Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте № 15729 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Генерал-полковник С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 10 тамыздағы
№ 438 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі (бұдан әрі – ҚК) дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Дене шынықтыру дайындығы жауынгерлік даярлықтың негізгі пәні бола отырып, қоршаған орта физикалық факторларының өзгерістерін ескере отырып, әскери қызмет өткеру ерекшеліктеріне және жауынгерлік міндеттерді орындауға байланысты әртүрлі жағдайларға Қарулы Күштер әскери қызметшілері организмінің төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      3. Осы Қағидалар мынадай анықтамаларды қамтиды:

      1) арнайы қасиеттер – бұл организмнің кәсіби қызметінің белгілі бір жағымсыз факторларының әсер етуіне төзімділігін қамтамасыз ететін қасиеттері. Негізгі дене шынықтыру қасиеттеріне тербеліске, гравитациялық артық жүктемелерге, оттегі жетіспеушілігіне, дірілге, гиподинамияға төзімділігі жатады;

      2) әскери-қолданбалы дағдылар – қойылған міндетке сәйкес орындалатын автоматты түрде орындауға дейін жеткізілген практикалық іс-қимылдар. Негізгі әскери-қолданбалы дағдыларға шаңғымен жүгірудегі, кедергіден өтудегі, әскери-қолданбалы жүзудегі, жекпе-жек күрестегі дағдылар жатады. Дағдылар жаттығуларды бірнеше рет қайталау арқылы қалыптастырылады және жетілдіріледі.

      3) дене шынықтыру қасиеттері – әскери қызметшінің қозғалыс қызметін қамтамасыз ететін организмнің қасиеттері.

      4. Дене шынықтыру дайындығын басқару:

      1) басшылық жасауды;

      2) жоспарлауды;

      3) ұйымдастыруды;

      4) қамтамасыз етуді;

      5) бақылауды;

      6) есепке алуды қамтиды.

      5. Басшылық жасау:

      1) шешімдерді пысықтау мен қабылдауды;

      2) орындаушыларға міндеттер қоюды, өзара іс-қимылды ұйымдастыруды және олардың іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз етуді;

      3) қойылған міндеттердің орындалу барысын бақылауды;

      4) нәтижелерді талдауды және қорытынды шығаруды қамтиды.

      6. Дене шынықтыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру үшін денсаулық жағдайында ауытқулары жоқ ҚР ҚК әскери қызметшілері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасына қарай топтарға бөлінеді.

      7. Жұмысты жоспарлау әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын, олардың жасын және жергілікті жердің климаттық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады және оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттерді шешуді ескере отырып, дене шынықтыру дайындығы бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді және дене шынықтыру дайындығы бойынша мынадай сабақтарда көзделеді:

      1) толық оқу бағдарламасы бойынша айналысатын мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат, ал қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша – оқу уақытында аптасына 2 сағат;

      2) оқу бөлімдерінің курсанттары үшін – оқу уақытында аптасына 3 сағат;

      3) әскери оқу орындарының курсанттары үшін – оқу сабақтарының кестесі бойынша аптасына 3 сағат;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен әскери қызметші әйелдер үшін – қызмет уақытында аптасына 3 сағат;

      5) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі – Университет) тыңдаушылары үшін – оқу сабақтарының кестесі бойынша аптасына 3 сағат.

      8. Дене шынықтыру дайындығын жоспарлауды:

      1) әскери бөлімде (мекемеде) – әскери бөлім командирінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі орынбасары (мекеме бастығы, оның орынбасары), дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы, әскери бөлім сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нұсқаушы;

      2) батальонда – штаб бастығы және батальон сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нұсқаушы;

      3) ротада – рота командирі, рота сержанты – ротаның жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нұсқаушысы жүзеге асырады.

      9. Дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру дене шынықтыру дайындығын сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді және:

      1) жетекшілерді даярлауды;

      2) лауазымды адамдармен өзара іс-қимылды;

      3) әскери қызметшілерді ынталандыруды қамтиды.

      10. Әскери бөлімде (мекемеде) дене шынықтыру дайындығының негізгі мәселелері оқу жылына (оқу кезеңіне) арналған жауынгерлік даярлық жоспарында сипатталады, онда:

      1) әскери қызметшілердің барлық санаттарымен дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу күндері мен уақыты;

      2) нұсқаулық-әдістемелік және көрсету сабақтарының тақырыптары мен өткізу мерзімдері;

      3) бөлімшелердегі дене шынықтыру дайындығын бақылау мерзімдері көрсетіледі.

      Әскери бөлімде (мекемеде) оқыту кезеңіне немесе оқу жылына әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы жоспары әзірленеді.

      11. Әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы мыналарды әзірлейді, әскери бөлім (мекеме) командирінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі орынбасарымен келіседі және әскери бөлім командиріне (мекеме бастығына) бекітуге ұсынады:

      1) оқу жылына (оқыту кезеңіне) арналған әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы жоспарын;

      2) оқу жылына (оқыту кезеңіне) арналған спорттық және әскери-спорттық жарыстар регламентін;

      3) бір айға арналған келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен және әскери қызметші әйелдермен дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу сабақтарының кестесін.

      12. Батальонда оқыту кезеңіне арналған жауынгерлік даярлықты жоспарлау құжаттарында:

      1) тақырыптар бойынша бөлімшелер үшін дене шынықтыру дайындығына бөлінетін сағаттар саны;

      2) офицерлермен және сержанттармен өткізілетін нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтарының тақырыптары мен мерзімдері;

      3) Әскери-спорт кешенінің жаттығулары мен талаптарын орындау мерзімдері көрсетіледі.

      13. Ротада бір аптаға арналған сабақтар кестесінде:

      1) әрбір күнге арналған таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларының мазмұны;

      2) дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардың тақырыптары мен мазмұны;

      3) қосалқы дене шынықтыру жаттықтыруының мазмұны;

      4) жаппай спорттық жұмыстың уақыты мен мазмұны;

      5) әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілерімен нұсқау беру-әдістемелік және көрнекі сабақтарды өткізу уақыты, тақырыптары мен мазмұны көрсетіледі.

      14. Теориялық және практикалық сабақтың ұзақтығы – 1 сағат, оқу-әдістемелік және нұсқау беру-әдістемелік сабақтар – 2 сағат.

      15. Денсаулық жағдайы бойынша дене шынықтыру дайындығы бойынша жоспарлы сабақтарға жіберілмеген әскери қызметшілер әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен емдік дене шынықтыру тобына уақытша енгізіледі.

      Сауыққаннан кейін, дәрігердің қорытындысы бойынша әскери қызметшілер өз бөлімшелерінің немесе тиісті жас ерекшелігі (оқу) тобының сабақтарына кіріседі.

      Әскери қызметшілер жіті науқастануларға, жарақаттануға және созылмалы аурулардың асқынуына шалдыққаннан кейін 6 ай мерзімге дейін емдік дене шынықтыру тобына уақытша тіркеледі. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер дененің дамуын және организмнің функционалдық жағдайын ескере отырып, жол беретін дене жүктемесі деңгейін айқындау үшін медициналық бақылау тексеруіне жіберіледі. Одан кейін сабақтарға және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.

      Әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін науқастанулар болған кезде әскери қызметші әскери-дәрігерлік комиссияға жіберіледі.

      16. Дене шынықтыру дайындығын есепке алуды:

      1) әскери бөлімде –дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы;

      2) батальонда – штаб бастығы және батальон сержанты – жауынгерлік даярлық және дене шынықтыру нұсқаушылары;

      3) ротада – рота командирі, рота сержанты – жауынгерлік даярлық және дене шынықтыру нұсқаушылары;

      4) взводта – взвод командирі, взвод сержанты – жауынгерлік даярлық және дене шынықтыру нұсқаушылары жүргізеді;

      Әскери бөлімде (мекемеде):

      1) әскери бөлім (мекеме) басқармасындағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскери қызметші әйелдермен дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу;

      2) әскери бөлімде дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижелері;

      3) әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша қызметке қабылдау және жас буынның келуі кезіндегі дене шынықтыру дайындығы нәтижелері;

      4) бөлімшелердің спорттық ұйымдастырушыларымен, спорт жөніндегі жаттықтырушылармен және төрешілер мен нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтарын, оқу-әдістемелік жиындар (семинарлар) өткізу;

      5) әскери бөлім (мекеме) біріншілігіне өткізілетін спорттық және әскери-спорттық жарыстардың, бөлімнен тыс жарыстардағы командалар мен жеке спортшылар ойындарының нәтижелері;

      6) "Спортшы жауынгер" кеуде белгісімен наградталған әскери қызметшілер мен разрядшы-спортшылар саны;

      7) әскери бөлімнің (мекеменің) спорттық рекордтары мен жетістіктері;

      8) әскери бөлім (мекеме) басқармасы әскери қызметшілерінің Әскери-спорттық кешеннің жаттығулары мен талаптарын орындау нәтижелері;

      9) дене шынықтыру дайындығы және спорт бойынша оқу-материалдық базаның, спорттық мүкәммал мен мүліктің бар болуы мен жай-күйі ескеріледі.

      17. Батальонда, ротада және взводта:

      1) жауынгерлік даярлықты жоспарлау құжаттарында көзделген дене шынықтыру дайындығы мен спорт жөніндегі барлық іс-шаралардың орындалуы;

      2) "Жауынгер спортшы" кеуде белгісімен наградталған әскери қызметшілер мен разрядшы-спортшылар саны;

      3) жеке құрамның жаттығуларды және Әскери-спорт кешені нормаларының талаптарын орындау нәтижелері ескеріледі.

      18. Жеке құрамның дене шынықтыру жаттықтыруы үшін бөлмелерді (орындарды) жабдықтауға арналған спорттық мүкәммал осы Қағидаларға 2-қосымшада ұсынылған.

2-тарау. Дене шынықтыру дайындығын жүргізу

      19. Дене шынықтыру дайындығын жүргізу әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығының ҚК әскери қызметшілерінің дене бітімін жетілдірумен байланысты іс-шараларды іс жүзінде жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтиды.

      20. Әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс үш кезеңді: дене шынықтыру дайындығы іс-шараларын жүргізуге дайындықты, тікелей жүргізуді, қорытындылар шығаруды қамтиды.

      Дене шынықтыру дайындығы іс-шараларын жүргізуге дайындық:

      1) көрсету, оқу-әдістемелік және нұсқау беру-әдістемелік сабақтарда;

      2) оқу-әдістемелік жиындарда;

      3) нұсқау берулерде;

      4) командирлік даярлық бойынша сабақтарда;

      5) дербес жұмыста жүзеге асырылады.

      Жүргізуге дайындық бөлімше командирлерінің, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі сержант-нұсқаушылардың жүйелі оқуын қамтиды, ҚК жеке құрамының жауынгерлік міндеттерді шешуге дене дайындығы әзірлігінің дәрежесі көбінесе олардың қызметіне байланысты болады. Бұл бөлімше командирлерінің және жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі сержант-нұсқаушылардың басқарушылық қабілеттерін және әдістемелік даярлығын жетілдіру жөніндегі қызмет.

      Жүргізуге дайындық:

      1) сабақ тақырыбын, жарыс туралы ережені зерделеуді;

      2) дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-материалдық базаны дайындауды;

      3) іс-шараны жүргізу жоспарын (жоспар-конспектісін) жасауды қамтиды.

      Дене шынықтыру дайындығы іс-шараларын әскери бөлімдер мен мекемелердің дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастықтары, взвод, рота, батальон командирлері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі сержант-нұсқаушылар жүргізеді.

      Әскери қызметшілердің дене бітімін жетілдіру процесін жүргізу дене шынықтыру дайындығының барлық нысандарын жүргізу сапасымен, әскери қызметшілерге мақсатты ықпал ету үшін басшылардың оның құралдары мен әдістерін ұтымды және дұрыс пайдалана білумен айқындалады.

      Қорытынды шығару әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығының тиісті құжаттаманы:

      1) жүлделер беру ведомосын;

      2) есептен шығару актілерін;

      3) іс-шара қорытындыларын талдауды;

      4) қорытындылар туралы бұйрықты жүргізумен дене шынықтыру дайындығы іс-шараларының нәтижелерін анықтау, оларды спортпен шұғылданушыларға жеткізу, наградтау, медальдар, грамоталар, бағалы жүлделер тапсыру жөніндегі қызметін қамтиды.

1-параграф. Дене шынықтыру дайындығы әдістемесінің негіздері

      21. Оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесінде оқу сабақтарын, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын, дене шынықтыру жаттықтыруын әскери қызметшілерді оқытудың, дамыту мен тәрбиелеудің әдістемелік тәсілдерін пайдалана отырып, бөлімше командирлері, әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы ұйымдастырады және жүргізеді.

      22. Оқыту әскери қызметшілердің бойында әскери-қолданбалы қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, теориялық білім алуға, оларға әдістемелік шеберліктерді дарытуға бағытталған.

      23. Дамыту әскери қызметшілер бойындағы дене бітімі және арнайы қасиеттерді жетілдіруге, денсаулығын нығайтуға және антропометриялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған.

      24. Дене шынықтыру дайындығы процесінде тәрбиелеу әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға, әскери ұжымдардың ынтымақтығын арттыруға бағытталған.

      25. Дене шынықтыру жаттығуларын орындау техникасын үйрету және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру: таныстыруды, жаттатуды және жаттықтыруды қамтиды.

      26. Дене шынықтыру жаттығуларын орындау тәсілдері жеке, топтық, жаппай, біртіндеп және айналма болып табылады.

      27. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардағы жүктеменің мөлшері мен қарқындылығы оқыту міндеттеріне, кезеңдеріне, әскери қызметшілердің дайындық және жас ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін апталық дене шынықтыру жүктемесінің ұсынылып отырған мөлшері осы Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.

      Жеке сабақта дене шынықтыру жүктемесінің мөлшері мен қарқындылығын арттыруға:

      1) қайта сапқа тұруға уақытты қысқартумен;

      2) қысқа және нақты түсіндірумен;

      3) қайталау мөлшерін, орындау шапшаңдығын және жүктеме салмағын арттырумен;

      4) демалыс ұзақтығын реттеумен;

      5) барлық спортпен шұғылданушылардың бір уақытта немесе біртіндеп жаттығуларды орындауымен;

      6) айналма жаттықтыруларды және жарысу әдісін қолданумен қол жеткізіледі.

      28. Дене шынықтыру дайындығының негізгі құралы дене шынықтыру жаттығулары болып табылады, олар табиғаттың сауықтыру күшін белсенді пайдалана отырып орындалады.

      29. Жарақаттанудан сақтандыру:

      1) сабақты өткізу әдістемесін ұйымдастыру мен сақтауды;

      2) әскери қызметшілердің тәртіптілігін, олардың сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру тәсілдерін, жарақаттанудың алдын алу амалдарын білуін;

      3) сабақ орындары мен мүкәммалды уақтылы дайындауды;

      4) сабақ жетекшісі тарапынан белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауды жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді.

      30. Дене шынықтыру дайындығын өткізу кезінде моральдық және психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу:

      сендіру, үлгі болу, жарысу, ынталандыру, мәжбүрлеу және ұжымның ықпал етуі әдістерін қолдануды;

      тәрбиеленетін қасиеттердегі ілгерілеулерді объективті бағалауды;

      психикалық қасиеттері анағұрлым көп байқалатын жаттығуларды іріктеп алуды;

      психикалық қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал ететін жаттығуларды орындаудың ұтымды әдістемелік тәсілдерін қолдануды қамтамасыз етеді.

2-параграф. Дене шынықтыру дайындығын жүргізу нысандары

      31. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру дайындығының негізгі нысаны болып табылады. Сабақтар әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін міндетті болып табылады.

      32. Әскери бөлімдердегі оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы 1-2 оқу сағатын, әскери оқу орындарында – 2 оқу сағатын құрайды.

      33. Оқу-жаттығу сабақтары теориялық және практикалық сабақ түрінде өткізіледі.

      34. Теориялық сабақтар әскери қызметшілердің оқу бағдарламасында көзделген қажетті білімді меңгеруге бағытталған және дәрістер мен семинарлар түрінде өткізіледі.

      35. Практикалық сабақтар оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтарының негізгі түрі болып табылады және оқу-жаттығу жаттықтыру және әдістемелік болып бөлінеді.

      36. Оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтары взвод, экипаж, есептоп, эскадрилья құрамында өткізіледі. Олар үш бөліктен: дайындық, негізгі және қорытындыдан тұрады.

      37. Сабақтардың дайындық бөлігі 7-10 минут (2 сағаттық сабақ кезеңінде 10-15 минут) өткізіледі. Дайындық бөлігінде жаттығушылар организмін алдағы дене жүктемелеріне дайындық міндеттері шешіледі.

      Дайындық бөлімінің мазмұнын сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнына қарай таңдалатын саптық тәсілдер, жалпы дамытатын және арнайы жаттығулар құрайды. Жалпы дамыту жаттығуларына денені созу жаттығулары, қол және иық белдеуі, кеуде, аяқ, барлық дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, секіріп жасалатын жаттығулар, жұптық жаттығулар, еркін жаттығулар кешендері жатады, бөлімшені жалпы дамыту жаттығуларын орындау үшін қозғалту және қайта сапқа тұрғызу Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысының талаптарына сәйкес өткізіледі.

      38. Сабақтың негізгі бөлігі 35-40 минут өткізіледі (2 сағаттық сабақта 65-75 минут). Негізгі бөлікте әскери-қолданбалы қозғалыс дағдыларын меңгеру, оларды жетілдіру, дене және арнайы қасиеттерді дамыту, моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу, әскери бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін жетілдіру, күрделі жағдайларда әрекет ету шеберлігін қалыптастыру міндеттері шешіледі. Сабақтың негізгі бөлігінің мазмұны дене шынықтыру дайындығы бойынша бағдарламада көзделген жаттығуларды, тәсілдер мен іс-қимылдарды қамтиды.

      39. Сабақтың негізгі бөлігі үш және одан да көп оқу орнында оларды ауыстыра отырып жүргізіледі және 6-10 минут (2 сағаттық сабақта 10-20 минут) бойы жүгіру жаттығуымен немесе кешенді жаттығумен аяқталады. Оқу орындарында жаттығуды орындау топтық немесе жалпыға бірдей тәсілмен ұйымдастырылады.

      40. Кешенді жаттықтыру оқып үйренушілердің дене шынықтыру, арнайы, психологиялық қасиеттерін және әскери-қолданбалы қозғалу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Оның мазмұнына бұрын зерделенген бағдарламалық жаттығулар, тәсілдер мен іс-қимылдар, сондай-ақ тренажерлардағы жаттығулар, кешенді жаттығулар, іс-қимыл ойындары мен эстафеталар енгізіледі.

      41. Сабақтың қорытынды бөлімі 3-5 минут (2 сағаттық сабақта 5-10 минут) өткізіледі. Онда оқу орындарын реттеу, спортпен шұғылданушылардың организмін салыстырмалы түрдегі қалыпты күйге келтіру және сабақты қорытындылау міндеттері шешіледі. Қорытынды бөлімнің мазмұнын баяу қарқынмен жүру және жүгіру, терең тыныс алу және бұлшық еттерді босаңсыту жаттығулары құрайды.

      42. Оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтары дене шынықтыру дайындығының мынадай:

      1) гимнастика;

      2) жекпе-жек күрес;

      3) кедергілерден өту;

      4) шапшаңдатылған қозғалыс;

      5) шаңғы даярлығы;

      6) әскери-қолданбалы жүзу,

      7) спорттық және іс-қимыл ойындары бөлімдері бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі.

      43. Дене шынықтыру дайындығының бөлімдері бойынша оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтары жекелеген жоспар бойынша өткізіледі.

      44. Кешенді жаттығулар әскери қызметшілердің жалпы және арнайы дене әзірлігіне бағытталған. Сабақтар оқу кезеңінің басында және аяғында өткізіледі. Кешенді жаттығулар мазмұны дене шынықтыру дайындығының түрлі үйлесімділіктегі екі және одан да көп бөлімдерінің жаттығуларын қамтиды.

      45. Сабақтардың негізгі бөлігі бір уақытта үш және одан да көп оқу орындарында немесе бөлімшелердің бір орыннан екінші орынға жүйелі ауысуымен ұйымдастырылады. Бұл жағдайда алдымен шапшаңдықты, ептілікті дамытуға арналған жаттықтырулар, сезімтал қозғалыс координациясымен байланысты тәсілдер мен іс-қимылдар, күштілікті, сосын төзімділікті дамытатын жаттығулар пысықталады. Сабақ жетекшілері жаттығуларды кешендендірудің нақты нұсқаларын оқу кезеңдеріне және міндеттеріне, әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығының деңгейіне және сабақтардың материалдық қамтамасыз етілуіне сәйкес айқындайды.

      46. Әдістемелік сабақтар оқу-әдістемелік, нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтары болып бөлінеді.

      Оқу-әдістемелік сабақтар әскери оқу орындары магистранттарының (тыңдаушыларының) әскери оқу орындары курсанттарының және оқу бөлімшелері курсанттарының бойында оларға дене шынықтыру дайындығын сапалы ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыруға бағытталған.

      Нұсқау беру-әдістемелік сабақтар бөлімше командирлерінің дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды және таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру мен өткізудегі білімдерін жоғарылатуға, дағдылары мен шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.

3-параграф. Ерекше жағдайлардағы дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар

      47. Тәуліктің түнгі уақытында өткізілетін сабақтардың мазмұны бұдан бұрын күндізгі сабақтарда зерделенген және міндеттерді түнде орындау үшін қажетті жаттықтыруларды, тәсілдер мен іс-қимылдарды: жергілікті жерде қозғалуды, әртүрлі кедергілерден өтуді, ауыр заттарды тасымалдауды және т.б. қамтиды.

      48. Жазғы уақытта қызметтің алғашқы 1-1,5 айында сабақтар +35°С дейінгі температурада өткізіледі. Әрбір 5-7 минут (қажет болған кезде – сабақ жетекшісінің шешімімен басқа уақыт аралықтарында) үздіксіз дене шынықтыру жаттығуларының арасында ұзақтығы 2-3 минут демалыс үзілістері көзделген. Одан әрі жаттықтырулар бұдан да жоғары температурада және жоғарғы қарқынмен өткізіледі. Бұл ретте үздіксіз дене шынықтыру жаттықтыруларының ұзақтығы 15-20 минутқа дейін ұзартылады.

      49. Жеке құрамның таулы жерлерге шығуына дейін 1-1,5 ай бұрын жаттығулар организмнің оттегі жетіспеушілігіне төзімділігін арттыруға және кедергілерден өту дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Сабақтың мазмұнында көбінесе:

      1) газтұмшамен орташа және ұзақ қашықтықтарға жүгіру, қашықтыққа жүгірулер ;

      2) бірыңғай, арнайы және таулы кедергі жолақтарында жаттығулар орындау;

      3) жеңілдетілген қағидалармен спорт және қозғалыс ойындары қамтылады.

      50. Төменгі температура жағдайларында сабақтар -25°С-тан төмен емес температурада өткізіледі. Барынша төмен температурада жаттығуларды аралас: дайындық бөлігін – далада, негізгі және қорытынды бөліктерді – үй-жайда бұл ретте шаңғы дайындығын басқа бөліммен ауыстырып өткізуге рұқсат беріледі.

      51. Жаттығуларды өткізу кезінде үсудің алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар қолданылады. Жаттығулар қатты желден қорғалатын орындарда өткізіледі, тиісті киім нысаны белгіленеді, әскери қызметшілер арасында өзара қадағалау қамтамасыз етіледі.

4-параграф. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары

      52. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларының ұзақтығы 30-40 минутты құрайды. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын бөлімше құрамында бөлімшелер сержанттары – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нұсқаушылар (30-40 минут) өткізеді. Ауа температурасына және желдің күштілігіне байланысты дене шынықтыру жаттығуына арналған киім нысанын бөлім бойынша кезекші хабарлайды. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына бұдан бұрын практикалық сабақтарда зерделенген жаттығулар (қолайлы жағдай болса жеңілдетілген қағидалар бойынша спорттық ойындар, жүзу және шомылу) кіреді, олар дене шынықтыру дайындығының жалпы және арнайы міндеттерін шешуді, материалдық базаны және жауынгерлік даярлық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланады. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларының нұсқаларын дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әзірлейді. Жылдың жылы мезгілінде жаттығуды кезең-кезеңімен музыканың сүйемелдеуімен өткізіледі.

      53. Қысқы жағдайларда төмен температура кезінде дене жаттығулары жалпы дамыту және арнайы жаттығулармен үйлестіре отырып, жүру мен жүгіруді кезектестіру түрінде жылдам қарқынмен өткізіледі. Қатты мұздау қаупі кезінде дене шынықтыру жаттығулары жылы күртешелерде өткізіледі және жылдамдығы мен ұзақтығы бойынша қалыпты жүгірумен кезектестірілетін жүруді қамтиды.

      Денешынықтыру жаттығуларын үй-жайда өткізу кезінде тренажерларда, гантельдермен, гір тастарымен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары және еркін жаттығулар кешендері орындалады. Жаттығу бір орында тұрып жүгірумен және жүрумен аяқталады. Жаттығу өткізуге арналған орындар бөлімшелерге бекітіледі.

      Жүруге және жүгіруге арналған қашықтықтар көрсеткіштермен таңбаланады.

      Жаттығуды өткізуге бақылауды күнделікті – әскери бөлім (мекеме) кезекшісі және кезең-кезеңімен – командирлер (бастықтар), дене шынықтыру дайындығы мен спорт, әскери-медициналық қызмет мамандары жүргізеді.

      54. Оны өткізу тәртібін, әрбір нұсқаның мазмұнын әскери бөлім (мекеме) командирінің орынбасары мен дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы айқындайды.

      55. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары бар болған жағдайда спорттық киім нысанында өткізіледі.

3-тарау. Дене шынықтыру дайындығы бөлімдері

1-параграф. Гимнастика

      56. Гимнастика бойынша сабақтар ептілікті, қуатты, күштік төзімділікті, икемділікті, тербеліс пен артық жүктемелерге төзімділікті, кеңістікке бейімділікті дамытуға, батылдық пен табандылықты тәрбиелеуге, мүсінді, саптық жинақылықты және ықшамдылықты жетілдіруге бағытталған. Гимнастика бойынша сабақтарда үйренушілер бойында әдістемелік дағдылар мен шеберліктерді сапалы қалыптастыруға жағдай жасалады.

      57. Гимнастика бойынша сабақтардың мазмұнына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жаттығулар қосылады.

      58. Дайындық бөлігіне:

      1) саптық тәсілдер;

      2) назар аударуға жаттығулар;

      3) жүру және жүгіру кезіндегі жаттығулар;

      4) бір орында тұрып жалпы дамыту жаттығулары, оның ішінде "секіріп шығу" және "секіріп түсу" қалыптарын жетілдіруге арналған жаттығулар;

      5) № 1 және № 2 еркін жаттығулар кешендері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес;

      6) жұптық жаттығулар;

      7) арнайы жаттығулар және секіру кезінде жасалатын жаттығулар енгізіледі.

      Дайындық бөлігіндегі жалпы дамыту жаттығулары гимнастикалық қабырғада, гимнастикалық орындықпен, доппен, гимнастикалық таяқпен, гантельдермен, сондай-ақ музыканың сүйемелдеуімен орындалады.

      59. Жаттығудың негізгі бөлігі:

      1) белтемірде, бөренелерде;

      2) тірекпен және тірексіз секіру жаттығуларын,

      3) кешенді жаттығуларды,

      4) ауырлық көтеру, тренажерлардағы және көпсалалы снарядтардағы, тепе-теңдік сақтау, өрмелеу жаттығуларын,

      5) іс-қимыл ойындары мен эстафеталарды қамтиды.

      Ұшқыштар құрамы мен ұшқыштар училищесінің курсанттары үшін мынадай арнайы снарядтардағы:

      1) лопингтегі,

      2) тұрақты және жылжымалы гимнастикалық дөңгелектердегі,

      3) батуттағы жаттығулар енгізіледі.

      Әскери қызметші әйелдер сабақтың негізгі бөлімінде тренажер жаттығуларымен үйлестіріп, ырғақты гимнастика кешендерін орындайды.

      60. Қарқындылықты және дене жүктемесін арттыру үшін гимнастикалық жаттығуларды барлық әскери қызметшілер бір уақытта қатармен, лекпен кезектесіп, бір немесе бірнеше адамның тізбектелуімен (жұптасып), сондай-ақ жаттығу орындарын айналым бойымен ауыстыра отырып орындай алады.

      61. Жарақаттанудың алдын алу:

      1) снарядтарда секірулерді және жаттығуларды орындау кезінде қолдаумен және сақтандырумен;

      2) снарядтардың (керу сымдарының, карабиндердің, спорттық құрылғылардың) техникалық жай-күйін тексерумен;

      3) арнайы снарядтарда жаттығу орындау кезінде қол мен аяқтың сенімді бекітілуін тексерумен қамтамасыз етіледі.

2-параграф. Жекпе-жек күрес

      62. Жекпе-жек күрес бойынша сабақтар қарсыласты жоюға, қатардан шығаруға немесе тұтқынға алуға, оның шабуылынан өзін-өзі қорғауға, сондай-ақ батылдыққа, табандылыққа және өз күшіне сенімділікке тәрбиелеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

      63. Жекпе-жек күрес бойынша сабақтардың мазмұнына осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес жаттығулар енгізіледі.

      64. Жекпе-жек күрес бойынша сабақтар:

      қарумен ұрыс тәсілдерін үйрету кезінде – тұрақты және жылжымалы тұлыптармен, нысаналармен (өрме нысаналармен), жылжымалы кедергілермен (қабырғалармен, дуалдармен, бақшалармен, әзер байқалатын кедергілермен), траншеялармен, қатынас жолдарымен, блиндаждармен, баспалдақ алаңдарымен, терезесі бар үй қасбеттерімен жабдықталған арнайы алаңшада; тактикалық алаңдарда және кедергілер жолағында;

      қарусыз күресу тәсілдерін үйрету кезінде – тегіс көгалды алаңда, құм және ағаш үгінділері толтырылып арнайы дайындалған шұңқырда немесе спорт залында (маттан жасалған кілемде) жүргізіледі.

      65. Сабақтың дайындық бөлігі қарумен және қарусыз жүргізіледі. Дайындық бөлімін қарумен жүргізу кезінде оған саптық тәсілдер, әртүрлі қарқынмен жүру және жүгіру, жүгіріп өтулер, еңбектеп өтулер, ұрысқа әзірлену және бірден ату міндеттерін орындау, кенеттен берілген сигналдар мен командалар бойынша іс-қимыл жасау, қарумен жекпе-жек күрес тәсілдері, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 8 есеппен орындалатын қарумен жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені кіреді.

      Қарусыз жүргізілетін дайындық бөліміне әртүрлі қарқындағы жүру мен жүгіру, қозғалыстағы арнайы жаттығулар, жұптаса жаттығулар, қолмен және аяқпен соққы беру, өзін-өзі сақтандыру тәсілдері, қарапайым жекпе-жектер, қарусыз жекпе-жек күрес тәсілдері, кенеттен берілген сигналдар мен командалар бойынша іс-қимыл жасау, Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 8 есеппен орындалатын қарусыз жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені кіреді.

      66. Сабақтың негізгі бөлігінің мазмұнына мынадай жаттығулар енгізіледі:

      1) ҚК барлық әскер түрлері мен тектерінің барлық әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін – жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені – 1;

      2) Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлерінің, барлау бөлімшелерінің әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарының курсанттары үшін жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені – 1-мен қатар, сондай-ақ жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені – 2-ні, жекпе-жек күрес тәсілдерінің кешені – 3-ті зерделейді.

      67. Ұрысқа әзірлену, қозғалу, өзін-өзі сақтандыру, қолмен және аяқпен соққы беру, қарумен шабуыл жасау тәсілдері алғашқы сабақтарда жүзеге асырылады. Алдағы уақытта барлық кейінгі сабақтардың мазмұнына енгізіледі.

      68. Сабақтың негізгі бөлігі бір немесе бірнеше оқу-жаттығу орындарында ұйымдастырылады.

      Қарапайым тәсілдер мен әдістерге (түйреуге, ұруға, соққыдан қорғануға) үйрету үшін орташа алғанда 8-10 минут, ал одан күрделірек тәсілдерге (қарусыздандыруға, лақтырып тастау) үйретуге – 16-20 минут жоспарланады.

      Қорғаныс тәсілдерін орындау қарсыласқа неғұрлым осал тұсынан соққы беру, түйреу арқылы және қажет болған жағдайда құлатқанға дейін немесе айдауылдауға дейін жүргізіледі. Ауырту тәсілдері, қарусыздандыру және лақтыру тәсілдері екі тарапқа да үйретіледі.

      Сабақтың негізгі бөлігінің соңында кешенді жаттықтыру немесе оқу-жаттығу қақтығыстары жүргізіледі.

      69. Кешенді жаттықтыру мазмұны қозғалуды, нысананы найзамен түйрей және жекпе-жек күрестің басқа да тәсілдерін орындай отырып, кедергілерден өтуді қамтиды. Алғашқы сабақтарда күрделі емес жағдайлар жасалады, ал келесі сабақтарда – өтетін кедергілер саны мен арақашықтық арттырылады, нысаналардың орналасуы күрделендіріледі.

      Кешенді жаттықтырулар елестету құралдарын қолдана отырып кезең-кезеңімен жүргізіледі.

      70. Ұрысқа әзірлену – әскери қызметшілердің қарсыласқа шабуыл жасауға немесе өзін-өзі қорғауына ең қолайлы қалпы. Ұрысқа әзірлену қарусыз және қарумен (автомат, пышақ, жорық күрегі), сол қанаттық, оң қанаттық және маңдайшептік болады.

      Ұрысқа қарусыз әзірлену үшін – сол аяқты бір адым алға қойып, екі аяқты да тізеден аздап бүгу. Кеуде аздап алға еңкейтіледі. Дененің салмағы екі аяққа бірдей түсіріледі. Сол қол шынтақтан бүгіліп және жұдырық алға шығарылып – кеуде тұсына, оң қолдың жұдырығы – белдік айылбасының тұсына қойылады.

      Автоматпен ұрысқа әзірлену үшін – автомат найзасымен (ұңғысымен) алға сермелейді және оны сол қолмен сағағынан және ұңғылы жапсырманың бүйірінен, ал оң қолмен мылтық дүмінің мойнынан ұстайды. Сонымен бір уақытта сол аяқты бір адым алға шығарып, табанын толық басады. Дене салмағы аздап бүгілген екі аяққа бірдей түсіріледі. Тұлға сәл алға еңкейтіледі, найза ұшын сол жақ иыққа қарсы мойын биіктігінде, оң қолдың жұдырығын – белдік айылбасының тұсында ұстайды.

      Пышақпен ұрысқа әзірлену үшін – сол жақ қалыпты қабылдау, пышақты бүгілген оң қолда жүзін жоғары, төмен немесе алға қаратып ұстайды.

      Жорық күрегімен ұрысқа әзірлену үшін – оң аяқты бір адым алға шығарып, табанына толық қояды, бір уақытта күрегі бар бүгілген оң қол алға шығарылады, оң қолдың басы – кеуде тұсында. Күректің басын оңға (солға) сабынан ұстайды. Дене салмағы аздап бүгілген екі аяққа бірдей түсіріледі. Сол қол бүгілген қалыпта, жұдырық белдік айылбасының тұсында. Қозғалысқа мыналар кіреді: адым, тұрысты өзгерте адымдау, секіру, ұмтылыс (біржақты, әржақты), жүгіру.

      Біржақты ұмтылыс – сол жақ қалыптан сол аяқпен немесе оң жақ қалыптан оң аяқпен ұмтылу. Қарсыласқа тез жақындау мақсатында жүргізіледі және артта тұрған аяқпен қатты серпілу және артта тұрған аяқты қоймай жатып, алда тұрған аяқты алға қарай шапшаң қозғау арқылы орындалады. Бұл ретте алда тұрған аяқ 1,5-2,5 табанға жылжиды және өкшеден табанға ауыса қойылады. Ұмтылыс үздіксіз орындалады.

      Әржақты ұмтылыс – сол жақ қалыптан сол аяқпен немесе оң жақ қалыптан оң аяқпен ұмтылу. Қарсыласты біржақты ұмтылыспен ұрып немесе түйреп жоюға арақашықтық мүмкіндік бермеген жағдайларда қолданылады. Ұмтылысты орындау үшін кеудені алға еңкейтеді және сол аяқты бүгеді, сонымен бір уақытта бүгілген оң аяқты сол аяққа қарай тарта отырып, дененің салмағын сол аяққа ауыстырады, содан кейін сол аяқтан қатты серпілу арқылы оң аяқпен 3-4 адым алға ұмтылыс жасайды. Ұмтылыс үздіксіз орындалады.

      Өзін-өзі сақтандыру тәсілдері деп қарсыласпен жекпе-жек кезінде жерге соғылып зақымданудың алдын алуды қамтамасыз ететін құлау және жинақталу тәсілдері аталады. Жаттығулар алға, артқа және бір бүйірге құлау кезінде орындалады.

      Құлау және жинақталу тәсілдері мыналарды құрайды:

      Жинақталу – жерге отыра қалып, екі қолмен аяқ балтырларын қапсыру, екі тізе арасы сәл алшақ, өкшелер бірге, кеудені еңкейтіп, иекті кеудеге тигізіп, басты төмен ию. Балтырларды қолмен қаусырып, кеудені сандарға жақындату.

      Алға айналып түсу – бастапқы тұрыстан жүрелей отырып, тізелерді екі жаққа аздап алшақтату, алақандармен жерге тірелу. Алақандарға (саусақтарды ішке қайыра ұстап) сүйене, аяқтармен итеріліп, арқамен алға қарай айналып түседі. Ұшып тұрып, ұрысқа әзірленеді.

      Артқа айналып түсу – бастапқы тұрыстан жүрелей отырып, иекті кеудеге қысып, артқа қарай құлап бара жатып жинақталу. Иықтар жерге тиген сәтте, бастың тұсында қолдарына сүйене отырып, баспен артқа айналып түседі, ұшып тұрып, ұрысқа әзірленеді.

      Алға құлау – бастапқы тұрыстан алға құлай бере екі аяқпен серпіле секіру және жартылай бүгілген және шынтақтары екі жаққа ашылған қолдарға қарай құлау; қолдарды бүге отырып, кеудеге түсу; кеудеден ішке қарай бел тұсында иіле айналып түсу. Құлауды аяқтағаннан кейін, тұрып, бастапқы қалыпты қабылдайды немесе ұрысқа әзірленеді.

      Артқа құлау – бастапқы тұрыстан жүрелей отыра және артқа құлай бере, екі жаққа жазылған қолдардың сонымен бір уақытта жерге алдын ала (кеудеден 45° артық емес бұрыш жасай отырып) соғуымен құлауды жұмсарта отырып арқамен айналып түсу. Құлауды аяқтағаннан кейін тұрады және бастапқы қалыпты қабылдайды.

      Бір бүйірге құлау – бастапқы тұрыстан жүрелей отыра және сонымен бір уақытта денені оңға (солға) бұра айналдыра отырып, жерге оң (сол) аяқпен (бөксемен) түсу және алға созылған оң (сол) қолмен және аяқтармен жерге алдын алу соққысын жасай отырып, жинақтала оң (сол) бүйірге домалау.

      Соңғы қалып – тізе және жамбас буындарында бүгілген бір аяғы тізе және жамбас сыртымен жататындай, екіншісі оның алдында табанын толық басып тұратындай, алдын алу соққысын беретін қол тізеден 15-20 см жерде болатындай, ал бас жоғары созылған екінші қолға тиіп тұратындай етіп бір бүйірде жату. Құлағаннан кейін орнынан тұрып, бастапқы қалыпты қабылдайды.

      Иықтан айналып түсу – бастапқы (бір қырынан) тұрыстан алға қарай еңкею және сол (оң) қолды алақанын төмен қаратып аяқ арасынан өткізу, иекті кеудеге тигізу; аяқпен серпіліп барып, диагональ бойымен сол (оң) иықтан сол (оң) аяқ (бөксе) бағытында домалап түсу және сол (оң) бүйірге жату қалпын қабылдау.

3-параграф. Кедергілерден өту

      71. Кедергілерден өту бойынша сабақтар табиғи (жасанды) кедергілерден өту дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге, арнайы тәсілдер мен іс-қимылдарды орындауға, шапшаңдық пен жылдамдық-күш төзімділігін дамытуға, көп мөлшердегі дене жүктемесімен ұжымдық іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруге, өз күшіне сенімділікке, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

      Кедергілерден өту бойынша сабақ жекелеген табиғи (жасанды) кедергілермен жабдықталған жергілікті жерлерде немесе арнайы салынған кедергілер жолақтарында әскери киім нысанында өткізіледі.

      72. Сабақтардың мазмұнына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жаттығулар:

      1) жеке және бөлімшелер құрамында көлденең және тік кедергілерден өту;

      2) жүкпен жеке және бөлімшелер құрамында құрылыстардағы, жауынгерлік техника макеттеріндегі арнайы тәсілдер мен іс-қимылдар;

      3) дәлдікке гранат лақтыру (бақылау жаттығуларын орындау шарттары бойынша);

      4) кедергілер жолағындағы бақылау жаттығулары енгізіледі.

      73. Сабақтың негізгі бөліміне зерделенген тәсілдер мен іс-қимылдарды әртүрлі қарқынмен орындай отырып, ұзындығы 40-кедергілер жолағы учаскесінен өту, сондай-ақ дәлдікке граната лақтыру жаттығулары кіреді. Жаттығу тізбекпен, жарыстық-топтық тәсілмен немесе айналма эстафета түрінде өтеді. Граната лақтыру көлденең, одан соң тік нысаналар бойынша кезекпен жүргізіледі. Әрбір сабаққа бақылау жаттығуы немесе оның көбірек бөлігі орындалатын, 6000 метрге дейін жүгірумен үйлестірілетін кешенді жаттықтыру және басқа да кешенді жаттығулар кіреді. Жаттықтыру жұптар, топтар немесе бөлімше құрамында тізбекпен ұйымдастырылады.

      74. Кедергілерден өту бойынша сабақтарда жарақаттанудың алдын алу шаралары:

      5) биік кедергілерден секіру кезінде түсетін жерлерді қазумен және ағаш үгінділерін (құм) толтырумен;

      6) сабақтарды қарумен, сондай-ақ тәуліктің қараңғы мезгілінде өткізген кезде аралықтар мен арақашықтықтарды ұлғайтумен;

      7) граната лақтыру нысаналарын жүгіру бағытынан шетке орындаумен;

      8) серпілу және жерге қону орындарын қардан, мұздан тазалаумен қамтамасыз етіледі.

4-параграф . Жылдамдатылған қозғалыс

      75. Жылдамдатылған қозғалыс бойынша сабақтар бөлімше құрамында, жалпыға бірдей немесе тізбекті тәсілмен стадионда, тегіс алаңда (спорт залында), сондай-ақ жол бойында және жол сыртында қиылысқан жергілікті жерде жүргізіледі.

      76. Жылдамдатылған қозғалыс бойынша сабақтардың мазмұнына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жаттығулар енгізіледі.

      77. Қысқа қашықтықтарға жүгіруге жаттықтырулар, сондай-ақ жаңа жаттығуларға үйрету сабақ басында өткізіледі. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруге үйрету – сабақ соңында жүргізіледі. Ұзақ қашықтықтарға жүгіру жаттықтыруларының бастапқы кезеңінде және қашықтыққа жүгірулерде даярлығы нашар әскери қызметшілер жеке топқа шығарылады, оларды жаттықтыруды офицерлер немесе сержанттар қатарынан тағайындалған әскери қызметші жүргізеді.

      78. Сабақтарда жарақаттанудың алдын алу:

      1) бой жазу жаттығуларын мұқият жүргізу, әсіресе суық ауа райында;

      2) оқытудың барлық кезеңінде әскери қызметшілердің даярлық деңгейін ескере отырып, жаттығулардың қолжетімді болуы және олардың тиісті мөлшерленуі;

      3) жаттығуға арналған орындар мен мүкәммалды дұрыс күтіп ұстау;

      4) үйренушілердің сабақ жетекшісі талаптарын дәл орындауы;

      5) аяқ киімді, киім-кешекті, керек-жарақ пен қару-жарақты мұқият үйлестіріп шақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

5-параграф. Шаңғы даярлығы

      79. Шаңғы даярлығы бойынша сабақтар шаңғымен және шаңғыда қозғалу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге, төзімділікті дамытуға, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге, организмді шынықтыруға бағытталған.

      Сабақтар бөлімше құрамында жалпыға бірдей немесе тізбекті тәсілмен 2 оқу сағаты ұзақтығымен жүргізіледі.

      80. Шаңғы даярлығы бойынша сабақтың мазмұнына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жаттығулар енгізіледі.

      81. Дайындық бөлігі:

      1) шаңғы мүкәммалы мен киім нысанының жай-күйін тексеруді;

      2) шаңғымен және шаңғыда саптық тәсілдерді орындауды;

      3) сабақтың негізгі бөлігін өткізу орнына қарай жылжуды қамтиды.

      Қозғалысты бастамас бұрын сабақ жетекшісі екі-үш тұйықтаушыны (оның бірі – дайындығы жақсы әскери қызметшілерден алынған сержант) тағайындайды және нұсқау беруді өткізеді.

      82. Сабақтың негізгі бөлігіне:

      1) шаңғыда қозғалу тәсілдерін зерделеу;

      2) жалпы және арнайы төзімділікті дамытуға жаттықтыру;

      3) шаңғымен және шаңғыда кедергілерден өту тәсілдерін, ұрыс тәсілдерін зерделеу және жетілдіру;

      4) әдістемелік білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кіреді.

      83. Шаңғыда қозғалу техникасына үйрету қарусыз және жабдықсыз жүргізіледі.

      84. Шаңғыда қозғалуға жаттықтыру әрбір сабаққа енгізіледі және 30-70 минут бойы жүргізіледі, алғашқы сабақтарда – қарусыз және жабдықсыз кедір-бұдыры аз жерлерде, кейінгі сабақтарда – қарумен және жабдықпен бедері барынша күрделі жерлерде, -25°С төмен емес температурада жүргізіледі.

      85. Сабақтың қорытынды бөлігі: қорытынды шығаруды, өздік жұмыс істеу үшін тапсырмаларды айқындауды және орналасқан орнына жылжуды қамтиды.

      86. Шаңғы даярлығы бойынша сабақтарда жарақаттанудың алдын алу:

      1) аяқ киімге шаңғы бекіткішінің, киім-кешектің, керек-жарақтың және қарудың сәйкес келуін тексерумен;

      2) сабақтарда дене жүктемесінің мөлшерін ескерумен және оны уақтылы төмендетумен;

      3) тау шаңғысы техникасының тәсілдерін ағаштан, бұтадан, түбірден, тастан, шұңқырдан, жырадан және басқа да кедергілерден таза тау беткейлерінде үйренумен;

      4) көтерілу, түсу, тежелу және бұрылу кезіндегі әскери қызметшілер арасындағы қозғалыс бағыты мен арақашықтықты, сондай-ақ жаттығу орындалғаннан кейін сапқа тұру орнын нақты көрсетумен;

      5) үйренушілерді қадағалаумен, олардың бір-бірін өзара қадағалаумен;

      6) үсік шалу белгілері байқалған кезде дереу көмек көрсетумен қамтамасыз етіледі.

6-параграф. Әскери-қолданбалы жүзу

      87. Әскери-қолданбалы жүзу бойынша сабақтар әскери-қолданбалы жүзудегі дағдыларды қалыптастыруға, су ішінде ұстамды болуға және сабырлылық сақтауға тәрбиелеуге, жалпы төзімділікті дамытуға және организмді шынықтыруға бағытталған.

      Әскери-қолданбалы жүзу бойынша сабақтар тек бөлімше командирі – офицердің басшылық етуімен өткізіледі, оған жүзу техникасын және үйрету әдістемесін жақсы меңгерген әскери қызметшілер қатарынан көмекшілер бөлінеді.

      88. Жүзу бойынша сабақтың мазмұнына осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жаттығулар: еркін әдіспен, брасспен жүзу, қарумен және киім-кешекте жүзу, тереңдікке сүңгу, суға секіру, батып бара жатқан адамға көмек көрсету, бөлімше құрамында су кедергілерінен жүзіп өту енгізіледі.

      Әскери-қолданбалы жүзу бойынша сабақтар арнайы жабдықталған су тоғандарында және су станцияларында судың температурасы +17ºС төмен емес болған кезде, сондай-ақ жабық және ашық бассейндерде өткізіледі. Су станциясында жүзу бойынша сабақтарды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      Жүзе білмейтіндерге – жағалауда өлшемі 10х15 метр, тереңдігі 1,2 метрге дейін түбі таза су тоғанының учаскесі жабдықталады.

      Жүзе білетіндерге – өлшемі 10х25 метр немесе 20х25 метр, старт алу орнында тереңдігі кемінде 1,5 метр бассейн жабдықталады.

      3-5 метрлік мұнарадан суға секіру бойынша сабақтарды өткізу үшін судың тереңдігі 3,5-4 метр болу қажет. 3 және 5 метрлік мұнаралар астындағы көрсетілген тереңдік тиісінше мұнара шетінен алға қарай 6 және 9 метр, жан-жағына 2,5 метр арақашықтықта болуға тиіс. Мұнара астындағы судың түбі тырбық ағаштар мен тастардан тазартылуға тиіс.

      89. Әскери-қолданбалы жүзу бойынша сабақтарға арналған орын оқу тақталарымен, судан жүзіп өтуге және суда атыс жүргізуге үйрету үшін қол асты құралдарымен, ұзындыққа сүңгу кезінде сақтандыру үшін ұшында қалтқылары бар ұзындығы 3,5 метр баулармен, құтқару құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      90. Тікелей әскерлерде сабақтар өткізу бөлімше командирлеріне, ал әскери оқу орындарында – бөлімше командирлерінің қатысуымен дене шынықтыру кафедраларының оқытушыларына жүктеледі. Әскери қызметшілермен сабақтар дене шынықтыру дайындығы бастығының жалпы басшылық етуімен жетекшілер тағайындаған жас ерекшелігі топтары бойынша өткізіледі.

      91. Әскери-қолданбалы жүзу бойынша бірінші сабақта бөлімше командирлері әскери қызметшілердің жүзе білу шеберліктерін тексереді және жеке құрамды екі топқа бөледі:

      1) бірінші топ – жүзе білмейтіндер және нашар жүзетіндер;

      2) екінші топ – жүзгіштер, тәсілдердің біреуімен сенімді жүзетіндер және кемінде 200 метр жүзіп өтетіндер.

      Командир (бастық) әрбір топқа үздік жүзгіштер қатарынан жетекшіні тағайындайды. Бірінші топ командирдің жетекшілігімен жаттығады.

      92. Әскери-қолданбалы жүзуге үйрету алдымен құрлықта, одан кейін суда жүргізіледі.

      93. Суда жаттығуларды орындау үшін алдымен жүзу тәсілі аталады, одан кейін арақашықтық пен қарқын көрсетіледі.

      94. Жүзудің кез келген тәсіліне үйрету мынадай жүйелілікпен жүргізіледі:

      1) жалпы жүзудің тәсілдерімен және оның негізгі элементтерімен таныстыру;

      2) элементтер бойынша және жалпы құрлықта үйрену;

      3) суда аяқ, қол қозғалыстарын, тыныс алуды және аяқ, қолдың қозғалысын тыныс алумен байланыстыруға үйрену.

      Көрсету кезінде сабақ жетекшісі жүзу техникасын мынадай жүйелілікпен түсіндіреді: дене қалпы, аяқ қозғалыстары, қол қозғалыстары, тыныс алу және аяқ, қолдың қозғалысын тыныс алумен байланыстыру.

      Әскери қызметшілердің жүзу техникасын меңгеруіне қарай жүзу қашықтығы мен жылдамдығын біртіндеп арттыруға жаттықтыру жүргізіледі.

      Алғашқы сабақтарда аяқ қозғалысы мен дұрыс тыныс алуды пысықтауға басты назар аударылады.

      95. Старт алуды зерделеу мынадай жаттығулар арқылы жүргізіледі: бассейн (су станциясы) ернеуінен қол сермемей старттық секіру, старттық тұғырдан қол сермей секіру, жетекшінің командасы бойынша старттық секіру.

      96. Жүзу кезіндегі бұрылыстар алдымен орнында, одан кейін бассейн (су станциясы) қабырғасына жүзіп барумен зерделенеді. Старт алу мен бұрылыстарды жетілдіру техникаға, төзімділік пен жылдамдыққа жүзу кезінде жүргізіледі.

      97. Ұзындыққа сүңгуге үйрену тек сақтандыру ұштығын киіп жүргізіледі. Түбі зерттелмеген немесе бон, сал, баржа және басқа да сүңгу кезінде қауіп төндіретін заттарға жақын жерде сүңгуге жол берілмейді.

      98. Бассейн ернеуінен суға секіруді меңгергеннен кейін оны мұнарадан жетілдіру мынадай жүйелілікпен жүргізіледі:

      1) аяқпен төмен;

      2) 2)тік осьті 90, 180 және 360°-қа айнала аяқпен төмен ;

      3) баспен төмен.

      Суға қарумен киім-кешекте секіру тек аяқпен төмен орындалады.

      99. Суда қарумен киім-кешекте жүзу жеке құтқару құралдарымен (құтқару кеудешелері, кеудешелер, белдіктер), сондай-ақ киім-кешектен, жабдықтан, қолда бар материалдан жасалған қалтқылармен де және демеу құралдарынсыз жүргізіледі.

      100. Есуге және ескекті шлюпкаларды басқаруға үйрету үйренушілер шлюпканың құрылысын, қару-жарағы мен жабдығын, сондай-ақ жүзудің әртүрлі жағдайларында оны пайдалану нормаларын зерделегеннен кейін ғана жүргізіледі. Сабақ жетекшілері ретінде шлюпканы өз бетімен басқаруға куәлігі бар офицерлер мен старшиналар тартылады. Шлюпканың оқу командасының құрамына сабақ жетекшісі, үйренушілер қатарынан тағайындалған шлюпка старшинасы және алты ескекші (матростар, курсанттар) кіреді.

      Тақырыптарды пысықтау кезінде мынадай реттілікті ұстануға кеңес беріледі:

      1) шлюпканы сабаққа дайындау (ескектерді аяқ тіреуіштерін сәйкес келтіру);

      2) ескекшілерді шлюпкаға отырғызу;

      3) ескекшілердің өзін-өзі ұстау қағидалары мен міндеттері;

      4) үшке дейін санаумен есу;

      5) екіге дейін санаумен есу;

      6) санамай есу;

      7) ескекпен қозғалу кезінде әртүрлі командаларды орындау;

      8) межеге, бөшкеге, трапқа, пирске жақын келу және тынық ауа-райында олардан шығып кету;

      9) шлюпканы ату ұңғымасына және бакштовқа қою;

      10) зәкірге қою және зәкірден алу;

      11) трапқа салқын ауа райында жақын келу және одан кету;

      12) жағалауға соқпа толқын кезінде жақын келу және одан кету;

      13) корабль бортынан құлаған адамды құтқару;

      14) апатқа ұшыраған кемеге жақын келу және оның командасына көмек көрсету;

      15) шлюпкаларды тіркеуге алу.

      Жетекші әрбір тақырыпқа сабақтың мақсатын, пысықталатын мәселелерді, әрбір зерделенетін мәселеге бөлінетін уақытты және сабақты өткізу орнын көрсете отырып, жоспар жасауға тиіс. Бір сабаққа он минуттық үзіліспен кемінде екі сағат бөлінеді. Институтта және қырық бес минуттық (академиялық) сағатпен оқитын оқу-жаттығу жасақтарында әрбір сабаққа төрт сағаттан бөлу ұсынылады. Одан ұзақ сабақтар шаршатады, қысқа сабақтардың тиімділігі аз, өйткені уақыттың елеулі бөлігі шлюпканы түсіруге және көтеруге кетеді. Шлюпкадағы ескектер мен аяқ тіреуіштерін бойға шақтап келтіру бір рет, сондай-ақ шлюпканы жарысқа дайындаған жағдайда жүргізіледі. Ескекшілерді шлюпкаға отырғызуға үйрету корабльде немесе жағалауда басталады. Алдымен жағалаудан отырғызу, одан кейін – пирстен, корабль трапынан отырғызу, ең соңында штормтрап пен мусингтері бар шкентельді пайдалана отырып ату ұңғымасынан отырғызу. Соңғы тәсілге көп назар аудару қажет. Ескекшілер жыртылған құралдарды тез қалпына келтіруі және команда мүшелерінің міндеттерін дұрыс орындауы үшін алғашқы сабақтардың біреуінде оларды теңіз түйіндерін түйе білуге және қарапайым такелаждық жұмыстарды орындауға үйрету қажет. Есу бойынша бірінші сабақты бакштовта, бөшкеде немесе пирсте тұрған шлюпкада бастау ұсынылады. Бакштовта тек қозғалысты бастау мен аяқтауға және шлюпканы басқа кемелермен түйістірмей алып жүруге қажетті дағдылар пысықталады. Корабль жоқ болған кезде трапқа жақын келуді пысықтау үшін сабақ жүргізілетін ауданда осы мақсатта зәкірде тұратын қамтамасыз ету катерін пайдалану ұсынылады. Соқпа толқын кезінде жағалауға жақын келуді толқындар баяулаған кезде және су температурасы 16° С төмен болмаса, құмды жағалауда пысықтаған дұрыс. Әрбір маневрді (ескекте немесе желкен астында) пысықтауды жетекші старшина мен ескекшілердің іс-қимылдарын түсіндіруден және маневрдің орындалуын көрсетуден бастайды. Одан кейін рульге үйренушілер кезекпен отырады. Әрқайсысы маневрді өз бетінше екі-үш рет орындайды. Старшина рөлінде жолдастарының іс-қимылдарын қадағалай отырып, үйренуші өз қателіктерін дұрыс түсінеді, маневр орындауды тез меңгереді. Рульдегіні ауыстыру үшін "Орындарыңмен ауысыңдар" командасы беріледі. Арт жақтағы орындыққа алдымен шлюпканың оң жақ бортындағы соңғы (ескек) банкада отырған ескекші орналасады. Қалған ескекшілер сағат тілінің жүру бағыты бойынша бір орынға ауысады. Старшина сол жақ борттағы ескек банкада отырған ескекшіні ауыстырады. Шлюпкадағы орындарын ауыстыра отырып, ескекшілер екі борттан да есуді және команданың кез келген мүшесінің міндеттерін орындауды үйренеді. Жетекші маневрдің орындалуын мұқият қадағалай отырып, рульдегінің іс-қимылына (шлюпкаға қауіп төнген жағдайларды қоспағанда) кедергі жасамауы тиіс. Талдау мен ескертулерді кейін жасауға болады. Қатемен, бірақ өз бетімен орындалған маневрдің дұрыс, бірақ жетекшінің көмегімен орындалған маневрге қарағанда, үйренушіге пайдасы көп екенін ұмытпау қажет. Сабақ соңында үйренушілерге келесі тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға (оқу құралдарын көрсете отырып) тапсырма беру қажет. Әрбір келесі сабақта үйренушілерден бақылаулық сауал жүргізу, сондай-ақ бұрын зерделенген тәсілдер мен маневрлерді толық пысықтағанға дейін қайталау және жетілдіру ұсынылады.

      Сонымен қатар, жетекші ескекшілерді шлюпка құбылнамасын, навигациялық картаны және шлюпкалық белгі беру кітабын пайдалануға, бекеттермен, корабльдермен және шлюпкалармен көзбен шолу байланысын ұстауға үйретуі тиіс. Құбылнамамен және ауданның навигациялық картасымен сабақ өткізу үшін бұл заттардан басқа шлюпкаға жол көрсетуші құралдар жиынтығы, жай қарындаштар мен өшіргіш алынады. Жетекші құбылнама шлюпкаға қалай орнатылатынын, екі пеленг бойынша шлюпканың орны қалай айқындалатынын және шлюпка бағыты құбылнама арқылы қалай айқындалатынын және ұсталатынын көрсетеді. Шлюпкалық белгі беру кітабын пайдаланудағы дағдыларды пысықтау мақсатында жетекшінің өтінімі бойынша сабақ болған уақыттабекетте (корабльде) арнайы белгі берулер көтеріледі, ал ескекшілер шлюпкалық белгі беру кітабын пайдалана отырып, олардың мағынасын баяндайды.

7-параграф. Спорттық ойындар

      101. Спорт және қимыл-қозғалыс ойындары бойынша сабақтар шапшаңдықты, ептілікті, жалпы және жылдамдыққа төзімділікті, кеңістікке бейімділікті дамытуға; ұжымдық іс-қимылдардағы дағдыларды қалыптастыруға, табандылыққа, батылдыққа, бастамашылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеуге; ақыл-ой мен дененің жұмыс қабілеттілігін сақтауға; оқу-жаттығу жауынгерлік қызметтің ауыр жағдайларынан кейін эмоциялық күйзелісті басуға бағытталған.

      Спорт және қимыл-қозғалыс ойындары бойынша сабақтардың мазмұнына:

      1) баскетбол,

      2) волейбол;

      3) гандбол;

      4) футбол;

      5) регби;

      6) теннис;

      7) үстел теннисі енгізіледі.

      102. Техникалық тәсілдерге үйрету екі қатарлы сапта бір-біріне қарама-қарсы тұрған жаттығушылар арасында белгіленген аралықтар мен арақашықтықта, сондай-ақ үйренушілер лекте немесе шеңбер бойымен орналасқан кезде жүргізіледі.

      Тактикалық іс-қимылдарға үйрету техникалық тәсілдерді орындауды жетілдірумен бір уақытта, сондай-ақ екі жақты оқу-жаттығу жаттықтыру ойындарында жүзеге асырылады.

      Екіжақты оқу-жаттығу жаттықтыру ойындары алғашқыда командалардағы ойыншылар санын арттыруды немесе азайтуды, алаң көлемін кішірейтуді және ойын қағидаларын сақтауға төмендетілген талаптарды қоюды қамтитын жеңілдетілген қағидалар бойынша жүргізіледі

4-тарау. Спорттық жұмыс

      103. Бөлімшедегі спорттық жұмыс жаппай спорт пен бөлімнің құрама командаларын даярлауды қамтиды. Спорттық жұмыстың негізгі нысандары спорт бойынша оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтары, спорттық және әскери-спорттық жарыстар, спорттық мерекелер, кештер, сондай-ақ жаппай және спорттық іс-шаралар, Әскери-спорт кешені бойынша жұмыс болып табылады. Әскери бөлімде (мекемеде) жаппай спорт жөніндегі іс-шаралар аптасына 3 рет: екі рет – жұмыс күндері сабақтан бос уақытта 1 сағаттан және демалыс және мереке күндері – 3 сағаттан өткізіледі.

      104. Жеке құраммен спорттық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу үшін Бас штаб пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департаменттерінде, басқармаларында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бас басқармаларында, әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдерде, әскери оқу орындарында, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда командирлер (бастықтар) орынбасарларының біреуінің басшылық етуімен спорт комитеттері құрылады. Спорт комитеті командирдің (бастықтың) бұйрығымен тағайындалады және 5-9 адамнан (төраға, оның орынбасарлары, хатшы және комитет мүшелері) тұрады.

      105. Спорт комитеті әскери бөлімнің командирі (бастығы) бекіткен ай сайынғы жоспар бойынша жұмысты ұйымдастырады. Анағұрлым маңызды мәселелерді спорт комитеті кемінде үш айда бір рет өткізілетін отырыстарда талқылайды.

      106. Бөлімшеде спорттық жұмысты ұйымдастыру мен оны жүргізуде командирге көмек көрсету үшін спорт ұйымдастырушысы тағайындалады.

      Спорт ұйымдастырушысы бөлімшедегі спорттық жұмысты ұйымдастыруға және оны жүргізуге қатысады, Әскери-спорт кешенінің жаттығулары мен талаптарын орындаған әскери қызметшілердің материалдарын ресімдейді және бөлімше командиріне ұсынады.

      107. Жарыстарды өткізу алгоритмі жарыстар туралы регламентпен айқындалады. Онда спорттың әрбір түрі бойынша жарыстардың міндеттері, бағдарламасы мен шарттары, жеке және командалық біріншілікті айқындау, жеңімпаздарды наградтау және өтінімдер беру тәртібі көрсетіледі.

      108. Әскери қызметшілер жергілікті дене шынықтыру және спорттық ұйымдар өткізетін жарыстарға белсенді қатысады. Оқу-жаттығу жаттықтыру жиындары мен жарыстардың ұзақтығына байланысты спортшыларды іссапарға жіберуге рұқсатты:

      1) әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) – 5 тәулікке дейін;

      2) құрама командирі – 10 тәулікке дейін;

      3) ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери оқу орындарының бастықтары – 20 тәулікке дейін береді.

      ҚК спортшыларына ерікті спорттық қоғамдардың, дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың, басқа да министрліктер мен ведомстволардың командалары үшін ойнауға тыйым салынады.

      109. Республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалу, қатысу үшін ҚК спортшыларын іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығымен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

1-параграф. Әскери-спорт кешені

      110. ӘСК жаттығуларын орындауға емдік дене шынықтыру тобында жаттығатын және денсаулық жағдайы бойынша босатылған әскери қызметшілерден басқа, барлық әскери қызметшілер тартылады.

      111. ӘСК жаттығуларын орындауды бағалау құқығы рота командирлері және одан жоғарылар қатарынан тексерушілерге, сондай-ақ төрешілер бригадаларына беріледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері тиісті құжаттарда және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес А1 форматынан кем емес арнайы есепке алу ведомосында көрсетіледі.

      Балдарды есептеу ҚК дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нормативтерге сәйкес жүргізіледі. Орташа балл кейіннен орындалған жаттығулар санына бөле отырып, барлық орындалған жаттығулар үшін алынған балдарды қосу жолымен айқындалады.

      112. ӘСК-ның барлық жаттығуларын орындаған әскери қызметшілер осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес "Спортшы жауынгер" белгісімен наградталуға ұсынылады:

      1) 2-дәрежелі – егер нормативтердің жартысы немесе одан артығы кемінде 60 балға, ал қалғаны кемінде 40 балға орындалса, барлық нормативтерді орындағаны үшін орташа балл кемінде 60 балл болса;

      2) 1-дәрежелі – егер барлық нормативтер кемінде 60 балға орындалса, барлық нормативтерді орындағаны үшін орташа балл кемінде 70 балл болса;

      3) "ҮЗДІК" – егер барлық нормативтер кемінде 60 балға орындалса, барлық нормативтерді орындағаны үшін орташа балл кемінде 80 балл болса.

      113. Жеке құрамды "Спортшы жауынгер" кеуде белгісімен наградтау үшін рота командирлері бөлімнің дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығына ӘСК талаптарын орындаған әскери қызметшілердің тізімін ұсынады. Бөлімнің (мекеменің) спорт комитеті "Спортшы жауынгер" кеуде белгісімен наградтауға ұсынылған әскери қызметшілерді ішінара тексеруді ұйымдастырады.

      114. Әскери қызметшілерді "Спортшы жауынгер" кеуде белгісімен наградтау әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен жүзеге асырылады. Кеуде белгісі мен куәлік осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес әскери қызметшілерге тегін беріледі (салтанатты жағдайда тапсырылады).

      ӘСК талаптарының орындалуы жыл сайын расталады.

5-тарау. Офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және әскери қызметші әйелдердің дене шынықтыру дайындығы

1-параграф. Офицерлердің және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы

      115. Офицерлердің және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы әскери қызмет талаптарына сәйкес олардың дене шынықтыру дайындығын сақтауға, денсаулығын нығайтуға, шынықтыруға, дене шынықтыру дайындығына басшылық жасаудағы, оны ұйымдастыру мен өткізудегі шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.

      Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу күндері мен уақыты, топтар құрамы, жетекшілері мен дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібі әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен айқындалады.

      Сабақтарда жаттығушылардың дене шынықтыру дайындығының әртүрлі деңгейімен айқындалатын жеке жұмыс тәсілі пайдаланылады және жүктемені қатаң нормалау, күрделілігі бойынша оңтайлы қимыл міндеттерін және дене шынықтыру жаттығуларын немесе оқу тапсырмаларын орындаудың мақсатқа сәйкес тәсілдерін таңдау жолымен іске асырылады.

      116. 5 жас және одан жоғары жас ерекшелігі топтарындағы офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін сабақтың дайындық бөлігінің ұзақтығы 15 минутқа дейін, ал қорытынды бөлігі – 10 минутқа дейін ұзартылады. Сабақ үдерісінде көп дене және статикалық күшті, шапшаң еңкеюлерді қажет ететін, сондай-ақ тыныс алудағы іркілісті ұзартуғажәне қатты күшенуге мәжбүр ететін жаттығуларды қолдануға шек қойылады.

      Жаттығуларды таңдау олардың буын қозғалмалылығын, иілгіштігін арттыруға және дене мүсінін жақсартуға бағытталғандығын ескере отырып жүзеге асырылады.

      117. Дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарынан басқа, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жаппай-спорттық жұмыстарға қатысуға, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларымен және дербес дене жаттығуымен ұдайы айналысуға міндетті.

      118. Жаппай-спорттық жұмысты ұйымдастыру кезінде әртүрлі жас ерекшелігі топтарының жарыстарын өткізу және олардың барлық жеке құрам үшін өткізілетін жарыстарға қатысуы жоспарланады. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ӘСК жаттығулары мен талаптарын орындауға, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізуге тартылады, оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыруға, спорттық жарыстарға төрешілік етуге белсенді қатысады.

      Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге сол немесе өзге де спорт түрлері бойынша сабақтарды еркін таңдау мүмкіндігі беріледі.

      Оқу және лагерьлік жиындар кезеңінде офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен дене шынықтыру дайындығы бойынша маманның немесе жақсы даярланған офицердің басшылық етуімен топтар құрамында таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары ұйымдастырылады және өткізіледі. Жаттығу 20-30 минут бойы жүргізіледі.

      119. Жаттығулар мазмұнын дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерден алынған және әскери қызметшілердің организміне жан-жақты ықпал ететін арнайы таңдалған жаттығулар құрайды.

      120. Штабтардың офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін күн тәртібінде ұзақтығы 5-10 минут дене шынықтыру үзілістері көзделген.

      Дербес дене жаттығуымен офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызметтік және қызметтен тыс уақытта айналысады. Жаттығулар мазмұнын гимнастикалық снарядтар мен тренажерлардағы, эспандермен, резеңке бұраумен (бинтпен), гантельдермен жаттығулар, ұзақ жүгіру мен жүру, жүзу, шаңғымен қозғалу, спорт және қимыл-қозғалыс ойындары құрайды. Дене шынықтыру дайындығы мен спорт және әскери-медициналық қызмет бастығы дербес жаттығатын офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен кезең-кезеңімен сабақтың мазмұны мен әдістемесі бойынша нұсқау беруді жүргізеді.

      121. Дене жаттықтыруы ұзақтығы 5-10 минут бой жазудан басталады, одан кейін 60-80 минут ішінде дене шынықтыру дайындығы бөлімдерінен алынған дене жаттығулары орындалады; жаттығу 3-5 минут бойы терең тыныс алуға және организмді салыстырмалы тыныш күйге келтіру мақсатында бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығуларды орындаумен аяқталады.

2-параграф. Әскери қызметші әйелдердің дене шынықтыру дайындығы

      122. Әскери қызметші әйелдердің дене шынықтыру дайындығы жалпы дене шынықтыру дайындығын арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға бағытталған, қызметтік іс-қимыл сипаты мен әйел организмнің ерекшеліктерін ескере отырып өткізіледі.

      123. Сабақ процесінде жұмыс пен демалысты ұтымды кезектестіру сақталады, спорттық, көркем және ырғақты гимнастикадан алынған иілгіштікке және денені босаңсытуға арналған жаттығулар кең қолданылады.

      Әскери қызметші әйелдер таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуымен дербес айналысады.

      124. Әскери қызметші әйелдермен өткізілетін сабақтардағы дене жүктемесі басым түрде орындалатын жаттығулар көлемі есебінен бір сабақтан екіншісіне арттырылатына эробикалық жұмыс режиміне сәйкес келуге тиіс. Жүктеме тамыр соғысының жиілігіне қарай реттеледі және олардың жасы мен дене шынықтыру дайындығының деңгейін ескере отырып айқындалады. Кезекшілік процесінде және қызметтік күн бойына аз қозғалатын жұмыстарды орындау кезінде ұзақтығы 5-10 минут дене жаттығулары кешені орындалады. Оларды орындау уақытын, орнын, кезеңділігі мен тәртібін тиісті командир (бастық) белгілейді.

      Дәрігер (акушер-гинеколог) жүктілікті анықтаған сәттен бастап босануға дейінгі декреттік демалыс мерзіміне дейін (жүктіліктің 30 аптасы) дене шынықтыру дайындығынан босатылады.

      Әскери қызметші әйелдердің менструальдық циклі уақытында дене шынықтыру дайындығымен айналысуы медицина қызметі бастығының анықтамасы бойынша жеке шешілуге тиіс.

6-тарау. Әскери оқу орындарындағы дене шынықтыру дайындығы

      125. Әскери оқу орнындағы дене шынықтыру дайындығын ауыспалы және тұрақты құрамның әскери қызметшілері ұйымдастырады.

      Әскери оқу орындары магистранттарының (тыңдаушыларының), курсанттарының дене шынықтыру дайындығы жалпы әскери пән болып табылады. Жалпы және арнайы міндеттерді шешумен қатар дене шынықтыру дайындығы әскери қызметшілердің теориялық білімдерді, дене шынықтыру дайындығына басшылық жасаудағы, оны ұйымдастыру мен өткізудегі ұйымдастыру-әдістемелік шеберліктерін меңгеруіне бағытталған.

      ҚК әскери оқу орындарына түсуге кандидаттар үш жаттығу бойынша тексеріледі:

      1) белтемірде тартылу;

      2) 100 метрге жүгіру,

      3) 3000 метрге жүгіру;

      Жүзу – жағдай болған кезде. Тексеру нәтижелері қабылдау комиссиясына ұсынылады, кандидаттарды әскери оқу орындарына қабылдау туралы мәселені шешу кезінде ескеріледі және оқуды бітіргенге дейін сақталады.

      Тұрақты құрамдағы офицерлердің дене шынықтыру дайындығы тұрақты кәсіби қызметті қамтамасыз ететін физикалық жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстауға бағытталған. Ол кәсіби даярлық бөлімдерінің бірі болып табылады және қызмет уақытында аптасына 3 сағат жоспарланады.

      Офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және әскери қызметші әйелдерге дене шынықтыру дайындығы жеке жоспарланады.

      126. Әскери оқу орындарында дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мен өткізуді оқу бөлімі және дене шынықтыру дайындығы мен спорт кафедрасы (цикл) жүзеге асырады.

      Оқу сабағы үшін баға оқушылардың жаттығуды іс жүзінде орындаған жағдайда теориялық және әдістемелік материалды меңгеруін ескере отырып қойылады.

      1) "өте жақсы" – кемінде 60 балл;

      2) "жақсы" – кемінде 40 балл;

      3) "қанағаттанарлық" – кемінде 20 балл.

1-параграф. Курсанттардың дене шынықтыру дайындығы

      127. Әскери оқу орындарының курсанттары:

      1) бірінші курста – мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне арналған дене шынықтыру жаттығуларының көлемін, бөлімше командирі рөлінде дене шынықтыру дайындығын жүргізудің теориялық ережелері мен ұйымдастыру-әдістемелік шеберліктерін;

      2) екінші курста – бағдарламамен белгіленген дене шынықтыру жаттығуларының көлемін, бөлімше командирі рөлінде дене шынықтыру дайындығын жүргізудің теориялық ережелері мен ұйымдастыру-әдістемелік шеберліктерін;

      3) үшінші және одан жоғары курстарда – дене шынықтыру жаттығуларының бүкіл көлемін, рота командирі ролінде дене шынықтыру дайындығын жүргізудің теориялық ережелері мен ұйымдастыру-әдістемелік шеберліктерін меңгереді.

      128. Курсанттар әскери практика кезеңінде жеке құраммен дене шынықтыру дайындығының әртүрлі нысандарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша тапсырмаларды орындайды.

2-параграф. Магистранттардың дене шынықтыру дайындығы

      129. Университеттің магистранттары (тыңдаушылары) әрбір оқыту курсында оқыту бағдарламасына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын, теориялық ережелерді және ұйымдастыру-әдістемелік шеберлекті игереді.

      130. Амбулаториялық емделуде немесе диспансерлік-қарқынды қадағалауда тұрған және дене жүктемелерінен босатуды қажет ететін әскери оқу орындарының магистранттары (тыңдаушылары) мен курсанттары дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу сабақтарынан босатылмайды, әдістемелік практикадан өтетін сабақтарға тартылады.

      Оқу сабақтарында бағдарламада көзделген дене шынықтыру жаттығуларын меңгермеген әскери оқу орындарының магистранттары (тыңдаушылары) мен курсанттары емтихандар мен сынақтарға (аралық бақылауға) дене шынықтыру жаттығуларын сабақтан бос уақытта және өз бетімен даярлану сағаттарында меңгергеннен кейін ғана жіберіледі.

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардан босатылған немесе диспансерлік-қарқынды қадағалауда тұрған магистранттар (тыңдаушылар) мен курсанттар диспансерлік-қарқынды қадағалау аяқталғаннан кейін бақылау жаттығулары бойынша тексеруден өтеді.

      131. Дене шынықтыру дайындығы бойынша үлгерімі өте жақсы тұрақты құрам офицерлері командирдің шешімі бойынша әскери оқу орны спорт секцияларының біреуінде таңдаған спорт түрімен өз бетімен шұғылдана алады, олар тек тексеруге ғана тартылады. Оқу бағдарламасы жаттығуларының біреуінен "қанағаттанарлықсыз" деген бағасы бар тұрақты құрам офицерлерінің үлгерімі нашар деп танылады және арнайы ұйымдастырылған топтарда қосымша шұғылданады.

7-тарау. Кадеттердің дене шынықтыру дайындығы

      132. Кадет корпусы тәрбиеленушілерінің дене шынықтыру дайындығы дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, денсаулықтарын нығайтуға, организмін шынықтыруға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға, қоғамдық-белсенді тұлғаны сипаттайтын рухани және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталған.

      133. Кадеттердің дене шынықтыру дайындығы оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесінде оқу-жаттығу сабақтары (сабақтар), таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары мен дене жаттығулары түрінде ұйымдастырылады және өткізіледі. ҚК түрінің дене шынықтыру дайындығының бағыттылығына сәйкес келетін оның дамыту-сауықтыру, білім беру, тәрбиелік және әскери-қолданбалы бағыттары бар.

      Дене шынықтыру дайындығы дене бітімін жүйелі жетілдіру қажеттілігін тәрбиелеуге ықпал етеді.

      Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру дайындығының негізгі құралы дене шынықтыру жаттығулары болып табылады. Олар үйренушілердің жас ерекшеліктерін ескере, қауіпсіздік шараларын, гигиена талаптарын және шынықтыру қағидаларын сақтай отырып орындалады.

      134. Кадеттердің дене шынықтыру дайындығын жоспарлауды медицина қызметі бастығының қатысуымен оқу бөлімі және дене шынықтыру дайындығы мен спорт бастығы жүзеге асырады.

      Офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскери қызметші әйелдермен дене шынықтыру дайындығы жеке жоспарланады.

      135. Кадет корпусының оқу жылына және бір айға арналған оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі іс-шаралар жоспарының тиісті бөлімдерінде:

      1) дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу, нұсқау беру-әдістемелік, көрсету жаттығуларының және көрсету сабақтарының өткізілетін күні мен уақыты;

      2) дене шынықтыру дайындығы бойынша пәндік-әдістемелік комиссия отырыстарының, бөлімшелердің спорт ұйымдастырушыларымен, штаттық емес жаттықтырушылармен және спорт бойынша төрешілермен жиындардың (семинарларды) тақырыбы және өткізумерзімдері;

      3) спорттық және әскери-спорттық жарыстарды өткізу, Әскери-спорт кешенінің нормалары мен талаптарын орындау мерзімдері;

      4) бөлімшелерде дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыруды, оны өткізу барысын бақылау жөніндегі іс-шаралар және оларды өткізу мерзімдері көрсетіледі.

      Одан басқа, дене шынықтыру дайындығы бөлімінің (циклінің) бастығы:

      1) таңертеңгі денешынықтыру жаттығуларын өткізу жоспарын;

      2) кадет корпусының оқу жылына арналған спорттық жұмыс жоспарын;

      3) спорттық және әскери-спорттық жарыстар регламентін;

      4) дене шынықтыру дайындығының бөлімдері бойынша оқу-жаттығу сабақтарының оқу жылына арналған сабақ жоспарларын;

      5) дене шынықтыру дайындығын тұрақты құраммен өткізудің бір жылға (кезеңге) арналған жоспарын;

      6) дене шынықтыру дайындығын және спортты ұйымдастыру туралы бір жылға (кезеңге) арналған бұйрықты;

      7) бөлімшелердің дене шынықтыру дайындығы және спорт бойынша сабақтарға арналған орындарды пайдалану кестесін дайындайды.

      136. Ротадағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарында спорттық іс-шаралар мен сыныптан тыс спорттық жұмыстардың уақыты, мазмұны көрсетіледі.

      137. Дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мен өткізу жүктелген жетекшілердің даярлығы олардың теориялық білімдері мен әдістемелік біліктілігін арттыруды қамтиды. Ол оқу-әдістемелік жиындарда, кеңестерде, теориялық, нұсқау беру-әдістемелік сабақтарда, пәндік-әдістемелік комиссия отырыстарында, нұсқау беруде және өздік жұмыс процесінде жүзеге асырылады.

      138. Оқу сабақтары дене шынықтыру дайындығының негізгі нысаны болып табылады. Олар сабақ түрінде өткізілетін теориялық және практикалық сабақтар түрінде ұйымдастырылады. Сабақ ұзақтығы 50 мин (шаңғы даярлығы бойынша 100 минут).

      139. Дене шынықтыру дайындығы бойынша теориялық сабақтарды бөлімше құрамында дене шынықтыру дайындығы жөніндегі оқытушылар, сондай-ақ әскери-медициналық қызмет мамандары өткізеді. Теориялық сабақтарда мынадай сұрақтар зерделенеді:

      1) дене шынықтыру жаттығуларының адам организмінеықпал етуі;

      2) дене шынықтыру дайындығы бағдарламасы бойынша дене шынықтыру жаттығуларының мазмұны;

      3) ӘСК жаттығулары мен талаптары;

      4) жеке және қоғамдық гигиена талаптары;

      5) жарақаттанудың алдын алу шаралары.

      140. Практикалық сабақтар дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу сабақтарының негізгі түрі болып табылады. Олар дене шынықтыру дайындығының мынадай: гимнастика, кедергілерден өту, жекпе-жек күрес, жүзу, шаңғы даярлығы, жеңіл атлетика, спорт ойындары, сондай-ақ әдістемелік даярлық (соңғы курста) бөлімдері (тақырыптары) бойынша және кешенді жүргізіледі.

      141. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарда дене жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығы үйренушілердің дене шынықтыру дайындығы деңгейін, сабақ барысында шешілетін міндеттерді ескере отырып жоспарланады және оны оқытушы реттейді.

      142. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуының сауықтыру бағыты бар. Ол күн сайын тұрғаннан кейін 10 минуттан кейін таза ауада кемінде 40 мин ұзақтықпен жүргізіледі. Қолайсыз ауа райында бөлім бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша жаттығу жақсы желдетілген үй-жайда жүргізілуі мүмкін. Киім нысанын ауа температурасына және желдің күштілігіне байланысты бөлім бойынша кезекші белгілейді. Жаттығуды рота құрамында – бөлімше сержанты, кезең-кезеңімен взвод (рота) командирі жүргізеді.

      Жаттығуды өткізуді бақылауды күн сайын бөлім бойынша кезекші және кезең-кезеңімен – тиісті командирлер, бастықтар, дене шынықтыру дайындығы мен медицина қызметінің мамандары жүзеге асырады.

      Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуының нұсқаларын дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы әзірлейді және жоспарлайды.

      143. Спорттық жұмыс кадеттерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, олардың дене даярлықтарының деңгейін, спорттық шеберліктерін арттыру және бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.

      Спорттық жұмысқа аптасына кемінде 4 сағат бөлінеді. Оның негізін Қазақстан Республикасы халқының дене даярлықтарының Президенттік тесттері жаттығулары, Әскери-спорттық біліктіліктің спорт түрлері құрайды.

      Спорт бойынша оқу-жаттығу сабақтары:

      1) взводтар мен роталарда – Қазақстан Республикасы халқының дене даярлықтарының Президенттік тесттері, ӘСК жаттығулары бойынша барлық кадеттермен;

      2) спорт секцияларында – спорттың қандай да бір түрінде өз спорттық шеберлігін арттыруға тілек білдірушілермен;

      3) құрама командаларда – неғұрлым дайын спортшылармен өткізіледі.

      Кадет корпусының біріншілігіне спорттық және әскери-спорттық жарыстар жүйелі түрде, әдетте, жексенбі және мереке күндері өткізіледі.

      Кадет корпусы бастығының рұқсатымен спортшылар жергілікті дене шынықтыру және спорт ұйымдары өткізетін жарыстарға қатыса алады.

      144. Медициналық бақылауды медицина қызметінің мамандары ұдайы жүзеге асырады, олар:

      1) дене шынықтыру дайындығы мен спорттық жұмыстарды жоспарлауға қатысады;

      2) дене шынықтыру дайындығын, спорттық жаттықтырулар мен шынықтыруды өткізудің әдістемелік және гигиеналық қағидаларының бұзылуына байланысты адам организміне ықпал ететін қолайсыз әсер етулер туралыуақтылы ескертеді;

      3) оқу-спорттық базаның санитариялық-гигиеналық жай-күйін тексереді;

      4) спорттық және әскери-спорттық жарыстарды қамтамасыз етеді;

      5) спорттық жарақаттанудың алдын алу мен талдауды жүргізеді;

      6) өзін-өзі бақылау және өзін-өзі сылау дағдыларын қалыптастырады;

      7) тіреу-қозғалыс аппаратын дамытуды жақсарту және денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

      8) шынықтыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалайды;

      9) дене шынықтыру дайындығы мен спорт бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

      Санитариялық-гигиеналық жағдайлардың бұзылуы анықталған кезде оларды жоюға шаралар қабылданады.

      145. Спорттық жарыстар алдында қатысушылар медициналық қарап тексеруден өтеді. Арнайы медициналық тексерулер мен дәрігерлік бақылаулар мәліметтері кадеттің медициналық кітапшасына жазылады. Училищеден тыс жарыстарға қатысатын құрама команда қатысушыларына белгіленген үлгідегі спортшының дәрігерлік-бақылау карточкасы жүргізіледі.

      146. Дене бітімінің даму кемшіліктерінің алдын алуға:

      1) дене шынықтыру жаттығуларын барынша мақсатқа сәйкес пайдалану;

      2) денені тік ұстап жүру қағидасын сақтау және дене шынықтыру дайындығы сабақтарына оны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы дене шынықтыру жаттығуларын енгізу;

      3) дене бітімін түзету (түзеу) жаттығуларын оқу-жаттығу сабақтарына қосымша өткізу арқылы қол жеткізіледі.

      Офицерлер өздеріне бағынысты бөлімшелер жеке құрамының толық және жүйелі шынығуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.

      Күн нұры, ауа және су секілді табиғи факторлар шынығудың негізгі құралдары болып табылады.

      147. Лагерь кезеңінде күнделікті "күн сағаты" белгіленеді, сол уақыт ішінде науқастар мен нарядта тұрғандарды қоспағанда, барлық кадеттер белге дейін жалаңаштанып немесе ішкі киіммен таза ауада тұрады. Кадеттерменәртүрлі сабақтар, жаппай-спорттық іс-шаралар мен суға шомылу жүргізілуі мүмкін.

      Суға шомылу судың +17°С төмен емес температурасында суда болу уақытын температураға байланысты 1 минуттан 15 минутқа дейін арттырумен өткізіледі.

8-тарау. Дене шынықтыру дайындығының ерекшеліктері

      148. ҚР ҚК түрлеріндегі дене шынықтыру дайындығы жеке құрамның әскери-кәсіби қызметінің ерекшелігімен айқындалады және арнайы міндеттерде, жаттығулар тізбесінде, сабақтарды ұйымдастыруда және өткізу әдістемесінде көрінетін ерекшеліктері бар.

1-параграф. Әскери-әуе күштері

      149. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      1) әскери институттардың 1-2-курс курсанттары үшін – көбінесе жалпы және арнайы дене қасиеттерін дамыту;

      2) 3 және одан жоғары курстар курсанттары үшін – күштілік және үйлестірушілік қабілеттерін жетілдіру;

      3) 1-2-ші жас ерекшелігі топтарының ұшқыштар құрамы үшін – үйлестірушілік қабілеттерін, күш пен күшке төзімділігін, кеңістікте бағдарлануды жетілдіру;

      4) 3-6-шы жас ерекшелігі топтарының ұшқыштар құрамы үшін – күшке және статикалық төзімділіктерін сақтау, ұшуға төзімділікті ұзартуға ықпал ететін негізгі дене және арнайы қасиеттерін сақтау;

      5) авиациялық бөлімдердің ұшпайтын құрамының, байланыс және тыл бөлімшелерінің, штабтардың, профессорлық-оқытушылар құрамының әскери қызметшілері үшін – көбінесе ептілікті, жалпы және күш төзімділігін дамыту.

      150. Мыналар дене шынықтыру дайындығы сабақтарының жетекшілері болып табылады:

      9) ұшқыштық әскери-есептік мамандықтарына кіретін лауазымдардағы ұшқыштар құрамымен (әрі қарай – ұшқыштар құрамы)– эскадрилья (жасақ) командирі мен оның орынбасары, әскери бөлімнің дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы;

      10) авиатехникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандықтарының офицерлік құрамымен (бұдан әрі – инженерлік-техникалық құрам) – эскадрилья (жасақ) командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары.

      151. Ұшқыштар құрамымен дене шынықтыру дайындығы жас ұшқыштардың әскери-кәсіби қалыптасуының өзгешеліктерін, күнделікті оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет режимін, ұшқыштардың жаңа авиациялық техникаға қайта дайындықтан өту ерекшеліктерін және ұшу жұмысынан ұзақ уақытқа қол үзуінен (демалыстардан) кейін кәсіби қасиеттерін қалпына келтіруін, сондай-ақ арнайы орталықтар мен емдеу-сауықтыру орындарында болу жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.

      152. Жас ұшқыштардың әскери-кәсіби қалыптасу кезеңіндегі дене шынықтыру дайындығы ұшу даярлығының бағдарламасын орындауға дене әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әскери институттардан келген офицерлер ұшуларға жіберу сынағын тапсыру кезеңінде мынадай: 100 метрге, 1000 метрге жүгіру, белтемірде күшпен тартылу жаттығулары бойынша тексеріледі.

      Осы кезеңде өткізілетін сабақтар мазмұнына көбінесе іс-қимыл ептілігін, шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығулар енеді.

      Күнделікті оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесіндегі дене шынықтыру дайындығы әскери-кәсіби қызметтің қолайсыз факторларына организмнің төзімділігін арттыруға және жоғары кәсіби жұмыс қабілеттілігін сақтауға бағытталған.

      Ұшу жұмысындағы ұзақ уақыт үзілістен кейінгі дене шынықтыру дайындығы дене және арнайы қасиеттерді қалпына келтіруге бағытталған. Оның мазмұнына төзімділікті, іс-қимыл шапшаңдығын, кеңістікте бағдарлануды, эмоциялық төзімділікті дамыту жаттығулары кіреді.

      153. Ұшқыштар құрамының емдеу-сауықтыру орындарындағы дене шынықтыру дайындығы организмнің жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру және психикалық ширығуды басу мақсатында сауықтыру бағытында жүргізіледі. Оған спорт және қимыл ойындары, жүзу, гимнастика, шаңғы дайындығы, шапшаңдылған қозғалыс кіреді.

      154. Әскери институттардағы ұшқыш-нұсқаушылардың дене шынықтыру дайындығы командирлік және ұшуға алдын ала дайындық күндеріндегі курсанттардың оқу кезеңдері ескеріле отырып жүргізіледі. Ұшқыштар құрамымен дене шынықтыру дайындығының оқу-жаттығу жаттықтыру сабақтары жалпы дамыту, арнайы және қалпына келтіру-алдын алу бағытында болуы мүмкін.

      155. Ұшақ кабинасындағы жауынгерлік кезекшілікте дене шынықтыру жаттығулары әр 20-30 минут сайын өз бетімен орындалады және қозғалыссыздықтың теріс ықпалын төмендетуге, жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған. Оларға басты, кеудені бұру, қол мен аяқтың түрлі қозғалыстары, аяқ бұлшық еттерін статикалық ширықтырулар кіреді.

      Жауынгерлік кезекшілік барысында дене жаттықтыруларын ұйымдастыруға және өткізуге кезекші ауысым командирі жауап береді.

      156. Арнайы снарядтардың жарамдылығын сараптауды (тексеруді) үш айда бір рет бөлім командирінің (бастығының) орынбасары төрағалық ететін комиссия міндетті түрде тиісті актіні жасай отырып жүргізеді.

      157. Ұшқыштар құрамының дене даярлығы туралы мәліметтерді дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы дәрігерлік-ұшу комиссиясынан өту алдында медициналық кітапшаларға жазады.

2-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері

      158. ҚК Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі дене шынықтыру дайындығы әскери қызметшілердің қарсылас тылына десантталуға және жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуге дене әзірлігін қалыптастыруға бағытталған.

      159. Дене шынықтыру дайындығының негізгі міндеттері:

      1) көбінесе жалпы, күштік, жылдамдық төзімділігін, күштілікті, ойлы-шұңқырлы жерлермен ұзақ шаңғы жорықтарын және қашықтыққа жүгірулер жасауға қабілеттілігін дамыту;

      2) арнайы кедергілерден өту дағдыларын жетілдіру;

      3) саны жағынан басым түсетін қарсыласпен жекпе-жек айқасу іс-қимылдарына әзірліктерін қалыптастыру;

      4) денеге және психикаға түсетін жүктемелер аясында ұжымдық іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және ынтымақтастыққа тәрбиелеу болып табылады.

      160. Десантшылардың дене шынықтыру дайындығы шайқалысқа және тірек-қозғалыс аппаратына түсетін пәрменді артық жүктемелерге төзімділікті, оқу-жауынгерлік қызметтің артық дене жүктемелері ықпалына психикалық тұрақтылықты арттыруға, сондай-ақ батылдыққа, шешімділікке және өз күшіне сенімділікке тәрбиелеуге ықпал етуге тиіс.

      161. Жекпе-жек күресті кешенді сабақта өткізудің ерекшеліктері:

      1) алдымен шабуылдау тәсілдерін және қарумен, қолда бар құралдармен және қарусыз шабуылдау іс-қимылдарын;

      2) одан кейін қорғану және қарусыздандыру, кейіннен байлау, тінту, қарсыласты айдауылдау, пышақтар мен шағын күректерді лақтыру тәсілдерін зерделейді.

      Жекелеген тәсілдер мен жекпе-жек күрес қимылдарын зерделегеннен кейін жұптасып, сондай-ақ түрлі қарумен және қол асты құралдарымен қаруланған саны көп қарсыласпен оқу-жаттығу айқасулары жүргізіледі. Сабақтарда, қажет болса, жарақаттанудан сақтайтын қорғаныш құралдары пайдаланылады.

      Одан әрі зерделенген тәсілдер мен жекпе-жек күрес қимылдары тактикалық даярлық бойынша сабақтар процесінде жетілдіріледі. Жауынгерлік жағдайларда неғұрлым жиі кездесетін жеке және ұжымдық айқасулар түрлі жағдайларда пысықталады.

      162. Дене шынықтыру дайындығының жекелеген бөлімдері бойынша сабақтар қажет болған жағдайда оқыту кезеңінің басында бөлімдердің мазмұнымен және әдістемесімен бастапқы танысу үшін өткізіледі.

      Жүзу және шаңғы даярлығы кешенді жаттығулар мазмұнына енгізілмейді, жеке сабақтар түрінде өткізіледі.

      163. Спорттық жұмыстардың мазмұнына көбінесе десантшылардың әскери шеберлігін арттыруға көп ықпал ететін әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жаттығулар енгізіледі: кросстар, қашықтыққа жүгірулер, кедергілерден өту, әскери-спорттық жекпе-жектер мен көпсайыстар, парашют спорты, әскери-спорттық бағдарлау, қарумен киім-кешекте жүзу, сондай-ақ бокс, самбо күресі, каратэ, дзю-до, жекпе-жек күрес.

      164. Бөлімшелер сабақ орындарына жылжу кезінде, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша практикалық сабақтар барысында және олардан қайту кезінде жол үсті дене жаттықтыруылары өткізіледі.

      Жеке құрамның қашықтағы объектілерге баруы және объектілерден қайтуы, әуеайлақтарға жылжуы, секірулер кезінде және қону алаңдарынан қайту кезінде жүргізілетін жол үсті дене жаттықтыруларының мазмұнына: жол-жөнекей жасанды және табиғи кедергілерден өте отырып, жаяу тәртіпте немесе шаңғымен қашықтыққа жүгірулер жасау, жауынгерлік машиналарға отыруға және олардан түсуге жаттықтыру, жауынгерлік техниканың артына шаңғымен тіркелу жаттығулары енгізіледі. Оны нақты өткізуді, мазмұны мен әр нұсқасына арналған бақылау нормативтерін әскери бөлім командирінің орынбасары мен дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы айқындайды.

      165. Тактикалық даярлық үдерісінде дене жаттықтыруларын жүргізу кезіндемжылдамдыққа төзімділікті дамытуға бағытталған құралдарға: бөлімшені жауынгерлік машинадан түсіру және тізбекпен өрістету, взводты жаяу реттегі жорықтық лектен ұрыс алды және ұрыстық ретке және керісінше, сондай-ақ қарсыластың тұтқиыл шабуылына тойтарыс беру үшін өрістету жатады.

      Жылдамдық-күштілік төзімділігін дамытуға бағытталған құралдарға бөлімшені жауынгерлік машинаға отырғызу немесе одан орынға түсіру және қысқа жүгіріп өтулермен жылжу (50 метрге дейін) жатады.

      Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған құралдарға ұзақтығы 25 мин артық жаяу реттегі барлық қозғалыстар жатады.

      166. Тактикалық оқу-жаттығуларға немесе жауынгерлік іс-қимылдарға дайындық кезінде екі-үш апта бұрын дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардың мазмұнына кедергілер жолағынан өте отырып, 5-10 километр қашықтыққа жүгірулер жасау, қарумен шабуылдау тәсілдері, қарумен және қол асты құралдарымен оқу айқасулары түріндегі жұптық жаттығулар, бокс енгізіледі. Қашықтыққа жүгірулер дене шынықтыру дайындығының барлық түрлерінде жоспарланады және бір күн өткен сайын өткізіледі.

      Оқу-жаттығулардың басталуына үш-төрт күн қалғанда жоғары дене жүктемелері бар дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар тоқтатылады.

3-параграф. Мотоатқыштар бөлімшелері

      167. Мотоатқыштар бөлімшелеріне арналған дене шынықтыру дайындығы дене және психологиялық жүктемелер аясында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуге әскери қызметшілердің дене әзірлігін қалыптастыруға бағытталған.

      168. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      1) көбінесе жалпы төзімділікті, ойлы-шұңқырлы жерлермен ұзақ шаңғы жорықтарын және қашықтыққа жүгірулерді жасауға қабілеттілікті дамыту;

      2) ауыр денежәне психологиялық жүктемелер аясында кедергілерден өту дағдыларын жетілдіру, ұжымдық іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

4-параграф. Танк, артиллериялық және инженерлік бөлімшелер

      169. Танк, артиллериялық және инженерлік бөлімшелерге арналған дене шынықтыру дайындығы қозғалу белсенділігі шектеулі және басқа да қолайсыз факторлардың әсер етуі жағдайларында жауынгерлік міндеттерді орындауға әскери қызметшілердің дене әзірлігін қалыптастыруға бағытталған.

      170. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      1) көбінесе күштілікті, күш төзімділігін және ептілікті дамыту;

      2) ауыр дене және психологиялық жүктемелер аясында ұжымдық іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және ынтымақтасуға тәрбиелеу.

5-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

      171. Дене шынықтыру дайындығы қозғалу белсенділігі шектеулі болғанда және басқа да қолайсыз факторлардың ықпал етуі жағдайларында жауынгерлік кезекшілікті атқару кезіндегі жеке құрамның жоғары жұмысқа қабілеттілігін сақтауға ықпал етуге тиіс.

      172. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      жылдамдық-күш төзімділігін, ептілікті, шапшаңдықты, күш пен қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

6-параграф. Теңіз жаяу әскерінің бөлімшесі

      173. Теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелеріне арналған дене шынықтыру дайындығы ауыр дене және психологиялық жүктемелер аясында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердің дене әзірлігін қалыптастыруға бағытталған.

      174. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      1) жағалаулық, далалық және қалалық типтегі кедергілерден өту, граната лақтыру, қару алып киіммен жүзу, суда және су астында іс-қимыл жасау дағдыларын меңгеру;

      2) жекпе-жек күрес тәсілдерін меңгеру, сондай-ақ жалпы төзімділікті, іс-қимылдардағы шапшаңдықты дамыту, шайқалысқа төзімділікті арттыру, ойды-қырлы жерлерде шаңғыда ұзақ жорықтар және қашықтыққа жүгірулер жасауға дайындалу;

      3) ауыр дене және психологиялық жүктемелер аясында ұжымдық іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

7-параграф. Барлау бөлімшелері

      175. Барлау бөлімшелеріне арналған дене шынықтыру дайындығы ауыр дене және психологиялық жүктемелер аясында әскери қызметшілердің жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуге дене әзірлігін қалыптастыруға бағытталған.

      176. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      1) көбінесе жалпы жылдамдық төзімділігін, ептілікті, ойлы-шұңқырлы жерлермен ұзақ шаңғы жорықтарын және қашықтыққа жүгірулер жасауға қабілеттілігін дамыту;

      2) кедергілерден өту дағдыларын жетілдіру;

      3) саны жағынан басым түсетін қарсыласпен жекпе-жек айқасу іс-қимылдарына әзірліктерін қалыптастыру;

      4) ауыр дене және психологиялық жүктемелер аясында іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

8-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері

      177. ҚК Әскери-теңіз күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы жеке құрамның әскери-кәсіби қызметінің ерекшелігімен айқындалады және арнайы міндеттерде, жаттығулар тізбесінде, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде көрінетін ерекшеліктері бар.

      178. Дене шынықтыру дайындығының арнайы міндеттері мыналар болып табылады:

      суүсті корабльдерінің жеке құрамы, әскери-теңіз оқу орнының, оқу жасақтарының курсанттары үшін:

      1) жалпы төзімділікті, ептілікті, іс-қимылдағы шапшаңдықты, іс-қимылдағы үйлесімділікті, шайқалысқа төзімділікті айрықша дамыту;

      2) корабльде және оның құрылғылары бойымен қозғалу, суда және су астында іс-қимыл жасау дағдыларын меңгерту;

      3) ұзақ жорықта жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау, жорықтан кейін белсенді демалыс пен дене қасиеттерінің қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

      179. Жағалық бөлімшелер мен қамтамасыз ету әскери бөлімдерінің жеке құрамы үшін төзімділікті, күштілікті, күш төзімділігі мен ептілікті айрықша дамыту.

      180. Әскери-теңіз күштерінде дене шынықтыру дайындығын құру әскери мамандардың кәсіби қалыптасу кезеңдеріне, оқу мен жауынгерлік қызметтің түрлі кезеңдерінде шешілетін жалпы және арнайы міндеттерге қатаң сәйкестікте, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік мақсатын, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы мен әскери-кәсіби қызметі тиімділігінің өзара байланысы жағынан ерекшеленетін әскери қызметшілер топтары ескеріле отырып жүргізіледі.

      181. Жорыққа шыққанға дейін ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бекітетін мынадай құжаттар әзірленеді:

      1) жоғарғы палубаны және корабль үй-жайларын дене шынықтыру дайындығы сабақтарын өткізу үшін жабдықтау жоспары;

      2) жеке құрамды таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларында орналастыру жоспары;

      3) теңізде жүзу және зәкірге тұрақтау кезінде корабльде дене шынықтыру дайындығын өткізу жөніндегі нұсқаулық;

      4) жаппай-спорттық іс-шараларды жорықта өткізу жоспары.

      182. Жорыққа шығуға дейін 60-90 күн бұрын дене шынықтыру дайындығының міндеттері екі кезеңде шешіледі:

      бірінші (20-30 күн) – жалпы дене шынықтыру дайындығын арттыру;

      екінші (40-60 күн) – арнайы дене қасиеттерін және жорықтың қолайсыз факторларына төзімділікті дамыту деңгейін арттыру, психологиялық ширығуды басу, белсенді демалыс ұйымдастыру.

      Корабльдің жүзуге кетуіне 3-4 апта қалғанда дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы дене шынықтыру дайындығының жетекшілерімен оларды дене шынықтыру дайындығын жорық жағдайларында ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтарын өткізеді.

      Жорық алдында кемінде 15 тәулік бұрын және ұйымдасқан түрдегі жорықтан кейінгі демалыстың аяқталуына қарай жеке құрамның дене әзірлігінің деңгейіне тексеру жүргізіледі.

      183. Корабль жүзуде болған кезде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығы мынадай нұсқалардың бірімен жүргізіледі:

      1) бүкіл экипажбен (вахтада және жауынгерлік кезекшілікте отырғандарды қоспағанда);

      2) жауынгерлік бөлімдер, қызметтер, бөлімшелер бойынша кезекпен;

      3) жауынгерлік ауысымдар бойынша.

      184. Дене жаттықтыруы жеке құрамның жорықта дене жұмыс қабілеттілігін ұстаудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттықтырулары жорықтың күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі:

      1) дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар үшін арнайы орындар бөлінген корабльдерде - 20-30 минуттан 3 рет;

      2) оны өткізу үшін арнайы орындары жоқ корабльдерде – аптасына 3 рет 20-30 минут.

      185. Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары жорықта жауынгерлік бөлімдер мен ауысымдар бойынша неғұрлым ұзақ ұйқы кезеңінен кейін 15-30 минут бойына дене шынықтыру дайындығының штаттан тыс бастығының немесе жақсы дайындалған әскери қызметшілердің басшылық етуімен күнделікті өткізіледі.

      186. Дене шынықтыру жаттығулары вахтаға түсер алдында жауынгерлік ауысымдар бойынша нұсқау беру аяқталғаннан кейін мынадай реттілікпен: денеге күш сала иілу, отырып-тұру жаттығулары, назар салу және іс-қимыл үйлесімділігі жаттығулары, асылып тұру жаттығулары, орнында жүгіру және секіру жаттығулары 5-6 минут өткізіледі.

      187. Тасымалданатын бөлімшелердің дене шынықтыру дайындығы жүктеменің айрықша бағытталуымен ұйымдастырылады:

      1) бірінші күн – жылдамдық-күштілік;

      2) екінші күн – қимыл үйлесімділігі;

      3) үшінші күн – жалпы төзімділікті жетілдіру;

      4) төртінші күн – кешенді;

      5) бесінші – жылдамдық-күштілік;

      6) алтыншы – жалпы төзімділікті жетілдіру;

      7) жетінші – белсенді демалыс.

      Сабақтар мазмұнына іс-қимыл үйлесімділігін дамытуға бағытталған циклдық (60-70%), изометриялық, денені созу жаттығулары енгізіледі.

      188. Корабль тосқауыл түбінде тұрған кезде дене шынықтыру дайындығы жағалауда жалпы төзімділікті дамытуға айрықша бағыттала отырып өткізіледі.

      189. Ұзақ жорықта спорттың жекелеген түрлері (дене шынықтыру жаттығулары) бойынша жарыстар өткізіледі.

      190. Ұйымдастырылған жорықтан кейінгі демалыс кезінде дене шынықтыру дайындығы емдеу-сауықтыру орындарында және демалыс үйлерінде күнделікті 50 минут. өткізіледі. Алғашқы үш сабақта тамырдың соғу жиілігі бойынша жүктеме қарқындылығы 120 соқ/минутына аспау керек. Одан кейінгі әр сабақта жүктеме қарқындылығы біртіндеп арттырылады. Сабақты өткізу кезінде жеке құрамның көңіл-күйіне қарай ұзақтығы 3-5 минут. үзілістер ұйымдастырылады.

      Сабақтың дайындық бөлімі 15-20 минут. қорытынды бөлімі – 10-15 минут ішінде өткізіледі. Төртінші сабақтан бастап, қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған дене шынықтыру жаттығулары пайдаланылады.

      191. Корабль жөндеуде тұрған кезде дене шынықтыру дайындығы барлық қарастырылған нысандарда ұйымдастырылады және жағалауда өткізіледі.

      Табельдік тренажерлар мен тренажерлық құрылғылар жаттыққандықты арттыру, денсаулықты нығайту және жеке құрамның дене жұмыс қабілеттілігін сақтау мақсатында пайдаланылады.

      Тренажерларды қолдана отырып дене жаттықтырулары саны 6-8 адамнан тұратын топ құрамында өткізіледі.

      Жаттықтырудың дайындық бөлімі 4-6 минут. ішінде өткізіледі. Дене жаттықтырулары басында баяу қарқынмен, одан кейін орташа қарқында шамамен мынадай жоспар бойынша орындалады:

      1) кеуде және бел тұсында созылу және иілу жаттығулары;

      2) орнында жүру және жүгіру;

      3) орнында бір және екі аяқпен секіру;

      4) буындардың ширақтығын дамытуға арналған жаттығулар.

      Жаттықтырудың негізгі бөлімі тренажерларда өткізіледі.

      Дене шынықтыру жаттығуларын орындау жұмыс пен демалысты кезектестіру уақытымен мөлшерленеді, мысалы: 1-2 минут – жаттығуларды үзбей орындау, 30 секунд - 1 минут – белсенді демалыс. Әр тренажерда екі-үш дене шынықтыру жаттығулары орындалады.

9-тарау. Дене шынықтыру дайындығын тексеру және бағалау

1-параграф. Әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру және бағалау

      192. Әрбір әскери қызметші оқу жылы бойында оқу бағдарламасының жаттығулары бойынша тексерілуі және бағалануы тиіс. Тексеруге дәлелсіз себептермен келмеген әскери қызметші тексеру аяқталғаннан кейін "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.

      193. Бақылау сабақтарында, инспекциялау кезінде және кешенді (жеке) тексерулерде әскери қызметшілер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес үш жаттығу бойынша, әскери оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары сынақтар мен емтихандарда – түрлі дене қасиеттері мен қолданбалы дағдыларды сипаттайтын төрт-бес жаттығу бойынша тексеріледі. Әрбір сапа мен дағдының даму деңгейі бір жаттығу бойынша тексеріледі.

      3-ші және одан жоғары жас ерекшелігі бойынша әскери қызметші әйелдер, 7-8-ші жас ерекшелігі бойынша әскери қызметші ерлер екі жаттығу бойынша бағаланады.

      Декреттік демалыстан шыққан кезде әскери қызметші әйелдер қызметтің 6 айынан кейін тексеруге тартылады және бөлімшенің тізім бойынша құрамына қосылмайды.

      194. Тексерілетін жаттығулардың саны мен атауын тексеруші айқындайды.

      195. Тексеру үшін тағайындалған барлық жаттығуларды бөлімшенің жеке құрамы бір күн ішінде орындайды. 3 километрге, 5 километрге жүгіру, қашықтыққа жүгіру, шаңғы жарыстары, шаңғымен қашықтыққа жүгіру және бөлімше құрамындағы жаттығулар тексерушінің шешімімен басқа күні орындалады.

      196. Жаттығуды орындау үшін бір әрекет мүмкіндігі беріледі. Жекелеген жағдайларда (орындай алмаған, құлаған кездерде) тексеруші әскери қызметшіге жаттығуды қайтадан орындауға рұқсат беруі мүмкін.

      Жаттығуды бағасын жақсарту мақсатында орындауға рұқсат берілмейді.

      197. Тексеру барысында жаттығулар мынадай реттілікпен орындалады:

      1) ептілікті тексеретін жаттығулар;

      2) шапшаңдықты тексеретін жаттығулар;

      3) күш жаттығулары;

      4) жекпе-жек күрес тәсілдері;

      5) төзімділікті тексеретін жаттығулар;

      6) кедергілерден өту;

      7) жүзу және бөлімше құрамында орындалатын жаттығулар.

      Жекелеген жағдайларда тексерушінің шешімімен жаттығулардың орындалу реттілігі өзгертілуі мүмкін.

      198. Тағайындалған жаттығуды дәлелді себептерсіз орындамаған әскери қызметші "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады. Сырқатына немесе жарақат алуына байланысты жаттығуларды орындау мүмкіндігі болмаған кезде тексеруші жаттығуды басқа жаттығумен ауыстыруы мүмкін.

      Әскери қызметші төзімділікке арналған жаттығуларды орындаудан босатылған кезде оның дене даярлығы "қанағаттанарлық" деп бағаланады.

      199. Әскери қызметшілерді жүзу бойынша тексеру судың +17°С төмен емес температурасында; шаңғы жарысы және шаңғымен қашықтыққа жүгіруде – -25°С төмен емес ауа температурасында, 5-10 м/с жел кезінде -20°С төмен емес, 10-15 м/с желде – -15°С төмен емес температураларда; басқа жаттығулар бойынша +35°С жоғары емес температурада жүргізіледі.

      200. Жаттығулардың орындалуы дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес бағаланады. Сандық көрсеткіштері бар нормативтер болмаған жағдайда бағалау мынадай түрде жүргізіледі:

      бірінші және екінші жас ерекшелігі топтары әскери қызметшілерінің және әскери оқу орындары курсанттары мен кадеттерінің гимнастикалық жаттығуларды орындауына мынадай бағалар қойылады:

      "өте жақсы" – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес, қатесіз, жеңіл және сенімді орындалса, жерге қону кезінде аз ғана қателіктер жіберілсе;

      "жақсы" – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес, сенімді орындалса, бірақ мынадай шамалы қателіктер жіберілсе (амплитуданың жеткіліксіздігі, аяқтар аздап бүгілген және арасы алшақ, көтерілу кезінде қол аздап бүгілген, күш элементі болмашы сермеумен немесе сермеу элементі аздап сығымдай түсумен орындалған, артық сермеулер қосып, снарядқа қарқынды жоғалтпай жанасқан және жерге түскенде теңселуге жол берген жағдайда);

      "қанағаттанарлық" – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес орындалса, бірақ айтарлықтай қателіктер жіберілсе (сермеу элементі айтарлықтай күш салумен орындалған, жаттығулар біріктіріле орындалатын жерде кідіріс жасаған, жерге түскеннен кейін құлаған немесе қолымен тірелген жағдайда);

      "қанағаттанарлықсыз" – егер жаттығу орындалмаса немесе бұрмаланса (элемент қалдырып кету, снарядтан құлау, тіректі секірулерде – бір аяқпен серпілу немесе қолмен артық қимыл жасау).

      Бірінші және екінші жас ерекшелігі топтарының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің "козелдан" және "гимнастикалық аттан" ұзындыққа секірулері жаттығудың күрделілігіне байланысты бағаланады ("козелдан" – "қанағаттанарлық"; "гимнастикалық аттан" – қолмен серпілу кезінде екі аяқ үстіңгі шетінен төмен болса – "жақсы", үстіңгі шетінен жоғары болса – "өте жақсы"). Бір аяқпен серпілуге немесе қолмен артық іс-қимыл жасауға жол берілмейді.

      201. Әскери қызметшілерді жекпе-жек күрес бойынша тексеру кезінде түрлі топтардан бағдарламамен көзделген мынадай бес тәсіл тағайындалады: қарумен ұрысу тәсілдері; қолмен және аяқпен ұрысу тәсілдері; қапсыра ұстаудан босану; қарсыласты қарусыздандыру; ауырту тәсілдері, лақтырулар; арнайы тәсілдер.

      Тәсілдердің орындалуы мынадай болып бағаланады:

      "орындалды" – егер тәсіл сипаттамаға сәйкес, шапшаң, сенімді орындалса және аяғына дейін жеткізілсе;

      "орындалған жоқ" – егер тәсіл сипаттамаға сәйкес орындалмаса немесе аяғына дейін жеткізілмесе.

      Әскери қызметшінің жекпе-жек күрес бойынша бағасы мынадай болып айқындалады:

      "өте жақсы" – егер бес тәсіл орындалса;

      "жақсы" – егер төрт тәсіл орындалса;

      "қанағаттанарлық" – егер үш тәсіл орындалса.

      202. Әскери қызметшінің дене шынықтыру дайындығы әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығын бағалау кестесіне сәйкес бағаланады. Шекті деңгей, бір жаттығудағы ең аз балл – 20 (30) балл. Шекті деңгейге жетпеген, жаттығулардың біреуінен ең аз балл жинамаған әскери қызметші "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.

2-параграф. Әдістемелік даярлықты тексеру және бағалау

      203. Сабақ жүргізетін офицерлер мен сержанттардың, бөлімше командирлерін дайындайтын оқу бөлімдері курсанттарының әдістемелік даярлық деңгейі дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша практикалық іс-қимылдарды қамтитын әдістемелік тапсырмалардың орындалу сапасы бойынша тексеріледі және бағаланады. Бөлімдер мен бөлімшелердің дене шынықтыру дайындығы мен спорт мамандарының, әскери оқу орнының магистранттарының (тыңдаушыларының), курсанттары мен кадеттерінің, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығының теориялық негіздерін білуі тексеріледі және бағаланады.

      204. Оқыту процесінде әдістемелік даярлық, әдетте, емтихан билеттерінсіз тексеріледі. Әскери оқу орындары мен оқу бөлімдерінде сынақтар мен емтихандар (аралық және қорытынды бақылау) өткізу кезінде емтихан билеттері жасалады. Әскери қызметшілердің әдістемелік даярлығын тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес айқындалады.

      Әскери қызметшілердің әдістемелік даярлығын тексеру бір күн ішінде, әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық нормативтерді орындауына дейін жүргізіледі.

      205. Әдістемелік тапсырманы орындау сапасы мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – егер тапсырма дұрыс және сенімді орындалса;

      "жақсы" – егер тапсырма дұрыс, бірақ жеткіліксіз сенімді орындалса;

      "қанағаттанарлық" – егер тапсырма негізінен дұрыс, бірақ сенімсіз және аздаған қателіктермен орындалса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер тапсырма орындалмаса немесе сенімсіз және өрескел қателіктермен орындалса.

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау кезінде сыртқы түрі, саптық жинақылығы және ептілігі:

      1) жаттығуды атап, анық көрсете және түсіндіре білуі;

      2) оқытудың ұтымды әдістемесін таңдай және үйренушілерге команда бере білуі;

      3) қателіктердің алдын ала және түзете білуі;

      4) сақтандыруды жүзеге асыра және үйренушілерге көмек бере білуі ескеріледі.

      Тексерушінің шешімімен тапсырма толық немесе ішінара орындалады.

      206. Теориялық білімдерін тексеру кезінде әрбір дене шынықтыру дайындығы мен спорт маманы, магистрант (тыңдаушы) немесе курсант бір сұраққа жауап береді. Тексеру ауызша немесе жазбаша сұрау әдісімен жүргізіледі. Теориялық білімдерінің деңгейі мынадай бағаланады:

      "өте жақсы" – егер қойылған сұраққа жауап дұрыс және толық болса;

      "жақсы" – егер қойылған сұраққа жауап дұрыс, бірақ жеткіліксіз толық немесе мағынасы жағынан маңызы жоқ қателіктермен баяндалса;

      "қанағаттанарлық" – егер қойылған сұраққа жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес немесе жекелеген қателіктермен баяндалса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер жауап қойылған сұрақтың мәнін ашпаса.

      207. Бөлімдермен бөлімшелердегі дене шынықтыру дайындығы мен спорт маманы, әскери оқу орындарының магистранттары (тыңдаушылары) мен курсанттарының теориялық сұраққа берген жауабы үшін алған бағасы әдістемелік тапсырмаларды орындау бағаларымен қосылып, әдістемелік даярлығының мынадай бағасы айқындалады:

      "өте жақсы" – екі бағасы да "өте жақсы";

      "жақсы" – бір бағасы "өте жақсы", екінші бағасы "жақсы" немесе біреуі "өте жақсы", ал екіншісі "қанағаттанарлық" немесе екі баға да "жақсы";

      "қанағаттанарлық" – бір бағасы "жақсы", ал екіншісі "қанағаттанарлық" немесе екі баға да "қанағаттанарлық";

      "қанағаттанарлықсыз" – екі бағаның біреуі "қанағаттанарлықсыз".

3-параграф. Дене шынықтыру дайындығына басшылық жасау, оны ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу сапасын тексеру және бағалау

      208. Әскери бөлімдерді (мекемелерді) тексеру кезінде дене шынықтыру дайындығына басшылық ету сапасын жан-жақты тексеру жүзеге асырылады. Дене шынықтыру дайындығына басшылық ету, оны ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу сапасы мынадай бағаланады:

      1) "белгіленген талаптарға сәйкес келеді":

      қажетті бұйрықтар уақтылы және сапалы әзірленеді, дене шынықтыру дайындығының жай-күйі талданады және жүйелі қорытындыланып отырады;

      дене шынықтыру дайындығын жоспарлау жеке құрамның дене шымырлығын жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешуді, дене шынықтыру дайындығы мен спортқа бөлінетін уақыт көлемін қамтамасыз етеді, басшылық құжаттар талаптарына сәйкес келеді;

      жоспарлау, есепке алу және есептілік құжаттары бар;

      лауазымды адамдармен теориялық, нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтары, спорттық ұйымдастырушылармен, спорт жөніндегі жаттықтырушылармен және төрешілермен оқу-әдістемелік жиындар, семинарлар жүйелі түрде өткізіледі;

      бөлімшелердегі дене шынықтыру дайындығының барысына күнделікті бақылау жүзеге асырылады;

      есепке алу деректері дене шынықтыру дайындығы мен спорттың нақты жай-күйіне сәйкес келеді;

      дене шынықтыру дайындығы мен спорт бойынша жоспарланған іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық-әдістемелік деңгейде өткізіледі.

      2) "белгіленген талаптарға сәйкес емес":

      дене шынықтыру дайындығына басшылық ету, оны ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізудің жоғарыда айтылған элементтерінің екеуі және одан да көбі орындалмаған;

      есепке алу деректері дене шынықтыру дайындығы мен спорттың нақты жай-күйіне сәйкес келмейді.

      Оқыту процесінде дене шынықтыру дайындығының жекелеген нысандарын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу сапасы тексеріледі және бағаланады.

      Дене шынықтыру дайындығына басшылық жасау, оны ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу сапасын тексеру нәтижелері жоғары тұрған командирлерге (бастықтарға) баяндалады.

4-параграф. Бөлімшенің, әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығын тексеру және бағалау

      209. Дене шынықтыру дайындығын тексеру және бағалау үшін әскери бөлімде (мекемеде) толық құрамдағы бөлімшелер тағайындалады.

      Әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) мен оның орынбасарлары, басқарма (штаб) офицерлері міндетті түрде тексеріледі және бағаланады.

      Тексерілетін бөлімшелерді тексеруші айқындайды.

      210. Бөлімшенің, әскери бөлімнің (мекеменің) дене шынықтыру дайындығының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің алған бағаларының қосындысынан айқындалады:

      1) "өте жақсы" – егер 90%-ы жақсы баға, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "өте жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 80%-ы тексеруге ұсынылса;

      2) "жақсы" – егер 80%-ы жақсы баға, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 70%-ы тексеруге ұсынылса;

      3) "қанағаттанарлық" – егер 70%-ы жақсы баға және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 60%-ы тексеруге ұсынылса.

      211. Әскери оқу орындары оқу бөлімшелерінің дене шынықтыру дайындығының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша жалпы бағаларының қосындысынан айқындалады:

      1) "өте жақсы" – егер 95%-ы жақсы баға алса, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "өте жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 90%-ы тексеруге ұсынылса;

      2) "жақсы" – егер 90%-ы жақсы баға алса, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 90%-ы тексеруге ұсынылса;

      3) "қанағаттанарлық" – егер 85%-ы жақсы баға алса және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 90%-ы тексеруге ұсынылса.

      Әскери оқу орнының бөлімшелері, кафедралары және қызметтері дене шынықтыру дайындықтарының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша алған жалпы бағаларының қосындысымен және осы тармаққа сәйкес айқындалады.

      Әскери оқу орнының жалпы бағасын айқындау кезінде оқу процесін қамтамасыз ететін бөлімдер және бөлімшелер жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы есепке алынбайды.

      212. Тексеруге тізімдік құрамның 60%-нан аз ұсынған бөлімшелер тексеруге жіберілмейді және "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.

      Табиғи апаттар мен басқа да төтенше оқиғалар салдарларын жою бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, Қорғаныс министрінің бұйрықтарын орындап жүрген, оқуда, қызметтік іссапарда жүрген әскери қызметшілер, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығын тексеру кезеңінде декреттік демалыста отырған әскери қызметші әйелдер тізімдік құрамға енгізілмейді.

      213. Дене шынықтыру дайындығының бағасын айқындау кезінде әскери қызметшілердің жекелеген санаттары алған бағалар ескеріледі:

      1) бөлімшелерде, әскери бөлімдерде – офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, әскери қызметші әйелдер;

      2) әскери оқу орнының бөлімшелерінде – тұрақты құрам офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, магистранттар (тыңдаушылар), курсанттар, әскери қызметші әйелдер.

      214. Бөлімшенің (әскери бөлімнің, әскери оқу орнының) дене шынықтыру дайындығы бойынша жалпы бағасы мынадай жағдайларда бір балға төмендейді:

      1) егер тексеруге тағайындалғандар санынан 15%-дан (әскери бөлім) және 20 % (әскери оқу орны) көп әскери қызметші емдік дене шынықтыру тобына ауыстырылса және денсаулығының жай-күйіне байланысты босатылса;

      2) әскери бөлім әскери қызметшілерінің екі санаты немесе әскери оқу орны әскери қызметшілерінің бір санаты "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланса.

      215. ҚК әскер түрлері мен тектері және өңірлік қолбасшылықтар дене шынықтыру дайындығы жай-күйінің бағалары:

      1) "өте жақсы" – тексерілген әскери бөлімдердің жартысы және одан көбі "өте жақсы", ал қалғандары "жақсы" баға алса;

      2) "жақсы" – тексерілген әскери бөлімдердің жартысы және одан көбі "жақсы", ал қалғандары "қанағаттанарлық" баға алса;

      3) "қанағаттанарлық" – егер барлық тексерілген әскери бөлімдер оң баға алса, бұл ретте олардың жартысы – "қанағаттанарлық" немесе бір әскери бөлім "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланса;

      4) "қанағаттанарлықсыз" – егер үш және одан да көп әскери бөлім немесе екі бөлім, оның ішінде бригада немесе оған теңестірілгені, "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланса.

      216. Дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес ведомоста ресімделеді.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
1-қосымша

Жас ерекшелігі топтары

топтар

Ерлер

Әйелдер

1

25 жасқа дейін

25 жасқа дейін

2

30 жасқа дейін

30 жасқа дейін

3

35 жасқа дейін

35 жасқа дейін

4

40 жасқа дейін

40 жасқа дейін

5

45 жасқа дейін

45 жасқа дейін

6

50 жасқа дейін

50 жасқа дейін

7

55 жасқа дейін

50 жас және одан жоғары

8

55 жас және одан жоғары


  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
2-қосымша

Жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына арналған бөлмелерді (орындарды) жабдықтауға арналған спорттық мүкәммал

Р/с

Спорттық мүліктің атауы

Саны

1.

Гимнастикалық қабырға

1 дана

2.

Аспалы белағаш – бөренелер

1 ж-қ

3.

Жаттықтыру штангасына арналған гриф

1 дана

4.

Блиндар мен гантелдерге арналған тұғыр

1 дана

5.

20 кгрезеңкеленген диск

1 жұп

6.

15 кг резеңкеленген диск

1 жұп

7.

10 кгрезеңкеленген диск

1 жұп

8.

5 кгрезеңкеленген диск

1 жұп

9.

Жатып көтеруге арналған тренажер

1 ж-қ

10.

Жиналмалы гантелдер

4 жұп

11.

Іш бұлшықеттеріне арналған тренажер

1 ж-қ

12.

16 кг гір

2 дана

13.

24 кг гір

2 дана

14.

32 кг гір

2 дана

Рота буыны бөлімшесіне арналған алып жүретін оқу-жаттығу спорттық мүкәммалдың үлгілік тізбесі

р/с

Атауы

Саны, дана

1.

Металл рулетка (50 м)

1

2.

Старт жалаушасы (қара-ақ түсті тор 10х10 см), 50х50 см мата, сабының ұзындығы 70 см

2

3.

Қызыл жалауша, 25x30 см мата , сабының ұзындығы 40 см

2

4.

Ақ жалауша, 25x30 см мата , сабының ұзындығы 40 см

2

5.

Ф-1 (600 гр) оқу-жаттығу гранаталары

6

6.

Лақтыру қашықтығын көрсетеін көрсеткіштер 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55 м

1 жиынтық

7.

Пышақ макеттері

15

8.

Жаяу әскер күрегінің макеттері

15

9.

Автоматмакеттері

15

10.

Кеудеге тағатын нөмірлер

рота ж/қ 100%

11.

А-4 парағына планшеттер

3

12.

"Старт-Мәре" тұғыры

2

13.

"Айналу" тұғыры

1

14.

Қоршау (50 м)

1

15.

Секундомер

1

Спорттық құрылымдар мен дене шынықтыру дайындығына арналған орындардың үлгілік тізбесі

р/с

Спорттық құрылымдар мен дене шынықтыру дайындығына арналған орындардың атауы

Жеке роталар үшін

Жеке батальон, (дивизиялар) үшін

Әскери бөлімдер үшін

1.

Спорт залы (көлемі 36х18 м) немесе гимнастика, жекпе-жек күрес, спорттық ойындармен шұғылдануға арналған үй-жай

-

-

1

2.

Стадион – негізгі спорттық ядро

-

-

1

3.

Жабық жүгіру жолдары бар футбол алаңы, секіру және лақтыруға арналған секторлар

-

1

-

4.

Ашық жүзу бассейні (25х16 м)

-

-

1

5.

Табиғи су қоймасындағы су станциясы

-

-

1

6.

Гимнастикалық қалашығы және көп салалы снарядтары бар гимнастикалық алаң:
- өткізу қабілеті 100 адамға дейін;

1

-

-

- өткізу қабілеті 500 адамға дейін;

-

1

2

7.

Кедергілер жолағы (екі бағыт)

-

1

2

8.

Өткізу қабілеті 100 адамға дейін жекпе-жек күресіне арналған алаң

1

1

2

9.

Волейбол ойынына арналған алаң

1

2

4

10.

Баскетбол ойынына арналған алаң

1

2

4

11.

Қол добы ойынына (гандбол) арналған алаң

1

1

2

12.

Әскери қызметші әйелдермен ырғақты гимнастика өткізуге арналған орын

-

-

1

13.

Шаңғы сақтау орны

-

1

1

14.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша әдістемелік сынып (кабинет)

-

1

1

15.

Шаңғымен жылдам қозғалу және шаңғы дайындығы бойынша сабақтар мен жарыстарды өткізуге арналған арақашықтық

1

1

1

16.

Гидротермикалық процедураларға арналған үй-жай (монша)

-

-

1

17.

25 мнемесе 50 м атыс тирі

-

1

1

18.

Арнайы аппаратурасы бар қалашық (ӘҚК арналған)

-

-

1

19.

Спорттық мүкәммалды сақтауға арналған қойма

-

1

1

20.

Әрбір ротадағы спорт бөлмесі (орны)

1

4

10-12

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне арналған апталық дене жүктемесінің ұсынылып отырған ауқымы

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардағы дене жүктемесінің көлемі мен қарқындылығы оқыту міндеттері мен кезеңдеріне, әскери қызметшілердің дайындық деңгейі мен жасына сәйкес болуға тиіс.

      Жеке сабақта дене жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын арттыруға: сапты қайта құруға уақытты қысқарту; түсіндірулердің қысқалығы мен айқындылығы, қайталаулар санын, орындау жылдамдығын, ауырлық салмағын арттыру, демалыс ұзақтылығын реттеу; жаттығуларды барлық жаттығушылармен бір уақытта немесе лекпен орындау; айналмалы жаттықтыру мен жарысу әдісін қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Теңіз жаяу әскерлерінің, десанттық және барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне арналған апталық дене жүктемесінің ұсынылып отырған ауқымы

Жаттығулар

Әскери қызметшілердің санаттары үшін талаптар

Ерлер

Әйелдер

қызметтің 6 айына дейінгі әскери қызметшілер

қызметтің 6 айынан кейінгі әскери қызметшілер

1-2 жас ерекшелігі тобы

3-4 жас ерекшелігі тобы

5-6 жас ерекшелігі тобы

30 жасқа дейін

Күш

Жатып таянып қолдарды бүгу және жазу

230

260

250

210

170

150

Денені алға еңкейту

230

260

250

210

170

150

Белтемірде тартылу

110

150

140

100

60

-

Төзімділік

Кросс дайындығы, қашықтыққа жүгіру

20

40

30

25

15

10

Мотоатқыштар бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне арналған апталық дене жүктемесінің ұсынылып отырған ауқымы

Жаттығулар

Әскери қызметшілердің санаттары үшін талаптар

Ерлер

Әйелдер

қызметтің 6 айына дейінгі әскери қызметшілер

қызметтің 6 айынан кейінгі әскери қызметшілер

1-2 жас ерекшелігі тобы

3-4 жас ерекшелігі тобы

5-6 жас ерекшелігі тобы

30 жасқа дейін

Күш

Жатып таянып қолдарды бүгу және жазу

210

250

230

190

150

130

Денені алға еңкейту

210

250

230

190

150

130

Белтемірде тартылу

90

130

120

80

45

-

Төзімділік

(қашықтыққа жүгіру, кросс дайындығы)

15

35

25

15

10

7

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
4-қосымша

Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларының нұсқалары

Түрлері

Мазмұны

Дайындық бөлімі 2-5 минут

Негізгі бөлім 26-30 минут

Қорытынды бөлім 2-5 минут

Бірінші Жалпы дамыту жаттығулары

Жүру, жүгіру, қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған іс-қимылдағы жалпы дамыту жаттығулары

Қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған жалпы дамыту жаттығулары, арнайы жаттығулар, жекпе-жек күресінің қарапайым тәсілдері, 1000-1500 метрге жүгіру

Баяу жүгіру, терең дем алумен және бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығулар жасаумен жүру

Екінші Снарядтарда жаттығулар

Жүру, жүгіру, қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған іс-қимылдағы жалпы дамыту жаттығулары

Тренажерларда, гимнастикалық, арнайы, көпаралық снарядтардағы жаттығулар, таянасекірулер, ауырлықтармен жаттығулар, 1000-1500 метрге жүгіру

Баяу жүгіру, терең дем алумен және бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығулар жасаумен жүру

Үшінші Кедергілерден өту

Жүру, жүгіру, қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған іс-қимылдағы жалпы дамыту жаттығулары

Жекелеген кедергілер мен учаскелерден, кедергілер жолақтарынан өту, 1000-1500 метрге жүгіру

Баяу жүгіру, терең дем алумен және бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығулар жасаумен жүру

Төртінші Жылдамдатылған қозғалыс

Жүру, жүгіру, қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған іс-қимылдағы жалпы дамыту жаттығулары

Арнайы жүгіру-секіру жаттығулары, 50-100 метр аралықты жылдамдықпен жүгіріп өту. 5 километр жылдамдатылған қозғалыс немесе 3 километрге дейін жүгіру

Баяу жүгіру, терең дем алумен және бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығулар жасаумен жүру

Бесінші Кешенді жаттығу

Жүру, жүгіру, қол, дене және аяқ бұлшық еттеріне арналған іс-қимылдағы жалпы дамыту жаттығулары

Дене шынықтыру дайындығының әртүрлі бөлімдерінің жаттығулары, 1000-1500 метрге жүгіру

Баяу жүгіру, терең дем алумен және бұлшық еттерді босаңсытуға арналған жаттығулар жасаумен жүру

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
5-қосымша

Гимнастика бойынша сабақтың мазмұнын мыналар қамтиды

      1-жаттығу. № 1 еркін жаттығулар кешені. 16 есеппен орындалады (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына16-қосымша).

      2-жаттығу. № 2 еркін жаттығулар кешені. 16 есеппен орындалады (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына 16-қосымша).

      3-жаттығу. Белтемірде тартылу.

      Кермеге асылып тұру; тік қолдармен қозғалыссыз асылып тұрған жағдайда (үзіліс 1-2 секунд.), екі аяқты бірге ұстап, жұлқымай және серпіліссіз тартылу (иек керменің деңгейінен жоғары).

      4-жаттығу. Белтемірге аяқты көтеру.

      Кермеге асылып тұру; аяқты кермеге көтеру және төмен түсіру. Асылу қалпы 1-2 секунд.бекітіледі. Аяқты көтерген кезде аздап иілуге жол беріледі. Сермеу іс-қимылдарына жол берілмейді.

      5-жаттығу. Белтемірге көтерілу және айналып түсу.

      Кермеге асылып тұру; аяқты сермемей тартылып, аяқтарды белтемірге көтеру және снаряд осін айнала аударылып түсіп, жазық қолдармен асылып тік тоқтау. Асылу және тірелу қалпы бекітіледі; асылуға түсу еркін тәсілмен орындалады.

      6-жаттығу. Белтемірге күшпен көтерілу.

      Кермеге асылып тұру; аяқ сермей тартылып, алдымен бүгілген бір қолды тірейді, содан соң – екінші қолды қояды; қозғалысты жалғастыра отырып, қолды тік ұстап тірелу. Асылу және тірелу қалпы (1-2 секунд) бекітіледі; асылуға түсу еркін тәсілмен орындалады (екі қолға күш салып көтерілуге рұқсат етіледі).

      7-жаттығу. Белтемірде аралас күштік жаттығулар.

      Жоғарыдан ұстап асылу; тартылуды кез-келген реттілікпен орындау, аяқты көтеру, аударылып түсу және күшпен тартылу; екінші және келесі орындалатын серияларында орындалатын жаттығулардың басталған реттілігі сақталады. Асылу және тірелу қалпы бекітіледі, тартылу кезінде иек кермеден жоғары болу керек; аяқты көтеру кезінде снарядтың кермесін жанап өтеді. Аяқты бүгуге және жазуға, денені қозғалыссыз қалыптан ауытқытуға, аяқты сермей және жұлқа тартылуға рұқсат етіледі. Бағалау цикл саны бойынша жүргізіледі.

      8-жаттығу. Бөренеге тіреліп қолды бүгу және жазу.

      Қолды бүге отырып тірелу, бүгілген қолмен тіреліп түсу, қолды жаза отырып тіреліп шығу. Тірелу қалпы бекітіледі; түсу кезінде қол толығымен бүгіледі.

      9-жаттығу. Бөренелерге тіреліп бұрыш жасау.

      Тірелу, аяқты түзу көтеру және оны бөренелердің үстінен көлденең ұстау. Жаттығуды орындау уақыты "бұрыш" қалпын бекіткен мезеттен бастап өкшені бөренеден төмен түсіргенге дейін айқындалады.

      10-жаттығу. Бөренеде орындалатын кешенді жаттығулар.

      1-курс курсанттары үшін – қолмен тірелу, тербелу, аяқты екі жаққа алшақтатып тербеліспен алға көтерілу, аяқты ішке және сыртқа сілтеу, бөренені ұстап тұрып солға бұрыла алға серпіле секіріп түсу.

      2-курс курсанттары үшін – қолмен тірелу, тербелу, тербеліспен алға көтерілу, артқа тербелу, бөренені ұстап тұрып алға серпіле оңға бұрыла секіріп түсу.

      3-курс курсанттары мен жоғарғы курстар үшін – қолмен тірелу, тербелу, тербеліспен алға көтерілу, артқа тербелу, иықпен тұру (3 секунд ұстап тұру), алға аударылып түсу және аяқтарын алшақтатып, ішке және сыртқа тербеп серпіле секіріп түсу, бөренені ұстап тұрып алға тербеліп солға бұрыла отыра оңға секіріп түсу.

      Алға тербеле отырып басқа жаққа секіріп түсуге рұқсат етіледі.

      11-жаттығу.Ағаш аттан екі аяқты алшақ ұстап ұзындыққа секіру.

      Снарядтың биіктігі 125 сантиметр, биіктігі 10-15 сантиметр тұғыр снарядтан 1 метр қашықтыққа қойылады, секіру екпінмен жүгіру арқылы орындалады, қолмен серпілу тұғырдың неғұрлым қашық бөлігінен орындалады.

      12-жаттығу. Ағаш аттан екі аяқты алшақ ұстап ұзындыққа секіру.

      Снарядтың биіктігі 120 сантиметр, биіктігі 10-15 сантиметр тұғыр, еркін түрде орнатылады, секіру екпінмен жүгіру арқылы орындалады, қолмен серпілу тұғырдың неғұрлым қашық бөлігінен орындалады.

      13-жаттығу. Баспен тұру.

      Отырып тіреліп, еркін тәсілдермен баспен тұру қалпын қабылдау (5 сек. ұстау). Баспен тұру уақыты денені тік, аяқты түзу қалыпта ұстап тұрумен айқындалады.

      14-жаттығу.Секіру алдында айналып түсу.

      Бастапқы қалып – саптық тұрыс; 2-3 адым екпін алу, биіктігі 100 сантиметр кедергіден асып алға қарай аударыла секіру, алға қарай бір домалау, саптық тұрыс.

      15-жаттығу. 24 килограмм гірді (жұлқи) көтеру.

      Аяқ иықтармен деңгейлес қойылады, бір қолмен жерде тұрған гірді тұтқасынан ұстап гірді жерге тигізбей жоғары-төмен көтеріп, түсіреді, алдымен бір қолмен, кейін демалыссыз қолды ауыстырып, екінші қолмен көтереді. Гірді түзу созылған қолмен жоғары көтерген күйі 1 секунд ұстайды, қолды ауыстыру алға қарай серпу кезінде жүзеге асады. Гірді 2 секундтан артық төмендеткен қалыпта ұстауға жол берілмейді.

      Әлсіз қолдарға арналып барынша аз нормативтегі екі салмақтық санат белгіленген: 70 килограмм дейін – 8 рет, 70 килограмм және одан жоғары – 10 рет.

      16-жаттығу. Кешенді күштік жаттығулар.

      1 минут ішінде орындалады: бастапқы 30 секундта – шалқалай жатқан қалыптан шынтақты тізеге тигізе отырып барынша көп мөлшерде алға еңкею, қолдар айқасқан күйде желкеге қойылады, аяқтар бекітіледі (аяқты сәл бүгуге рұқсат етіледі, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырын міндетті түрде еденге тиюге тиіс); кейінгі 30 секундта – етпетінен жатқан күйде еденге тірелген қолдарды барынша көп мөлшерде бүгіп-жазу (денені тік ұстап, кеудемен еденге жанасқанға дейін қолдарды бүгу). Бұл ретте егер екі іс-қимылдың әрқайсысы кемінде 1 рет орындалса, жаттығу орындалған деп есептеледі.

      17-жаттығу.Арқанмен (сырықпен) өрмелеу.

      Арқанның (сырықтың) жанында тұрып, қолмен ұстап арқан (сырық) бойымен еденнен 6 метр биіктікке секірмей өрмелеп шығып, жоғарғы белгіге бір қолды тигізу. Төмен түсу – еркін тәсілмен. Баға өрмелеу тәсіліне қарай қойылады:

      "өте жақсы" баға – аяқтың көмегінсіз өрмелеу, аяқ "бұрыш" қалпында;

      "жақсы" баға – аяқтың көмегінсіз өрмелеу, аяқ еркін қалыпта;

      "қанағаттанарлық" баға – аяқтың көмегімен өрмелеу.

      18-жаттығу.Батутта жаттығу.

      1-курс курсанттары, 2-ші жас ерекшелігі тобының офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін: екі негізгі секіру, ішпен секіру, тұру, негізгі секіру, жүрелей отырып секіру, тұру, негізгі секіру, 180° бұрыла секіру, негізгі секіру, жинақталып секіру, екі негізгі секіру.

      2-курс курсанттары, 1-ші жас ерекшелігі тобының офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін: екі негізгі секіру, алға (артқа) аударыла секіру, екі негізгі секіру.

      3-ші және одан жоғарғы курстар курсанттары үшін: екі негізгі секіру, ішпен секіру, тұру, негізгі секіру, жүрелей отырып секіру, тұру, негізгі секіру, 180° бұрыла секіру, негізгі секіру, жинақталып секіру, негізгі секіру, алға (артқа) аударыла секіру, екі негізгі секіру.

      19-жаттығу. Стационарлық дөңгелекте жаттығу.

      10 айналым оңға және 10 айналым солға орындалады. Жаттығу басымен жоғары тік тұрып өткен кезде басталады және аяқталады. Бағалау 20 айналымға жіберілген жалпы уақыт бойынша жүргізіледі, алғашқы 10 айналымды орындағаннан кейін секунд өлшегіш өшірілмейді. Жаттығуды кез келген жаққа айналып бастауға болады.

      20-жаттығу. Жылжымалы дөңгелекте жаттығу.

      10 шиыршық кез-келген жаққа орындалады. Баға жаттығудың күрделілігіне қарай қойылады:

      "өте жақсы" баға – шиыршыққа кіру, 10 шиыршық айналу және шеңберді тік қалыпқа көтеру;

      "жақсы" баға – шиыршыққа кіру және 10 шиыршық айналу.

      "қанағаттанарлық" баға – шиыршыққа серіктесінің көмегімен кіру және 10 шиыршық айналу.

      21-жаттығу. Лопингте жаттығу.

      Әр сериядан кейін айналу бағыты өзгертіле отырып, әрқайсысында 5 айналымнан 4 серия орындалады. Жаттығу лопинг рамасы жоғарғы тік қалыптан өткен сәтте басталады және аяқталады. Жаттығуды орындау кезінде және сериялар арасында теңселту саны шектелмейді. Жаттығу 4 серияны орындауға жұмсалған уақыт бойынша бағаланады.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
6-қосымша

№ 1 еркін жаттығулар кешені

      Бастапқы қалып – саптық тұрыс.

      "Бір - екі" - аяқтың ұшына көтеріліп, қолды баяу алға және жоғары көтеру; саусақтар толық, жұмылған, алақандар ішке қарай жұмылған, жоғары қарап керілу.

      "Үш" - қос табанға түсе отырып, қолды күшпен бүгумен қолдың саусақтарын иыққа қойып, тура қарау.

      "Төрт" қолды жоғары көтеріп, иілу, жоғары қарау.

      "Бес" - аяқтың ұштарын біріктіріп, толық тізерлеп отыру, алақандар белде, шынтақтар жанында.

      "Алты" - қолды алға қарай көтеріп жазу және оларды екі жаққа және шегіне жеткенше артқа қарай жазу (қозғалыс соңында серпілу); саусақтар толық жұмылған.

      "Жеті" - толық тізерлеп отыру, алақандар белде, шынтақ екі жақта.

      "Сегіз" - секіріп тұру, аяқтардың арасы кең ашылған, қолдар белде.

      "Тоғыз" - сол қолды жазып, оны жанына және шегіне жеткенге дейін артқа қарай жазу (саусақтар толық жұмылған), онымен бір уақытта денесін солға, аяғын орнынан қозғалтпай, сол жақ қолының білегіне қарау.

      "Он" - денені тура бұру, қолдар белде.

      "Он бір" - оң қолды жазып, оның жанына және шегіне жеткенше дейін артқа қарай жазу (саусақтар толық жұмылған), онымен бір уақытта денені солға бұру, аяғын орнынан қозғалтпай, сол жақ қолының білегіне қарау.

      "Он екі" - денені тура қарату, қолдар белде.

      "Он үш" - жерге қол тигенге дейін алға қарай жылдам еңкею,аяқтар түзу күйде.

      "Он төрт" - түзеліп, қолдарды екі жаққа және артқа қарай созып қолды алға көтеру, иілу.

      "Он бес" - жерге қол тигенге дейін алға қарай жылдам еңкею, аяқтар түзу күйде.

      "Он алты" - тік тұрып, секіріп аяқты біріктіру және саптық тұрысты қабылдау



№ 2 еркін жаттығулар кешені

      Бастапқы қалып – саптық қалып.

      "Бір-екі" - күшпен иық пен қолды шегіне жеткенге дейін артқа созып, саусақтар толық жұмылған қол білектері, алақандар алға қаратылған және аяқтың ұшына көтеріліп, жан-жағына қозғалып, түзу қолдарын жоғары көтеру, саусақтары толық жұмылған, керілу.

      "Үш" - қос табанға, түсе отырып, оларды денеге жақын ұстап, қолды күшпен бүгумен саусақтарды иыққа қойып, шынтақтарды жақындатып алға қарау.

      "Төрт" - қолдарын жан-жаққа жылдам созып, сол аяғымен кең адым жасау және басын солға бұрумен саусақтарды жазып, алақанды төмен жіберу.

      "Бес" - сол аяқты оңға қарай итеру және оларды денеге қысып қолды күшпен бүгу, толық жұмылған саусақтар иыққа, жауырындар жақындатылып, алға қарау.

      "Алты" - қолдарын жан-жаққа жылдам созумен және басын солға бұрумен оңға қарай кең адым жасау, саусақтарды жазып алақанды төмен жіберу.

      "Жеті" - оң аяқты солға қарай жинау және оларды денеге қысып, қолды күшпен бүгу, толық жұмылған саусақтар иыққа, жауырындар жақындатылып, алға қарау .

      "Сегіз" - секіріп аяқтың арасын кең ашу, қолдарды басынан жоғары алақанмен шапалақтап бірітіру, ал денені артқа қарай шалқайту .

      "Тоғыз" - жылдам алға еңкею, қолдар аяқ арасынан өткізіп, аяқ бүгілмейді.

      "Он" - тік тұрып, қолдарды иықтар деңгейіне көтеру, денені солға қарай бұру және жылдам қозғалыспен қолдарды шегіне жеткенге дейін екі жаққа созу, саусақтар толық жұмылған алақандар алға қаратылған, аяқтың басын орнынан қозғалтпау.

      "Он бір" - тоқтамастан денені оңға қарай бұру және алға қарай қайта еңкею, қолдар аяқ арасынан өткізілген.

      "Он екі" - тоқтамастан тік тұру және "он" деп санағандағы іс-қимылды қайталау, бірақ денені оңға қарай бұру.

      "Он үш" - тоқтамастан денені солға қарай бұру және алға қарай қайта еңкею, қолдар аяқ арасынан өткізілген.

      "Он төрт" - тік тұрып, секіріп аяқты иық деңгейіне қою және толық тізерлеп отыру, алақанадар ішке қаратылып алға созылған, саусақтар жазылған.

      "Он бес" - секіріп аяқтың астын кең ашу, алақандар іске қаратылып қолдар жоғары көтерілген.

      "Он алты" - секіріп аяқтарды біріктіріп, қолдарды төмен жіберу және саптық қалыпты қабылдау.



  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
7-қосымша

Жекпе-жек күрес бойынша сабақтың мазмұнын мыналар қамтиды

      22-жаттығу. Жекпе-жек күрес тәсілдерінің бастапқы кешені (ЖК-Б).

      Кешен мыналарды:

      1) өзін-өзі сақтандыру тәсілдерін;

      2) алға ұмтыла (ұмтылмай) найзамен түйреуді;

      3) найзамен (ұңғымен) соққы беруді;

      4) мылтық дүмімен бүйірден соққы беруді;

      5) оқжатармен соққы беруді;

      6) автоматпен қарсы соққы жасай жүріп қорғануды;

      7) қарсыластың қармауынан автоматты (карабинді) босатып алуды қамтиды.

      Алға ұмтылмай найзамен (ұңғымен нұқу) түйреу – автоматтың найзасын (ұңғысын) екі қолмен нысанаға бағыттау, найзаны суырып алып, орнында күресуге әзірлік қалпын қабылдау немесе іс-қимылды жалғастыру.

      Алға ұмтыла найзамен (ұңғымен нұқу) түйреу – бір мезгілде оң аяқпен серпіле және сол аяқпен ұмтылыс жасай автоматты (карабинді) найзасымен (ұңғысымен) нысанаға бағыттау; найзаны суырып алып, сол аяқпен серпіліп орнында күресуге әзірлік қалпын қабылдау немесе іс-қимылды жалғастыру.

      Мылтықтың дүмімен бүйірден соққы беру – оң қолмен солға, ал сол қолды өзіне қарай тартумен бір мезгілде денені солға бұра отырып, мылтық дүмінің бұрышымен соғу. Соғу кезінде оң аяқ сол аяқтан сәл алда тұрады.

      Оқжатарменсоққы беру – артта тұрған аяқты түзеумен бір мезетте кеудені алға қарай еңкейту арқылы қолдың (автомат алда) шұғыл өзінен серпу іс-қимылымен орындалады.

      Автоматпен (карабинмен) тойтарыс беру – ұңғының ұшымен немесе найзамен қарсыластың қаруына оңға, солға немесе төменнен оңға соғу арқылы орындалады; тойтарыс бергеннен кейін жауап шабуыл жасалады.

      Қарсыластың қармауынан автоматты босату – аяқпен қарсыластың шабына тебу, қарсыласқа бір бүйірімен бұрылып, аяқпен тізесіне (балтырына) тебу, қаруды жұлып алу.

      Көрсетілген барлық жаттығулар жеке зерделенгеннен кейін олар біртіндеп орындау процесінде жетілдіріледі.

      23-жаттығу. Жекпе-жек күрес тәсілдерінің базалық кешені (ЖК-1).

      Жекпе-жек күрес амалдары кешенінде көзделген тәсілдерді және қосымша мынадай тәсілдерді қамтиды:

      1) төменнен мылтық дүмімен соққы беру;

      2) дүм желкелігімен соққы бру;

      3) пышақпен сұғу және кесу соққылары;

      4) автоматпен қалқаланып қорғану;

      5) қолмен ұру (тура, жоғарыдан, төменнен, бүйірден);

      6) аяқпен (тура, шетке, бүйірден, артқа, жоғарыдан) соғу,

      7) қолмен қалқаланып қорғану,

      8) білекпен (алақан қырымен) тойтара қорғану,

      9) табанды (өкшені, санды) тосқауылдап қорғану,

      10) сол жаққа ауыса, оң жаққа ауыса найзамен түйреу кезінде қарсыласты қарусыздандыру;

      11) пышақпен тура, жоғарыдан, төменнен соғу кезінде қарсыласты қарусыздандыру;

      12) мойынды алдан, арттан қармаудан босап шығу;

      13) арттан келіп тұншықтыру,

      14) іс-қимылдар мен тәсілдерді араластыра қолдану.

      Қарумен шабуылдау тәсілдері.

      Мылтықтың дүмімен төменнен соққы беру – оң қолмен қаруды алға қарай, ал сол қолмен өзіне қарай қозғап, сонымен бір мезетте денені солға бұру арқылы мылтық дүмінің бұрышымен соққы беру. Соққы беру кезінде оң аяқ сол аяқтан сәл алда тұрады.

      Дүм желкелігімен соққы беру – оқжатарды өзінен жоғары көтеріп, ұңғыны иықтың артына сілтейді, сосын оң (сол) аяқпен ұмтылып барып, дүм желкелігін нысанаға тигізеді.

      Пышақ сұғу соққылары – қаруланған қолдың шапшаң іс-қимылымен жоғарыдан және төменнен жасалады.

      Пышақпен сұғу және кесу соққылары (бүйірден, тура және құлаштап) – қаруланған қолдың шапшаң іс-қимылымен көлденеңінен, тігінен және қиғашынан жасалады.

      Найзамен түйреу, пышақпен, күрекпен, дүммен және оқжатармен соққы беру – дененің қорғаусыз тұстарына жасалады, содан кейін бірден ұрысқа әзірлену қалпы қабылданады.

      Қарумен қорғану тәсілдері.

      Автоматпен (карабинмен) қалқалана қорғану – қарсыластың соққысына байланысты солға, оңға, жоғары, төмен соғады.

      Қарусыз шабуылдау тәсілдері.

      Қолмен тура соққы беру – жұдырықпен немесе алақан түбімен соққы беріледі; ұрысқа әзірленген қалыптан аяқтың серпілісімен дене салмағын алда тұрған аяққа түсіреді және денені бұра келіп соққы беру.

      Қолмен бүйірден, төменнен, жоғарыдан соққы беру – жұдырықпен (саусақтар негізімен және бұлшық етті бөлігімен), алақанның қырымен және шынтақпен соғады.

      Аяқпен төменнен соққы беру – күреске әзірленген қалыптан аяқтың ұшымен тебеді; дене салмағын алда тұрған аяққа ауыстырады да, артта тұрған аяқпен тебеді.

      Аяқпен алға, тура, жоғарыдан, бүйірден, артқа соққы беру – өкшемен, аяқ басымен және тіземен соғады.

      Соққылар қысқа жолмен, сермелмей, әдеттегідей, ең осал жерлерге: басқа, бұғанаға, қол мен аяқ буындарына, жүйкелер өрімі тұсына, бауырға, бүйрекке, қабырға астына, шапқа, сегізкөзге, жіліншікке және табанға беріледі. Соққы бергеннен кейін бірден ұрысқа әзірлік қалпы қабылданады немесе басқа тәсілдер қолданылады.

      Арттан тұншықтыру – қарсыластың артынан оқыс келіп, басын қолмен қармап, өзіне қарай тарту, басқа қолдың шынтағымен мойнын орап алып, аяқпен тізе астынан соққы беру, қолдарды біріктіріп, солға (оңға) бұрылып, қарсыласты өзінің арқасына салып, тұншықтыру.

      Қарусыз қорғану тәсілдері.

      Қол соққыларынан қорғану – қолмен шетке қарай қағып жіберу, соққыға алақанды, шынтақты немесе иықты тоса отырып, соққы астына кіріп кету, жалтару не артқа шегіну арқылы орындалады; қорғанғаннан кейін дереу қарсыластың осал жеріне қолмен немесе аяқпен жауап соққы беру.

      Аяқ соққыларынан қорғану – табанды (өкшені, санды) тоса қоюмен орындалады, одан кейін қарсыластың басына немесе денесіне қолмен қарсы соққы беріледі.

      Қолмен тосқауылдай отырып аяқ соққысынан қорғану – қарсыластың аяғын тура созып айқастырған қолдардың шынтақтарымен тосып алу (оң аяқпен тепкен кезде оң қолды үстіне қою), оның табанын сол қолдың шынтақ бүгілісіне қарай қайырып, оң қолмен өкшесінен ұстап, қарсыласты өзіне қарай жоғары жұлқып қалып жерге лақтыру, аяқпен соққы беру, сосын екінші аяғын басып тұрып, қолдағы аяғын қайырып жіберу.

      Тізе соққысынан қорғану – тізеден бүгілген аяқты тірек аяққа қарай жоғары көтеріп, тізенің төменнен берілген соққысынан шапты санмен бүркемелеу.

      Қарусыздандыру тәсілдері.

      Қарсыласты найзамен түйреу кезінде қарусыздандыру:

      сол жаққа жалтара отырып – сол жаққа адым жасап және денені оңға бұра отырып, шынтақпен тойтару және қаруды ұстау, бір адым алға аттап қаруды екінші қолмен ұстау; аяқпен шапқа (тізеге) қырынан соққы жасап, қаруды жұлып алу;

      оң жаққа жалтара отырып – оң жаққа адым жасап және денені солға бұра отырып, шынтақпен тойтару және қаруды ұстау, бір адым алға аттап қаруды екінші қолмен ұстау; аяқпен шапқа (тізеге) қырынан соққы жасап, қаруды жұлып алу;

      Қарсыласты пышақпен соққы берген кезінде қарусыздандыру:

      жоғарыдан – қарсылас қаруланған қолын сілтеген кезде алға қарай адымдап соққының астынан қолдың шынтағын жоғарыдан қарсы қоя отырып қорғану, мынадай қолмен оның шынтағының тұсынан қармап ұстау, пышақтың жүзін сыртқа қаратып шынтақты баса отырып, аяқпен шабынан тебу, оны қарусыздандыру;

      төменнен немесе тіке – бір шетке алға адым жасай отырып, сол (оң) қолдың шынтағын төменнен қарсы қоя отырып қорғану, соққыны тоқтату және қаруланған қолды білегі тұсынан қармап ұстау, өзінен оңға (солға) қарай тарту және оң (сол) алақан түбінің қырымен қарсылас қолының сырт жағынан соққы беріп, пышақты ұшырып түсіру.

      Қарсыластың қыспағынан босану:

      арттан мойынды қысқанда – жартылай отыра бере, қарсыластың қолын (қолдарын) ұстап алу және басты шетке қарай бұру, өкшемен жіліншікті теуіп, екі қолдың жоғары қарай шапшаң іс-қимылымен құрсаудан босау, қолмен (аяқпен) соққы беру;

      мойынды (киімнен) алдан ұстағанда – аяқпен (тіземен) соққы беру, шынтақты екі жаққа алшақтатып және жұдырықты біріктіріп, төменнен жоғарыға қарсылас қолдарының арасынан соққы беру және құрсаудан босау, қолмен (аяқпен) соққы беру.

      Тәсілдерді үйренгеннен кейін олар аралас пысықталады. Араластыру – кезекпен орындалатын тәсілдер мен іс-қимылдардың (қозғалыстардың, соққылар мен тосқауылдардың) кешені. Ол екі, үш және одан да көп техникалық тәсілдерді қамтиды.

      24 "а" жаттығу. Жекпе-жек күрес тәсілдерінің арнайы кешені (ЖК-2).

      Оған "Жекпе-жек күрес– 1" кешенінде көзделген тәсілдер және қосымша мынадай:

      1) жорық күрегімен соққы беру;

      2) жорық күрегімен тойтарыс бере қорғану;

      3) аяқ соққысынан шетке жалтарумен қорғану;

      4) жорық күрегімен жоғарыдан немесе тура, құлаштап немесе нұқып қалу арқылы соққы берген кезінде қарсыласты қарусыздандыру тәсілдері кіреді.

      Қарумен шабылдау тәсілдері.

      Жорық күрегімен соққы беру – жоғарыдан, бір бүйірден және құлаштап соғады. Күрекпен нұқу оң (сол) аяқтың ұмтылысымен орындалады.

      Қарумен қорғану тәсілдері.

      Жорық күрегімен тойтарыс беру қарсыластың қаруына күректің қырымен оңға, солға, жоғарыдан төмен оңға, жоғары қарай соққы берумен орындалады. Тойтарыс бергеннен кейін бірден күрекпен жауап соққы жасалады.

      Қарусыз қорғану тәсілдері.

      Аяқ соққысынан шетке жалтара отырып қорғану – қарсылас оң аяқпен соққан кезде сол аяқпен алға қарай солға адымдап оңға бұрылу және сол қолмен аяқты төменнен қағып алу. Аяқты жоғары көтеріп қалып, қарсыласты жерге жығу және аяқпен соққы беру.

      Жорық күрегімен соққы берген кезінде қарсыласты қарусыздандыру:

      жоғарыдан немесе оң жақтан – қарсылас қаруланған қолын сілтеген кезде алға қарай адымдап соққының астынан қолдың шынтағын жоғарыдан қарсы қоя отырып қорғану, мынадай қолмен күректің сабының сыртынан шап беру, аяқпен соққы беру, бас бармақ жаққа қарай күректі айналдыра отырып қарсыласты қарусыздандыру және қарсыластың басынан күрекпен соққы беру.

      құлаштап немесе нұқып қалу арқылы – шетке қарай бір адым алға және қарсыласқа бұрыла отырып қарсылас қаруланған қолын сілтеген кезде шынтақпен қайтара соққы беру және оны қармап алу, аяқпен соққы беру, күректің сабынан шап беру, бас бармақ жаққа қарай күректі айналдыра отырып қарсыласты қарусыздандыру және қарсыластың басынан күрекпен соққы беру.

      24 "б" жаттығу. Жекпе-жек күрес (ЖК-3) тәсілдерінің арнайы кешені.

      Оған "Жекпе-жек күрес - бастапқы", "Жекпе-жек күрес – 1", "Жекпе-жек күрес – 2" кешендерінде көзделген тәсілдер және қосымша мынадай:

      1) қолды артқа қайыру;

      2) қолдың иінін сыртқа қайыру;

      3) қолдың иінін ішке қайыру;

      4) қолды жоғарыға түйіндеу;

      5) аяқты арттан қаусырып лақтыру;

      6) арттан шалу;

      7) арқадан асырып лақтыру;

      8) бастан асырып лақтыру;

      9) найзамен түйреу кезінде қарсыласты солға, оңға жалтарумен қарусыздандыру;

      10) дүммен бүйірден соққан кезде қарсыласты қарусыздандыру;

      11) қарсыласты пистолетті кобурадан (қалтадан), шалбар белбеуінен алуға әрекет жасаған кезінде қарусыздандыру;

      12) қарсыласты кеудеге, арқаға пистолет тіреп қауіп төндіргенде қарусыздандыру;

      13) денені алдан, арттан ұстаған, аяқтарды алдан, арттан ұстаған құрсаулардан босату;

      14) қарсыласты арқанмен, шалбардың белбеуімен байлау;

      15) қарумен қорқыта отырып тінту;

      16) пышақты, жорық күрегін лақтыру тәсілдері кіреді.

      Ауырту тәсілдері.

      Қолды артқа қайыру – қарсыластың қолының білегінен ұстап, мынадай қолмен жоғарыдан – шынтақ тұсынан киімнен ұстау және аяқпен соққы беру, өзіне қарай жұлқып қалып қарсыласты тепе-теңдіктен шығару, оның қолын шынтақ буынынан бүгіп, сосын арқасына қайыру;

      қолдың қырымен мойнына ұру, жағасынан (иық тұсынан), шашынан немесе каскасынан қармап ұстау және ауыртумен әсер ете жүріп, қарсыласты айдауылдап апару.

      Байлау үшін қарсыласты жерге құлатып, үстіне отырады, басына соққы береді, қармалған қолын мықтап бекітіп, екінші қолын қайырады.

      Қолдың иінін сыртқа қайыру – қарсыластың білегін екі қолмен төменнен ұстап, қармалған қолын жоғары көтеру, білегін шынтаққа қарай бүгу, аяқпен соққы беру және қолын сыртқа қайырып, қарсыласты жерге құлату, аяқпен соққы беру, қолдарын артқа қайырып байлау.

      Қолдың иінін ішке қайыру – қарсыластың шынтағын екі қолмен жоғарыдан сырттан қармап ұстау, аяғына немесе шабына аяқпен соққы беру; қолды ішке жұлқи қайырып, қарсыласты тепе-теңдіктен шығару және оның иығын өз иығының астына әкеліп және иығымен басып тұрып – қарсыласты жерге жығу; шынтақ буынын қолмен басып тұрып, қолын артқа қайыру және қарсыластың үстіне отыру, екінші қолын қайырып байлау.

      Қолды жоғарыда түйіндеу – қарсыластың оң қолының басын оң қолмен сыртынан ұстап алу; өзіне қарай тарта отырып, сол қолмен шынтақ иініне соғу, қарсыластың шынтағын жоғары қарай көтеріп, сол қолмен өзінің оң шынтағын қармап ұстау. Солға қарай бұрыла беріп, қарсыластың шабына аяқпен соққы беру, оны жерге құлату, аяқпен соққы беру, қолын артқа қайырып, қарсыластың үстіне отырып, байлап тастау.

      Лақтырып тастаулар.

      Арттан шалу – қарсыластың сол жақ иығындағы киімінен сол қолмен шап беріп, оң қолмен – сол жақ шынтағынан ұстап, шабынан соққы беру, алда тұрған аяққа отырғызу. Дене салмағын сала отырып бір мезгілде оң аяқпен оң жаққа алға адымдау. Сол аяқпен қарсыластың тізесінің астынан теуіп, оны жерге құлатады және аяқпен соққы береді. Байлау үшін және айдауылдау үшін қарсыластың қапсыра ұсталған қолын аяқпен қысу, сол қолмен буынды, оң қолмен шынтағын аудара отырып ұстау, оның үстіне отыру, қолын артқа бұрау.

      Арқадан лақтыру – қарсыластың қолынан қапсыра ұстау, жіліншіктен (тізеден немесе шаптан) тебу, оны өзіне қарай жұлқып жоғары тарту, тез арада бүгілген аяқпен оған арқамен бұрылу, бұл ретте қарсыластың қолы иықтың көлемінде орналасу керек; аяқты түзулете отырып және алға қарай еңкейе келе, жамбаспен оны қағып қалып, қолмен жұлқи отыра оны жерге құлату, аяқпен соққы беру, байлап тастау.

      Бастан лақтыру – қарсыластың шынтағының астынан киімінен шап беру, сол аяқты оның аяғының арасына қою. Сол аяғының өкшесіне жақынырақ келіп жерге отыру, қарсыласты өзіне қарай жұлқып қалып және жартылай бүгілген оң аяғының табанын оның ішіне тірей отырып, арқамен артқа аударылып түсу. Оң аяқпен итере отырып қарсыласты басынан лақтырып жіберу. Оны жібермей, оның кеудесіне отыру, соққы береді немесе буындыра бастайды.

      Аяқтан қапсыра ұстап лақтыру және буындыру – қарсыластың артынан шығу және тізенің төменгі жағынан қолмен қапсыра ұстау; жамбасының астынан иықпен итеріп, аяғын өзіне қарай жұлқып қалу, қарсыласты жерге лақтыру және оның аяғын жіберместен аяқтың ұшымен ішіне соққы беру. Секіріп кеп қарсыластың беліне отыру, сол аяқты тізесіне қоя отырып, сол аяқты өзінің алдынан (қарсыластың иығының астынан) жерге табанымен қою, басынан ұру, бір қолмен басын артқа қарай жазу және екінші қолдың шынтағын тамағының астынан қою, қолдарын біріктіру, буындыру. Қарсылас қарсылық көрсеткен жағдайда оның денесін (бел тұсынан) аяқпен айқастырып алып арқаға айналып түсу, оларды біріктіру және аяқты соза отырып буындыруды қолмен және аяқпен жалғастыру.

      Қарусыздандыру тәсілдері.

      Найзамен түйреу кезінде қарсыласты сол жаққа жалтарумен қарусыздандыру (нұсқалары):

      сол аяқпен солға адым жасай (алға-солға) және денені оңға бұра отырып, оң қолмен қайыра соғу және қарсыластың қаруын тартып алу, оң аяқпен қарсыластың сол аяғына қарай адым жасау және сол қолмен қаруды тартып алу, шабынан аяқпен теуіп, арттан шалып, қару ұстаған қолынан аяқпен теуіп, қарсыласты қарусыздандыру;

      түйреуден секіріп солға жалтару, тойтарыс бере отырып екі қолмен қарудан ұстау, шабына соққы беріп, қаруды жұлып алу;

      сол аяқпен алға-солға адым жасап және сонымен бір мезетте оң аяқтың ұшымен денені оңға шалт бұрып, шабуылдау сызығынан кету және оң қол шынтағының сырт жағымен автоматты оның қозғалыс бағыты бойымен сыртқа бұрай айналдыра өткізіп жіберу және сол жақ шынтақпен дүмін астынан-алға қарай соға көтеріп жіберіп, оны жоғарыдан қапсыра ұстап алу, содан кейін жоғары қарай айналма іс-қимылмен (иық астына бейімдеп) бір мезеттегі оң қолдың жоғары-төмен қозғалысымен үйлестіре қарсыласты қарусыздандыру.

      Найзамен түйреу кезінде қарсыласты оңға қарай жалтарумен қарусыздандыру:

      сол аяқпен алға-солға адымдаумен денені бір уақытта солға бұра отырып, сол қолмен қарсыластың қаруының ұңғысынан тартып алу және оның өзін қапсыра ұстау; бір мезгілде бетінен (тамағынан) құлаштап ұру, ал оң аяқпен қарсыластың тізесінің астынан тебу, қаруды жұлып алып, қарсыласты мылтықтың дүмімен соғу.

      Пышақпен соққы беру кезінде қарсыласты қарусыздандыру:

      тура – қарсыластың қаруланған қолын шынтақпен ішке қарай қайыра ұру және оның шынтағынан қапсыра ұстау (аяқпен соққы беруге болады), қолдың буынын сыртқа қарай бұрып, қарусыздандыру.

      жоғарыдан – қаруды сілтеген кезде қаруланған қолдың астынан қолдың шынтағын жоғарыдан қоя отырып қорғану, мынадай қолмен қарсыластың шынтағын қапсыра ұстау (аяқпен соққы беруге болады), қолдың буынын ішке қарай бұрып, қарусыздандыру.

      төменнен – қарсыластың қаруланған қолын алға қарай адымдап шынтақты төмен тірей отырып қарсы алу, екінші қолмен шынтақтан қапсыра ұстайды, шабына немесе тізесіне аяқпен соққы береді, қолын артқа бұрап, қарсыласты қарусыздандыру.

      құлаштап – жанына қарай алға адымдау және қарсыласқа бұрылып қаруланған қолдың астынан шынтақты қоя отырып қорғану, шынтақтың үстінен қолмен қапсыра ұстайды да, тізеден (жіліншіктен) тебеді, қолдың буынын сыртқа қарай қайырады, қарусыздандыру.

      Пистолетпен қорқытқан кезде қарсыласты қарусыздандыру:

      Кобурадан (қалтадан) пистолетті алуға әрекет жасаған кезде – бір адым (ұмтылыспен) алға басып, бір қолды қарсыластың шынтағы мен денесінің арасына тығып жіберу, екінші қолмен сыртынан оны (шынтақты) ұстай алып, тіземен соққы беру, қолды артқа қайырып, қарусыздандыру;

      Шалбардың белдігінен пистолетті алуға әрекет жасаған кезде (кобура алдыда) – бір адым алға басып қарсыластың білегін қармап ұстау, аяқпен соққы беру, қолдың буынын сыртқа қайыру, қарусыздандыру.

      Алдынан тіреу – бір адым шетке қарай алға басып қарсыластың қаруланған қолын қайыра ұру және қапсыра ұстау, аяқпен соққы беру, қолдың буынын сыртқа қайыру, қарусыздандыру.

      Жоғарыдан жорық күрегімен соққы беру кезінде қарсыласты қарусыздандыру:

      оң аяқтың ұшымен кеудені бір уақытта оң жаққа бұра отырып, оң қолдың шынтағының сырт жағымен сол аяқпен алға-солға адымдаумен шабуыл сызығынан кету, оның іс-қимылының барысы бойынша қарсыластың соққысын қарсы алу және шығарып салу, білезік буынынан қолмен қармап ұстайды (шабынан аяқпен тебуге болады). Қарсыласты тепе-теңдігінен шығару, қолдың буынын ішке бұрап қарусыздандыру.

      Қарсыластың құрсауынан босану:

      мойынды алдан құрсаудан босату (кеудедегі киімді) – қарсыластың қолына шынтақпен төменнен соққы беру, оның қолын екі қолмен қапсыра ұстау, аяқпен соққы беру және қолдың буынын ішке қайыру;

      мойынды арттан құрсаудан босату – жартылай отыра бере, қарсыластың қолын (қолдарын) қапсыра ұстау, басты шетке бұру, жіліншікке өкшемен соққы беру, қолдың шапшаң іс-қимылымен құрсаудан босану; қарсыластың қолын (қолдарын) ұстап тұрып арқадан асырып лақтыру, байлап тастау;

      денені екі қолмен арттан құрсаудан босату – қарсыластың жіліншігіне өкшемен соққы беру немесе баспен беттен ұру, жартылай отырып қалып, құрсаудан босану, бір қолмен оның шынтағынан, екінші қолмен иығынан қапсыра ұстау, арқадан асырып лақтыру, байлап тастау;

      денені арттан құрсаудан босату – жіліншікке өкшемен соққы беру, қарсыластың қолының білезік тұсын және шынтағын қапсыра ұстап шалт бұрылу, қолын артқа қайыру;

      денені алдан құрсаудан босату – тіземен қарсыластың шабына соққы беру, ал қолмен бетінен соғу.

      денені екі қолмен алдан құрсаудан босату – тіземен қарсыластың шабына соққы беру, жүрелей отыра бере, жұлқынып қалып қолдарды екі жаққа ажырату, аяқпен соққы беру;

      аяқтарды алдан құрсаудан босату – қолмен бастан соғу, бір қолмен желкеден, ал екінші қолмен иектен ала отырып, жұлқып басты бұру.

      аяқтарды арттан құрсаудан босату – алға қарай екі қолға құлай бере, құрсаудан босану және қарсыласқа аяқпен соққы беру.

      Арнайы тәсілдер мен іс-қимылдар.

      Қарсыласты байлау:

      арқанмен байлау – қарсыласты жерге құлату және қолын артқа қайыру; арқанның басын ілгектеп оның сол қолының білезігіне кигізу, кеудесінің астынан оң иығынан асыра лақтырады, сол қолдың шынтағынан өткізіп, екінші қолдың білезігінен байлау.

      шалбарлық және белдік қайыспен байлау – қарсыласты жерге құлату және қолын артқа қайыру; белдік қайыспен екі қолды білезігінен байлау, шалбарлық белдікті мойыннан өткізіп, белдік қайысқа байлау;

      белдікпен немесе арқанмен – қарсыласты етпетінен жерге құлату, аяқтарын қайырып айқастыру, қолдарын арқасына қою және оң қолын сол аяқпен, сол қолын оң аяқпен байлау.

      ағашпен – қарсыласты жерге құлату, ағашты көлденеңінен күртешенің жеңі арқылы арқаға өткізеді және қолдың білезік буындарын оған байлайды немесе қарсыластың қол-аяғын алдынан байлайды және шынтақтың және тізенің бүгілетін жерінен ағашты өткізіп байлау.

      Тінту.

      қабырғаға тіреп қойып – қарсыластың аяқтарын кең ашуға, алға қарай еңкеюге, қабырғаға немесе жерге түзу қолдарымен сүйенуге мәжбүрлеу және қарумен қорқыта отырып, тінту жүргізу.

      еңкейіп тірелу – қарсыласты "еңкейіп тірелу" қалпын: екі аяқ екі жаққа ашылған, қол бірге, қабылдауға мәжбүрлеу және қарумен қорқыта отырып, тінту жүргізу.

      жерде жатып – қарсыласты етпетінен жерге жатуға мәжбүрлеу, қолды екі жаққа созылған, аяқ бірге және қарумен қорқыта отырып, тінту жүргізу.

      Айдауылдау және тасымалдау.

      Ауырту тәсілі арқылы – қолды артқа қайыру, каскадан, шаштан, қарсыластың қарсы иығындағы киімнен қапсыра ұстап, өзіне қарай тарту және осылай ұстап, керекті бағытқа жүруге мәжбүрлеу.

      Қарумен қорқыта отырып – қарсыласты қарусыздандыру тәсілін қолдану мүмкіндігінен айыру үшін одан 3-5 метр қашықтықта тұрып, қарумен қорқыту, керекті бағытпен оны алып жүру.

      Пышақты және жорық күрегін лақтыру.

      Пышақты жүзінен ұстап лақтыру – ұрысқа әзірлену, пышақтың жүзін солға, сабын алға ұстап қаруланған қолды иықтың жанынан білезік буынын бүкпей жоғары сілтей отырып нысанаға пышақты лақтыру.

      Сабынан ұстап пышақты лақтыру – ұрысқа әзірлену, пышақты сабынан ұстау, өткір жүзін алға қарату, иықтың тұсынан қолды сілтегеннен кейін нысанаға пышақты лақтыру.

      Кіші жорық күрегін лақтыру – күректің жүзін алға жоғары қаратады, саптың үштен бір бөлігін ұстап тұрып, иықтың тұсынан сілтегеннен кейін, сапты алақаннан жібере отырып нысанаға күректі лақтыру.

      25-жаттығу. Қарусыз жекпе-жек күрес кешені. 8 есептік тәсілмен орындалады (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына 17-қосымша).

      1) бастапқы қалып – саптық тұрыс. Сол аяқпен алға адым жасап күреске әзірлену және сол қолмен жоғары тойтара отырып орындау;

      2) оң қолмен алға тура соққы беруді орындау;

      3) оң аяқпен алға тура немесе төменге қарай соққыны орындау;

      4) оңға адымдап сол жақ шетке оң қолдың алақанның қырымен құлаштап соққы беруді орындау;

      5) оң аяқпен артқа адымдап сол қолмен ішке қайыра ұруды орындау;

      6) оң аяқпен алға адым жасап оң қолдың жұдырығымен жоғарыдан алға соққы беруді орындау;

      7) сол аяқпен алға тура соққы беру, сол жақ ұрысқа әзірлік қалпын қабылдау;

      8) сол аяқпен артқа адым жасап саптық қалыпты қабылдау.

      26-жаттығу. Қарумен (автоматпен, карабинмен) жекпе-жек күрес кешені. 8 есептік тәсілмен орындалады (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына 17-қосымша).

      1) бастапқы қалып – саптық тұрыс. Сол аяқпен алға адым жасап ұрысқа әзірлену қалпын қабылдау және автоматтың ұңғысымен оңға қарай тойтарыс беруді орындау;

      2) сол аяқпен ұмтылыс жасап найзамен (ұңғымен түйреу) түйреуді орындау;

      3) оң аяқпен артқа адым жасап, дүм желкелігімен артқа түзу соққы беруді орындау;

      4) сол аяқпен оңға бұрыла, оң аяқпен артқа адым жасай отырып, автоматпен солға тойтарыс беруді орындау;

      5) оң аяқпен алға қарай қысқа адымдап дүм желкелігімен бүйірден соққы беруді орындау;

      6) сол иықтан айналып, оң аяқты артта қалдырып, жоғарыдан берілген соққыдан автоматты тоса қорғану;

      7) оң аяқпен алға адым жасап, оқжатармен түзу алға соққы беру;

      8) оңға бұрылып саптық қалыпты қабылдау.

      Жекпе-жек күрес сабақтарында жарақаттанудың алдын алу:

      тәсілдерді, іс-қимылдарды, жаттығуларды орындауда бекітілген реттілікті, қарумен күрес тәсілдерін орындау барысында жаттығушылар арасында тиімді аралықты және арақашықтықты сақтау;

      сақтану және өзін-өзі сақтандыру тәсілдерін дұрыс қолдану;

      пышақтарды (найзаларды) немесе пышақ макеттерін, жорық күректерін, автоматтарды (карабиндерді) қолдану;

      тәсілдерді, лақтыру тәсілдерін серіктестің қолдан ұстап қолдауымен жүргізу және оларды кілемшенің (құм толтырылған шұңқырдың) ортасынан шетіне қарай орындау;

      ауырту тәсілдерін, тұншықтыру және қарусыздандыруды көп күш қолданбай ақырын жүргізу, (серіктес "ҚҰП" деген дауыспен белгі бергенде бірден тоқтату);

      елестету құралдарын қолдану ережелерін қатаң ұстану арқылы қамтамасыз етіледі.

      Тәсілдерді серіктеспен орындау кезінде, егер қорғану құралдары жоқ болса, соққыларды тек көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
8-қосымша

Автоматпен (карабинмен) жекпе-жек күресінің кешені

      1) бастапқы қалып – саптық тұрыс. Сол аяқпен алға адым жасап ұрысқа әзірлену қалпын қабылдау және автоматтың ұңғысымен оңға қарай тойтарыс беруді орындау.

      2) сол аяқпен ұмтылыс жасап найзамен (ұңғымен нұқу) нұқуды орындау.

      3) оң аяқпен артқа адым жасап, дүм желкелігімен артқа түзу соққы беруді орындау.

      4) сол аяқпен оңға бұрыла, оң аяқпен артқа адым жасай отырып, автоматпен солға тойтарыс беруді орындау.

      5) оң аяқпен алға қарай қысқа адымдап дүм желкелігімен бүйірден соққы беруді орындау.

      6) сол иықтан айналып, оң аяқты артта қалдырып, жоғарыдан берілген соққыдан автоматты тоса қорғану.

      7) оң аяқпен алға адым жасап оқжатармен түзу алға соққы беру.

      8) оңға бұрылып саптық қалыпты қабылдау.



  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
9-қосымша

Қарусыз жекпе-жек күресінің кешені

      1) бастапқы қалып – саптық тұрыс. Сол аяқпен алға адым жасап күреске әзірлену және сол қолмен жоғары тойтара отырып орындау.

      2) оң қолмен алға тура соққы беруді орындау.

      3) оң аяқпен алға тура немесе астына қарай соққыны орындау.

      4) оңға адымдап сол жақ шетке оң қолдың алақанның қырымен құлаштап соққы беруді орындау.

      5) оң аяқпен артқа адымдап сол қолмен ішке қайыра ұруды орындау.

      6) оң аяқпен алға адым жасап оң қолдың жұдырығымен жоғарыдан алға соққы беруді орындау.

      7) сол аяқпен алға тура соққы беру, сол жақ күреске әзірлік қалпын қабылдау.

      8) сол аяқпен артқа адым жасап саптық қалыпты қабылдау.



  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
10-қосымша

Кедергілерден өту бойынша сабақтардың мазмұнына мынадай жаттығулар енгізіледі:

      27-жаттығу. Бірыңғай кедергілер жолағындағы жалпы бақылау жаттығуы.

      Қарусыз орындалады. Арақашықтық – 400 метр. Бастапқы қалып – траншеяда тұрыс; салмағы 600 г Ф-1 гранатасын траншеядан қабырға (жарық) бойымен 20 метр немесе қабырға алдынан 1х2,6 метр алаңша бойымен лақтыру (тура тисе ғана есептеледі); бірінші граната нысанаға тимеген жағдайда лақтыру жалғастырылады, бірақ үш гранатадан артық болмайды (нысанаға тигізе алмаған жағдайда жаттығудың орындалғаны үшін жиналған балл сомасы 20 балға төмендетіледі); траншеядан секіріп шығу, жолақтың басталу сызығының бағыты бойынша жолмен 100 метр жүгіріп өту; жалаушаны айналып және ені 2,5 метр шұңқырдан секіріп өту; лабиринттің ирек жолымен жүгіріп өту; дуалдан өрмелеп өтіп, бұзылған көпірдің екінші (иілген) бөлігіне тік басқышпен шығу; арқалық ағаштар үстімен жүгіріп, үзілген жерінен секіріп өту, арқалық ағаштың ақырғы үзігінен тік тұрған қалыпта жерге секіріп түсу; басқыштар арасымен екі аяқты міндетті түрде жерге тигізумен бұзылған баспалдақтың төрт басқышынан өту, төртінші басқыштың астымен жүгіріп өту, бұзылған қабырғаға шығу; траншеяға секіріп шығу, хабарлау жолымен жүріп өту, құдықтан секіріп шығу, секіріп қабырғадан өту; қиғашталған баспалдақпен төртінші басқышқа жүгіріп шығу және бұзылған баспалдақтың басқыштарымен жүгіру; бұзылған көпірдің арқалық ағашына көлденең басқышпен секіріп шығу, үзілген жерінен секіріп өту, қиғашталған тақтаймен жүгіру; ені 2 метрлік шұңқырдан секіру, 20 метр жүгіріп өту, жалаушалардың арасынан өтіп, артқы бағытқа қарай жолмен 100 метр жүгіру.

      28-жаттығу. Кедергілер жолағындағы арнайы бақылау жаттығулары (әскери оқу орындары үшін):

      Автоматпен (карабинмен), оқжатарларға арналған сөмкемен, екі оқжатармен және газтұмшамен орындалады. Арақашықтық – 400 метр. Броньды транспортер макетінің бүйір ернеуі жанында бастапқы қалыпта (қару қолда, газтұмша дорбада) тұрып: броньды транспортер макетіне бүйір ернеуі арқылы шығу, қарсы ернеуге секіріп өту, 200 метр бірінші траншея бағыты бойынша жүгіру; жалауды айналу, траншеяға секіріп шығу және газтұтқышты кию; траншеядан секіріп шығып, бөрене арқылы жырадан өту, онымен аяғына дейін жүріп өтіп, жерге секіріп түсу; үйіндіден өту; шұңқырға секіріп түсу, артқы топырақ үйіндісінен 40 килограмм жәшікті алу және оны алдыңғы топырақ үйіндісіне қою, кейін қайта артқа қою; газтұмшаны шешу және оны сумкаға салу, шұңқырдан секіріп шығу; лабиринттің ирек жолымен жүгіріп өту; дуалға еңіс тақтаймен жүгіріп шығу, арқалық ағашқа шығу, үзік жерлерден секіре отырып оның үстінен жүгіріп өту, арқалық ағаштың ақырғы үзігінен тік тұрған қалыпта жерге секіріп түсу; әр басқышты баса отырып бұзылған баспалдақтардан секіріп өту, ақырғы басқыштан жерге секіріп түсу; қабырғадан өту; траншеяға дейін хабарлау жолымен жүгіріп өту, 2х1 метр өлшемді қалқан бойымен 600 грамм Ф-1 гранатасын 15 метрге лақтыру, бірінші граната нысанаға тимеген жағдайда нысананы жойғанға дейін лақтыру жалғастырылады, кемінде үш граната, (нысана жойылмаған жағдайда жаттығуды орындағаны үшін жиналған балл сомасы 20 балға азайтылады); траншеядан секіріп шығу және ауладан өту. Үйдің төменгі терезесіне шығу, одан – жоғарыдағы терезеге, одан – екіншісіне, жерге секіріп түсу; траншеяның үстінен секіріп өту.

      29-жаттығу. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамына арналған кедергілер жолағындағы арнайы бақылау жаттығуы.

      Автоматпен, оқжатарларға арналған сөмкемен, екі оқжатармен және газтұмшамен орындалады. Арақашықтық – 400 метр. Бастапқы қалып – автоматты қолға ұстап старт сызығының жанында тұру; 200 метр жол бойымен жолақтың басталу сызығына дейін жүгіріп өту, жалауды айналу; сымның астынан жер бауырлап және үйіндіден өту; жауынгерлік машинаның макетінің жетекші бөлігіне қарғып шығу, жетекші люкке кіру, бағыттаушы-оператордың люгінен 600 грамм Ф-1 гранатасын шұңқырға лақтыру (тура түскенде ғана есептеледі), шұңқырға бірінші граната түспеген жағдайда, лақтыру (кемінде үш граната) нысананы жойғанға дейін жалғастырылады (нысана жойылмаған жағдайда жаттығуды орындағаны үшін жиналған балл сомасы 20 балға азайтылады); механик-жүргізуші люгінен шығу; 2,5 метр шұңқырдан секіріп өту және лабиринттің ирек жолымен жүгіріп өту; дуалға еңіс тақтаймен жүгіріп шығу, арқалық ағашқа шығу, үзік жерлерден секіре отырып оның үстінен жүгіріп өту, арқалық ағаштың ақырғы үзігінен түзу қалыпта жерге секіріп түсу; әр басқышты баса отырып бұзылған баспалдақтардан өту, ақырғы сатыдан жерге секіріп түсу; қабырғадан өту; құдыққа секіріп түсу, 24 килограмм жәшікті алып, онымен траншеяға дейін қатынас жолымен жүгіру, жәшікті топырақ үйіндісіне қою; траншеядан секіріп шығу және ауладан өту; үйдің төменгі терезесіне шығу, одан – жоғарғы терезеге, арқалық ағашқа ауысу, оның үстімен жүру, бірінші алаңға секіру, одан – екіншіге, жерге секіру; шұңқырдан тербеліп тұрған траппен өту.

      30-жаттығу. Бөлімшелер құрамында бірыңғай кедергілер жолағынан өту (әскери оқу орындары үшін).

      Экипаж, есептоп, бөлімшелер құрамында жеке қарумен және газтұмшамен орындалады. Ара қашықтық – 400 метр. Бастапқы қалып – траншея алдында тұру, қару қолда: траншеяндан секіріп өтіп, 100 метр жолды жолақтың басталу сызығының бағытымен жүгіру, жалаушаны айналып өту, салмағы 24 килограмм жәшіктерді алып (жәшіктер саны – әскери қызметшілер санынан бір жәшікке кем); орға секіру, түбімен жүгіріп өту және одан секіріп шығу; көлбеу қойылған арқалық ағаштар астымен лабиринттен өту, дуалдан өрмелеп шығу; бұзылған көпірдің екінші (иілген) бөлігіне тік басқышпен шығу; үзік жерлерден секіре отырып арқалық ағаштың үстінен жүгіріп өту, арқалық ағаштың ақырғы үзігінен түзу қалыпта жерге секіріп түсу; екі аяқты басқыштар арасымен жерді міндетті түрде екі аяқпен да баса отырып бұзылған баспалдақтардың үш басқышынан өту, төртіншісінің астымен жүгіріп өту, бұзылған қабырғадан өрмелеп өту, траншеяға секіріп түсу және құдыққа дейін қатынас жолының бойымен жүріп өту; құдықтан секіріп шығу және қабырғаға өрмелеп шығу, төртінші, үшінші баспалдақтың басқышынан жүгіріп өтіп, екінші және бірінші басқышты екі аяқты басқыш арасымен міндетті түрде жерге тигізе отырып өту, дуалдан секіріп өту, орға секіру, түбімен жүгіріп өту және одан секіріп шығу, 20 метр жүгіру, жәшіктерді қойып, жалауды айналу, артқа қайту кезінде жолмен100 метр жүгіріп өту.

      31-жаттығу. Бөлімше құрамында кедергілер жолағынан өту (әскери оқу орындары үшін).

      Экипаж, есептоп, бөлімше құрамында жеке қарумен және газтұмшамен орындалады. Жаттығуды орындау кезінде қаруды, газтұмшаны және жабдықтың басқа да заттарын ауыстырмай, өзара көмек көрсетуге болады. Уақыт соңғы әскери қызметшіге қарап анықталады, арақашықтық 1100 және 3100 метр.

      1000 немесе 3000 метр жүгіріп өту, кедергілер жолағынан өту: шұңқырдан өту; лабиринт жолдарымен өту; дуалға өрмелеп шығу; үш басқышты баса отырып бұзылған баспалдақтан өту, жерге секіріп түсу, төртінші басқыштың астынан жүгіріп өту; қабырғадан өрмелеп өту, траншеядан секіріп өту.

      32-жаттығу. Таулы жерлерде іс-қимыл жасауға арналған әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жеке құрамы үшін.

      Автоматпен (карабинмен), оқжатарларға арналған сөмкемен, екі оқжатармен орындалады. Арақашықтық – 100 метр. Бастапқы қалып – жолақтың басталу сызығының алдында жатып атуға әзірлену: арқан өтпе жолының бірінші мұнарасына дейін жүгіріп бару; тік баспалдақпен терассаға шығу, салмағы 24 килограмм жүк байланған жіпті баспалдақ қанатына тірелгенге дейін тартып алу және оны лақтырмай жерге түсіру; төменгі арқан бойымен екінші мұнараға дейін бару, жіпке өрмелеп шығу және онымен түсу; еңіс тақтаймен соқпақ жолға жүгіріп шығу, оның әр үзігін баса отырып жүгіріп өту, соңғы үзіктен жерге секіріп түсу; шектелген өтпе жол арқылы өту және әр үзігін баса отырып соқпақ жолдың екінші учаскесіне шығу, онымен жүгіріп өту; темір құрылымға жіп көпірмен шығу; көлденең баспалдақпен соңына дейін өту, кері қайту бағытында соңғы кермеге дейін көлденең баспалдақтан қолмен асылып өту және жерге секіріп түсу; тербелістегі бөрене бойымен өту; горканың еңіс қабырғасының бойымен төменгі карнизге дейін көтерілу (жіпті пайдалануға рұқсат етіледі), оған өрмелеп шығу, терассаға көтерілу және салмағы Ф-1 гранатасын нысанаға тізеден лақтыру – дөңгелек диаметрі 3 метр (тура түскенде ғана есептеледі); нысанаға бірінші граната тимеген жағдайда нысананы жойғанға дейін (нысана жойылмаған жағдайда жаттығуды орындағаны үшін жиналған балл сомасы 20 балға азайтылады); лақтыру жалғастырылады (кемінде үш граната), тіреудің үш нүктесін пайдалана отырып, әр жерінен ұшбұрыштала тесілген тік қабырға бойымен түсу; шығып тұрған тастарды басып (тастардың біреуінен өте алмаса, жүгіруді қайтып келіп сол жерден жалғастырады) секіру арқылы "құрғақ өзен арнасынан" өту. Мәре сызығын басып өту.

      33-жаттығу. Су үсті кемелерінің жеке құрамына арналған арнайы бақылау жаттығуы. Ара қашықтық – 120 метр. Қарусыз орындау. Бастапқы қалып – лақтыру ұштығын қолда ұстап жолақтың басталу сызығының алдында тұру. Лақтыру ұштығын дәліз шегінде 20 метр белгісінен әрі лақтыру. Жүкпен бағанға дейін жүгіру. Бекіту тетігінен ұштықты шешіп алып, жүкті жерге түсіру; арқанды қолмен жинай отырып жүкті көтеру, ұштықты ұстап, бекіту тетігіне оны мықтап бекіту. Жақын арадағы штормтрап арқылы атыс ұңғылына шығу; балясиндерді баса отырып, қашықтағы мусингті шкентельге дейін атыс ұңғылы бойымен жүгіру және оның бойымен жерге түсу (секіріп түсуге рұқсат етілмейді). Қылтадан еңбектеп өту. Тербелістегі тақтай бойымен жүгіріп өту (құлаған жағдайда қайталау). Тік басқышпен көтерілу, қақпақты ашу, люк арқылы кіру және еңіс басқышпен түсу. Салмағы 24 килограмм жүкті алу, онымен бірінші бағанға дейін жүгіру, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бағандарды айналып өту, еңіс басқышқа қайтып келу және жүкті жерге қою. Еңіс басқышпен көтерілу, люк арқылы шығу, қақпақты жабу және баспалдақтарды баса отырып, тік басқышпен түсу. Жолақ бойымен 38 метр жүгіру және жолақтың басталу сызығын қиып өту.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
11-қосымша

Шапшаң қозғалу бойынша сабақтардың мазмұны мынадай жаттығуларды қамтиды

      34-жаттығу. 100 метр жүгіруді.

      Стадионның жүгіру жолымен немесе кез келген жабыны бар тегіс алаңда жоғарғы старттан орындалады.

      35-жаттығу.10х10 метр сырғымалы жүгіруді.

      Старт алу және бұрылу сызықтары белгіленген тегіс алаңда орындалады. Старт алу және бұрылу сызықтарының ені 10 метр кесіндіге кіреді. "ЖҮГІР" командасы бойынша 10 метр жүгіру, бұрылыс сызығының сыртындағы жерге дененің кез-келген бөлігін тигізу, кері айналып, осылайша ерсілі-қарсылы тағы тоғыз рет 10 метр жүгіру. Бұрылған кезде тірелу үшін қандай да бір жасанды немесе табиғи заттарды, жүгіру жолынан шығып тұрған кедір-бұдырларды пайдалануға тыйым салынады.

      36-жаттығу. 400 метр жүгіруді.

      Стадионның жүгіру жолымен немесе кез келген жабыны бар тегіс алаңда жоғарғы старттан орындалады.

      37-жаттығу. 1000 метр жүгіруді.

      38-жаттығу 3000 метр жүгіруді.

      39-жаттығу. 5000 метр жүгіруді.

      Кез-келген қауіпсіз жерде жалпы немесе жеке старттан жүргізіледі. Старт пен мәре бір жерде жабдықталады.

      40-жаттығу. Ф-1 (600 грамм) гранатасын алысқа лақтыру.

      Кез-келген тәсілмен екпін алумен немесе орнынан орындалады. Лақтыру қашықтығы ұзындығы 4 метр және ені 7 сантиметр лақтыру сызығынан өлшенеді. Граната ені 10 метр, екі қатар ақ сызықтармен белгіленген дәлізге құлауы керек. Дәліздің бағыты екі жағынан ашық түсті жалаулармен белгіленеді. Бірден 3 әрекет жасалады, ең жақсы орындалғаны бойынша сынақтан өтеді.

      41-жаттығу. Ф-1 (600 грамм) гранатасын дәлдікке лақтыру.

      Гранатаны лақтыру центрлес үш шеңбер бойынша мынадай радиустарда: біріншісі – 0,5 метр, екіншісі – 1,5 метр, үшіншісі – 2,5 метр орындалады. Шеңберлер ені 5 сантиметр ақ сызықпен белгіленеді. Сызық ені шеңбердің өлшеміне кіреді, лақтыру сызығынан шеңберлер ортасына дейінгі арақашықтық – 30 метр. Шеңбер ортасында биіктігі 30 сантиметр бағанға 15х20 сантиметр өлшемдегі жалау орнатылады. Лақтыру екпін алу жолының топырағын жиектей, астарлай бекітілген ұзындығы 4 метр және ені 7 сантиметр ақ сырлы тақтайшадан жүргізіледі. Екпін алу жолының ені 1, 25 метр және ұзындығы 20-30 метр. Кез келген тәсілмен екпін алумен немесе орнынан орындалады. 3 байқау және 3 сынақтық лақтыруға мүмкіндік беріледі. "Өте жақсы" бағасы - 0,5 метр, "жақсы" – 1,5 метр, "қанағаттанарлық" – 2,5 метр шеңберге тигізу.

      42-жаттығу. 5 километр қашықтыққа жүгіру.

      43-жаттығу. 10 километр қашықтыққа жүгіру.

      Кез-келген қауіпсіз жерде жүргізіледі. Жалпы (жеке) старттан. Старт алу және мәре бір орында жабдықталады.

      Әр әскери қызметшіде оқжатары бар автомат (карабин), оқжатар салынған оқжатарларға арналған қалташа, газтұмша болуға тиіс. Оларды мақсатына қарай бірден қолдануға кедергі келтіретін қарулар мен жарақтарды қосымша бекітуге тыйым салынады (оның ішінде тиісті киім нысанында көзделмеген қосымша белдіктер, басқа да керек-жарақтар). Уақыт жүгіруге қатысатын әр қатысушыға жеке анықталады.

      Жаттығуларды бөлімше (взвод, рота және оларға теңестірілген бөлімшелер) құрамында орындау кезінде жақсы баға үшінші жас ерекшелігі (төртінші жас ерекшелігінің және одан жоғары әскери қызметшілер жаттығуды орындауға жіберілмейді) бойынша бөлімше мәреге 50 метрден артық емес қашықтыққа созылып келген жағдайда айқындалады.

      Нәтижені соңғы келген қатысушы айқындайды. Мәре алдындағы 50 метр шекара арақашықтықтың екі жағынан ашық түсті жалаулармен белгіленеді. Дәліз ұзындығы мәре сызығынан бастап өлшенеді. Жаттығуды орындау кезінде өзара көмек беруге рұқсат етіледі. Қару мен жарақтарды беруге тыйым салынады. Бөлімшеге есептелетін уақыт соңғы қатысушы бойынша айқындалады.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
12-қосымша

Шаңғы даярлығы бойынша сабақтардың мазмұнына мыналар енгізіледі

      44-жаттығу. 5 километр шаңғы жарысы.

      45-жаттығу. 10 километр шаңғы жарысы.

      Жарыстар жолдан тыс жерлерде жалпы немесе жеке старттан жүгіруге арналған (спорттық) шаңғыларда жүргізіледі. Старт пен мәре сызығы бір жерде белгіленеді.

      46-жаттығу. Бөлімше құрамында 5 километр шаңғымен қашықтыққа жүгіру.

      47-жаттығу. Бөлімше құрамында 10 километр шаңғымен қашықтыққа жүгіру.

      Взвод, рота және оған тең бөлімшелер құрамында кедір-бұдырлы жолсыз жерлерде жалпы старттан жүргізіледі, старт пен мәре сызығы бір жерде белгіленеді, арақашықтық белгіленеді және оған бұрылыс белгісі қойылады. Марш жүгіру алдын ала дайындалған шаңғы жолымен арнайы армиялық шаңғыларда өткізілуі мүмкін.

      Әрбір әскери қызметшінің автоматы (карабині), оқжатарға арналған сөмкесі, екі оқжатары және газтұмшасы болуға тиіс. Бөлімше мәреге толық құрамда, кемінде 100 метрге созылып, қару-жарақ пен керек-жарақ заттарын жоғалтпай келуге тиіс. Қаруды, газтұмшаны және әскери қызметшілер жабдығының басқа да заттарын бермей, өзара көмек көрсетуге рұқсат етіледі. Уақыт соңғы қатысушының келуімен айқындалады.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
13-қосымша

Жүзу бойынша сабақтардың мазмұнына мыналар енгізіледі

      48-жаттығу. Спорттық киім нысанында 100 метрге жүзу.

      Брасспен және еркін стильмен жүзу кезінде старт старттық тұғырдан орындалады. "Орындарыңа тұрыңдар" командасы бойынша әскери қызметшілер старттық тұғырдың артқы шетіне тұрады. "СТАРТҚА" командасы бойынша аяқ табандарын 15-20 сантиметр аралыққа қояды, саусақтарымен тұғырдың алдыңғы шетін қармайды, тізелерін бүгеді, кеудені алға еңкейтіп, қолдарын артқа жібереді. "МАРШ" командасы бойынша қолдарын сермейді және аяқтарымен тұғырдан алға-жоғары серпіледі, ұшу кезінде денені тіктеп, қолдарын алға созады.

      Старттан кейін және брасс әдісімен жүзу кезіндегі бұрылыстан кейін су астында аяқпен және қолмен бір уақытта бір жүзу қимылын орындауға рұқсат етіледі. Еркін стильде жүзу кезінде кез келген тәсіл қолданылады. Бұрылыс қабырғаға дененің кез келген бөлігін міндетті түрде тигізумен орындалады.

      49-жаттығу. Киім-кешекте қарумен жүзу.

      Старттық тұғырдағы бастапқы қалыптан (бәтеңкелер шешілген және ұлтандары сыртқа қаратылып белдік белбеуге алдынан не артынан қыстырылған, автомат немесе карабин – арқада) жетекшінің командасы бойынша суға секіреді және қашықтықты кез келген тәсілмен жүзіп өтеді. Қаруды немесе киім-кешек заттарын жоғалтқан кезде жаттығу орындалмаған болып саналады.

      50-жаттығу. Ұзындыққа сүңгу.

      Старттық тұғырдағы бастапқы қалыптан суға секіреді және су астында кез келген тәсілмен, бассейн түбіндегі сызықпен немесе 1-1,5 метр тереңдікте тартылған жіппен бағдарланып жүзеді. Старт әскери қызметшінің жаттығуды орындауға әзір болуына қарай жеке қабылданады. Стартты бассейн қабырғасынан серпілумен қабылдауға рұқсат етіледі. Сүңгу кезінде әскери қызметші су астында болуға тиіс. Дененің кез келген бөлігі су бетінде көрінген жағдайда жаттығу тоқтатылады және нәтиже айқындалады. Жаттығуды орындау кезінде жол көрсететін жіпті ұстап алға жылжуға тыйым салынады.

      51-жаттығу. Алты ескекті ялдарды есу. 2000 метр арақашықтыққа жүргізіледі. Арақашықтықты бұрылыспен жүзіп өтеді, старт пен мәре бір жерде жабдықталады. Нормативтер тек есушілерге ғана есептеледі.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
14-қосымша

Су станциясында жүзу бойынша сабақтарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар

      1. Су станциясы бойынша кезекші болып офицер тағайындалады, ол әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады, су станциясында тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, кезекші жүзгіштер командасының қызмет өткеруіне жауапты болады. Оған су станциясындағы бөлімшелердің барлық жеке құрамы бағынады.

      2. Кезекшілікке түсер алдында жаңа кезекші су станциясын пайдалану қағидаларымен, сабақ жетекшілерінің міндеттерімен, су станциясындағы сабақ кестелерімен танысады, су станциясын, оның жабдығы мен мүкәммалын тексереді және қабылдайды.

      3. Су станциясы бойынша кезекші:

      1) бөлімшелердің жеке құрамын сабақтарға тек су станциясының түп жағын, негізін тексергеннен, секіру тұғырынан (секіру негізінен) және мұнара астындағы су тереңдігін нақтылағаннан кейін жіберуге;

      2) су станциясының шекарасы ауданында құтқару қызметін қамтамасыз етуге, нұсқау беруге, құтқару командасының іс-қимылдарына басшылық жасауға, үйренушілерге су станциясының шекарасынан шығуға рұқсат етпеуге, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының бар болуын, дұрыстығын тексеруге, негіздеріне, жағалау мен қайықтарда құтқару құралдарын дайындауға, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда әскери бөлімнен дәрігер немесе "жедел жәрдем" шақыртуға;

      3) су станциясына бөлімшелердің жеке құрамын сабақ кестелері бойынша жіберуге, киім ауыстыруға, жағалауда және суда сабақ өткізу орындарын көрсетуге;

      4) әскери қызметшілердің су станциясын, оның жабдығын, мүкәммалын пайдалану қағидаларын орындауын, су станциясында тазалықтың және тәртіптің сақталуын бақылауға;

      5) сабақ өткізу орындарында, су станциясы негіздерінде, мұнараларда және қайықтарда күнге қыздырынуға жол бермеуге;

      6) су станциясына бөгде адамдарды кіргізбеуге;

      7) өртке қарсы іс-шаралардың сақталуын бақылауға;

      8) болған оқиғалар туралы әскери бөлім бойынша кезекшіге дереу хабарлауға міндетті.

      Су станциясы жазғы уақытта күнделікті жұмыс істейді (оның жұмыс уақытын әскери бөлім командирі айқындайды).

      Сабаққа келген бөлімшенің жеке құрамы ол үшін бөлінген орындарында киім ауыстырады.

      Сабақ жетекшілері су станциясы мүкәммалының, жабдығының сақталуына, су станциясында тазалық пен тәртіптің сақталуына жауапты болады.

      Су станциясының әрбір 25 метрлік жолында бір уақытта алты әскери қызметшіге жүзуге рұқсат етіледі.

      Сабақтан кейін су станциясының мүкәммалы оны сақтау үшін бөлінген орындарға жинап қойылады.

      Су станциясында:

      1) жетекшісіз (нұсқаушысыз, жаттықтырушысыз) жүзуге және шомылуға;

      2) жетекшінің рұқсатынсыз суға кіруге және одан шығуға;

      3) су станциясының шекарасынан (шектеу белгілерінен) тыс жүзуге;

      4) сабақ жетекшісінің рұқсатынсыз мұнарадан секіруге;

      5) су станциясының жолдарында асылып тұруға;

      6) су станциясының ауданында сабынмен жуынуға және кір жууға;

      7) су станциясының тұғырларында және мұнарада белгіленбеген киім нысанында жүруге;

      8) сабақ өткізу көзделген су станциясының негіздерінде, мұнараларда және жағалаудағы алаңдарда күнге қыздырынуға;

      Жүзу бойынша сабақ жетекшісісу станциясы бойынша кезекшіге бағынады және сабақтарды ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, сабақтар өткізу кезінде пайдаланылған жабдықтың, мүкәммалдың тұтастығына, сақталуына, сабақ өткізу уақытында су станциясындағы тазалық пен тәртіптің сақталуына жауапты болады.

      Сабақ өткізер алдында жетекші су станциясын, оның жабдығы мен мүкәммалын пайдалану қағидаларымен танысады. Ол журналда сабаққа келген адамдар санын белгілейді, сабақ өткізу орындарын қарайды, құтқару құралдарының болуын және орналасуын тексереді, су станциясы бойынша кезекшіге жүзуде анағұрлым даярланған әскери қызметшілерден кезекші жүзушілер командасын (екі-үш адам) бөледі.

Су станциясына қажетті құтқару құралдары мен мүкәммалының үлгілік тізбесі

      1. Құтқару қайықтары                              - 2 дана

      2. Құтқару шеңберлері                              - жолға 1 дана

      3. Ұзындығы 10 метр сақтандыру баулары            - 2 дана

      4. Ұзындығы 3 метрге дейін сырық                  - 4 дана

      5. Ескекаяқтар, бетперделер мен тыныс алу түтіктері      - 4 жиынтық

      6. Медициналық дәрі қобдишасы                        - 1 дана

      7. Санитариялық зембілдер                              - 1 дана

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

20____оқу жылындағы _______________ жеке құрамының Әскери-спорт кешенінің жаттығуларын орындауын есепке алу ведомосы

р/с

Әскери атағы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жас ерекшелігі тобы

Орындалған жаттығулардың нәтижелері

Жалпы балл

Орташа балл

ӘСК дәрежесі

1

2

18

№ _жатт.

№ _жатт.

№ _жатт.

№ _жатт.

Нәтиже

Балл

Нәтиже

Балл

Нәтиже

Балл

Нәтиже

Балл
















Әскери-спорт кешенінің жаттығулары:

     


  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
16-қосымша

"Спортшы жауынгер" кеуде белгісі

     


      "Спортшы жауынгер" кеуде белгісінің сипаттамасы:

      "Спортшы жауынгер" кеуде белгісі радиусы 20 мм бетіне мыналар салынған көгілдір түсті шеңберді білдіреді:

      жоғарғы жақта жұлдыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны, радиусы 7 мм, жұлдыздың қырлары мен нышандары алтын түсті;

      астында радиусы 5 мм қызыл түсті қалқан, қалқанның ішінде кешеннің дәрежесін білдіретін 1 немесе 2 сандары, қалқанның қырлары және сандар алтын түсті;

      бүйірлерінде ұлттық оюы мен дөңес қырлары бар алтын түсті алты жапырақ, ішкі шеңберден жапырақтың төбесіне дейінгі арақашықтық 4 мм;

      радиусы 17 мм ішкі және сыртқы екі шеңбердің арасында мемлекеттік тілдегі алтын түсті "Спортшы жауынгер" деген жазуы бар, шеңбер көмкермелерінің қалыңдығы 1 мм – алтын түсті;

      шеңбердің ортасында – алтын түсті жүйрік адамның бейнесі.

      Белгі тұтастай таңбаланған. Белгінің екінші жағында оны киімге бекітуге арналған айла-бұйым бар.

      "ҮЗДІК" кеуде белгісі екі бөліктен тұрады: тікелей белгіден және тағаннан. Белгі "Спортшы жауынгер" сияқты белгі, тек қалқанның орнына жоғарғы жағындағы сөздердің арасында орналасқан лавр бұтағы мен ұлттық оюдың 7 жапырағы қосылады.

      Таған биіктігі 17 мм және ені 20 мм дөңес қырлары бар көгілдір түсті қалқан нысанында болады, ортасында мемлекеттік тілде "ҮЗДІК" деген жазу орналасқан. Тағанның қырлары мен сөздер – алтын түсті. Тағанмен белгі өзара құлақша мен шығыршық арқылы байланыстырылған. Тағанның екінші жағында оны киімге бекітуге арналған айла-бұйым бар.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
17-қосымша
  Нысан

"Спортшы жауынгер" кеуде белгісіне куәлік (куәліктің ішкі жағы)

______________________________________
______________________________________
_____________________________________,
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
оның ____ дәрежелі "Спортшы жауынгер" кеуде белгісімен наградталғаны туралы берілді.
Командирдің (бастықтың)
201_жылғы ______ № __ бұйрығы
Спорт комитетінің төрағасы ______________________________________
(әскери атағы және қолы)

___ дәрежелі "Спортшы жауынгер" кеуде белгісі үшін белгіленген нормалар мен талаптарды растау
Командирдің (бастықтың)
201_жылғы ______ № __ бұйрығы
Командирдің (бастықтың)
201_жылғы ______ № __ бұйрығы
Командирдің (бастықтың)
201_жылғы ______ № __ бұйрығы
 

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
18-қосымша
  Нысан
  Ведомость ШЛК-мен
салыстырып тексерілді
______________________
(ШБ әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.,
мөр)

      ____________________ арналған

      (ай, кезең немесе жыл)

00000 ә/б 1-мар дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижелерінің ведомосы

р/с

Әскери атағы

Т.А.Ә.

жас ерекшелігі тобы

кеудедегі нөмірі

Жаттығудың атауы

жалпы балл

баға

Сандық белгісі жоқ жаттығулар

дене шынықтыру дайындығын бағалау

әдістемелік дайындықбойынша бағасы

дене шынықтыру дайындығы бойынша жалпы бағасы

рейтинг

1

2

3

4

5

жаттығу №

нәтижесі

балл

жаттығу №

нәтижесі

балл

жаттығу №

нәтижесі

балл

жаттығу №.

баға

жаттығу №.

баға

1.
























2.
























3.




(Денсаулық жағдайына, демалысына, іссапарға, кезекшілікке байланысты) босатылды 0000 ж. "_"____№____ бұйрық

4.

























      Бөлімше командирі _________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      Тізім бойынша ___ адам                  Санаттар бойынша бағалар:

      Тексерілді ___ адам, ___ %                  Офицерлер _______

      "өте жақсы" ___ адам, ___ %            Келісімшарт бойынша әскери

      қызметшілер_______

      "жақсы" ___ адам, ___ %                  Мерзімді қызмет әскери қызметшілері ______

      "қанағаттанарлық" ___ адам, ___ %      Әскери қызметші әйелдер _______

      "қанағаттанарлықсыз" ___ адам, ___ %      Жалпы баға _______

      оң бағалар ___ адам, ___ %

      ЕДШ ___ адам, ___ %

      Тексеруші _____________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)

      Ескертпе: Тізімде алдымен офицерлер, одан кейінкелісімшарт бойынша әскери

      қызметшілер,мерзімді қызмет әскери қызметшілері,әскери қызметші әйелдер көрсетіледі.

      Әскери бөлімнің мөрі тек штаб бастығы қол қойған жерге қойылады.

      ___________________үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша "Оңтүстік" ӨңҚ-ны

      тексеру нәтижелерінің

      (ай, кезең немесе жыл)

жиынтық ведомосы

р/c

Әскери бөлім

Тізім бойынша

тексерілгені барлығы

Офицерлер

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер

Мерзімді қызмет әскери қызмеишілері

Әскери қзыметші әйелдер

ЕДШ

Жалпы баға

тексерілді

өте жақсы

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттанарлықсыз

баға

тексерілді

өте жақсы

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттанарлықсыз

баға

тексерілді

өте жақсы

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттанарлықсыз

баға

тексерілді

өте жақсы

жақсы

қанағаттарлық

қанағаттанарлықсыз

баға

1






























және
т.б.































Жиыны





























      ____әскери бөлім тексерілді

      "өте жақсы" ____ әскери бөлім

      "жақсы" _____ әскери бөлім

      "қанағаттанарлық" _____ әскери бөлім

      "қанағаттанарлықсыз" _____ әскери бөлім

      Жалпы баға ________________

      "Оңтүстік" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары

      __________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      "Оңтүстік" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы

      жауынгерлік даярлық басқармасының дене шынықтыру дайындығы және спорт бастығы

      __________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)

      Ескертпе: ведомость жыл сайын 30 сәуірде және 30 қазанда ҚР ҚМ Спорт комитеті – АОСК-ға ұсынылады