"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің |
|
Төрағасы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49 қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша
әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны
мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.
2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшілердің тамақтануына арналған шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 7-тармағына сәйкес оларды тамақтандыру мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
Келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іс-сапарда шыққан жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.
3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекет органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге жүргізілмейтін ұлттық қауіпсіздік органдары әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін (бұдан әрі – Шекара қызметі) – Шекара қызметі Тыл бас басқармасының азық-түлікпен және жем-шөппен қамтамасыз ету бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары үшін – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті қалыптастырады.
Тізбені Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарлары бекітеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік мекемелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.
5. Ақшалай өтемақыны төлеу келісімшарт бойынша әскери қызметші қызмет өткеретін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.
6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші әрбір есепті айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері мемлекеттік мекеме басшысының атына баянат береді. Баянатқа келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызметтің міндеттерін орындауын растайтын бөлігінде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиістілігін дәлелдейтін саптық бөлімі бойынша бұйрықтардың және Шекара қызметі кітабының үзінділері (Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін) қоса беріледі.
7. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығының жобасы Шекара қызметінде – құрылымдар мен әскери бөлімдердің тыл бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – бөлімшелердің кадр аппаратымен дайындалады.
8. Өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.
9. Өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.
10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бір мемлекеттік мекемеден басқасына қызмет бабында ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін ұлттық қауіпсіздік органдары әскери бөлімдерінің (бөлімшелер)
тізбесі
р/с № | Әскери бөлім атауы |
Бөлімше |