БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14017 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
"___" __________ 2017 жыл
Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі
№ | Атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Физикалық-химиялық көрсеткіштері2 | Нормалары 1 |
---|---|---|---|---|
1 | Тікелей айдау нафтасы мен оған ұқсастар |
2710 12 110 9 |
1) Тығыздығы 20оС кезінде |
0,690 г/см3 төмен емес |
2 | Керосин-газойлдік фракция және оған ұқсастар |
2710 19 110 0 |
1) Тығыздығы 20оС кезінде |
0,860 г/см3 аспайтын |
3 | Тікелей айдау мазуты |
2710 19 510 1 |
1) Фракциялық құрамы: |
8% аспайтын |
4 |
Пайдаланыл |
2710 91 000 0 |
1) Механикалық қоспаның массалық үлесі |
1,0 % аспайтын |
Ескертпе:
1. ЦНТ – ЦНТ маркалы колориметрде түсті өлшеу бірлігі;
2. ВУБ – ВУБ маркалы шартты тұтқырлығын анықтау аппараты;
3. Өңдеу өнімдеріне физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормалар Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарында (ҚР МӨЗ) кіріс бақылауын жүргізу үшін белгіленген;
4. ҚР МӨЗ-дермен уағдаласа отырып, қосымша физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нормаларды белгілеуге жол беріледі;
5. Тізбенің 1-3 тармақтарында көрсетілген өңдеу өнімдерінде екінші рет өңделген өнімдердің болуына жол берілмейді.