"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом үлгісі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом растамасының үлгісі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес теңізшілерге диплом беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамаларының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын беру, қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын, сондай-ақ кеме экипажының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 421 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12283 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___" шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ Р. Дәленов
2017 жылғы 28 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына 1-қосымша |
Кәсіби дипломның үлгісі
Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ДИПЛОМ
Порттың теңіз әкімшілігі __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
жоғарыда көрсетілген түзетулерімен, Конвенцияның ______ қағидасының ережелеріне сәйкес
тиісті біліктілігі барын және __________________ дейін немесе екінші бетінде көрсетілуі
мүмкін, осы дипломның қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген
көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды
орындауға қабілеттілігін куәландырады:
ДИПЛОМ, ВЫДАННЫЙ НА ОСНОВАНИИ ПОЛОЖЕНИЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНВЕНЦИИ О ПОДГОТОВКЕ И ДИПЛОМИРОВАНИИ МОРЯКОВ И НЕСЕНИИ ВАХТЫ 1978 ГОДА, С ПОПРАВКАМИ
Морская администрация порта удостоверяет, что ______________________________________
__________________________________________________________________________ имеет
надлежащую квалификацию в соответствии с положениями Правила ______ вышеуказанной
Конвенции, с поправками, и способен выполнять нижеследующие функции на указанных
уровнях, с учетом любых указанных ограничений, до ____________________ или до даты
истечения продления срока действия настоящего диплома, которая может быть указана на
обороте:
CERTIFICATE ISSUED UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
The Maritime administration of port certifies that _________________________________________
____________________________________________________ has been found duly qualified in
accordance with the _________ provisions of Regulation ______ of the above Convention, as
amended, and has been found competent to perform the following functions at the level specified,
subject to any limitations indicated until _______________ or until the date of expiry of any
extensions of the validity of this Certificate as may be shown overleaf:
ФУНКЦИЯ |
ДЕҢГЕЙ |
ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) |
Дипломның иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз жасақтауға қойылатын Қазақстан
Республикасының талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда
жұмыс істей алады:
Владелец диплома может работать в следующей должности или должностях, указанных в
требованиях Республики Казахстан к безопасному укомплектованию судов экипажами:
The holder of this Certificate may serve in the following capacity or capacities specified in the sale
manning requirements of the Republic of Kazakhstan:
ЛАУАЗЫМ |
ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) |
Диплом / Диплом / Сertificate № __________
Дипломды беру күні /
Дата выдачи диплома /
Date of issue ______________
Мөр орны / Место печати / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duty authorized person
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duty authorized person
Осы дипломның түпнұсқасы Конвенция I/2 ережесінің 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның
иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
Подлинник настоящего диплома должен, в соответствии с пунктом 11 Правила I/2 Конвенции,
находиться на судне, пока на нем работает его владелец.
The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph
11 of the Convention while serving on a ship.
Диплом иесінің туған күні / Дата рождения владельца диплома /
Date of birth of the holder of the certificate ____________________
Диплом иесінің қолы / Подпись владельца диплома /
Signature of the holder of the certificate ____________________
Диплом иесінің суреті / Фотография владельца диплома / Photograph of the holder of the certificate |
Осы дипломның қолданылу мерзімі мынадай уақытқа дейін ұзартылды / срок действия
настоящего диплома продлен до / the validity of this certificate is hereby extended until
_______________________
Ұзарту күні / Дата продления / Date of revalidation ______________
Мөр орны / МП / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Осы дипломның қолданылу мерзімі мынадай уақытқа дейін ұзартылды / срок действия
настоящего диплома продлен до / the validity of this certificate is hereby extended until
_____________
Ұзарту күні / Дата продления / Date of revalidation ______________
Мөр орны / МП / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына 2-қосымша |
Кәсіби диплом растамасының үлгісі
Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМ ТАНУЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАМА
Порттың теңіз әкімшілігі __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
берген № _________ дипломды __________________ дейін немесе екінші бетінде көрсетілуі
мүмкін осы растаманың қолданылу мерзімі ұзартылуының өтіп кету күнге дейін, жоғарыда
көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 қағидасына сәйкес танитынын куәландырады,
бұл ретте оның иесіне көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде
төмендегі функцияларды орындауға рұқсат етіледі:
ПОДТВЕРЖДЕНИЕ, УДОСТОВЕРЯЮЩЕЕ ПРИЗНАНИЕ ДИПЛОМА НА ОСНОВАНИИ ПОЛОЖЕНИЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНВЕНЦИИ О ПОДГОТОВКЕ И ДИПЛОМИРОВАНИИ МОРЯКОВ И НЕСЕНИИ ВАХТЫ 1978 ГОДА, С ПОПРАВКАМИ
Морская администрация порта удостоверяет, что диплом № ____________________________,
выданный_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
признается в соответствии с положениями правила I/10 вышеуказанной Конвенции,
с поправками, при этом его владельцу разрешается выполнять нижеследующие функции на
указанных уровнях, с учетом указанных ограничений, до __________________ или до даты
истечения продления срока действия настоящего подтверждения, которая может быть указана
на обороте:
ENDORSEMENT ATTESTING THE RECOGNITION OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
The Maritime administration of port certifies that certificate No. _____________________________
issued to_______________________________________________________________________ by
________________________________________________________________________________
is recognized in accordance with the provisions of regulation i/10 of the above Convention, as
amended, and its holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified,
subject to limitations indicated until _______________ or until the date of expiry of any extension of
the validity of this endorsement as may be shown overleaf:
ФУНКЦИЯ |
ДЕҢГЕЙ |
ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) |
Осы растаманың иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз топтауға қойылатын талаптарында
көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда қызмет ете алады:
Владелец настоящего подтверждения может работать в следующей должности или
должностях, указанных в требованиях к безопасному укомплектованию судов экипажами:
The holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the
applicable safe manning requirements:
ЛАУАЗЫМ |
ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) |
Растама / Подтверждение / Endorsement № _____________
Беру күні / Дата выдачи / Date of issue ______________
Мөр орны / Место печати / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Осы растаманың түпнұсқасы Конвенция I/2 Қағидасының 11-тармағына сәйкес кемеде, онда
оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
Подлинник настоящего подтверждения должен, в соответствии с пунктом 11 Правила
I/2 Конвенции, находиться на судне, пока на нем работает его владелец.
The original of this endorsement must be kept available in accordance with regulation I/2, paragraph
11, of the Convention while its holder is serving on a ship.
Растама иесінің туған күні / Дата рождения владельца подтверждения / Date of birth of the holder of the certificate ____________________ Растама иесінің қолы / Подпись владельца подтверждения / Signature of the holder of the certificate _______________________ |
|
Осы растаманың қолданылу мерзімі мынадай уақытқа дейін ұзартылды / срок действия
настоящего подтверждения продлен до / the validity of this certificate is hereby extended until
_______________________
Ұзарту күні / Дата продления / Date of revalidation ______________
Мөр орны / МП / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Осы растаманың қолданылу мерзімі мынадай уақытқа дейін ұзартылды / срок действия
настоящего подтверждения продлен до / the validity of this certificate is hereby extended until
_____________
Ұзарту күні / Дата продления / Date of revalidation ______________
Мөр орны / МП / Official Seal
________________________________
Уәкілетті адамның қолы /
Подпись уполномоченного лица /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Фамилия уполномоченного лица /
Name of duly authorized official
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына 3-қосымша |
Теңізшілерге диплом беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теңізшілерге диплом беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына және 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – ТДВА) сәйкес әзірленді және теңізшілерге диплом беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар әскери-теңіз флоты, балық аулауға арналған кемелер, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайтын серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының мүшелерінен басқа Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңіз кемелерінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге үміттенген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға қолданылады.
3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
1) аға механик – қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механик;
2) басқару құрам тұлғасы - капитан болып табылмайтын, басқару лауазымдағы экипаж мүшесі;
3) қатардағы құрам тұлғасы – капитан немесе басқару құрам тұлғасы болып табылмайтын кеме экипажының мүшесі;
4) екінші механик – аға механик қабілетсіз болған жағдайда жауапкершілікті жүктей алмайтын қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты лауазым бойынша аға механиктен кейінгі механик;
5) капитанның аға көмекшісі – лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін басқару құрам тұлғасы;
6) капитан – кемені басқаратын тұлға;
7) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;
8) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды танитынын немесе кәсіби дипломның берілуін куәландыратын құжат;
9) жеңілдік рұқсаты – кеме экипажының мүшесіне тиісті кәсіби дипломында көрсетілмеген лауазымды атқаруға 6 айдан аспайтын мерзімге рұқсат ететін құжат;
10) радиооператор – Электрбайланыс халықаралық одағы 1995 жылы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында қабылданған Радиобайланыс регламентінің (бұдан әрі – Радиобайланыс регламенті) негізінде берілген немесе танылатын тиісті дипломы бар тұлға;
11) Теңіз портының әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
12) электромеханик – ТДВА III/6 ережесіне сәйкес біліктілігі бар басшы құрам тұлғасы;
13) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі – кәсіби диплом болып табылмайтын ТДВА талаптары орындалғанын растайтын теңізшіге берілген құжат;
15) теңізші – теңіз кемесі экипажының мүшесі.
4. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатты мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде Порттың теңіз әкімшілігі береді.
5. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты 18 жастан жас емес тұлғаларға беріледі.
6. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі 5 жыл құрайды.
Кәсіби дипломның растамасы кәсіби дипломның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды және кәсіби дипломсыз жарамсыз болып табылады.
Қатардағы құрам үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі жоқ.
7. Кәсіби дипломның иесіне қызмет етуге рұқсат етілетін лауазым кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда пайдаланатындарға ұқсас терминдерде ТДВА сәйкес көрсетіледі.
8. Кәсіби дипломдар және кәсіби диплом растамалары кеме экипажының мынадай мүшелеріне беріледі:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі;
2) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі;
3) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі;
4) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны;
5) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны;
6) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі;
7) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны;
8) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі;
9) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі;
10) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі;
11) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі;
12) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі;
13) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі;
14) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің (бұдан әрі – ҚБЖТЖ) жүзуі шектелген ауданның радиооператоры;
15) ҚБЖТЖ радиооператоры.
9. Кәсіби дипломдар қатардағы құрамның мынадай тұлғаларына беріледі:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матрос;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матрос;
3) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы моторист;
4) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы моторист;
5) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электригі.
10. Тізбесі және нысандары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11173 болып тіркелген) бекітілген теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктері кеменің мынадай түрлерінде жұмыс істейтін теңізшілерде болулары тиіс:
1) мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушылары;
2) жолаушылар кемелері;
3) Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес тұтанудың төмен температурасымен отынында жұмыс істейтін кемелер;
4) СОЛАС конвенциясына сәйкес поляр суларында пайдаланатын кемелер;
5) СОЛАС конвенциясына сәйкес жоғары жылдамдықтағы кемелер.
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларында жұмыс істейтін капитандар мен басшы құрамы тұлғаларының кәсіби дипломдарында теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктерінің растамалары болады.
11. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме екінші механигінің кәсіби диплом иесіне бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеме аға механигінің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.
12. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасының бланкілерінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкілерді және оларға жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.
2-тарау. Теңізшілерге диплом беру тәртібі
1-параграф. Кәсіби дипломды беру, ұзарту және алып қою
13. Кәсіби дипломды алуға кандидат Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына өтініш;
2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;
3) Қазақстан Республикасының теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының көшірмесі (болған жағдайда);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Қағидалардың 25-74-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындының (бұдан әрі – медициналық қорытынды) көшірмесі.
14. Теңіз порты әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. Бұл ретте шетел тілдеріндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды расталып ұсынылады.
15. Кәсіби дипломын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 жұмыс күні.
16. Кәсіби дипломын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
1) осы Қағидалардың 13-тармағымен көзделген қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
3) өтініш беруші және (немесе) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 25-74-тармақтарына сәйкес келмеуі.
17. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдардың тізіліміне кәсіби дипломды беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби диплом беріледі.
Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде жолданады.
18. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.
19. Кәсіби дипломның жарамдылық мерзімі өткенге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей осы дипломның иесі оның мерзімін ұзарту үшін Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) медициналық қорытынды;
2) алдыңғы 5 жыл ішінде жалпы 1 жыл мерзімде немесе тікелей мерзімді ұзарту алдында 6 ай ішінде 3 ай бойы кемеде жұмыс істеу туралы растайтын құжаттар және кәсіптік дипломға немесе теңіз көлігі саласында:
Кеме жүргізушілері үшін:
1) лоцман;
2) танылған сыныптау қоғамының инспекторы;
3) кемелерді тексеру қызметі кіретін Порттың теңіз әкімшілігінің қызметкері;
4) басқарушы лауазымындағы кеме қатынасы компаниясының қызметкері;
5) штурман немесе кеме жүргізуші біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.
Кеме механиктері үшін:
1) танылған сыныптау қоғамының инспекторы;
2) кемелерді тексеру қызметі кіретін Порттың теңіз әкімшілігінің қызметкері;
3) кеме қатынасы компаниясының техникалық инспекторы;
4) электростанцияда жұмыс істейтін инженер;
5) теңіз құрылғыларында жұмыс істетін инженер;
6) инженер немесе кеме механик біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері;
7) ТДВА VI/1, VI/2 және/немесе VI/3 ережелеріне сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.
20. Мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушыларында қызмет ету үшін даярлық растаудың қолданылу мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы растауда көрсетілген функцияларды орындаған, өткен 5 жыл мерзімінде 3 айдан кем емес жүзу тәжірибесі туралы құжат не тиісті курстарды аяқтағандығы туралы растау құжаты ұсынылады.
21. Кәсіби диплом Теңіз порты әкімшілігі:
1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;
2) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);
3) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады) кезде алып қояды.
22. Қағидалар 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.
23. Теңіз порты әкімшілігі шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломды оның иесінен алып қою туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар тізіліміне көрсетілген құжаттың алып қойылғандығы туралы белгі енгізіледі.
24. Кәсіби диплом оны алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Теңіз порты әкімшілігіне тапсырылады.
25. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/1 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері;
3) ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломы.
26. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 4.1 және 4.3-тармақтарына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі;
4) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
27. Жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу стажы;
4) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
28. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 4.2 және 4.3-тармақтарына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 2 жылдан немесе аға көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі.
29. Жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 2 жылдан немесе аға көмекшісі ретінде 1 жылдан кем емес жүзу өтілі.
30. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/3 ережесінің 4-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) капитан немесе басшы құрам тұлғасының басқаруымен, радиобайланыс бойынша жүктелген міндетерді орындай отырып, 6 айдан кем емес мостиктегі жүру вахтасын қоса алғанда, 12 айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері;
4) ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломы.
31. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/3 ережесінің 6-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
32. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/1 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.
33. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/3 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі немесе механиктің көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
34. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі немесе механиктің көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
35. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/3 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
36. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі ретінде 24 айдан кем емес немесе екінші механик ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.
37. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/6 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген "Теңіз техникасы және технологиялар" мамандығы бойынша диплом;
2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.
38. ҚБЖТЖ шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА IV/2 ережесінің 2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА кодексінің А-IV/2 бөліміне сәйкес шектеулі жүзу ауданындағы теңіз радиобайланысы операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.
39. ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА IV/2 ережесінің 2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА А-IV/2 кодексінің бөліміне сәйкес теңіз радиобайланысы операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.
40. Қағидалардың 26, 27 және 31-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу кезінде кандидаттың ТДВА кодексінің A-II/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы тиіс:
1) іздеу мен құтқару операцияларын үйлестіру;
2) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;
3) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын орындауды бақылау;
4) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) авария жағдайлары кезінде іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын әзірлеу;
6) көшбасшылық және басқару дағдылары.
41. Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу кезінде кандидаттың ТДВА кодексінің A-III/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы тиіс:
1) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;
2) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын орындауды бақылау;
3) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын әзірлеу;
5) көшбасшылық және басқару дағдылары.
42. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/4 ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) капитан, капитанның вахталық көмекшісі немесе білікті матростың басқаруымен жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі палуба командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-II/4 бөліміне сәйкес құзыреттілігін мақұлданған бағасы;
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
43. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/5 ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломы;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі палуба командасының құрамында 18 айдан кем емес жүзу өтілі;
3) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-II/5 бөліміне сәйкес құзыреттілігін мақұлданған бағасы;
4) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
44. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/4 ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) аға механиктің немесе басшы құрамының өзге де тұлғасының басқаруымен дайындықты өтетін матрос ретінде бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машина бөлімінде 6 айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/4 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің мақұлданған бағасы;
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
45. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/5 ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломы;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машина бөлімінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
3) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/5 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің мақұлданған бағасы.
46. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі электриктің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/7 ережесіне сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) аға механиктің немесе басшы құрамының өзге де тұлғасының басқаруымен бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 12 айдан кем емес жүзу өтілі (тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/7 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің мақұлданған бағасы;
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
47. Танкерлердегі жүк немесе тиейтін жабдықтарға жауапты қатардағы және командалық құрамның тұлғаларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау тиісті куәлігі болуы тиіс.
Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 ережесінің 2-тармағына сәйкес болу, "Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Барлық теңізшілер үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Барлық теңізшілер үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
48. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жүктерді тасымалдау, басқару, танкерді тазарту немесе басқа тиеп-түсіру операциялары кезіндегі жүктерді тиеуге, түсіруге, қарауға жауапты басқа да тұлғада жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген даярлауды өту туралы тиісті теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болуы тиіс.
Мұнай танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 ережесінің 4-тармағына сәйкес болу, "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 ережесінің 6-тармағына сәйкес болу, "Химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 ережесінің 4-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
49. Жолаушылар кемесінің бортында жұмыс істейтін қызметшілер ТДВА V/2 ережесінің 5-тармағына сәйкес жолаушылар кемесінде авариялық жағдайлар бойынша курсынан өтеді. Капитан осы курсты өткен персоналдың тізімін жүргізеді.
50. Жолаушылар кемесінің жолаушылар жайларында жолаушыларға қызмет көрсететін персонал ТДВА V/2 ережесінің 6-тармағына сәйкес қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан өтеді.
51. Капитандар, командалық құрамның тұлғалары және жолаушылар кемелерінің жолаушыларына авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуге жауапты ТДВА V/2 ережесінің 7-тармағына сәйкес даярлаудан өтеді.
52. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушылар кемесінде авариялық жағдайда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты басқа тұлғаларда ТДВА V/2 ережесінің 8-тармағына сәйкес "Жолаушылар кемелерінің капитандарын, командалық және қатардағы құрамның адамдарын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 4-тармағына сәйкес адамның қауіпті жағдайларда басқару мен іс-әрекеті бойынша даярлау курсынан өтеді.
53. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін, немесе жолаушылар кемесінің корпусында тесіктерді жабуға жауапты басқа тұлғаларда ТДВА V/2 ережесінің 9-тармағына сәйкес жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлаудан өту туралы куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 9-тармағына сәйкес келетін жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлау курсынан өтеді.
54. Теңіз көлігі маманын даярлау куәлігінің иесі Қағидалардың 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес ТДВА V/2 ережесінің 4-тармағына сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді және әр 5 жыл сайын өзінің куәлігінің жарамдылығын дәлелдейді.
55. Жоғары жылдамды кемелерде жұмыс істеу үшін капитан, капитанның көмекшісі, аға механик Жоғары жылдамды кемелер қауіпсіздігінің халықаралық кодексі 18-тарауының 3.3-тармағына сәйкес жоғары жылдамды кемелерді жүргізу бойынша курсынан өтеді, оны бітіргеннен кейін тиісті куәлікті алады. Куәлік иесі өзінің куәлігінің жарамдылығын жоғарыда көрсетілген кодекстің 18.3.5-тармағына сәйкес растайды. Ол үшін ол әр 2 жыл сайын куәлікте көрсетілгендей кемінде 6 ай жоғары жылдамды кемеде жұмысы туралы құжаттарды ұсынады.
56. Барлық теңізшілер төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеме бортында өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын, ТДВА I/14 ережесінің 1.5-тармағына сәйкес нұсқаудан өтеді.
57. Төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелердің бортында жанармаймен авариялық жағдайға ден қою үшін жауапты теңізшіде ТДВА V/3 ережесінің 5-тармағына сәйкес теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады және ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына сәйкес кемелердегі қызмет үшін бастапқы даярлау курсынан өтеді.
58. Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көрсетілген газ тасушыларда жүк операциялары бойынша бастапқы немесе кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігі бар теңізшілер төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлаудан өтуі туралы куәлігін алады. Осы куәліктің иесі оның жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына сәйкес, төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
59. Капитан, аға механик және төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелердегі жанармайды пайдалануға және жанармай жүйесіне жауапты әр теңізшіде ТДВА V/3 ережесінің 7-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі бар, ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша курсынан өтеді және ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 8.2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеменің бортына жанармайды қабылдау бойынша кемінде 3 операцияларды қосқанда 1 айдан кем емес жүзу өтілі болу және онда төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін бастапқы даярлаудан өту туралы куәлігі болады.
60. Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі бар теңізші ТДВА V/3 ережесінің 6 және 8-тармақтарына сәйкес болған және газ тасушының бортында 3 тиеу-түсіру операцияларына қатысқан жағдайда төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігін алады. Осы куәліктің жарамдылығын иелері әр 5 жыл сайын растайды. Ол үшін олар ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін кеңейтілген даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
61. Полярлы суларда жұмыс істейтін капитанда, капитанның көмекшісінде ТДВА V/4 ережесінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша курсынан өтеді.
Полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет үшін бастапқы даярлаудан өту туралы куәлігінің иелері әр 5 жыл сайын өз куәліктерінің мерзімін ұзартады. Ол үшін олар ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
62. Полярлы суларда жүзетін кеме капитанында және капитанның аға көмекшісінде ТДВА V/4 ережесінің 4-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет өту үшін кеңейтілген даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау курсынан өтеді және полярлы суларда 2 айдан кем емес жүзу өтілі, сондай-ақ полярлы суларда жүзетін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша куәлігі болады.
Полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау бойынша куәліктің иесі жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
63. Кемелердің ластану қауіпсіздігі және болдырмау үшін жауапты теңізшіде, сондай-ақ жолаушылар кемесінің барлық қызметшілерінде ТДВА VI/1 ережесіне сәйкес "Барлық теңізшілер үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі A-VI/1 бөлімінің 2-тармағына сәйкес бастапқы даярлау курсынан өту растамасы болуы тиіс.
64. СОЛАС конвенциясының III-тарауының 10-ережесіне сәйкес құтқарушы кеме үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің 1-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 1-4-тармақтарына сәйкес "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 6 айдан кем емес жүзу өтілі болады.
65. Шапшаң құтқарушы катерлерді пайдалану үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің 2-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 7-10-тармақтарына сәйкес "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
66. Кеменің өртке қарсы қауіпсіздігі үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/3 ережесінің және ТДВА кодексі А-VI/2 бөлімінің 1-4-тармақтарына сәйкес "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
67. Қағидалардың 63-тармағынада көрсетілген теңізшілерден басқалары кемедегі жұмысты бастамас бұрын ТДВА VI/1 ережесінің 1-тармағына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру курсынан өтеді. Осы даярлау ТДВА кодексі А-VI/1 бөлімінің 1-тармағына сәйкес келеді. Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген теңізшілер кемедегі жұмысты бастамас бұрын ТДВА VI/1 ережесі 1-тармағының 3), 4), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру даярлауынан өтеді. Капитан осы курсты өткен қызметшілер туралы барлық жазбаларды кеме бортында сақтайды.
68. Қағидалардың 63, 64, 65 және 66-тармақтарында көрсетілген куәліктердің иесі әр 5 жыл сайын куәліктің мерзімін ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі A-VI/1 бөлімінің 3-тармағына, A-VI/2 бөлімінің 5-тармағына, A-VI/2 бөлімінің 11-тармағына, A-VI/3 бөлімінің 5-тармағына сәйкес курстарынан өтеді.
69. Кемені кузету үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/5 ережесіне және кодексінің A-VI/5 бөліміне сәйкес "Кеменің командалық құрамының кемені күзету үшін жауапты тұлғаларын даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 1 жылдан кем емес жүзу өтілі болады.
70. Кемені күзету бойынша жоспарда көрсетілген күзет бойынша ерекше міндеттері жүктелген теңізшілерде, Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген теңізшілерден басқа, ТДВА VI/6 ережесінің 4-6-тармақтарына сәйкес "Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 6-8-тармақтарына сәйкес күзету бойынша белгіленген міндеттері бар теңізшілерді даярлау курсынан өту туралы растамасы болады.
71. Қағидалардың 69 және 70-тармақтарында көрсетілген теңізшілерден басқа теңізшілерде ТДВА VI/6 ережесінің 1-2-тармақтарына сәйкес "Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 4-тармағына сәйкес күзет мәселелері жөнінде ақпараттандыру бойынша курсынан өту туралы растамасы болады.
72. Әр теңізші, кеме бортында өзінің міндеттеріне кірісу алдында ТДВА VI/6 ережесінің 1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 1-3-тармақтарына сәйкес қорғау жөнінде таныстыру курсынан немесе нұсқаулығынан өтеді. Капитан осы курсты немесе нұсқаулықты өткен персонал туралы барлық жазбаларды кеме бортында сақтайды.
73. Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсетуге белгіленген теңізшіде ТДВА VI/4 ережесінің 1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 1-3 тармақтарына сәйкес "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
74. Кемедегі медициналық қарауға жауапты теңізшіде ТДВА VI/4 ережесінің 2-тармағына және ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 4-6-тармақтарына сәйкес "Кемедегі медицианлық қарау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы тиісті куәлігі болған жағдайда жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны және басшы құрамының тұлғалары жоғарыда көрсетілген куәліктердің болу қажеттілігінен босатылады.
2-параграф. Кәсіби диплом растамасын беру, ұзарту және алып қою
75. Кәсіби дипломды шетелдік кәсіби диплом тану түріндегі растаманы алу үшін кандидат Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан түрінде Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына өтініш;
2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;
3) Қазақстан Республикасы теңізшісі жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) шетелдік кәсіби дипломның көшірмесі;
6) ҚБЖТЖ радиооператоры шетелдік кәсіби дипломының көшірмесі (палуба командасы құрамының тұлғалары үшін);
7) мұнай танкерлері, химия тасышулар немесе газ тасушылардағы жүк операциялары бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігінің көшірмесі (егер қолданылатын болса);
8) шетелдік кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама жеке құжатпен берілсе);
9) медициналық қорытындының көшірмесі.
76. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті алған күні Теңіз портының әкімшілігі осы өтінішті қабылдауды растау туралы хатты өтініш берушіге береді.
77. Теңіз порты әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. Бұл ретте шетел тілдеріндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды расталып ұсынылады.
78. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті қабылдағаннан кейін Теңіз портының әкімшілігі 5 жұмыс күні ішінде осы дипломды берген шетел мемлекетінің құзыретті органына дипломның төлнұсқасын растау туралы сауал жолдайды.
79. Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қарау кезінде шетелдік кәсіби дипломының иесі, бұл ретте қолданыстағы шетелдік кәсіби дипломына және Теңіз портының әкімшілі өтінішті қабылдауды растау туралы хатқа ие бола отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының астында жүзетін кемеде мерзімі 3 айдан артық емес жұмыс істейді.
80. Теңіз портының әкімшілігі ТДВА I/10 қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы және осы дипломды берген мемлекет арасында тиісті келісім болған жағдайда шетелдік кәсіби дипломды тануды куәландыратын растаманы береді.
81. Теңіз порты әкімшілігі дипломды берген тарапқа бағалауға растау жүргізеді, ол техникалық құралдарды және рәсімдерді тексеруді, сондай-ақ құзыреттілік минималды стандарттарына, оқыту және диплом беруге қатысты ТДВА талаптары, сондай-ақ сапа стандарттары толық сақталғандығын қоса алады.
82. Кәсіби дипломның растамасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі шетел мемлекеті құзыретті органынан растаманы алған сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.
83. Кәсіби диплом растамасын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шын еместігін анықтау;
3) Қазақстан Республикасы және аталған дипломды берген мемлекет арасында тиісті келісімнің болмауы.
84. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар растамаларының тізіліміне кәсіби диплом растамасын беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби дипломның растамасы беріледі.
Қағидалардың 83-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
85. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.
86. Кәсіби дипломды ұзарту кезінде кәсіби дипломның растамасы ұқсас мерзімге ұзартылады.
87. Кәсіби дипломның растамасын Теңіз портының әкімшілігі:
1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;
2) шет мемлекетінің құзыретті органынан шетелдік кәсіби дипломын алып қою туралы ақпаратты алған кезде;
3) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);
4) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады) кезде алып қояды.
88. Қағидалар 87-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.
89. Теңіз портының әкімшілігі кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шетелдік кәсіби дипломды берген уәкілетті органның мекенжайына тиісті хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар растамаларының тізіліміне көрсетілген құжаттардың алып қойылғандығы туралы белгілерді енгізеді.
90. Кәсіби дипломның растамасы Теңіз портының әкімшілігіне кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуға жатады.
3-параграф. Жеңілдік рұқсатын беру
91. Қауіпсіздік шаралары сақталған және Радиобайланыс регламентіне қайшылықтар болмаған жағдайда жеңілдікпен рұқсат беру кеме экипажының оның құрамына ең аз талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл ретте жағдайлар кеменің порттан шығуын кейінге қалдыруға мүмкін болмағанда, беріледі.
92. Жеңілдік рұқсаты кәсіби дипломда көрсетілген лауазымнан екі немесе одан жоғары ұстанымдарға берілмейді.
Жеңілдік рұқсаты кәсіби диплом алып қойылған кезде қолданыстан шығады.
93. Егер кандидат матрос болса, қажетті жұмыс тәжірибесі болса және талап етілетін біліктіліктерге сәйкес келуі үшін өзінің мүмкіндіктерін көрсетсе оған командалық құрамның лауазымды тұлғасына 2 айдан аспайтын мерзімге жеңілдікпен рұқсат беріледі.
94. Теңіз портының әкімшілігі осы жүзуге қатысты жеңілдік рұқсатына шек қояды.
95. Тек капитан немесе аға механик кенеттен еңбек қабілетінен айырылған жағдайда ғана Теңіз портының әкімшілігі тиісті жеңілдік рұқсатын капитанның аға көмекшісіне немесе екінші механикке береді. Жеңілдік рұқсаты кеменің қауіпсіз орынға жетуіне дейінгі мерзімге беріледі.
96. Жеңілдік рұқсатын сұратып отырған кеме қатынасы компаниясы Теңіз порты әкімшілігінің басшысына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, кеме экипажы мүшелерінің тізімін, сондай-ақ келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы теңізшісі жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының көшірмесі (бар болған жағдайда);
2) теңізшінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) теңізшінің кәсіби дипломы;
4) кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама жеке құжатпен берілсе);
5) медициналық қорытынды.
97. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте капитанның тек бір ғана көмекшісі қамтылған жағдайда жеңілдік рұқсаты капитанның лауазымына берілмейді.
98. Жеңілдік рұқсатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде.
99. Теңіз портының әкімшілігі әр айдың алғашқы 5 жұмыс күні мерзімінде уәкілетті органға өткен айда берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.
Уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға дейін Халықаралық теңіз ұйымына өткен жыл бойынша берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.
100. Теңіз портының әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. Бұл ретте шетел тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілідеріндегі аудармасымен нотариалды расталып ұсынылады.
101. Жеңілдікпен рұқсат жоғалған, бүлінген жағдайда Теңіз портының әкімшілігі өтініш қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді. Телнұсқа жаңа нөмірмен және түпнұсқаның қолдану мерзімін аяқталу күнімен беріледі.
102. Жеңілдік рұқсатын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шын еместігін анықтау.
103. Теңізші осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 98-тармағында көрсетілген мерзімдерде жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне жеңілдік рұқсатын беру туралы ақпарат енгізіледі және жеңілдік рұқсаты беріледі.
Қағидалардың 102-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш
1. Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/1 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/3 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны | ТДВА II/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі | ТДВА III/1 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі | ТДВА III/6 ережесі | |
ҚБЖТЖ радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі | |
ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі |
1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (капитандар және басшы құрамының тұлғалары) | ТДВА V/1 ережесі |
2. Өтініш берушінің мәліметтері:
Тегі | |||
Аты | |||
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Үй мекенжайы | |||
Ұйым | |||
Телефон | |||
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Беру органы және күні | ||
Теңізші кітапшасының нөмірі | Беру органы және күні | ||
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі | Беру органы және күні |
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
_____________________________________
_____________________________________
Кәсіби диплом растамасын беруге арналған өтініш
1. Шетелдік кәсіби дипломның танылуын куәландыратын растаманы беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/1 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны | ТДВА II/2 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі | ТДВА II/3 ережесі | |
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны | ТДВА II/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі | ТДВА III/1 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/3 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі | ТДВА III/2 ережесі | |
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі | ТДВА III/6 ережесі | |
ҚБЖТЖ радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі | |
ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры | ТДВА IV/2 ережесі |
1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (капитандар және басшы құрамының тұлғалары) | ТДВА V/1 ережесі |
3. Өтініш берушінің мәліметтері:
Тегі | |||
Аты | |||
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Үй мекенжайы | |||
Ұйым | |||
Телефон | |||
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Беру органы және күні | ||
Теңізші кітапшасының нөмірі | Беру органы және күні | ||
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі | Беру органы және күні |
4. Жүзу өтілі туралы мәліметтер
Кеменің атауы | Кеменің туы | ИМО нөмірі | Лауазым | Тіркелім тонналар немесе кВт саны | Жүзу мерзімі |
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Жеңілдік рұқсатын беруге арналған өтініш
1. Кеме және кеме қатынасы компаниясы туралы мәліметтер:
Кеме қатынасы компаниясының атауы | |
Кеменің атауы | |
Кеменің ИМО нөмірі | |
Кеменің жалпы сыйымдылығы | |
Қозғалтқыш қондырғысының қуаты (кВт) | |
Кеменің түрі | |
Шығу порты | |
Келу порты | |
Жүктің түрі |
2. Кеме қатынасы компаниясының бұрынғы өтініштері және берілген жеңілдік рұқсаттары:
Өтініштің № және күні | Кеменің атауы | Лауазымы | Мерзімі | Жеңілдік рұқсатының № |
3. Теңізшінің деректері:
Тегі | |||
Аты | |||
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Үй мекенжайы | |||
Ұйым | |||
Телефон | |||
Жеке куәлігінің нөмірі | Беру органы және күні | ||
Теңізші кітапшасының нөмірі | Беру органы және күні | ||
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі | Беру органы және күні | ||
Кәсіби диплом (№, беру күні) | |||
ҚБЖТЖ радиооператоры кәсіби дипломы | |||
Медициналық қорытынды (№, беру күні) | |||
Кемеде жұмысты бастау күні | |||
Кеме қатынасы компаниясынан мінездеме |
4. Теңізшінің жүзу өтілі туралы мәліметтер (соңғы 2 жылдың ішінде)
Кеменің атауы | Кеменің туы | ИМО нөмірі | Лауазымы | Тіркелім тонналар немесе кВт саны | Жүзу мерзімі |
5. Жеңілдік рұқсаты:
Мына лауазымға: | |
Сұрау салынатын кезең: | |
Өтінішті беру себебі: | |
Теңізшіні дайындау үшін қабылданған шаралар және кемеде жұмысты бастау күні: | |
Өзге де ақпарат: |
______________________________________________
Уәкілетті тұлғаның лауазымы және тегі
________________________________
Уәкілетті тұлғаның қолы
Күні Мөр орны