Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 тамызда № 15514 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13115 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      _________________М. Бекетаев

      2017 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      ________________Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________Қ. Қасымов

      2017 жылғы 24 шілде


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
м.а.
2017 жылғы 11 шілдедегі
№ 324 бұйрығымен
бекітілді

Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін
оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) білім алмаушы – білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданбаған жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бала;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағы – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымына бекітілген аумақ;

      5) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданған, бірақ күнтізбелік он және одан да көп күн себепсіз сабақты қалдырған жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бала;

      6) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алу – жергілікті атқарушы органдардың тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) балаларға есеп жүргізуді ұйымдастыруы.

2-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға
дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

      3. Есепке тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің барына (жоғына) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар есепке алуға жатады.

      4. Балаларды есепке алу тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ББАЖ) және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – МО АЖ) деректерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

      Әр жаңа оқу жылында 20 қыркүйектен кешіктірмей балалардың есепке алуы аяқталады.

      5. Балаларды есепке алу ББАЖ және МО АЖ мәліметі негізінде 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай деректер базасын құру және жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай мәлімет базасының мәліметі бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қатысуын қадағалайды.

      Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары білім саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді әр жылдың 15 қазанына жолдайды.

      7. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін жылсайынғы оларды есепке алу қорытындылары жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мен орта білім беру ұйымдарының мәжілістерінде қаралады.

      8. Балаларды есепке алу бойынша мәліметтерді қалыптастыру деректері:

      1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ББАЖ деректері;

      2) мектеп жасындағы балалар туралы ББАЖ деректері;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы ББАЖ деректері;

      4) мемлекеттік емес ұйымдарда тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар туралы ББАЖ деректері;

      5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының 0-18 жастағы балалар туралы мәліметі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің 0-18 жастағы қандастар балалары туралы мәліметі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.03.2021 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы 30 наурыз, 30 маусым, 30 қыркүйек және 30 желтоқсанда білім беру саласындағы уәкілетті органға 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметті "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестікке атестаттаудан өтуге сәйкес ББАЖ қолданысқа енгізген сәтке дейін МО АЖ-нен шығару арқылы ұсынады.

      10. Блім беру ұйымдарында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ББАЖ мәліметін МО АЖ мәліметімен салыстырып тексереді, аталған балалар туралы ақпаратты ББАЖ-ға орналастырады.

3-бөлім. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының
балаларды, олар орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

      11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:

      1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;

      2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;

      5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;

      6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;

      7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;

      8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;

      9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.03.2021 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ББАЖ мәліметтері негізінде жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары:

      1) тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейін балалардың мәлімет базасын, балаларды есепке алу қорытындылары туралы мәлімет, баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық деректерін жүргізеді;

      2) балаларды есепке алу бойынша іс-шаралардың нәтижесінде тұру фактісі орны анықталмаған мектеп жасындағы балалардың тұрғылықты орны (мекендеу) туралы мүдделі мемлекеттік органдарға сұраныс жолдайды;

      3) жалпы білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарға есеп, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдермен жеке профилактикалық шараларды жүргізеді,

      4) ықпал ету шараларын қабылдау үшін жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы білім алушылар туралы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi ақпараттандырады.

      Балалар туралы мәліметтері бар тізімдерді жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

4-бөлім. Білім беру ұйымдарының балаларды, олар орта білім алғанға дейін есепке
алуды ұйымдастыру тәртібі

      13. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ББАЖ-ға:

      1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін балалар туралы мәліметті;

      2) бірінші сыныпқа қабылдауға жататын 5 – 6 жастағы балалар туралы мәліметті;

      3) орта білім беру ұйымдарына қабылдауға жататын 6 – 7 жастағы балалар туралы мәліметті ұсынады.

      14. Орта білім беру ұйымдары тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ББАЖ-ға:

      1) мектеп жасындағы балалар туралы мәліметті, тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар (олар орта білім алғанға дейін) туралы мәліметті ұсынады;

      2) білім беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларды орта білім беру ұйымдарына қабылдауды қамтамасыз етеді;

      3) қыркүйекте ҰБДҚ-да білім алушылар контингенті туралы мәліметті ресімдеу, білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) және білім беру ұйымдарында оқытуға жататын жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалардың білім алатын орны туралы мәліметті анықтау жұмысын аяқтайды;

      4) білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумақта тұру фактісі анықталмаған жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына жолдайды;

      5) білім алушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылауды іске асырады (мониторинг), мінез-құлқында, білім алуында, дамуында және әлеуметтік бейімделуінде проблемалары бар білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;

      6) әр айдың 10-на қарай жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы балалар туралы мәліметті ББАЖ-ға орналастырады;

      7) өмірдің қиын жағдайына тап болған, сондай-ақ, оқытылмайтын, жалпы білім беретін ұйымдарда жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы балалар анықталған жағдайда оларды тәрбиелеу және білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың орта білім алуы бойынша шараларды қабылдайды.

      8) 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 9-сынып бітірушілерінің білім алу орны туралы ақпаратты ББАЖ-ға электрондық нысанда ұсынады;

      9) ағымдағы жылы аталған білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастырмаған 9 (10) сынып бітірушілері болып табылатын кәмелетке толмаған азаматтар анықталған жағдайда аталған кәмелетке толмаған тұратын білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақтағы жалпы білім беру ұйымының басшысын, сондай-ақ профилактикалық есепке алу үшін ішкі істер органдарын еркін нысанда ақпараттандырады;

      10) білім алуды жалғастырмаған ағымдағы жылдың 9 (10) сынып бітірушілерін білім беру ұйымдарында білім алмаушы ретінде есепке алуды жүргізеді;

      11) ағымдағы жылдың 9 (10) сынып бітірушілерінің білім алуды жалғастырмау фактісі анықталған жағдайда уақытылы жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарын ақпараттандырады, олардың жалпы білім алуы үшін шаралар қабылдайды;

      12) жылсайын жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына мектеп жасындағы балалардың, олардың әрі қарай білім алу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілген орта білім беру ұйымдарынан шығару туралы мәлімет ұсынады;

      13) орта білім беру ұйымынан шыққан білім алушының одан әрі білім алуын бақылауды оның одан әрі білім алуын растайтын құжатты жеке іс-қағаздарына қоса отырып (әрі қарай білім алуын растайтын күні және шығыс нөмірі бар анықтама, басқа білім беру ұйымына қабылданғаны туралы күні және нөмірі бар бұйрығы) іске асырады.

      Білім алушыны қабылдаған орта білім беру ұйымының басшысы білім алушы шығып кеткен орта білім білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды.

      Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.

      15. Өз балаларының білім алуына кедергі жасаған және (немесе) өз балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша тиісінше міндеттемелерді орындамаған отбасы анықталған жағдайда орта білім беру ұйымдары:

      1) кәмелетке толмағандарды оқытуды ұйымдастыру үшін ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара іс-қимыл жасау бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау үшін ол туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарлайды;

      3) анықталған балалар және көрсетілген балалар үшін оқытуды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар туралы жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына хабарлайды;

      4) профилактикалық есепке алу үшін ішкі істер органдарын еркін нысанда ақпараттандырады.

      16. Балаларды есепке алуды жүргізу барысында анықталған балалар оқу сабақтары журналында жинақтау сызығынан кейін жазылады.

      17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы:

      1) тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ҰБДҚ-ға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында білім алып жатқан балалар туралы мәліметті ұсынады;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан шыққан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың бұдан әрі білім алуына бақылауды жүргізеді және аталған балалар туралы мәліметті білім органдарына ұсынады

      Білім алушыны қабылдаған білім беру ұйымының басшысы білім алушы шығып кеткен орта білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды.

      Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.