"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электорнды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 5 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілді |
"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа
құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің сайтына орналастырады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімді өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттар тізбесін ұсынады:
1) Осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару) құжаттардың көшірмелері;
4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс ұсынысы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негізде:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған кезде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты көрсетілетін қызметті алушыны арнайы құқығынан айыруға негіз болған сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша білім саласындағы жергілікті атқарушы органдары басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарының, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе Білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары.
14. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтініші
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының бланкісінде толтырылады)
Конкурс ұйымдастырушыға
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты өткізу шарттарымен танысып,
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мамандықтардың коды, атауы)
мамандықтары бойынша Конкурс ұйымдастырушысы өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйым басшысы ___________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. бар болған жағдайда)
Толтырылған күні
М.О.
20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар
______________________________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы)
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша
Код | Мамандық атауы | біліктілігі | орын саны | оның ішінде қазақ тілінде оқытатын | 9-сынып базасында | 11-сынып базасында |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұйым басшысы _________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.бар болған жағдайда)
Толтырылған күні
М.О.