Тағайындау кезінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15656 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тағайындау кезінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі, елтаңбалық мөрмен расталған көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 8 тамыздағы
№ 542 бұйрығымен
бекітілген

Тағайындау кезінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесі

      1. Қару-жарақ және автоброньдытанк техникасын жөндеу қызметінің бастығы.

      2. Қару-жарақ қызметінің бастығы (өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің).

      3. Қару-жарақ, оқ-дәрілер, инженерлік және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау қызметінің мүлкі қоймасының аға маманы (қойма бастығы).

      4. Қару-жарақ және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарын жөндеу шеберханасының бөлініс бастығы (шеберхана бастығы).

      5. Қару-жарақ жөндеу орталығының (қару-пулемет шеберханасы) бастығы.

      6. Қару-жарақ жөндеу орталығының (қару-пулемет шеберханасы) бөлімше бастығы.

      7. Қару-жарақ жөндеу орталығы (қару-пулемет шеберханасы) бөлімше бастығының аға көмекшісі.

      8. Қару-жарақ жөндеу орталығының (қару-пулемет шеберханасы) аға маманы.

      9. Қару-жарақ жөндеу бөлімшесі бастығының аға көмекшісі.

      10. Бөлшектеу, жинау және ақауын анықтау цехының маман – технигі.

      11. Токарь-слесарь цехының маман – технигі.

      12. Қару-жарақ қоймасының бөлініс бастығы (қойма бастығы).

      13. Қару-жарақ қоймасының сақтау орны бастығы.

      14. Жеке рота командирі.

      15. Жеке рота старшинасы.