Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15589 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14110 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 28 шілде

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 375 бұйрығымен
бекітілген

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тәртібін айқындайды.

      2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін дайындау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау мақсатында әскери кафедраларда жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) студенттерін оқыту мақсатында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлауды қамтиды.

      3. Запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша ЖОО-лардың әскери кафедраларында азаматтардың әскери дайындығы алынатын жоғары кәсіптік білімнің негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін дайындау, сондай-ақ ағымдағы толық жасақталмау бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау үшін резервті жасау мақсатында ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әскери кафедраның оқу материалдық базасы – бұл белгіленген мамандықтар бойынша білім алушылар қатарынан запастағы офицерлерді даярлауды қамтамасыз ететін материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешені. Әскери кафедраның оқу материалдық базасы оқу жоспарларында және бағдарламаларында көзделген барлық сабақтарды сапалы өткізуді, білім алушылардың зерделейтін материалды толық меңгеруін, олардың командалық, әдістемелік, практикалық дағдылар мен біліктілік алуын қамтамасыз етуге және әскери істі, ғылымды, техниканы дамыту және қазіргі заманғы оқыту әдістемесінің деңгейіне сәйкес келуге тиіс;

      2) "әскери күн" әдісі – әскери кафедраның күн тәртібіне сәйкес запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша әскери дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін ЖОО басшысының бөлген уақыты;

      3) әскери дайындық бағдарламасы – әрбір әскери-есептік мамандық бойынша жоспарлау құжаттарының кешені, олардың негізінде запастағы офицерлерді даярлау жүзеге асырылады;

      4) әскери дайындық бойынша орташа үлгерім балы – білім алушының әскери кафедрада оқу кезеңіндегі орташа сараланған балы;

      5) әскери-патриоттық жұмыс – білім алушыларда патриотизмді, Қазақстан Республикасына адалдықты қалыптастыру, мемлекет мүддесінде өзін құрбан етуге әзірлікті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамда әскери-патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда білім алушылардың қатысуымен әскери-патриоттық іс-шараларды өткізу;

      6) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс – Қарулы Күштердің имиджін, әскери амандықтың беделін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      7) идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы іс-қимыл – қазақстандық мемлекеттілік, саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық модель, ұлттық және әскери дәстүрлер негіздерін насихаттау жөніндегі іс-шараларды; мемлекетке, оның конституциялық құрылымына және Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жанжал тудыруға және басқа да діни экстремистік мәндегі іріткі идеяларға қарсы бағытталған насихатқа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      8) күн тәртібі – әскери кафедрада күнделікті қызмет пен оқу процесінің негізгі іс-шараларын орындауға уақытты бөлу;

      9) мәдени-бос уақыт жұмысыбілім алушыларды жалпы мәдениетті тәрбиелеу, әлемдік және қазақстандық өнерге тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени дүниетанымын кеңейту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      10) психологиялық жұмыс – кез келген жағдай шарттарында міндеттерді орындау кезінде қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, дамыту және қолдау, жеке құрамға ақпараттық-психологиялық ықпал етуге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

      5. Студенттердің әскери дайындығы қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарына бөлінеді, студент жігіттер үшін оқу-жаттығу жиынынан және студент қыздар үшін кәсіби практикадан тұрады.

      6. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық өтеусіз және өтеулі негізде жүзеге асырылады.

      Өтеусіз негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен студенттер тартылады, ал өтеулі негізде оқуға өтеулі негізде оқу үшін іріктеу жөніндегі комиссия ұсынған студенттер тартылады.

      Әскери кафедраларда оқыту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) жыл сайын еркін нысанда қабылдау жоспарын (бұдан әрі – қабылдау жоспары) әзірлейді және бекітеді.

      Өтеулі негізде оқыту үшін ЖОО басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына сәйкес нысан бойынша әскери кафедралары жоқ білім беру қызметін жүргізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы бар меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, басқа да ЖОО-лардың студенттерін тарта алады.

2-тарау. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу

      7. Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу ҚР ҚМ әскери кафедраға жыл сайын қабылдау жылының 1 наурызына дейін жолдайтын қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.

      Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 25 жастан үлкен емес жастағы, сотталмаған, оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

      Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды қабылдау жылының 20 мамырында аяқтайды, ал медициналық куәландыру нәтижелерін конкурсты өткізу жылын қоса алғанда қабылдау жылының 31 мамырында аяқтайды.

      8. Факультетте (институтта) білім алушы студенттердің тізімдері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖОО-лардың деканаттарында жасалады және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін әскери кафедраға беріледі.

      9. Студенттерді әскери кафедрада оқытуға іріктеу үшін конкурс мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) медициналық куәландырудан өту;

      2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізу;

      3) үшінші кезең – дене дайындығын тексеру.

      Іріктеу кезеңдерінің қорытындылары әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Іріктеу комиссиясы) отырысында қаралады.

      10. Іріктеу комиссиясының құрамы және жұмыс істеу мерзімдері Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының (бұдан әрі – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады.

      Іріктеу комиссиясы мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады, оған мыналар енгізіледі:

      1) комиссия төрағасы – ҚР ҚМ өкілі;

      2) комиссия төрағасының орынбасары – әскери кафедраға жетекшілік ететін ЖОО проректоры;

      3) әскери кафедра бастығының бір орынбасары;

      4) әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) өкілі немесе дене дайындығы және спорт үшін жауаптысы, олар болмаған жағдайда ЖОО-ның дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі;

      5) ЖОО әскери кафедрасының оқытушысы;

      6) комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып ЖОО әскери кафедрасының өкілі тағайындалады.

      11. Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңінен өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі, ал екінші, үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.

      12. Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

      13. Өтеусіз және өтеулі негізде запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен (медициналық ЖОО-ларда екінші және үшінші курстан) қабылданады.

      14. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.

      15. Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

      16. Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша осы Қағидаларға 45-қосымшаға сәйкес ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.

      17. Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде студенттерге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматтың ресімделген медициналық куәландыру картасын береді.

      18. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес студенттер медициналық куәландыру басталғанға дейін медициналық комиссияға медициналық құжаттар тізбесіне сәйкес медициналық құжаттарды және медициналық комиссияға ұсынылатын медициналық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.

      19. Студенттердің медициналық куәландырудан өтуі конкурс өткізу жылы 1 наурыздан бастап 31 мамырды қоса алғанда жүзеге асырылады.

      Медициналық куәландырудан өту кестесін әскери кафедра жергілікті әскери басқару органымен келіседі, ол әскери-дәргерлік комиссиялар жұмысының жоспар-кестесінде әскери кафедраларда оқуы үшін кандидаттардың медициналық куәландырудан өтуін қамтиды. Жоспар-кестеде көрсетілген мерзімде медициналық куәландыруға келмеген студенттер оны өздері өтеді.

      20. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

      21. Студенттердің дене дайындығын тексеру осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әскери кафедра бекітілген әскери бөлім (мекеме) өкілінің немесе дене дайындығы және спорт үшін жауаптысының, олар болмаған жағдайда ЖОО-ның дене тәрбиесі және спорт кафедрасы өкілінің дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауын қамтиды.

      Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурстың үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

      22. Кәсіби-психологиялық іріктеуді өткізу және дене дайындығын тексеру нәтижелерінің деректері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.

      23. Конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жасалған рейтингіге сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери кафедрадағы әскери даярлыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі іріктеу комиссиясы отырысының "әскери дайындыққа тартылсын", "өтеулі негізде оқыту үшін ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің түрлерін қабылдаумен хаттамасы ресімделеді.

      Шешім басым дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      25. Өтеусіз негізде оқыту үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингіде тұрған студенттер тартылады.

      Осы студенттер бойынша іріктеу комиссиясы шешім шығарады.

      26. Студенттерді әскери дайындыққа тарту, оларды қару-жарақпен және әскери техникамен, әдебиетпен және "қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беру хаттама негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай мерзімдерге жүргізіледі:

      өтеусіз негізде оқыту үшін – іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде;

      өтеулі негізде оқыту үшін – студенттің осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жазғаннан кейін оқу жылы басталғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде.

      27. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту немесе дене дайындығын тексеру нәтижелерімен келіспейтін студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына (еркін нысанда) жазбаша мәлімдеумен өтініш білдіреді.

      Өтініш мәні бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

      28. Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

3-тарау. Әскери кафедрадағы оқу процесі

      29. Білім алушылардың әскери дайындығы кредиттік оқыту технологиясын іске асырмай "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Нақты ЖОО-ның оқыту ерекшелігін ескере отырып, әскери дайындықты ұйымдастырудың басқа түрі белгіленуі мүмкін.

      30. Оқу процесінің ұйымдастырушысы және басшысы әскери кафедраның бастығы болып табылады.

      31. Оқу процесін жоспарлау әскери кафедраның қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

      Оқу процесін жоспарлау оқу жылы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

      Әскери дайындық бойынша оқу жылының басталуы және аяқталуы ЖОО-ның күнтізбелік оқу жоспары негізінде айқындалады. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу мерзімдерін ҚР ҚМ айқындайды.

      32. Әскери кафедра оқытушыларының оқу жүктемесі көлемінің есебі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық сағаттарда жүргізіледі.

      Оқу жүктемесі былайша белгіленеді:

      1) әскери кафедраның бастығы – 100-150 академиялық сағат;

      2) әскери кафедра бастығының орынбасары – 200-250 академиялық сағат;

      3) профессор, доцент – 250-350 академиялық сағат;

      4) цикл бастығы – 300-350 академиялық сағат;

      5) аға оқытушы – 500-550 академиялық сағат;

      6) оқытушы, ассистент – 750-1000 академиялық сағат.

      33. Әскери кафедра оқытушыларының саны 25 адамнан астам болған жағдайда оқу жүктемесі әскери кафедра бастығына есептелмейді.

4-тарау. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу

      34. Білім алушылардың оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практикасы) әскери дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады, олар студенттерді практикалық оқыту және олардың әскери дайындық курсын зерделеу кезінде алған командалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындары мен ЖОО-лардың оқу материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып өткізіледі.

      35. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушы студенттер үшін оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) мынадай екі кезеңде өткізіледі:

      бірінші кезең – әскери кафедра базасында 90 академиялық сағат;

      екінші кезең – ҚР ҚМ бекіткен жоспар-кестеге сәйкес әскери бөлімдердің, әскери оқу орындарының оқу материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, 138 академиялық сағат.

      36. Білім алатын қыздар оқу-жаттығу жиынына тартылмайды, олар үшін алатын әскери-есептік мамандық бойынша кәсіби практика ұйымдастырылады. Кәсіби практикадан өту кезеңінде білім алатын қыздар оқу-жаттығу атыстары жаттығуларын орындайды және әскери ант қабылдайды.

      37. Білім алушыларға оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өтуге кедергі болған дәлелді себептер (науқастануы, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша және тағы сол сияқтылар) бар болған жағдайда келесі жылы өтуіне рұқсат етіледі. Оқу-жаттығу жиынынан өтуді бір реттен артық ауыстыруға жол берілмейді.

      38. Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практикасын) әскери-есептік мамандығына байланысты өткізуге кемінде 34 күнтізбелік күн бөлінеді.

      39. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізудің мерзімдері мен орны көрсетілген жоспар-кестені жыл сайын жиын өтетін жылы 30 сәуірге дейін ҚР ҚМ бекітеді.

      40. Дәрігерлік комиссиялардың медициналық куәландыруынан кейін денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған, оқу төлемі және ағымдағы үлгерімі бойынша қарыздары жоқ запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) жіберіледі.

      Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) жіберуді әскери кафедралар дайындаған тізімдер бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) жіберілмейді. Осы санат оқу-жаттығу жиынынан өтуге қайта куәландырудан өткеннен кейін ЖОО-ны бітіретін жылдан кеш емес жіберілуі мүмкін.

      41. Оқу-жаттығу жиынының жеке құрамын орналастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес жабдықталған казармаларда немесе далалық лагерьлерде ұйымдастырылады.

      42. Оқу-жаттығу жиыны уақытында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер ішкі нарядта қызметті өткеруге тартылады. Ішкі қызметті іс жүзінде өткергені үшін білім алушыларға сабақтарды, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты есепке алу журналдарына бағалар (еркін нысанда) қойылады.

      43. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өту уақытында кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді оқу процесін және олардың тұрмыстық құрылғысын қамтамасыз етумен байланысы жоқ шаруашылық және басқа да жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

      44. Оқу-жаттығу жиыны барысында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттерден әскери антты қабылдауды дайындау жүргізіледі. Әскери антты запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) екінші кезеңінде қабылдайды.

      Әскери антты қабылдау туралы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікке "Әскери ант қабылдады (күні, айы, жылы, әскери бөлім атауы)" деген жазба жасалады, ол мөрмен расталады.

      Білім алатын қыздардың әскери антты қабылдағаны туралы жазба жеке ісінде жасалады.

      45. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге көтермелеулер және жазалар қолдану Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде жүйелі түрде тәртіп бұзатын, оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өтуден жалтарған запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен әскери дайындықты өтуден шеттетіледі.

      47. Әскери кафедралар бекітіп берілген ҚР ҚМ әскери бөлімдері мен мекемелеріне 1 қазанға дейін жауынгерлік даярлық жоспарына қосу және оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу кезеңінде қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен, автомобиль көлігімен, оқу-жаттықтыру кешендерімен және құралдарымен, аспаптармен, аппаратурамен, құрал-саймандармен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, керек-жарақтармен және басқа да материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрлерімен қамтамасыз ету үшін өтінімдерді (еркін нысанда) жолдайды. Өтінімдер оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) басталғанға дейін бір ай бұрын нақтыланады.

      Базасында оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) өтетін әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері, ЖОО-лардың басшылары ҚР БШБ бекіткен жоспар-кестеге сәйкес оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) ұйымдастыруға, өткізу сапасына және қамтамасыз етуге, оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) өткізу барысын бақылауды жүзеге асыруға және оқу бітіру емтихандарын ұйымдастыруға және оны өткізуге жауап береді.

      48. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) аяқталғаннан кейін бөлімше командирлері запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын әр студентке оқу-жаттығу жиынының бастығымен бекітілген қызметтік мінездеме (еркін нысанда) жасайды.

      49. Оқытушының жетекшілік етуімен барлық оқу сабақтары түрлерінің ұзақтығы оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) болған күндерден басқа, күніне 6 академиялық сағатты құрайды. Оқытушы жетекшілік етуімен білім алушылардың өздік жұмысының ұзақтығы – 2 академиялық сағат. ЖОО-дағы бір академиялық сағат, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) – 50 минут. Ақпараттандыру мен жаттықтыруларды өткізуге бөлінетін уақыт – 30 минут.

      50. Оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) оқу аптасының ұзақтығы 6 жұмыс күніне белгіленеді. Оқу күні 8 академиялық сағатты, демалыс алды (мереке алды) күндері 6 академиялық сағатты құрайды, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты, жаттықтырулар мен ақпараттандыруды өткізуге уақыт көзделеді.

      51. Тактикалық (тактикалық-арнайы), (тактикалық-саптық) және арнайы сабақтарды, жауынгерлік оқ атуларды, жауынгерлік жұмысты, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтарды өткізу, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде оқу уақытының ұзақтығы регламенттелмейді.

5-тарау. Әскери кафедрадағы тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс

      52. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әскери кафедра оқу жылына ЖОО-да тәрбие жұмысына жетекшілік ететін бөлімшелермен бірлесіп әзірлейді және оны ЖОО басшысы оқу жылы басталғанға дейін екі апта бұрын бекітеді.

      53. Жоспарға мынадай бөлімдер енгізіледі:

      1) әскери-патриоттық жұмыс;

      2) көшбасшы қасиеттерін тәрбиелеу;

      3) идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы іс-қимыл;

      4) мәдени-бос уақыт жұмысы;

      5) психологиялық жұмыс;

      6) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс;

      7) конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және тренингтерді өткізу.

      54. Әскери кафедраның базасында әскери-патриоттық клуб құрылады.

      55. Білім алушылардың тәрбие және әскери-патриоттық жұмысы жөніндегі міндеттер сабақтар процесінде және әскери кафедрадағы күн тәртібінде көзделген сағаттарда, сондай-ақ ЖОО-ның басқа кафедраларымен, факультеттерімен, қоғамдық ұйымдарымен, әскери бөлімдермен және мекемелермен бірлесіп, сабақтан тыс уақытта шешіледі.

6-тарау. Оқу материалдық база

      56. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасының негізгі элементтері:

      1) оқу-жаттығу қару-жарағы мен оқу-жаттығу әскери техникасы, зертханалық жабдықтар, оқу-жаттықтыру құралдары, есептеу техникасы, техникалық оқыту құралдары, аспаптар, көрнекі құралдар және басқа да әскери оқу-жаттығу мүлкі;      

      2) аудиториялар (дәріс залдары), сыныптар, кабинеттер, зертханалар, кітапханалар, оқытушылар бөлмесі, зертханашылар бөлмесі, қаруды, әскери-техникалық мүлікті сақтау, құпиялылық белгісі бар әдебиетпен жұмыс істеуге арналған бөлмелер мен басқа да оқу және оқу-қосалқы үй-жайлары;

      3) арнайы оқу-жаттықтыру кешендері, оқу-жаттығу қалашықтары (тактикалық, оқ ату, инженерлік дайындық, РХБҚ, қарауыл, радиополигондар, миниатюр-полигондар), оқ ату тирлері, саптық плацтар және жалпыәскери және арнайы дайындық бойынша бағдарламаларды пысықтауға арналған басқа да объектілер;

      4) оқу-жаттығу шеберханалары, автомобиль гараждары, парктік элементтер, әскери техниканы, қаруды, аспаптарды, әскери оқу-жаттығу және басқа да мүлікті сақтауға арналған қоймалар;

      5) оқулықтар және оқу құралдары, оқу-әдістемелік құжаттар және басқа да материалдық және техникалық құралдар болып табылады.

      57. Әскери кафедралар қажет болған жағдайда оқу процесінде ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарының, далалық оқу-жаттығу базасын пайдалана алады.

      58. Олар бекітіліп берілген әскери бөлімдер мен әскери оқу орындары әскери кафедраларды оқу-жаттығу қару-жарағымен, оқу-жаттығу әскери техникасымен және әскери-техникалық мүлікпен қамтамасыз етеді.

      59. Әскери кафедраның орналасуы аудиториялық қордың оқшау болуын және әскери кафедра үшін белгіленген құпиялылық режимін Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпыәскери жарғыларының талаптарына қатысты ішкі тәртіпті ұйымдастыру және қолдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      60. Әскери кафедраға бөлінетін оқу-жаттығу үй-жайлары оқыту бағдарламаларының пәндері бойынша жабдықталады және тек білім алушылардың әскери дайындық бойынша сабақтары мен өзіндік жұмыстары үшін пайдаланылады.

      61. Аудиториялар, зертханалар және басқа да оқу үй-жайлары техникалық оқу құралдарымен, қару-жарақ пен әскери техниканың табельдік үлгілерімен, аспаптармен, агрегаттармен және олардың макеттерімен жабдықталады.

      62. Практикалық даярлыққа арналған оқу-жаттықтыру кешендері, оқу-жаттығу қалашықтары мен басқа да объектілер білім алушылардың жоғары далалық машығын, оларға практикалық дағдылар мен шеберліктерді дарыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      63. Әскери кафедраның оқу материалдық базасының объектілерін оқу процесіне, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі іс-шараларға жатпайтын қызметтер үшін пайдалануға жол берілмейді.

      64. Оқу сыныптарының саны әскери кафедрада оқу процессін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жеткілікті болуға тиіс және ол білім алушылардың санына, оқу уақытының көлеміне және белгіленген әскери-есептік мамандықтарға байланысты айқындалады.

      65. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасын дамыту және жетілдіру әскери-есептік мамандықтардың перспективалық, жылдық жоспарлары мен паспорттары негізінде жүзеге асырылады.

7-тарау. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және оқу бітіру емтихандарын тапсыру

      66. Барлық бақылау түрлері бойынша, сынақ-емтихан сессиясын және оқу бітіру емтиханын өткізу кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.

      67. Үлгерімді ағымдағы бақылау олардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін айқындау мақсатында оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және бақылаудың әртүрлі түрлерімен жүзеге асырылады.

      68. Сынақ-емтихан сессиясы жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

      69. Әрбір оқу пәні үшін бақылау түрі емтихан (сынақ) болып табылады, зертханалық, есептік-кесте тапсырмалары, курстық жұмыстар (жобалар), практикалардың барлық түрлері үшін қорғау болып табылады.

      70. Сынақ-емтихан сессиясын өткізуді ұйымдастыру әскери кафедра бастығына жүктеледі.

      71. Емтихандар (сынықтар) жазбаша, ауызша, тест, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі. Тестілеу түрі кезінде бір күнде екі немесе үш пән бойынша емтиханды (сынықты) өткізуге жол беріледі.

      Емтиханға оқу үшін төлем және ағымдағы үлгерімі бойынша қарызы жоқ запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер жіберіледі.

      72. Емтихандарды қабылдауды, зертханалық жұмыстарды, есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды жұмыс (тапсырма, жоба) жетекшісінің тікелей қатысуымен әскери кафедра бастығы тағайындаған комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамына: төраға – әскери кафедра бастығы орынбасарлары (цикл бастықтары) қатарынан; комиссия мүшелері (кемінде екі адам) – әскери кафедра оқытушылары кіреді.

      73. Емтиханды ауызша немесе жазбаша түрде өткізу үшін цикл осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан билеттерін әзірлейді.

      74. Емтихан билеттері әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында талқыланады, оған цикл бастығы қол қояды және әскери кафедра бастығы бекітеді. Әрбір емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі практикалық. Емтихан билеттерінің саны взводтағы студенттер санынан 30%-ға артық дайындалады.

      Емтихан уақытында білім алушылар силлабусқа сәйкес әскери техниканы немесе оның макет түріндегі шартты суретін, модельдерді, тренажерлерді, қондырғыларды, стендтерді, карталарды, кестелерді, плакаттарды пайдалана алады.

      75. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушыларға қанағаттанғысыз бағасы қойылып, емтиханнан шығарылады.

      Емтиханды қайта тапсыру, мерзімдері, емтихан комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен белгіленеді.

      Емтиханды қайта тапсыру аралық аттестаттау аяқталғаннан кейін бір аптадан ерте емес екі реттен астам емес жүзеге асырылады.

      76. Емтиханда алынған бағалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан ведомосына енгізіледі.

      77. Емтихан ведомосы оқу-жаттығу взводына бір данада жасалады және оған әскери кафедра бастығы қол қояды.      

      78. Жаңа академиялық кезең басталғанға дейін оқу қарызын жоймаған білім алушылар әскери даярлықтан шеттетілуге жатады.

      79. Оқу пәні бойынша сынақ-емтихан сессиясын өткізу кезінде емтиханда алған баға және академиялық кезең бойы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасының орташа балы ескеріледі.

      80. Сынақ-емтихан сессиясына шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды оқытушылар үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде қояды.

      81. Бітіру емтиханы әскери дайындықтың қорытынды кезеңі және білім алушылардың запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру болып табылады, оқыту бағдарламасының көлемінде білім алушылардың білімін, шеберлігін, практикалық дағдылары мен біліктіліктерін тексеруді қамтиды.

      Білім алушылар бейіндік пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес бітіру емтиханын тапсырады. Бітіру емтиханына шығарылатын сұрақтар оқу-әдістемелік комиссияда қаралады, оны әскери кафедра бастығы бекітеді және білім алушыларға емтихан басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей жеткізіледі.

      Оқу бітіру емтиханына оқу үшін төлем және ағымдағы үлгерім бойынша қарыздары жоқ білім алушылар жіберіледі.

      82. Запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша оқу бітіру емтиханын дайындауға және өткізуге 3 жұмыс күні (2 жұмыс күні – дайындыққа және 1 жұмыс күні – емтихандарды тапсыруға) бөлінеді.

      83. Оқу бітіру емтиханы бірнеше пәндердің сұрақтарын қамтитын теориялық және практикалық түрде жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

      Оқу бітіру емтиханының теориялық бөлігі аудиторияларда, ал практикалық бөлігі жергілікті жерде және полигондарда, парктерде, оқ ату және арнайы қалашықтарда, арнайы сыныптарда (зертханаларда) тапсырылады.

      84. Оқу бітіру емтиханы қажетті оқу материалдық базаны пайдалана отырып, оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) қорытынды кезеңінде өткізіледі. Оқу бітіру емтиханын оқу-жаттығу жиынын өткізген жерде қабылдауды ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде оны қабылдау әскери кафедрада ұйымдастырылады.

      85. Екі немесе одан да көп әскери-есептік мамандықтар бойынша білім алушыларды дайындау жүзеге асырылатын әскери кафедраларда бітіру аттестаттау комиссиясы әрбір әскери-есептік мамандық бойынша шағын комиссияларға бөлінеді.

      86. Комиссия құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде 3 адам) тұрады, әскери кафедра бастығының ұсынуымен ЖОО басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      87. Оқу бітіру емтиханы уақытында білім алушылар оқу бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы бекіткен тізбеге сәйкес карталарды, кестелерді, макеттерді және плакаттарды пайдалана алады.

      88. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушыларға қанағаттанғысыз бағасы қойылып, емтиханнан шығарылады.

      89. Әскери дайындық бойынша оқу бітіру емтиханын тапсыра алмаған білім алушылар бір жылдан кейін тек бір рет әскери кафедрада оқу бітіру емтихандарын тапсыру уақытында қайта тапсыруға жіберіледі.

      90. Емтихан тапсырушылардың білімін бағалауда келіспеушіліктер туындаған кезде соңғы шешімді оқу бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы қабылдайды.

      91. Әрбір оқу-жаттығу взводының оқу бітіру емтиханын тапсыру нәтижелері оқу бітіру аттестаттау комиссиясының отырысында осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      92. Оқу жылындағы жұмыс, оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу нәтижелері, оқу бітіру емтиханын қабылдау туралы есеп беру олар аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде ҚР ҚМ-ға жолданады.

      93. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған білім алушылар ЖОО-ны аяқтауы бойынша "запастағы лейтенант", "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағын беруге ұсынылады.

8-тарау. Әскери дайындықтан шеттету, оқу түрін өзгерту, ауыстыру және қайта қабылдау

      94. Әскери дайындықтан шеттету ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) үлгермеушілігі;

      2) ЖОО басшысы бекітетін ішкі тәртіпті (еркін нысанда) бұзғаны үшін;

      3) науқастануы, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша босатуларды қоспағанда, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының 18 сағатын босатуы;

      4) өзінің тілегі;

      5) денсаулық жағдайы;

      6) өтеулі негізде оқыған жағдайда оқу үшін төлем жасамауы бойынша шеттетіледі.

      95. Осы Қағидалардың 134-тармағының 1) – 5) тармақшасы бойынша шеттетілген білім алушылар осы Қағидалардың 134-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шеттетілгендер әскери дайындыққа қайта қабылданбайды, шеттету туралы бұйрық шыққан сәттен бастап бір ай ішінде өтеулі негізде оқу үшін төлем жасаған кезде одан әрі әскери дайындыққа рұқсат етіледі.

      96. Өтеулі оқу түрінен өтеусіз оқу түріне ауыстыру әскери дайындыққа оқытудың бірінші семестрінен кейін ЖОО басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Ауыстыру әскери кафедрадағы оқудың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Ауыстыруға ұсынылған кандидатуралар әскери кафедраның отырысында қаралады.

      97. Әскери дайындықтан өтіп жатқан және ЖОО басшысының бұйрығымен оқу үшін басқа ЖОО-ға (оның ішінде шет мемлекеттердің) жіберілген студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту кезеңінде әскери дайындықтан шеттетілмейді. ЖОО-ға келгеннен кейін олар үшін әскери дайындық бағдарламасынан өтудің жеке кестесі жасалады, оны әскери кафедра бастығы бекітеді.

      98. ЖОО академиялық демалыс берген білім алушылар академиялық демалыста болу уақытында әскери даярлықтан шеттетіледі. Академиялық демалыстың мерзімі аяқталуы бойынша мұндай білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен әскери кафедрада оқу үшін қайта қабылданады.

      99. Мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе өтеулі негізде әскери кафедрада білім алушыны бір ЖОО-дан басқаға ауыстыру ол бұдан бұрын оқыған әскери-есептік мамандық бойынша жүзеге асырылады.

      100. Ауысу өтеулі негізде оқуды жалғастыру үшін мүмкін болады. Осы әскери-есептік мамандық бойынша кандидаттар болмаған жағдайда өтеусіз негізде оқыту үшін бос орын бар деп есептеледі.

      101. Әскери кафедраға ауыстырылатын студентті әскери кафедраға оқуға қабылдау ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. ЖОО басшысы бұйрығының көшірмесі оқуға қабылдағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ҚР ҚМ-ға жолданады.

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
қызметке дайындық
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Институтта (факультетте) білім алатын студенттердің тізімі (әскери оқу орнының, факультеттің (институттың) атауы)

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Азаматтығы

Мамандығының шифрі

Оқу курсы

Оқу тобы

Ескертпе

1.








2.








      _________________________________________________________________

      Декан (директордың) қолы

      20 ____ж."___" _________


  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Белгіленген тәртіппен конкурстан өту үшін жіберілсін"
______________________________________________________________________________________________________________
(әскери кафедра бастығының қолы)
20___жылғы "____" _____________
 

Әскери кафедра бастығына
___________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
Студенттен _______________________
(жоғары оқу орнының атауы)
_________________________________
(факультеттің, топтың атауы)
_________________________________
(студенттін тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
 


Өтініш

      Сізден мені әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      __________________________ шарт негізінде (грант және т.б.бойынша)

      _____________ ______________________ мамандығы бойынша оқимын.

      (шифр)       (мамандықтың атауы)

      Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларының талаптарымен таныстым, орындауға міндеттенемін.

      20___ж. "____"________________ ____________________

      (толтырылған күні) (студенттің қолы)

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
3-қосымша

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі

      1. Өтініш;

      2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);

      3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);

      4. 3х4 өлшемді 2 фотосурет;

      5. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      6. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша сотталғанының бар болуы не жоқтығы туралы анықтама;

      7. Бар болған жағдайда спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат;

      8. Жеке істі ресімдеуге арналған көрінетін екі файл.


  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша
әскери дайындық қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Әскери кафедра _______________________________________
(ЖОО атауы)
ҚОЛХАТ
Т.А.Ә. _____________________________________
ЖОО________________________________
ФАКУЛЬТЕТ____________ МАМАНДЫҚ__________________
Сіздің құжаттарыңыз тізімге сәйкес қабылданды. Сізге Азаматтарды әскери қызметке дайындау қағидаларымен белгіленген тәртіпте әскери кафедрада оқу үшін конкурстан өтуге рұқсат берілді. Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері оқуға қабылдау жылы маусым айының үшінші дүйсенбісінде сағат 17.00-ге дейін әскери кафедрасының ақпараттық тақтасына орналастырылатын болады.
ҚабылдаНған құжаттарДың тізімі
Өтініш:


Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі):


Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі):


3 х 4 см. 2 фотосурет:


Мына құжаттардың біреуінің түпнұсқасы және көшірмесі:


ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);


Нысан бойынша сотталғанының бар болуы не жоқ екені туралы анықтама;


Спорттық разрядын, орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орындарын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Өтінішті тіркеу номері_____________
Құжаттарды қабылдауға жауапты _________ 20___ж. "_____" ________.
(қолы)
Студент______________________________
20___ж. "_____" ________
(қолы)
Мөр
Хабарламаны жоғалтқан жағдайда студент дереу әскери кафедраға хабарлайды.

Әскери кафедра _________________________________
(ЖОО атауы)
ҚОЛХАТ
Т.А.Ә. _______________________________________
ЖОО__________________________________
ФАКУЛЬТЕТ____________ МАМАНДЫҚ__________________
Сіздің құжаттарыңыз тізімге сәйкес қабылданды. Сіз әскери кафедрада оқу үшін Азаматтарды әскери қызметке дайындау қағидаларымен белгіленген тәртіпте конкурсқа қатыса аласыз. Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері оқуға қабылдау жылы маусым айының үшінші дүйсенбісінде сағат 17.00-ге дейін әскери кафедрасының ақпараттық тақтасына орналастырылатын болады.
ҚабылдаНған құжаттарДың тізімі
Өтініш:


Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі):


Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі):


3 х 4 см. 2 фотосурет:


Мына құжаттардың біреуінің түпнұсқасы және көшірмесі:


ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);


Нысан бойынша сотталғанының бар болуы не жоқ екені туралы анықтама;


Спорттық разрядын, орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орындарын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Өтінішті тіркеу номері_____________
Құжаттарды қабылдауға жауапты _________ 20___ж. "_____" ________
(қолы)
Студент______________________________
20___ж. "_____" ________
(қолы)
орны
Хабарламаны жоғалтқан жағдайда студент дереу әскери кафедраға хабарлайды.

      Ескерту: қолхат толтырылғаннан кейін бір жағы студенттің қолына беріледі, екіншісі әскери кафедраның іс жүргізу бөлімінде қалады.


  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
қызметке дайындық
қағидаларына
  5-қосымша

Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттар:

      1. Қайтыс болғаны туралы куәлік;

      2. Ата-анасының ата-ана құқықтарынан айыру туралы, оларды ата-ана құқықтарынан шектеу, ата-анасының хабарсыз кеткенін тану, қабілетсіз (шектеулі қабілетсіз), олардың қайтыс болғаны туралы сот шешімі;

      3. Ата-анасын іздестіруді, баланы (балаларды) ата-анасынан алуды, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімде емделуде болуын растайтын құжаттар, баланы тастап кету туралы актісі.


  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
6-қосымша

Студент – жігіттер үшін дене тәрбиесі бойынша нормативтер


Р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

"5"

"4"

"3"

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белағашқа тартылу (саны)

12

10

8


Студент – қыздар үшін дене тәрбиесі бойынша нормативтер


Р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

"5"

"4"

"3"

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
  7-қосымша

      Нысан

ЖОО _______________________________________әскери кафедрасына әскери дайындыққа студенттерді тарту үшін студенттерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Факультет

Мамандық шифрі

Оқыту курсы

Оқу тобы

ӘДК шешімі

Психологиялық тестілеу нәтижелері

Кәсіби-психологиялық іріктеу балдары

Медкомиссия нәтижелері бойынша балдары

Дене дайындағы бойынша балдар

Оқу үлгерімі бойынша балдар

Қорытынды рейтингілік балл

Комиссия шешімі

1.















2.















3.















4.















5.















6.















  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

"Өтеулі негізінде әскери дайындыққа тартылсын"
________________________________
_________________________________
_________________________________
(әскери кафедра бастығының қолы)
"____" ______________ 20___ж.
 

Әскери кафедра бастығына______________________
________________________________
(ЖОО атауы)
студенттен
__________________________________________
(факультеттің,топтың атауы)
__________________________________________
(студенттің тегі, аты-жөнінің бас әріптері)


Өтініш

      Мені өтеулі негізде әскери кафедрада оқу үшін алуыңызды сұраймын.

      _________________________ келісімшарт бойынша (грант немесе т.б.) ___________

      _____________________________________________ мамандығы бойынша оқимын.

      (шифр) (мамандығының атауы)

      Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларымен таныстым, орындауға міндеттенемін.

      20___ж. "____"____________ ________________________

      (толтырылған күні) (студенттің қолы)


  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
9-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
Ректор
_______________________
_______________________
20__ жылғы"__" _________

      _____________________________________

      (оқу орнының атауы)

      _______________________ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

      (үлгі нысаны)

ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІ КӨЛЕМІНІҢ ЕСЕБІ

Р/с

Лауазымы, әскери атағы, аты-жөні

Пәннің атауы

Әскери оқудың жылы, ӘЕМ нөмірі, оқу взводтың

Сағат саны

Күзгі академиялық кезең

Көктемгі академиялық кезең

Жалпы академиялық кезеніне

Оқу-жаттығу жиынына

Кәсіби практикаға

Жалпы оқу жылына

Дәрістер

Топтық сабақтар

Топтық жаттығулар

Тәжірибелік (зертханалық) сабақтар взвод/топ

Семинарлар

Жаттығулар

Консультацииялар

Емтихандар

Оқытушымен өздік жұмысы

Барлығы

Дәрістер

Топтық сабақтар

Топтық жаттығулар

Тәжірибелік (зертханалық) сабақтар взвод/топ

Семинарлар

Жаттығулар

Консультацииялар

Емтихандар

Оқытушы мен өздік жұмысы

Барлығы

1.

Әскери кафедра бастығы

Тактикалық даярлық


























Әскери тарих


























ЖИЫНЫ:

























2.




























ЖИЫНЫ:

























КАФЕДРА БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ:


























      Әскери кафедра бастығы

      _________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________________

      (ЖОО атауы)

      ӘСКЕРИ КАФЕДРА

  "БЕКІТЕМІН"
Әскери кафедра бастығы
____________________________________
(әскери атағы, қолы, аты-жөні)
"____" ____________________ 20___ ж.

      ӘЕМ – _________ оқитын студенттер үшін "______________" пән бойынша емтихан билеттері

  Әскери кафедра ОӘК отырысында талқыланды ___________
20___ ж"_____"________________
Хаттама № ________
Нақтыланды 20___ жылғы "____" ___________
20___ жылғы "____" ___________
20___ жылғы "____" ___________

      № 1 билет

      1. Артиллериялық қаруды жіктеу және оның сипаттамасы.

      2. Артиллериялық қару ТТС, мақсаты, жалпы құрылғысы.

      3. 122 мм Г Д-30 құрылғыларының көздеуін тексеру.

      № 2 билет

      Цикл бастығы___________________

      ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөні)

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

№ ____ ЕМТИХАН ВЕДОМОСІ

(үлгі)
"_____" ______________ 20__ж.
20__- 20__ оқу жылындағы_____ академиялық кезең
Бақылау түрі – емтихан
ӘЕМ - ___________________ _______________ оқу-жаттығу взводы
____________________________________________________

      (пән атауы)

Р/с

Аты-жөні

Емтихан бағасы ( балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

Емтихан комиссиясы төрағасының қолы

Балл саны

Әріптік жүйе бойынша баға

1.





2.





      Тізім бойынша: ____________________________________________

      Емтиханға қатысқан студенттер саны ________________________

      Жалпы балл бойынша тапсырғандар:

      90-нан 100 балға дейін _____ адам

      75– тен 89 балға дейін ___ адам

      50 –ден 74 балға дейін ___ адам

      0 -ден 49 балға дейін ___ адам

      Емтиханға келмеген студенттер саны ___________________________

      Емтиханға жіберілмеген студенттер саны _________________________

      Емтихан комиссиясы төрағасы _____________________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Емтихан комиссиясы мүшелері______________________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Әскери кафедра бастығы ______________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО пайдаланатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.

  Запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери
дайындық қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының
Х А Т Т А М А С Ы

      20__ ж. "____"__________________

      Қатысқандар:

      Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы: _________________________________________

      Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері:_________________________________________

      Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы: _________________________________________

      1. Әскери дайындық бойынша емтихан тапсырған студенттер ___________________________

      (ӘОО атауы)

      Оқу-жаттығу взводы ____________________,

      (оқу взвод номері)

      әскери-есептік мамандық бойынша оқитын _______________

      (ӘЕМ атауы)

      2. Студенттер бітіру емтиханында мынадай нәтижелер көрсетті:

Р/с

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Алынған бағалар ( балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

1 теориялық сұрақ

2 теориялық сұрақ

3 теориялық сұрақ

4 тәжірибелік сұрақ

5 тәжірибелік сұрақ

орташа балл









      3. Орташа балл есебімен тапсырды:

      90-нан 100 балға дейін___ адам. (_%), 75-тен 89 балға дейін ___ адам (_%), 50- ден 74 балға дейін___ адам (_%), 0- ден 49 балға дейін ____ (_%).

      4.Студенттердің пән бойынша жалпы кемшіліктері: ____________________________

      5. ҚОРЫТЫНДЫ. 50 балдан жоғары алған студенттерге ӘЕМ ____________________

                                                                  (ӘЕМ атауы)

      бойынша запастағы офицер әскери атағын беруге лайықты

      Студент ______________________________________ ЖОО-ны бітіргенге дейін бітіру

      (аты-жөні)

      емтиханын қайта тапсыруға жіберіледі.

      Бітіру аттестаттау комиссияның төрағасы ____________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері: __________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы: __________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО пайдаланатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.