БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | 3100 | ||
Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 2000 | ||||
Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы | 1 | 2000 |
";
ескертпе *********** және ************ бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
ескертпе ************** мынадай редакцияда жазылсын:
"**************осы заттай "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық", "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты" мемлекеттік мекемелеріне де қолданылады, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі үшін 2 бірлікте, оның ішінде 1 бірлік Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамына көліктік қызмет көрсету үшін 1 бірлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты үшін 1 бірлік кезекші автомобильмен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Т. Савельева |