Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15596 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-2-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың омырауға тағатын белгісінің;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирінің үлгілері белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді       Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 506 бұйрығына
1-қосымша

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі



      Ескертпе.

      1. Үлгіге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің мұқабасы (бұдан әрі - қызметтік куәлігі) көк түсті болады. Қызметтік куәлігі ашық түрде тігінен 65 миллиметр және көлденеңі 198 миллиметр өлшемінде болады.

      2. Қызметтік куәлігінің бет жағында ортада Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті орналасқан және төменірек қазақ тілде баспаханалық қарпімен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ" деген жазба орындалған.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі бөлігінің сол және оң жақтарында ақ түс аясында күн жасырын формасын қолданумен көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген.

      4. Қызметтік куәлік сол және оң жақтарының үстіңгі жағында қазақ және орыс тілдерінде сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің немесе аумақтық бөлімшесінің толық атауы орналасқан.

      Қызметтік куәліктің сол жағының ортасында қара түсте қазақ тілде "№ 00-00 КУӘЛІК" жазуы орналасқан. Оның астында қара түсте қазақ тілде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың (бұдан әрі - инспектор) тегі, аты мен әкесінің аты (бар болған жағдайда) және инспектордың атқарған лауазымы көрсетіледі. Сол жағында 3x4 сантиметр көлемінде инспектордың түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Инспектор ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі. Фотосуреттің оң жағында "ҚР ИДМ" бейнелемесі бар арнайы голограмма орналастырылады. Голограмма 13х11 мм түпнұсқа форматында. Голограмманың артикулы S74.

      Қызметтік куәліктің оң жағының ортасында қара түсте орыс тілінде "УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00" жазуы орналасқан. Оның астында қара түсте орыс тілінде инспектордың тегі, аты мен әкесінің аты (бар болған жағдайда) және инспектордың атқарған лауазымы көрсетіледі. Сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес орындалған алтын түсте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті орналасқан және төменірек қазақ тілде баспаханалық қарпімен "ҚАЗАҚСТАН" деген жазба жазылған.

      Төменде қазақ және орыс тілдерінде қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерін беру кезінде куәлік нөмірі ұсынылатын шифрлар ескеріле отырып қалыптастырылады, атап айтқанда, № 00-00, ондағы алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі, одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктер, төсбелгілер, мөртабандар және пломбирлер беру журналына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор куәлігінің реттік нөмірі.

      Жіктеуішке сәйкес аумақтық бөлімшелердің шифрлары:

      1 - Астана қаласы;

      2 - Алматы қаласы;

      3 - Ақмола облысы;

      4 - Ақтөбе облысы;

      5 - Алматы облысы;

      6 - Атырау облысы;

      7 - Шығыс Қазақстан облысы;

      8 - Жамбыл облысы;

      9 - Батыс Қазақстан облысы;

      10 - Қарағанды облысы;

      11 - Қостанай облысы;

      12 - Қызылорда облысы;

      13 - Маңғыстау облысы;

      14 - Павлодар облысы;

      15 - Солтүстік Қазақстан облысы;

      16 - Оңтүстік Қазақстан облысы.

      Куәлікте қызметкердің лауазымы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ведомствосы, аумақтық бөлімшелері құрылымына сәйкес көрсетіледі, сызықша арқылы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағына сәйкес өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың мәртебесі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 506 бұйрығына
2-қосымша

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың омырауға тағатын белгісінің үлгісі



      Ескертпе.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың төсбелгісі сары түсті металдан (анодталған алюминий) жасалады, биіктігі 75 миллиметр және ені 55 миллиметр лотос пішінінде болады.

      Төсбелгінің жиектері сары түсті.

      Орталық бөлігі көк түсті эмаль құймамен (1404) орындалған.

      Төсбелгінің бет жағының ортасындағы жапсырмада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің елтаңбасы бейнеленген. Оның биіктігі 37 мм және периметрі сары түсті жолақпен жиектелген. Жапсырма сары түсті металдан (анодталған алюминий) жасалады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының суретінде эмальдарының түсі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес орындалады (қызыл 7581, көгілдір G 1806, қызғылт-сары 46220, көк G 1916).

      Гербтің төменгі жағында сопақ пішінде сары түсті "ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІІС ҚАДАҒАЛАУ" деген жазуы бар.

      Төсбелгінің төменгі бөлігінде дөңгелек лента формадағы сары түсті жолақта қара түсті эмалімен реттік нөмірі жазылғаны бар, атап айтқанда: 00-00, ондағы алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі; одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбирлерді беру журналына сәйкес реттік нөмірі, қара түсті.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерлі, әріптер мен фоны жылтыр.

      Төсбелгінің кері жағында винт пен гайкасы түрінде бекіткіші бар.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 506 бұйрығына
3-қосымша

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының үлгісі



      Ескертпе.

      1. Инспектордың штампы қол аспабы секілді оқиғаларды бекіту функцияларын орындау үшін, бояуды қағаз тасығыштарға аудару түрінде - инспектордың - мөртаңбасының иелік қол қоюын растау ретінде қолданылады.

      2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мөртабанның түрі үшін әртүрлі материалдарға мөр бедерді қолдану немесе бояуды аудару түрінен тәуелсіз мынадай талаптар белгіленеді.

      Инспектордың мөртабаны өзінен микролифтпен жабдықталған цилиндрлік пішіндегі автоматикалық жабдығы болып көрінеді. Онда мөртабан орналасқан. Нөмірлік мөртабанның өрнегін бояумен (мастикамен) сулау үшін мөрқалып төсеніші мөртабанның корпусының ішкі бөлігінде орналасқан. Жиынтықта корпусты бүктелген түрде бұғаттайтын астыңғы қақпағы бар.

      Мөртабан силикон ендірмеден төменгі көрсетілген нөмірлік мөртабан өрнегінің болуымен цилиндрлік (кіші) корпусының сыртқы шеті әдіптелген қырынан шығуы 2,5 миллиметрден артық емес болып орналасқан.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлі мөртабаны дөңгелек пішінді, диаметрі - 40 миллиметр.

      Дөңгелек контурының ішкі жағында мыналар көрсетіледі:

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазым атауы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 506 бұйрығына
4-қосымша

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирінің үлгісі



      Ескертпе.

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирі дөңгелек пішінді, диаметрі - 10 миллиметр.

      Пломбиратордың пломбирлік плашкасының бір жақ бетінде мынадай мөр бедері қалады (1-сурет):

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ведомствосының немесе аумақтық бөлімшесінің аббревиатурасының жазуы бар, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың аумақтық тиесілілігін көрсету қажет.

      Пломбиратордың пломбирлік плашканың екінші жақ бетінде мынадай мөр бедері қалады (2-сурет):

      ведомство аббревиатурасының жазуы "ҚР ИДМ".

      Екі пломбиратордың пломбирлік плашкасы пломбада дөңес типтегі мөр бедерін қалдырады.

      2. № 00-00 белгілері көмегімен инспектордың аумақтық және жеке тиесілігі айқындалады.

      Пломбир нөмірі 00-00, мұнда алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі, одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбирлерді беру журналына сәйкес реттік нөмірі.