"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а 2017 жылғы 28 шілдедегі № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15599 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (бұдан әрі - беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.";

      2 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау тәртібі";

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларына 1-қосымша";

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру_____(жылғы)______(айы) арналған жоспары" ескертпенің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) түсіру орны, жеткізу тәсілі - аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген немесе тиісті сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша газды сақтауды (ауыстырып тиеуді) жүзеге асыратын газ толтыру станциясының орналасқан жері және жеткізу тәсілі: теміржол көлігі және/немесе автомобиль көлігі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларына 3-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген соң күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің м.а.
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 262 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
жасау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  (уәкілетті органның атауы)
  ____________________________
  ____________________________
  (газ желісі ұйымының атауы
  мен орналасқан жері,
  аккредиттеу туралы
  куәліктің нөмірі мен күні)

Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім

      Мәлімделген кезең _________________________

      (күнтізбелік жыл, айлар)

      Берілетін көлемнің барлығы, кг ________________________оның ішінде партиялармен

Партиядағы газ көлемі, кг

Маркасы (техникалық бутан, техникалық пропан- бутан, техникалық пропан)

Беруші

Жоспарланған өткізу көлемі, кг

* Газ толтырустанциясыменсақтау (ауыстырыптиеу) шартының № және күні

* Жеке және/немесе 1 жылдан астам мерзімге жалға алынған жиынтық сақтау көлемі кемінде 50 текше метр автогаз құю станциялары, моноблоктары және/немесе газ толтыру пункттері бойынша құжаттар

Баллондық өткізу үшін газ толтыру пункттері

Топтық резервуарлық қондырғылар

Автогазқұюстанциялары

Өнеркәсіптік кәсіпорындар

Өз тұтынуы

жеке

тысқары

көп пәтерлі үйлер

Жеке тұрғынүйсекторлары

жеке

тысқары

Автогаз құю станцияларды, моноблоктарды және/немесе газ толтыру пункттерді жалға алушартының № және күні

Автогаз құю станцияларын, моноблоктарын және/немесе газ толтыру пункттерін пайдалануға қабылдау актісінің № және күні

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың көлемі, паспорттың № және күні, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның есепке қойған күні

Моноблокты орнату үшін жер учаскесін жалға алу шартының немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің № және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

































      Жеткізу тәсілі ___________________________________________________________________

      (т/ж не автомобиль көлігімен - әрбір беруші үшін жеке)

      Түсіру орны_______________________________________________________________

      Басшы ___________________________________________________________________

      Мөрдің орыны.

      Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде:

      1) партиядағы газ көлемі, кг.;

      2) маркасы (техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан);

      3) өндірушінің (берушінің) атауы мен оның орналасқан жері;

      4) газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары, өнеркәсіптік тұтынушылар және өзіндік тұтынуға бөле отырып, мәлімделген көлемді жоспарланған өткізу көлемі көрсетіледі.

      * 12, 13, 14, 15, 16 бағандар мәлімделген өңірдегаз толтыру станциясы болмаған кезде толтырылады.