"Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15480 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      6) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) осы бұйрыққа 7-1-қосымшаға сәйкес "Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 11 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 11 шілдедегі
№ 275 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 наурыздағы
№ 245 бұйрығына
7-1-қосымша

"Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу
және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополиялар субъектiсiн Мемлекеттік тіркелімге енгізу немесе одан шығару туралы хат не электрондық нысанда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 17.30-ға дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес бірінші басшы не оны ауыстыратын адам қол қойған нысан бойынша өтініш;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі және (немесе) "Е-лицензиялау" www.elicence.kz веб-порталынан лицензия;

      тауарларды, жұмыстарды өндіруге және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия жағдайларында қызметтерді көрсетуге қажетті инженерлік желілер мен құрылыстардың өтініш берушінің балансындағы не жалға берілген немесе сенімгерлік басқарудағы тізбесі, сондай-ақ карта-схемалар (аталған құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен расталады);

      тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) табиғи монополиялар салаларына жатқызылған көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетудің жоспарлы көлемінің есептеулері;

      өзге және (немесе) негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтері бар құжаттар;

      кәсіпорынның алдыңғы кезеңге (жыл, тоқсан) арналған бухгалтерлік балансы;

      басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөр қойылған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды таратып жаза отырып, алдыңғы кезең ішіндегі қызметтер көрсету кезеңіндегі қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;

      мемлекеттік тiркелiмнен шығару үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мыналарды:

      оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыруды;

      табиғи монополия субъектісін таратуды;

      табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімін;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің балансынан басқа субъектінің балансына беру, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беруді;

      табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын алып қою туралы сот шешімін;

      табиғи монополия субъектісінің балансындағы мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару туралы шешімді;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу шартының аяқталуын растайтын;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті оның жүзеге асыруын тоқтату туралы куәландыратын өзге құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Өтініштің қабылданғанын растау өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен", көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Комитеттер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті ұсынушының www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

  "Табиғи монополиялар
субъектiлерiн Мемлекеттiк
тiркелiмге енгiзу және одан
шығару" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(дара кәсіпкердің толық
Т.А.Ә.немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефондары)

Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге енгізу туралы
Өтініш

      ________________________________________________________________________________
      (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)
      ________________________________________________________________________________

      (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың,
жұмыстардың) түрі

      ________________________________________________________________________________
      (заңды мекенжайы)
      ________________________________________________________________________________
      (табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)
      ________________________________________________________________________________
      (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізуді сұраймын
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
      _____________ 20 ___ жылғы "____" ____________
      (қолы) (қол қою күні)

  "Табиғи монополиялар
субъектiлерiн Мемлекеттiк
тiркелiмге енгiзу және одан
шығару" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә.
немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефондары)

Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы
Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (табиғи монополия субъектісінің атауы)
      ________________________________________________________________________________
      (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі
      ________________________________________________________________________________
      (заңды мекенжайы)
      ________________________________________________________________________________
      (табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)
      ___________________________________________________________________
      (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміннен шығаруды сұраймын
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
      _____________ 20 ___ жылғы "____" ____________
      (қолы) (қол қою күні)