы органының бухгалтері тексереді.
156. ЖТР алуға рұқсаты бар әскери қызметшілер саны тамақтандырушылар қозғалысын есепке алу кітабында есепке алынады.
157. Жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ЖТР бөлімшеге (әскери қызметшілерге) берілуі мүмкін. Бұл жағдайда ЖТР беруге әскери бөлім командирінің бұйрығы және оның негізінде рәсімделген бастапқы есеп құжаттары негіз болады. ЖТР әскери бөлім есебінен шығарылмайды, бөлімше есебінде тұрады. ЖТР тек осы Тәртіптің талаптарына сәйкес есептен шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің азық-түлік үлестерінің құнын есебі
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің азық-түлік үлестерінің құнын есебі (бұдан әрі – Есеп) азық-түлік үлесі үшін бірыңғай есептер жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Азық-түлік үлестерінің және қызметтік жануарларға арналған азықтың құнын қалыптастыру келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті жоспарлау процесінде жүзеге асырылады.
3. Осы Есебінің 2-тармағында көрсетілген азық-түлік үлестерінің құнын қалыптастыру кезінде мынадай құрамдастар негізге алынады:
1) қамтамасыз ету нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің тізбесі және олардың мөлшері;
2) қамтамасыз ету нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің, азықтың орташа жылдық бағасы;
3) жоспарлы кезеңге арналған елді Әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамының деректеріне сәйкес жоспарланған жылдық инфляцияның деңгейі.
4. Азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес оның ресми сайтында жарияланатын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес айқындалады. Бұл ретте азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңда белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың деректер базасында көрсетілген іс жүзіндегі орташа бағасынан аспауға тиіс.
Азық-түлік өнімдерінің жылдық орташа құнының есебі орта арифметикалық көрсеткіштерді алу жолымен жүзеге асырылады:
С – азық-түліктің жылдық орташа бағасын;
Ц1 – өткен жылдың сәуіріне арналған азық-түлік бағасын;
Ц2 – өткен жылдың мамырына арналған азық-түлік бағасын;
Ц3 – өткен жылдың маусымына арналған азық-түлік бағасын;
Ц12 – ағымдағы жылғы сәуірге арналған азық-түлік өнімінің бағасын.
5. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қандай да бір азық-түліктің (азықтың) түріне деректер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен азық-түліктің әлеуетті жеткізушілерінен кемінде үш баға ұсынысы негізге алынады. Осындай жағдайда азық-түлік өнімдерінің орташа жылдық бағасының есебі әлеуетті жеткізушілер азық-түлік өнімдеріне ұсынған бағадан орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуетті жеткізушілердің шығыстарын төлеу есебі
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуетті жеткізушілердің шығыстарын төлеу есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде бірге болатын (жүкқұжаттардың) шығыстардың (бұдан әрі – Шығыстар) есебін жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Шығыстардың құнын қалыптастыру келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті жоспарлау процесінде жүзеге асырылады.
3. Шығыстардың құнын қалыптастыру кезінде негізге:
1) тамақтанатынушылар есебінен 150 адамға дейін аспазшылар құрамының саны – 3 аспазшы, 151 – 200 адамға дейін – 4 аспазшы, кейіннен әрбір 125 тамақтанатындарға 1 аспазшы есептеледі.
Нұсқаушы-аспазшы 500 адамнан артық тамақтанатушылар саны кезінде ұсталады және аспазшылардың есептік санына есептелмейді, ал тамақты дайындау технологиясы бойынша шебер – 1000 артық тамақтанушы адам саны кезінде аспазшылардың есептік санына есептелмейді;
2) асүй жұмыскерлерінің мынадай есеппен саны: асханада тамақтанатын 100 адамға дейін – 3 адам, әрбір кейінгі тамақтанатын 100 адамға қосымша 2 адамнан бөлінеді;
3) нанды тұрау, қантты, майды мөлшерлеу және оларды беру үшін осы асханада тамақтанушылар есебінен 500 дейін – 1 адам, 501 – 1000 дейін – 2 адам бөлінеді;
4) осы Әдістеменің 3-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес тамақтанушылар санына байланысты тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тиісті адамдар саны есептеледі;
5) осы Әдістеменің 3-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген әрбір санат бойынша орташа жалақы статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес оның ресми сайтында жарияланған мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес;
6) жабдықтау нормаларына тиісті жоспарланған азық-түлік өнімдері жиынтығының құнын құрайтындар алынады.
4. Орташа жылдық Шығыстар құнының есебі мынадай орта арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады:
Сз – жалақы сомасы
Зи = нұсқаушы – аспазшы * жалақы
Зп = тиісті аспазшылар саны * жалақы
Зх = тиісті нан тұраушылар саны * жалақы
Зк = тиісті асүй жұмыскерлері * жалақы
Пр – Шығыстар пайызы
М – қызмет көрсетілген айлардың саны
Спп – тиісті қамтамасыз ету нормалары бойынша жоспарланған азық-түлік өнімдері жиынтығының құны.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Тағамды дайындау сапасына бақылауды есепке алу КІТАБЫ
________________________________________________________________________
(әскери бөлімнің, бөлімшенің атауы)
___ ж. "______"___ басталды | |
__ ж. "_____"_____ аяқталды |
Тамақ қабылдау | "__" _____ 20__ ж таратылымы бойынша тағамның атауы. | Қазанға салынды, кг | нақты масса, г | Тағамды дайындаған аспаздың тегі | Дәрігердің қорытындысы (дайын тағамның сапасы және асхананың санитарлық күйі туралы фельдшер) | Тағамды беруге бөлім бойынша кезекшінің рұқсаты | Дайын тағамның дәмдік сапасы және өлшемнің толық салмағын бөлім командирі (басқа да өкілетті тұлғалардың) бағалауы | ||||
ет (балық) | картоп | (макарон бұйымдарының) дақылдары | тағам | Ет (балық) өлшемі | |||||||
масса | % қалдық | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Таңғы ас | |||||||||||
Түскі ас | |||||||||||
Кешкі ас |
Нұсқаушы-аспаз __________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Жазудың дұрыс жүргізілуін және азық-түліктің қалдығын тексердім
Азық-түлік қызметінің бастығы ________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
20__ ж. "__" _____________
Ескертпе: 1. Тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабы асхананың санитарлық күйін, өлшемдердің толық салмағын, тағамды дайындау сапасына бақылауды есепке алу үшін арналған.
2. Кітап әскери бөлімнің (бөлімшенің) асханасында жүргізіледі.
3. 2-бағана азық-түліктің таратылымы негізінде нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшы) толтырылады.
4. 3-6 бағана қазанға азық-түліктерді салу және қалдық пайызын анықтағаннан кейін асхана бойынша кезекшінің қатысуымен нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшы) толтырылады. Еттің салмағы бөлшек түрінде: алымында – еттің салмағы, бөлгіште – сүйектің салмағы көрсетіледі.
Осы адамдарбірінші тағам бойынша 7 және 8 бағаналарды толтырады, 7-бағанда етсіз және балықсыз өлшемнің салмағы, екінші тағам бойынша – гарнир мен тұздықдың салмағы (жарнақ арқылы) жазылады. 8-бағанда ет пен балықтың нақты өлшемі жазылады.
5. 10-бағанда тағамның сапасы - "Сапалы" немесе "Сапасыз"; санитарлық күйін бағалау - "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз" жазылады.
6. 11-бағанда: "Тағамды беруге рұқсат етемін" немесе "Тағамды беруге рұқсат етпеймін" - деп жазылады.
7. 12-бағанда тағамның дәмдік сапасын бағалау жазылады: "Өте жақсы", "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз", өлшемнің толық салмағы - "Өлшемнің салмағы толық" немесе "Өлшемнің салмағы толық емес". Өлшемнің салмағы толық еместігін байқаған кезде ондағы жетіспейтін азық-түліктер көрсетіледі.
8. 10-12-бағандарда осы жазуларды енгізген адамдар жазады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
_____________ әскери бөлімде тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілуін жүргізу КЕСТЕСІ
№ р/с | Жұмыстардың атауы | Орындаушы | Жұмыс уақыты | |||||
басталуы | ұзақтығы | аяқталуы | ||||||
сағ. | мин. | сағ. | мин. | сағ. | мин. | |||
1. | КПВП өткізу тәртібімен сабаққа қатысушыларды таныстыру, аспазшылардың теориялық дайындығын тексеру, азық-түліктерді өңдеу және тағамды дайындау бойынша аспазшылардың міндеттерін бөліп беру | КПВП басшысы, азық-түлік қызметінің бастығы, нұсқаушы-аспазшы | ||||||
2. | Қоймадан азық-түліктерді қабылдау | Нұсқаушы-аспазшы, асхана бойынша кезекші | ||||||
Салқын дәмтатымдарды дайындау | ||||||||
3. | Көкөніс салатын дайындау үшін жемістерді бастапқы және жылулық өңдеу | Аспазшы | ||||||
4. | Көкөністерді турау | Аспазшы | ||||||
5. | Салатты араластыру | Аспазшы | ||||||
1-2 тағамдарды дайындау | ||||||||
6. | Етті опыру және сүйектерді қасаптау | Аспазшы | ||||||
7. | Сорпа дайындау | Аспазшы | ||||||
8. | Етті салу және пісіру | Аспазшы | ||||||
9. | Етті алу, жібіту және оны 2-тағам дайындау үшін порцияға бөлу | Аспазшы | ||||||
10. | Котлет массасын дайындау | Аспазшы | ||||||
11. | Котлетті қуыру, өлшеу | КПВП басшысы, аспазшы | ||||||
12. | Ет және котлет порциясын қайта жылулық өңдеу | Аспазшы | ||||||
13. | 1-тағам үшін көкөністерді турау | Аспазшы | ||||||
14. | 1-тағам үшін картоп пен көкөністерді жылулық өңдеу | Аспазшы | ||||||
15. | пияз, сәбіз және қызанақты тұздау | Аспазшы | ||||||
16. | 1-тағамды құю | Аспазшы | ||||||
Гарнир және компот, тұздықты дайындау | ||||||||
17. | Тұздық үшін сорпа пісіру және сүйектерді қуыру | Аспазшы | ||||||
18. | Қызыл тұздықты дайындау | Аспазшы | ||||||
19. | Дақылдарды таңдау және жуу, қазанға су құю және гарнир дайындау | Аспазшы | ||||||
20. | Компот дайындау | Аспазшы | ||||||
21. | 3-тағамды суыту | Аспазшы | ||||||
22. | Суытылған компотты саптыаяқ бойынша құю | Аспазшы | ||||||
23. | 1 және 2-тағамның нақты шығуын анықтау | КПВП басшысы, нұсқаушы-аспазшы | ||||||
24. | Тағамның сапасын анықтау | КПВП басшысы, нұсқаушы-аспазшы | ||||||
25. | Түстену үстелдерін әзірлеу | Асхана бойынша кезекші | ||||||
26. | Тағамды беру | Аспазшылар | ||||||
27. | Жеке құраммен тағамды қабылдау | Асхана бойынша кезекші, бөлімше командирі, жеке құрам | ||||||
28. | Тамақтанушылардан тамақтың дайындалу сапасы туралы сұрау | КПВП басшысы | ||||||
29. | КПВП құжаттық ресімдеу және қорытындыларды шығару | КПВП басшысы |
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімінің басшысы
________________________________________________________________________
(атағы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Бекітемін __әскери бөлімнің командирі _________________________ 20__ ж. "__" ______________ |
Әскери бөлімнің асханасында жүргізілген тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне
АКТ
________
20__ ж. "__" __________ _________________ қ.
Мен ____________________________________________________________________,
негізінде ______________________________________________________________ ___________________ № ___ норма бойынша барлық жеке құрам үшін түскі асты дайындаумен әскери бөлімнің асханасында тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін жүргіздім.
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне қатысқандар:
_________________________________________ барлығы ________________ адам.
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізер алдында асхананың, қойманың жай-күйі, санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтау, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарының жөнділігі, оның пайдалануының дұрыстығын, қоймадағы азық-түліктердің саны мен сақтауы тексерілді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тәжірибелік шаралар қолданылды, сондай-ақ аспазшылармен сабақтар мен нұсқама жүргізілді.
Азық-түліктердің таратылымы бойынша тағамды дайындау барысы келесі тағамдарды дайындауға қарастырылған:
_______________________________________________________________________
Бекітілген азық-түліктің таратылымына және № _____________ жөнелтпе бойынша тамақтанушылардың санына сәйкес азық-түліктер асханаға қабылданды.
Азық-түліктерді асханаға жеткізу және азықтық өңдеуге дейін оларды сақтау жүргізілді: ____________________________________________________________
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ШЫҒЫНДАР:
Азық-түліктің атауы |
Алынды, | Норма бойынша шығын | Нақты шығын | Бастапқы өңдеуден кейінгі салмағы | ||
% | саны, кг | % | саны, кг | |||
Ет | ||||||
Картоп | ||||||
Сәбіз | ||||||
Қызылша | ||||||
Пияз | ||||||
Жасыл жуа |
Азық-түліктерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған нақты шығындар
________________________________________________________________________
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізу кезінде етті, картопты, көкөністерді, дәнді-дақылдарды бастапқы өңдеу бойынша, бірінші, екінші және тәтті тағамдарды дайындау үшін судың қажетті мөлшеріне, сондай-ақ салқын дәмтатымдар, азық-түліктерді қазанға салу жүйелігін, ұн мен көкөністерді өлшеу, еттің нақты шығуы оны өлшеу кезінде пайызы көрсетілген болатын.
ЕСЕПТІК ДЕРЕКТЕРДІ САЛЫСТЫРУ БОЙЫНША ДАЙЫН ТАҒАМНЫҢ НАҚТЫ ШЫҒУЫ МЫНАЛАРДЫ ҚҰРАДЫ:
Тағамды қабылдау | Таратылым бойынша бір порцияның есеп бойынша шығуы | Нақты шығуы |
Есеп бойынша нақты шығулардан ауытқу жол берілетін шектерде болады _______________________________________________________________
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне қатысушы адамдар дайындаған тағамды органолептикалық бағалау:
________________________________________________________________________
Үстелдерді әзірлеу жүргізілді_____________________________________________
Тағамды біркелкі таратуды қамтамасыз ету үшін бақылаулық порциялар бекітілген болатын.
Тамақтанушылармен дайындалған тағамның дәмдік сапасын бағалау:
________________________________________________________________________
Тамақтанушылардың ескертулері мен ұсыныстары ____________________________
ҚОРЫТЫНДЫ:
________________________________________________________________________
ҰСЫНЫСТАР:
________________________________________________________________________
Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізген:
________________________________________________________________________
(атағы, Т.А.Ә.)
Әскери бөлімнің азық-түлік қызметінің бастығы
________________________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 6 -қосымша |
|
Бекітемін _______________ (лауазымы, шені) ________________ (А.Ә.Т.) |
Әскери қызметшілерді тамақтандыруға тапсырыс ________________ (бөлімше) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "____" _______________________
№ р/с | Тамақтану орыны | Адам саны | Ескертпе |
________________________
(лауазымы, шені,А.Ә.Т.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 7 -қосымша |
ТІЗІМ
__________________________________________________
(Тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін жеткізуші атауы)
"____"_______________________
№ р/с | А.Ә.Т | Қолы | Күні |
Тапсырды (босатты)_______________________
(лауазымы, қолы, А.Ә.Т.)
Қабылдады _________________________
(лауазымы, қолы, А.Ә.Т.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 8 -қосымша |
|
Бекітемін _______________ (лауазымы, шені) ________________ (А.Ә.Т.) |
Әскери қызметшілерді тамақтандыру ЕСЕБІ ________________ (бөлімше) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "____" _______________________
№ р/с | күні | Адам саны | Ескертпе |
Есепті құраған:________________________
(лауазымы,қолы, А.Ә.Т.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 9 -қосымша |
Ұшу үлесінің азық-түлігін ұшу күндері энергетикалық құндылығы бойынша бөлу
Тамақты қабылдау |
Ұшу кезінде |
Ұшу кезінде | Түңгі ұшулар кезінде |
1-ші таңғы ас | 10-15 | 20-25 | 20-25 |
2-ші таңғы ас | 25-20 | 15-10 | - |
Түскі ас | 35-40 | 35-40 | 40-35 |
1-ші кешкі ас | 30-25 | 30-25 | 25-30 |
2-ші кешкі ас | - | - | 15-10 |
Ескертпе: Екінші таңғы ас ұшу арасындағы үзіліс кезінде немесе олар аяқтағаннан кейін беріледі.