"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген |
Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары
1. Осы Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары әскери қызметшілерге және әскери қызметтен босатылған адамдарға Қазақстан Республикасының шеңберінде өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
2. Әскери қызметшілерге және әскери қызметтен босатылған адамдарға ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабы 1-тармағының 11), 12), 13), 14) пен 15)-тармақшаларына сәйкес әскери қызметтен босатылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шеңберінде өз мүлкін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін негіздеме мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық болып табылады:
1) баянатты (өтінішті);
2) әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің, әскери қызметтен босатылған адамның кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзіндіні және нұсқаманың көшірмесін.
Әскери қызметшіге өз мүлкін тасымалдауға шығыстарды өтеу туралы бұйрықты әскери қызметті өткеріп жатқан әскери бөлімнің командирі немесе әскери қызметтен босатылып әскери есепке қойылған адамның жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарады.
3. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
4. Әскери қызметшінің өз мүлкін Қазақстан Республикасының шеңберінде тасымалдауға шығыстарды өтеуді келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдаулар жағдайларынан басқа, қаржы жылының ішінде әскери қызметші ақшалай қамтылымда тұрған әскери бөлім немесе әскери қызметтен босатылып әскери есепке қойылған адамның жергілікті әскери басқару органы жүргізеді.
5. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметші немесе тиісінше әскери қызметтен босатылған адам өзі айқындайды.