Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе және теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 48 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15503 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2, 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе және теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілісн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 48 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе және
теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері






1-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі


2-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі







3-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі


4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

      Ескерту:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (1-сурет) киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның шетінен ені 10 мм қара көк түсті аяда жолақ орналасқан, жоғарғы бөлігінде – "ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ АВИАЦИЯСЫ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп. Жеңдегі белгінің ортасында авиацияның эмблемасы – сары түсті қанаты бар бұранда орналасқан. Жоғары бөлігінде эмблеманың артында күннің шығуын білдіретін 11 ашық сары түсті сәулелермен құбылған. Эмблеманың артында сол жақ бөлігінде шекара белгісі бейнеленген. Эмблеманың артында көгілдір түсті аясы бар, ішкі шеңбердің төменгі бөлігінде, бұранданың төменгі жағына ашық сары түсті қанатын сермеген қыран орналасқан.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (2-сурет) қара түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде - ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (3-сурет) ақ түсті тужурканың оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде - ашық жасыл түсті шеңбер,ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (2-сурет) көк түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде - ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.