Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 345 бұйрығына қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 32-тармағына сәйкес әзірленді және "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтарып алуға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе санаттарын Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
3) "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер;
4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс органы ретінде құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар тұлағалар мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар тұлағалар өтініштерін қарау мақсатында құрылған Әкімші жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
6) борышкер – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) тұрақсыздық айыбы (айыппұл) төлемін қоса алғанда, шығындарды өтеумен "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешіміне қатысты тұлға;
7) қаржылық берешегі (бұдан әрі – берешек) – Әкімшінің жабылмаған нақты шығындарды, артық есептелген стипендияларды қамтитын немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия қабылдаған шешім нәтижесінде туындаған нақты шығындары.
8) қаржылық борышкер – "Болашақ" стипендиясы оқуды аяқтағаннан кейін Әкімші алдында қаржылық берешегі болған түлегі;
9) Республикалық комиссия – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
10) шығындар – Әкімшінің борышкерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен және Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдаған күнге дейін оқытуды ұйымдастыру бойынша барлық жұмсалған ақшалай қаражатты қамтитын нақты шығындары.
2-тарау. "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібі
3. Әкімші "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар конкурс жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты жүзеге асырады.
4. Қағидалардың 31-тармағына сәйкес Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясынан айыру туралы шешімді немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Әкімші борышкерлерді тиісті шешім шығарылған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін түрде) хабарландырады.
5. Әкімші Республикалық комиссияның "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе стипендиядан бас тартуды қабылдау туралы хаттамалық шешімі негізінде есептелген шығындар толықтығын, жабылмаған алғытөлемнің бар-жоғын тексереді, борышкерлер оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығындарды 10 (он) жұмыс күні ішінде айқындайды.
6. Борышкерлер оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар сомасын қалыптастыру аяқталғаннан кейін Әкімші борышкерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе жазбаша талап арқылы шығындар сомасын өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Оқуды ұйымдастыру шығындарын өтеу туралы хабарлама осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде борышкерге соңғы белгілі мекен-жайына жолданады.
7. Әкімші "Болашақ" стипендиясы түлектері оқуды аяқтағаннан кейін Әкімші алдында берешектің бар-жоғын анықтау мақсатында оқуларын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар толықтығын, жабылмаған алғытөлемнің бар-жоғын 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді.
8. "Болашақ" стипендиясы түлектерінде берешектің бар болғаны анықталған жағдайда Әкімші қаржылық борышкерге телефон байланысы, электрондық пошта немесе жазбаша хабаралама арқылы берешек сомасын өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Қаржылық берешегін өтеу туралы хабарлама осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде борышкерге соңғы белгілі мекен-жайына жолданады.
9. Борышкердің (қаржылық борышкердің) шығындарды (берешекті) бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Әкімші осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарда берешекті өтеу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) төлемдер кестесін құрастырумен жасау арқылы ерікті түрде өтеуді қарастырады.
Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өтеу туралы келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Борышкер (қаржылық борышкер) бар болған шығындарды (берешекті) өтеуге келіскен жағдайда Әкімшіге Келісімді жасау қажеттілігі туралы өтінішті (еркін нысанда) келесі құжаттарды қоса берумен жолдайды:
1) берешекті өтеу және Келісімді жасау туралы өтініш;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жеке басы куәлігі көшірмесі;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) еңбекақысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтама;
4) неке қию туралы куәлік көшірмесі немесе борышкердің (қаржылық борышкердің) отбасылық жағдайы туралы нотариалдық куәландырылған өтініші;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының соңғы жылдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама);
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
7) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешімді қабылдау үшін маңызы бар қосымша құжаттары
11. Ұсынылған құжаттармен бірге түскен өтініш ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешім қабылдау үшін Комиссия қарауына жіберіледі.
12. Комиссия шешім қабылдау үшін:
1) шығындардың (берешектің) өтелуге тиіс сомасын;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының қаржылық жағдайын;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының еңбек қызметін, еңбекақы мөлшерін және табыстарының қосымша көздерін;
4) борышкердің (қаржылық борышкердің) асырауында болған кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғын;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының меншігінде жылжымалы (жылжымайтын) мүліктің бар-жоғын;
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының кредиттердің, үшінші тұлғалар алдындағы ақшалай міндеттемелердің бар-жоғын есепке алады.
13. Борышкерлер (қаржылық борышкерлер) Комиссия қабылдаған шешім туралы Комиссия шешімді шығарған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде жабаша (еркін түрде) хабарландырылады.
14. Борышкер (қаржылық борышкер) Комиссия қабылдаған шешімімен келіскен жағдайда борышкер (қаржылық борышкер) мен Әкімші арасында әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылдан артық емес мерзімге Келісім жасалады. Мерзімді ұзартуға төлемдер кестесінде көрсетілген шығындар сомаларын уақытында төлеу шартымен жол беріледі.
15. "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкер Комиссия қабылдаған шешімімен келіскен жағдайда Әкімші онымен 1 (бір) жылдан артық емес мерзімге Келісім жасайы.
16. Жасалған Келісім шеңберінде шығындарды (берешекті) төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе борышкер (қаржылық борышкер) шығындар (берешек) сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан немесе борышкер (қаржылық борышкер) осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген тиісті талаптарды елемеген жағдайда Әкімші шығындарды (берешекті) сот тәртібінде өндіріп алады.
17. Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Борышкер (қаржылық борышкер) қуынымды мойындаған жағдайда Әкімші осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бітімгершілік келісім жасайды.
19. Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өтеу туралы бітімгершілік келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
___________________________________
Борышкер Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
мекен-жайы: _______________________
тел.: ______________________________
Оқуды ұйымдастыру шығындарын өтеу туралы хабарлама
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) 20__ жылғы " " ________ № ______ хаттамасымен Сізді "Болашақ" халықаралық стипендиясынан оқуды ұйымдастыру шығындарын міндетті түрде өтеумен айыру шешімі қабылданғанын (Сіздің "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тарту туралы өтінішіңіз қанағаттандарылғанын) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) _____ тармағына сәйкес – конкурс жеңімпазы "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе Республикалық комиссия шешімі бойынша айырылған жағдайда Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен оған жұмсалған барлық шығындар, тұрақсыздық айыбы (айыппұл) төлемін қоса алғанда, өтелуге тиіс.
Оқуыңызды ұйымдастыру үшін нақты жұмсалған шығындар сомасы айыппұл шараларын есепке алумен __________ теңгені құрайды, оның ішінде:
1) нақты жұмсалған шығындар __________ теңге;
2) оқу шарты бойынша айыппұл сомасы __________ теңге.
Баяндалғанның негізінде, Орталық Сізге көрсетілген шығындарды 20__ жылғы "__" ________ мерзімге дейін Орталық шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзіңіз немесе сенім білдірілген адам арқылы Орталыққа Берешекті өтеу туралы келісімді жасау және оны өтеу кестесін құру үшін жүгінуіңізге болады.
Берешекті өтеу туралы келісімді жасау үшін мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
1) берешекті өтеу және Берешекті өтеу туралы келісімді жасау туралы өтініш;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жеке басы куәлігі көшірмесі;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) еңбекақысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтама;
4) неке қию туралы куәлік көшірмесі немесе борышкердің (қаржылық борышкердің) отбасылық жағдайы туралы нотариалдық куәландырылған өтініші;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының соңғы жылдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама);
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
7) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешімді қабылдау үшін маңызы бар қосымша құжаттары.
Олай болмаған жағдайда, Орталық Сізден оқуды ұйымдастыру шығындарын және барлық сот шығындарын өндіріп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.
Орталық мекен-жайы мен деректемелері: _________________________
__________________________ ________________
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
_________________________________
Қаржылық борышкер Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
мекен-жайы: _____________________
тел.: ____________________________
Қаржылық берешегін өтеу туралы хабарлама
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Орталық алдында _______ теңге мөлшерінде берешегіңіз бар екендігі туралы хабарлайды.
Осы берешек сомасы ____________________ нәтижесінде пайда болды.
Баяндалғанның негізінде, Орталық Сізге көрсетілген шығындарды 20__ жылғы "__" ________ мерзімге дейін Орталық шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзіңіз немесе сенім білдірілген адам арқылы Орталыққа Берешекті өтеу туралы келісімді жасау және оны өтеу кестесін құру үшін жүгінуіңізге болады.
Берешекті өтеу туралы келісімді жасау үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
1) берешекті өтеу және Берешекті өтеу туралы келісімді жасау туралы өтініш;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жеке басы куәлігі көшірмесі;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) еңбекақысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтама;
4) неке қию туралы куәлік көшірмесі немесе борышкердің (қаржылық борышкердің) отбасылық жағдайы туралы нотариалдық куәландырылған өтініші;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының соңғы жылдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама);
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
7) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешімді қабылдау үшін маңызы бар қосымша құжаттары.
Олай болмаған жағдайда, Орталық Сізден берешекті және барлық сот шығындарын өндіріп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.
Орталық мекен-жайы мен деректемелері: _________________________
__________________________ ________________
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)