БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңазаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
мына:
"
3. | А2 | 1 | МБА институты/мектебі директоры, Орталық басшысы, ғалымхатшысы, бас бухгалтері |
4. | 1-1 | МБА институты/мектебі директорының орынбасары, Орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы, бас бухгалтерінің орынбасары |
"
деген жолдар манадай редакцияда жазылсын:
"
3. | А2 | 1 | МБА институты/мектебі/филиалы директоры, Орталық басшысы, ғалымхатшысы, бас бухгалтері |
4. | 1-1 | МБА институты/мектебі/ филиалы директорының орынбасары, Орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы, бас бухгалтерінің орынбасары |
".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_______________Т. Дүйсенова
17 шілде 2017 жыл