Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15792 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
1-қосымша

"Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

      1) ол он жеті жасқа толған жылы қаңтар-наурызда тіркеуден өтпеген азамат алғаш рет өтініш білдірген кезде тіркеу туралы куәлік беру;

      2) жоғалған, бүлінген және тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру;

      3) Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден дәлелді бас тарту болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі - Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізу уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттар топтамасын қабылдауы және өтінішті тіркеуі – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) басшысына қарауға беру – 10 минут;

      3-рәсім – ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) басшысына қарауға беру – 2 сағат;

      4-рәсім – бөлім (бөлімше) басшысының орындаушыға орындауға беруі – 15 минут;

      5-рәсім – орындаушының құжаттар топтамасыны қарауы – 10 жұмыс күні (жоғалған, бүлінген және тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру 1 жұмыс күні);

      6-рәсім – жауапты орындаушы ҚІБ(Б) басшысында тіркеу куәлігіне қол қойғызады – 1 жұмыс күні;

      7-рәсім – ҚІБ(Б) бөлімі (бөлімшесі) орындаушысының әскерге шақырылушының жеке ісінде құжатты беру фактісі туралы тиісті белгіні қоюмен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 2 жұмыс күні.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс номері;

      2) басшы тексерген және орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы орындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және ЖӘБО басшысы қол қойған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазда.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан Құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ҚІБ-ға (Б-ға) беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) басшысы;

      4) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) басшысы;

      5) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1-рәсім – қызметті берушінің құпия емес кеңсенің қызметкері Құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және ҚІБ(Б) басшысының қарауына беруі – 25 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығының қарауы және ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөліміне (бөлімшесіне) орындауға беруі – 2 сағат;

      3-рәсім – ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) басшысы Құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға орындауға беруі – 2 сағат;

      4-рәсім – ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімі (бөлімшесі) орындаушысының Құжаттар топтамасын қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы – 10 жұмыс күні (жоғалған, бүлінген және тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру 1 жұмыс күні);

      5-рәсім – ҚІБ(Б) басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күнінен аспайды;

      6) ҚІБ(Б) бөлімі (бөлімшесі) орындаушысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 2 жұмыс күні.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартуы және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беруі – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;

      4) Көрсетілетін қызметті берушінің Құжаттар топтамасын 13 жұмыс күні ішінде қарауы (жоғалған, бүлінген және тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру 3 жұмыс күні) және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО бір жұмыс күні ішінде кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары рәсімдерінің (әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында қамтылған.

  "Әскерге шақырылғандарға
шақыру учаскелеріне тіркеу
туралы куәліктер және
куәліктердің телнұсқаларын
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру"



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
2-қосымша

"Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі - Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияның курьерінен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын қабылдап алуы және тіркеуі, оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға беруі – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына қайта жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3-рәсім – запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімі (бөлімшесінің, тобының) бастығының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға орындауға беруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы және оны басшыға қол қоюға жолдауы;

      астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында – 15 (он бес) жұмыс күні;

      басқа елді пункттерде – 25 жұмыс күні;

      5-рәсім – басшының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс номері;

      2) басшы тексерген және орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы орындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және ЖӘБО басшысы қол қойған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазда.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау осы регламентке қосымшада көрсетілген:

      ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      2) ҚІБ(Б) бастығы;

      3) ҚІБ(Б) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығы;

      4) ҚІБ(Б) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) жауапты орындаушысы;

      5) Мемлекеттік корпорацияның курьері.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияның курьерінен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркеуі және оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға беруі – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына қайта жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3-рәсім – запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға орындауға беруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы және басшыға қол қоюға жолдауы:

      астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында – 15 жұмыс күні;

      басқа елді мекендерде – 25 жұмыс күні;

      5-рәсім – басшының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күні;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 жұмыс күні.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартуы және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беруі – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші 17 жұмыс күні (астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында), 27 жұмыс күні ішінде (басқа елді мекендерде) Құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары рәсімдерінің (әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында қамтылған.

  "Запастағы офицерлерге әскери
билеттер (әскери билеттердің
орнына уақытша куәліктер)
және олардың телнұсқаларын
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру"



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
3-қосымша

"Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден дәлелді бас тарту болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) "Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияның курьерінен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын алуы және тіркеуі, оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға беруі – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына қайта жолдауы – 1 жұмыс күні;

      3-рәсім – запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығының қарауы және Құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға орындауға береді – 1 жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы оны қол қоюға басшыға жолдауы;

      астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында – 16 жұмыс күні;

      басқа елді мекендерде – 26 жұмыс күні;

      5-рәсім – басшының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 (бір) жұмыс күні.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және ЖӘБО басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау осы регламентке қосымшада көрсетілген:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      2) ҚІБ(Б) бастығы;

      3) ҚІБ(Б) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығы;

      4) ҚІБ(Б) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) жауапты орындаушысы;

      5) Мемлекеттік корпорацияның курьері.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияның курьерінен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға береді – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына қайта жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      3-рәсім – запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға Құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға орындауға береді – 1 (бір) жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушы Құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және оны қол қоюға басшыға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында – 16 жұмыс күні;

      басқа елді мекендерде – 26 жұмыс күні;

      5-рәсім – басшы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьерлік қызмет арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 жұмыс күні.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 2-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартуы 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын 17 жұмыс күні (астанада, республикалық маңызы бар қалада және облыс орталықтарында) 27 күн (басқа елді мекендерде) ішінде қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 15 минут ішінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  Запастағы сарбаздарға,
сержанттарға әскери билеттер
(әскери билеттердің орнына
уақытша куәліктер) беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
4-қосымша

"Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) қызметкерінің Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын қабылдауы, оны ҚІБ(Б) бастығына қарауға беруі – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына қайта жолдауы – 1 сағат;

      3-рәсім – запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімі (бөлімшесінің, тобының) бастығы Құжаттар топтамасын қарайды және жауапты орындаушыға орындауға береді – 1 сағат;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және оны басшыға қол қоюға жолдауы – 5 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні.

      5-рәсім – басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 30 минут;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі қызметкерінің қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беруі – 30 минут;

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      5) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      6) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      7) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      8) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      2) ҚІБ(Б) бастығы;

      3) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімі (бөлімшесінің, тобының) бастығы

      4) запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімі (бөлімшесінің, тобының) жауапты орындаушысы;

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау осы регламентке қосымшада көрсетілген:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) қызметкері Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға береді – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөліміне (бөлімшесіне, тобына) қайта жолдайды – 1 сағат;

      3-рәсім – ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын запастағы офицерлермен жұмыс және кадр жұмысы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) жауапты орындаушысына орындауға береді – 1 сағат;

      4-рәсім – жауапты орындаушы Құжаттар топтамасын қарайды және оны қол қоюға басшыға жолдайды – 5 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні.

      5-рәсім – басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 30 минут;

      6-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі қызметкерінің қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беруі – 30 минут.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 2-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын 28 жұмыс күні (куәлік беру үшін ақпараттардың және қажетті мәліметтердің болмауы кезінде), 88 жұмыс күні (Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда) ішінде қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 минут ішінде береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет көрсету нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға, жауынгер-
интернационалистерге,
Чернобыль атом электр
станциясындағы аварияның
салдарын жоюға қатысушыларға
куәліктер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
5-қосымша

"Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) қағаздағы құжат нысанында немесе Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтердің болмауы кезінде:

      1) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкерінің Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімше бастығына беруі – 1 сағат;

      3) бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау – 1 сағат.

      7. Ол рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ЖӘБО-ға беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) бастығы;

      4) бөлімше бастығы;

      5) бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және ҚІБ(Б) бастығына қарауға береді – 30 минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын бөлімше бастығына қайта жолдайды – 1 сағат;

      3) бөлімше бастығы Құжаттар топтамасын қарайды және бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайды – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушы Құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және ҚІБ(Б) бастығына қол қойғызады – 4 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні;

      5) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 сағат.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 4-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер бар болған кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 5 минут;

      мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған кезде Құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні, (куәлік беру үшін ақпараттардың және қажетті мәліметтердің болмауы кезінде) 28 жұмыс күні, (Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып) 88 жұмыс күні ішінде қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет көрсету нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      Порталға:

      Көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинет" арқылы анықтама алу үшін электрондық сұрау салу нысанында сұрау салу жолдайды.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жолданады.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы
Отан соғысына қатысушыларға,
Чернобыль авариясын
жоюшыларға, жауы
нгер-интернационалистерге)
анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
6-қосымша

"Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      4) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қағаздағы құжат нысанында немесе Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасын) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтердің болмауы кезінде:

      1) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкерінің Мемлекеттік корпорация қызметкерінен келіп түскен өтінішті қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімше бастығына беруі – 1 сағат;

      3) бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні.

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау – 1 сағат.

      7. Ол рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ЖӘБО-ға беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) бастығы;

      4) бөлімше бастығы;

      5) бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және ҚІБ(Б) бастығына қарауға береді – 1 сағат;

      2) ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын бөлімше бастығына қайта жолдауы – 1 сағат;

      3) бөлімше бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайды – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      куәлікті беру үшін ақпараттар мен қажетті мәліметтер болмаған кезде – 27 күн;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі – 87 жұмыс күні;

      5) қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 сағат.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 4-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі – 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер бар болған кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 5 минут;

      мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған кезде Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні, (куәлік беру үшін ақпараттардың және қажетті мәліметтердің болмауы кезінде) 28 жұмыс күні, (Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып) 88 жұмыс күні ішінде қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 минут ішінде береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет көрсету нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      Порталға:

      Көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинет" арқылы анықтама алу үшін электрондық сұрау салу нысанында сұрау салу жолдайды.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жолданады.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Әскери қызмет өткеруді растау
туралы анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетубизнес-процестерінің анықтамалығы

Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
7-қосымша

"Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаздағы құжат нысанында азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкерінің Мемлекеттік корпорация қызметкерінен келіп түскен өтінішті қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімше бастығына беруі – 1 сағат;

      3-рәсім – бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      5-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау – 1 сағат.

      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан Құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ЖӘБО-ға беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) бастығы;

      4) бөлімше бастығы;

      5) бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және ҚІБ(Б) басшысына жолдайды – 30 минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығының қарауы және бөлімше бастығына қайта жолдауы – 1 сағат;

      3) бөлімше бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      5) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 сағат.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 2-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы 1 жұмыс күні;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін оларды ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Азаматтың әскери қызметке
қатынасы туралы анықтамалар
беру"мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетубизнес-процестерінің анықтамалығы

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
8-қосымша

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматқа қағаздағы құжат нысанында 3 (үш) дана анықтама беру немесе Стандартқа 10-тармақта көзделген жағдайларда және негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкерінің Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен Құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі – 30 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімше бастығына беруі – 1 сағат;

      3-рәсім – бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      5-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау – 1 сағат.

      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3).орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ЖӘБО-ға беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) бастығы;

      4) бөлімше бастығы;

      5) бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері Құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және ҚІБ(Б) басшысына жолдайды – 30 минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын бөлімше бастығына қайта жолдауы – 1 сағат;

      3) бөлімше бастығының Құжаттар топтамасын қарауы және бөлімшенің жауапты орындаушысына орындауға беруі – 1 сағат;

      4) жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы және ҚІБ(Б) бастығында қол қойғызуы – 4 сағат;

      5) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы – 1 сағат.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 2-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдауы 1 жұмыс күні;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін оларды ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты
тұру үшін шығатын азаматтарға
анықтамалар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетубизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақтытұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
9-қосымша

"Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әзірленді.

      2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылданғаны туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша дәлелді бас тарту;

      екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкерінің Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын қабылдауы, ҚІБ(Б) бастығына қарауға беруі – 15 минут;

      2-рәсім – ҚІБ(Б) басшысының қарауы және ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөліміне (бөлімшесіне) орындауға беруі – 2 сағат;

      3-рәсім – ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімі (бөлімшесі) басшысының жауапты орындаушыға орындауға беруі – 2 сағат;

      4-рәсім – ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімі (бөлімшесі) орындаушысының Құжаттар топтамасын қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындауы:

      бірінші кезеңде – 1 жұмыс күні;

      екінші кезеңде – 41 жұмыс күні;

      7-рәсім –мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне басшының қол қоюы – 1 сағат.

      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау және кейіннен ҚІБ(Б)-ға беру үшін жауапты жұмыскері;

      2) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі;

      3) ҚІБ(Б) басшысы;

      4) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) басшысы;

      5) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) орындаушысы;

      6) мамандандырылған ұйымның жұмыскері;

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:       

      1) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуі уәкілетті қызметкері Мемлекеттік корпорация курьерінен Құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және оларды ҚІБ(Б) бастығына қарауға береді – 15 минут;

      2) ҚІБ(Б) бастығы Құжаттар топтамасын ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөліміне (бөлімшесіне) орындауға береді – 2 сағат;

      3) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) басшысы Құжаттар топтамасын қарайды және жауапты орындаушыға орындауға жолдайды – 2 сағат;

      4) ҚІБ(Б) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) орындаушысы Құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және оған басшыға қол қойғызады:

      бірінші кезеңде – 1 жұмыс күні;

      екінші кезеңде – 41 жұмыс күні;

      5) ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізуінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 2 сағат.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы.

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Құжаттар топтамасын ұсынады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беруі не көрсетілетін қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Стандарттың 2-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі 15 (он бес) минуттан аспайды.

      3) Мемлекеттік корпорация жұмыскері Құжаттар топтамасын 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті беруші Құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылданғаны туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша дәлелді бас тарту) Мемлекеттік корпорацияға жолдауы 1 жұмыс күні;

      5) Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін оларды ЖӘБО-ға береді.

      11. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе нотариат растаған сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.

      12. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Азаматтарды әскери-
техникалық және басқа да
әскери мамандықтар бойынша
даярлау"мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетубизнес-процестерінің анықтамалығы

"Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау"



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 515 бұйрығына
10-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (бұдан әрі – Орталық мұрағат) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және құжаттардың көшірмелерін беру болып табылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – Құжаттар топтамасы) қоса берумен Орталық мұрағатқа өтініш беруі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Орталық мұрағатқа өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) құпия емес іс жүргізу қызметкерінің Құжаттар топтамасын қабылдауы және мұрағаттық құжаттарды сақтау бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) орындауға беруі, қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 минут;

      2-рәсім – бөлім басшысының жауапты орындаушыға орындауға беруі – 1 жұмыс күні;

      3-рәсім – жауапты орындаушының Құжаттар топтамасын қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы – 12 жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушы Орталық мұрағаттың басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады – 1 жұмыс күні;

      5-рәсім –жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі – 15 минут.

      7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызметті берушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) тексерілген және басшы орындаушыға жолдаған Құжаттар топтамасы;

      3) орындаушы дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      4) ресімделген және басшы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:

      Орталық мұрағатқа өтініш жасаған кезде:

      1) құпия емес іс жүргізудің кіріс өтініштерін тіркеу үшін жауапты орындаушысы;

      2) мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімнің басшысы;

      3) мұрағаттық анықтаманы қарайтын және дайындайтын жауапты орындаушы;

      4) Орталық мұрағат басшысы.

      10. ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізу қызметкері Құжаттар топтамасын қабылдайды және мұрағаттық құжаттарды сақтау бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) орындауға береді, қызметті алушы Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 минут;

      2-рәсім – бөлім басшысы жауапты орындаушыға орындауға береді – 1 жұмыс күні;

      3-рәсім – жауапты орындаушы Құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды – 12 жұмыс күні;

      4-рәсім – жауапты орындаушы Орталық мұрағаттың басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады – 1 жұмыс күні;

      5-рәсім – ҚІБ(Б) құпия емес іс жүргізу қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 15 минут.

      11. Рәсімнің (іс-қимылдың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) өзара іс-қимылы тәртібі жүйелілігінің толық сипаты осы регламентке қосымшада келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
Орталық мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою