Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрғасының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 51 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15535 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

      2) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 51 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция
органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары (бұдан әрі – әскери полиция органдары) өткізетін патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) патруль – бұл бағдарды аралау немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд;

      2) патруль жетекшісі – құқықтық тәртіпті ұстап тұруды және патруль бағытында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери бөлімдері (бұдан әрі – ҰҚ ШҚ әскери бөлімдер) әскери қызметшілерінің әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ететін офицерлік құрам қатарынан тағайындалған әскери полиция органының әскери қызметшісі;

      3) патруль – патруль нарядының құрамында болатын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патруль жетекшісіне бағынатын әскери полиция органының немесе ШҚ әскери бөлімінің әскери қызметшісі.

      4) патрульдеу бағыты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патрульдің қозғалысы жүзеге асырылатын белгілі бір аумақ учаскесінің схемасы.

      3. Әскери полиция органдары патрульдеуді көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті ұстап тұру және ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің аумағында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) әскери тәртіпті сақтауларын бақылау үшін, сондай-ақ әскери объектілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

      4. Патрульдеу заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында барлығының теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау принциптерінің негізінде жүзеге асырылады.

      5. ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің қолбасшылығы патрульдеуді ұйымдастыруға және жүргізуге әскери полиция органдарына Заң 6-бабының 2-тармағына сәйкес көмек көрсетеді.

      6. Әскери полиция органдарының әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында патрульдеу жүргізу тәртібі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 445/ҚБП бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8841 болып тіркелген).

2-тарау. ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің аумағында және елді мекендерде патрульдеуді
ұйымдастыру мен жүргізу

      7. Гарнизонның не болмаса ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің аумағында патрульдеуді ұйымдастыру әскери полиция органының бастығына жүктеледі.

      8. Патрульдеуді жүргізу қажеттілігі құқықтық тәртіптің қалыптасқан жағдайы және ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы деңгейіне сүйене отырып, жүзеге асырылады.

      9. Қызмет көрсетілетін гарнизондағы криминогендік жағдайдың және әскери тәртіптің сақталуының жай-күйін талдау негізінде ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 3-іне дейін еркін нысанда патрульдеу жүргізу кестесі жасалады, оны әскери полиция органының бастығы бекітеді.

      Қол қойылғаннан күні патрульдеу жүргізу кестесі патрульдеу жүргізуге қатыстырылатын әскери полиция органының жеке құрамына таныстырылады.

      10. Әскери полиция органының бастығы патрульдеу жүргізуге дейін бір күн бұрын патрульдің құрамын тағайындау туралы бұйрық шығарады және парульдеу бағытын бекітеді, ол сол күні патруль нарядына түсетін әскери қызметшілерге қол қойғыза отырып таныстырылады.

      Патруль құрамына ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосылған жағдайда бағыт аталған әскери бөлімнің командирімен келісіледі.

      11. Патрульді әскери полиция органы жеке құрамынан тағайындау мүмкін болмаған кезде (сырқаттану, демалыс және басқалар) ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің қолбасшылығымен келісім бойынша әскери полиция органы әскери қызметшісінің әскери атағы бойынша тең не болмаса төмен, патруль жетекшісі тағайындайтын офицерлер қосылады.

      Патруль құрамына қосу үшін тиісті әскери қызметшілерді бөлгеннен кейін әскери полиция органының бастығы және ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің командирі патрульді тағайындау туралы бірлескен бұйрық шығарады және патрульдеу бағыты бекітіледі.

      12. Патрульдік нарядқа түсер алдында әскери қызметшілер байланыс құралдарын (радиостанция), белгіленген үлгідегі жетондарды, қолдану жағдайы Заңның 12-бабында көзделген арнайы құралдарды (қол кісендер, резина таяқтар) алады.

      13. Әскери полиция органының бастығы патрульдік нарядқа түсетін әскери қызметшілермен нұсқама жүргізеді, ол туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патрульдік нарядқа түсетін жеке құрамға нұсқама жүргізу журналында белгі жасалады.

      14. Нұсқама аяқталғаннан кейін патруль жетекшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағыттық парақ беріледі.

      15. Елді мекендердің аумағында патрульдеу жүргізу кезінде әскери полиция органының бастығы патрульдеу бағытын ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің қолбасшылығымен ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ басқа да бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу үшін келіседі.

      16. Әскери полиция органы патрульдеуді:

      1) ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің аумағында жүзеге асырады;

      2) ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері орналасқан жер бойынша елді мекендердің аумағында жүзеге асырады.

      17. Патрульдеу бағытына келгеннен кейін патруль жетекшісі байланыс құралдары арқылы патрульдің қызмет өткеру жеріне келгені туралы әскери полиция бастығына баяндайды.

      18. Белгіленген бағыт бойынша патрульдеу айналадағы жағдайды көзбен шолып бақылау арқылы жаяу тәртіпте жүзеге асырылады.

      ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің аумағында патрульдеу уақытында патруль ықтимал әскери тәртіпті бұзушылықтарды және басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін әскери қызметшілер мен қызметкерлердің мінез-құлқын бақылайды.

      19. Патруль өз міндеттерін ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің аумағында, сол сияқты елді мекендерде атқарған кезде ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері құқық бұзушылықтар жасаған және әскери тәртіпті бұзған кезде олардың құжаттарын тексеру үшін тоқтатады және құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететін және әскери тәртіпті бұзуды жоятын шаралар қолданады.

      20. Әскери тәртіпті және әскери қызметті өткеру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бұзушылықтар анықталған кезде патруль оларды жасау себебі мен жағдайын анықтайды.

      Егер анықталған бұзушылық жоюға жатса, патруль жетекшісі не болмаса патруль ҰҚК ШҚ әскери қызметшісінен тез арада жоюға шара қолдануын сұрайды.

      21. Бұзушылықты жою мүмкіндігі болмаған жағдайда патруль жетекшісі не болмаса патруль әскери қызметшіге жұмыс күні ішінде жіберілген бұзушылыққа қатысты түсініктеме беру үшін әскери полиция органына келу қажеттігі түсіндіреді.

      Бұзушылық фактісі туралы ақпаратты патруль жетекшісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар карточкасына енгізеді.

      Жоғарыда көрсетілген факт туралы патруль жетекшісі ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің командиріне бұзушылыққа жол берген әскери қызметшінің әскери полиция органына уақтылы келуін қамтамасыз ету үшін тез арада хабарлайды.

      22. Елді мекендерде қызмет өткеру кезінде парульдік наряд әскери тәртіптің және әскери командалардың (саппен жүретін әскери қызметшілер тобының) және жекелеген әскери қызметшілердің ҰҚК ШҚ әскери бөлімінен тыс жерлерде болған уақытта мерзім бойынша белгіленген киім нысанын сақтауын бақылайды.

      23. ҰҚК ШҚ әскери қызметшісі не болмаса қызметкері алкогольден, есірткіден немесе өзге де масаңдық белгілермен әшкереленген кезде патруль жетекшісі анықталған факт туралы әскери полиция органының бастығына дереу баяндайды, ол құқық бұзушылық анықталған жерге әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшілерін жіберу бойынша шара қабылдайды.

      Әскери полиция органының әскери қызметшісі келгеннен кейін патруль жетекшісі медициналық куәландырудан және басқа да тексеру іс-шараларын өткізу үшін ұсталған адамды оған береді.

      ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің аумағында алкогольден, есірткіден не болмаса өзге де масаң күйдегі әскери қызметші ұстаған жағдайда патруль жетекшісі осы факт туралы әскери бөлім командиріне хабарлайды.

      Әскери қызметшінің қызмет уақытында ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің аумағынан тыс жерлерде (елді мекен аумағында) мас күйінде болу фактісі анықталған жағдайда әскери полиция органының бастығы бөлім қолбасшылығына хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады.

      ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен жұмыскерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда патруль олардың алдын алуға және кейіннен оларды жасау туралы әскери полиция органының бастығына баяндауға шаралар қолданады.

      24. Әскери полиция органының бастығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде ол жасалған жерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті әскери полиция органының әскери қызметшісін жібереді.

      25. Аталған әскери полиция органының әскери қызметшісі келген соң патруль жетекшісі анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы еркін нысанда баянат жазады, оны келген әскери полиция органының әскери қызметшісіне құқық бұзушымен бірге одан әрі қарастыру және әкімшілік іс жүргізуді құжаттау үшін береді.

      26. ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскер қызметшілері не болмаса қызметкерлері елді мекен аумағында (қоғамдық орындарда, әуежайларда, теміржол вокзалдарында немесе басқа да адам көп жиналатын жерлерде) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде патруль олардың жолын кесу және ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің және әскери полиция органының қолбасшылығына хабарлау бойынша шаралар қабылдайды.

      27. ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде патруль олардың алдын алу және оларды жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды.

      Патрульдік нарядтың заңды талаптарына бағынбаған не болмаса оны ұстау кезінде әскери қызметші тарапынан қарсылық көрсетілген жағдайда патруль Заңның 12-бабына сәйкес оған дене күшін және арнайы құралдарды қолданады.

      28. Қылмыс жасалған орынға келгеннен кейін құқық қорғау органдарының анықтаушылары не болмаса тергеушілері ұсталған адамдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін оларға беріледі.

      29. Патруль құрамы құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін оқиға болған орынды күзетуді қамтамасыз етеді.

      30. Елді мекен аумағында патрульдеу уақытында ҰҚК ШҚ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері не болмаса қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпарат алынған кезде аталған адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу және оларды ұстау бойынша шаралар қабылдайды.

      31. Тергеу тобы (тергеуші не болмаса анықтаушы) келген кезде паруль жетекшісі (патруль) оған қылмысқа қатысты белгілі болған мәліметтерді, қабылданған шараларды баяндайды және қажет болған кезде тергеу әрекеттерін жүргізуге көмек көрсетеді.

      Ұсталған адамдарды тергеу тобына (тергеуші не болмаса анықтаушы) беріп, оларға жасалған қылмыс туралы қажетті ақпаратты жеткізгеннен және тергеу әрекеттерін жүргізуге көмек көрсеткеннен кейін патруль наряды өз бағытында қызмет өткеруді жалғастырады.

      32. Патрульдеу аяқталған соң патруль жетекшісі қызмет өткеру нәтижелері туралы әскери полиция органының бастығына баянатпен баяндайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

_____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери полиция органының атауы)
Нұсқама жүргізудің
№_____ ЖУРНАЛЫ
№____ том

      20__ж. "__"_____ басталды
      20___ж. "__"_____ аяқталды
      ______парақта
      ____томдарда
      Тізбе бойынша сақтау мерзімі – "__" жыл

      Сыртқы жағы

Р/с№

Нұсқама жүргізу күні

Міндеттерді аяқтау

Басқа да құқық қорғау органдарының бөлімшелерімен байланыс жасау тәсілдері

Қызмет өткеру ерекшеліктері

Ескертпе







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Патрульдеудің бағыт парағы

      Осы патрульдеудің бағыт парағы әскери полиция органының патрульдік нарядына берілді, оның құрамында:_______________________________, әскери полиция органы бастығының 20___ жылғы "__" _________ №____ бұйрығының негізінде ______________________ мекенжайы бойынша ______әскери бөлімінің аумағында 20___ жылғы "___" __________ сағат ___-ден _____ дейінгі кезеңде патрульдеуді жүзеге асырады.

      Патрульдеу бағытының ұзақтығы _____ метр (километр) құрайды.

      Әскери полиция органың бастығы _________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      20 __ ж. "___" _________ М. О.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар
К А Р Т О Ч К А С Ы

      20___ж. "____" __________

Р/с №

Ұстау уақыты, күні

Әскери атағы

Тегі,
аты мен
әкесінің аты (бар болса)

ҰҚК ШҚ әскери бөлімі,
мекенжайы

Құқық бұзушылықтың түрі

Қабылданған шаралар








      Патруль жетекшісі

      _______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ ж. "___" _________