"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 27 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 5 шілде
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген |
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау
Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығы) айналысатын тауар өндірушілер мен өзге де жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер) акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
2) балық өсіру –кәсіпкерлік қызмет мақсатында акваөсірудің балықтардың өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру бағыты.
3. Субсидиялар акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін бекіре, арқан балық және тұқы тұқымдас балық түрлері мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есептелетін шығындардың 30 % өтеуге арналады.
4. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің 1 (бір) килограмын өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
5. Субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстарды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) нөмірлейді, тігеді, мөрмен бекітеді және екі данада облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) мақұлдауға ұсынады.
Министрлік ұсынылған субсидиялау көлемдерін Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының болжамды көрсеткіштеріне сәйкестігін қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидиялау көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей қайтарады.
Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидиялау көлемдерінің екі данасын дәлелді түрде негізделген хатпен тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей пысықтауға жібереді.
Субсидиялау көлемдері бойынша пысықталған ұсыныстар екі данада облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Министрлікке тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей қайта мақұлдауға беріледі.
Министрлік мақұлданған субсидиялау көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей қайтарады.
Субсидиялау көлемдері 10 ақпаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Қаулы бекітілгеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әкімдігі екі жұмыс күні ішінде оны өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады және екі жұмыс күні ішінде оның орналастырылғаны туралы Министрлікті хабардар етеді. Министрлік субсидиялау көлемдерін олардың бұдан бұрын мақұлданған субсидиялау көлемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексереді.
6. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) тауар өндірушілердің басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан одан әрі қайта сату және (немесе) өңдеу үшін сатып алған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі;
2) тауар өндірушілердің басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан одан әрі қайта сату үшін сатып алған балық азығы;
3) тауар өндірушілердің өзара есеп айырысу есебіне баспа-бас айырбас бойынша өткізген немесе бұдан бұрын субсидияланған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі;
4) балықтардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин немесе шектеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан кезеңде өсірілген балық және одан дайындалған өнімді өткізу.
7. Субсидиялар тауар өндірушілерге:
1) өсірілген және өңдеу үшін өткізілген балықтың;
2) өсірілген және сауда желісі арқылы өткізілген балықтың нақты көлемдері үшін ғана төленеді.
8. Субсидиялар алуға қойылатын талап балық өсіру шаруашылығы өнімін өндіруді осының алдындағы жылғыдан төмен болмайтындай көлемде қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл талап тауар өндірушілерге балық өсіру шаруашылығы саласындағы қызметтің бірінші жылында қойылмайды.
9. Субсидиялар алуды жоспарлап отырған тауар өндірушілер тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей тиісті ауданың немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - Бөлім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанмен акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын тауар өндірушілер бойынша мәліметтер береді. Тиісті жылдың 3 ақпанынан кешіктірмей Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен)) айналысатын тауар өндірушілер туралы мәліметтерді жинақтап (бұдан әрі – Жиынтық тізбе), Басқармаға жолдайды. Облыс бойынша жиынтық тізбені Басқарма Министрлікке тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей жолдайды.
2-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
10. Балық азығы үшін тиесілі субсидиялар сомасы тауар өндірушілердің өтінімдері басшылыққа алынып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Оп х Нр х Сазық х 30 % , мұнда:
С – балық азығы үшін тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Оп – акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің көлемі, килограмм;
Нр – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің 1 (бір) килограмын өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі;
Сазық – бір килограмм балық азығының құны, теңге.
Балық азығы, орау, таңбалау және республиканың тиісті өңіріндегі жеткізу (босату) бекетіне дейінгі көлік шығындарының құнында қосылған құн салығы ескерілмейді.
11. 1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне жұмсалған шығынға шаққанда балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы: албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 360 теңгеден; бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 300 теңгеден; тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 30 теңгеден аспауы тиіс.
3-тарау. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын
арттыруға субсидиялар алу тәртібі
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде және кейіннен жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі орынбасарының төрағалық етуімен акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау мәселелері бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Облыстар деңгейінде құрылатын Комиссияның құрамына Басқарманың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария басқармасының, Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары кіреді, сондай-ақ құрамға жергілікті өкілді органдардың депутаттары, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттелген балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының өкілдері кіруі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады. Комиссия отырыстары он күн сайын өткізіліп тұрады.
13. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қабылдау тиісті жылдың 1 наурызынан басталып, 10 желтоқсанында аяқталады.
Өтінімдерді қарау мерзімі оларды қабылдаған күннен бастап жиырма бес жұмыс күннен аспайды.
14. Субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер балық азығын сатып алуға жұмсалған шығындардың нәтижелері бойынша Бөлімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – Өтінім) береді.
15. Тауар өндірушілер Өтінімде көрсетілген деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
16. Бөлім Өтінімдерді жеке тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген журналда олар келіп түскен күні тіркейді.
Тауар өндірушіге Өтінімді қабылдау кезінде күні және уақыты, Өтінімді қабылдап алушының тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
17. Бөлім тауар өндірушінің құжаттары алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Бөлім көрсетілген мерзімде Өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған Өтінімді қайта енгізе алады.
Бөлім ерекше қауіпті балық аурулары бойынша белгіленген немесе алынған карантиндер немесе шектеу іс-шаралары жөнінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария бөлімі берген ақпаратты зерделейді.
18. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда Бөлім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-нысанмен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жиынтық акт қалыптастырады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жиынтық акт және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының ағымдағы шоттың болуы туралы анықтамасы (жылына бір рет немесе банк шоты ауысқан кезде беріледі) екі жұмыс күні ішінде Басқармаға беріледі.
19. Басқарма аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жиынтық актілерді акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді.
20. Басқарма Комиссия отырысы өткізілуінен екі күн бұрын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жиынтық акт толтырып, Комиссияның қарауына жібереді.
21. Комиссия екі жұмыс күн ішінде тауар өндірушінің Өтінімін осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді.
22. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша екі жұмыс күн ішінде Басқарма хаттама жобасын толтырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша тауар өндірушілердің тізбесін жасайды. Хаттамаға Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде қол қояды.
23. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктегі шоттарына аударуды Басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын беру арқылы Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
24. Басқарма Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Бөлімге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанмен тауар өндірушілердің Өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат жолдайды.
Бөлім ақпаратты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кейіннен тауар өндірушіге (өтінім берушіге) екі жұмыс күні ішінде беру үшін қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, әрбір тауар өндіруші (өтінім беруші) бойынша жеке-жеке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама қалыптастырады.
4-тарау. Субсидиялау бойынша есептілік
25. Басқарма Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша он күн сайын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тауар өндірушінің атауы және Комиссияның шешімі көрсетіліп, тауар өндірушілердің субсидиялар алуға берген Өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпарат жариялап тұрады.
Басқарма Министрлікке бюджет қаражатының игерілуі бойынша есепті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде және субсидиялар төлеу туралы ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын жібереді.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын акваөсірудің
(балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын
азық нормативі
№ |
Тауарлы балық өсіру | Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық мөлшері, килограмм |
1. | Албырт және оның буданы | 1,2 |
2. | Бекіре және оның буданы | 1,5 |
3. | Тұқы және оның буданы | 4,0 |
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан |
Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын
тауар өндірушілер бойынша мәліметтер
20 __ жылғы есептілік кезеңі
Индексі: 1-БАЛЫҚ
Кезеңділігі: жыл сайын
Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын тауар өндірушілер береді
Қайда жіберіледі: аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы бөлімдеріне
Жіберу мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың ақпан айының біріне (қоса есептегенде) дейінгі мерзімде
№ |
Шаруа-шылық атауы, |
мекенжайы |
шаруашы-лық түрі |
құрыл-ған жылы | жұмыс істеуші-лердің жыл-дық орташа саны |
су айдынының алқабы, га | өсірілетін балық түрлері |
балық өсіру материалы-ның көзі | балық азығын жеткізушілер | сумен жаб-дық-тау көзі |
Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | |||||||||||
2 | |||||||||||
3 |
Басшы ______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Ескертпе: толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған осы "Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын тауар өндірушілер бойынша мәліметтер" нысанына қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректер жинауға арналған "Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын тауар өндірушілер бойынша мәліметтер" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған "Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен)
айналысатын тауар өндірушілер бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік деректер жинауға арналған "Акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілер бойынша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) жүргізудің негізгі міндеті "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласында жұмыс істейтін субъектілер жайында ақпараттық сипатта.
2. Толтырылған Нысан аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы бөлімдеріне беріледі.
3. Көрсеткіштер осының алдындағы жылдың нақты деректері бойынша қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда - оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 2-бағанында шаруашылықтың атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында субъектінің нақты және заңды мекенжайы, телефондары және электрондық мекенжайы көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында шаруашылықтың түрі көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында құрылған жылы көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында жұмыскерлердің жылдық орташа саны көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында су айдынының алқабы және жобалық қуаты көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында өсірілетін балық түрлері көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында балық өсіру материалының көзі көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында балық азығын жеткізіп берушілер көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында сумен жабдықтау көзі көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында ескертпе көрсетіледі.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан |
____________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
_________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне (басқармасына)
Өтінім
1. Тауар өндіруші: ________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) /тауар өндірушінің атауы )
2. БСН/ЖСН ____________________________________________________________________
(жеке/заңды тұлға үшін)
________________________________________________________________________________
3.Тауар өндірушінің мекенжайы:____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өңірдің, елді мекеннің атауы)
4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (бар болса) ________________
№ | Деректер көзі | Қажетті мәліметтер | Деректер |
1. | Осының алдындағы жылы өсірілген және өткізілген тауарлы өнім туралы мәліметтер көрсетілген балық өсіру және акваөсіру туралы статистикалық есептіліктің "1-балық" нысанынан көшірме | Құжат(тар) атауы | |
Күні және кезеңі | |||
Осының алдындағы жылы өткізілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі, тонна | |||
Тіркеу нөмірі және статистика органдарының есепті қабылдаған күні (бар болса) | |||
2. | Кәсіпорындардың жобалық қуатын растайтын құжаттар | Ағымдағы кезеңде өткізілген акваөсіру (балық өсіру) өнімінің нақты көлемі, тонна | |
Ағымдағы жылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірудің болжамды көлемі, тонна | |||
3. | Азық немесе ингредиенттер* сатып алу шарты | Шарттың нөмірі | |
Жасалған күні | |||
Сатып алынған азықтың немесе ингредиенттердің* атауы және түрі | |||
Азық немесе ингредиент* сатқан ұйымның атауы | |||
Сатып алынған жемнің немесе ингредиенттердің* көлемі, тонна | |||
Өсірілген балықты сатудың мәлімделген көлеміне жұмсалатын азықтың немесе ингредиенттердің* көлемі | |||
4. | Азық немесе ингредиенттер* сатып алынғанын растайтын құжаттар | Кассалық чектің/кіріс ордерінің нөмірі мен күні (әрбір чек/ордер бойынша көрсетіледі) | |
Сатып алынған азықтың немесе ингредиенттердің* атауы мен түрі | |||
Азық немесе ингредиенттер сатқан ұйымның атауы | |||
Сатып алынған азықтың немесе ингредиенттердің көлемі, тонна | |||
5. | Өнімнің сатылғанын растайтын құжаттар | Құжат(тар) атауы | |
Нөмірі(лері) (бар болса) | |||
Құжатта(тарда) көрсетілген күн | |||
Өткізілген өнім көлемі | |||
Контрагент (алушы) | |||
6. | Өнім сатылғанын растайтын құжаттар (өнім дербес сатылған жағдайда толтырылады) | Кассалық чектің нөмірі мен күні (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |
Өткізілген өнім көлемі, килограмм (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |||
7. | Балықтың ветеринар-санитарлық қауіпсіздігін растайтын құжаттар | Құжат(тар) атауы | |
Нөмірі(лері) (бар болса) | |||
Құжатта(тарда) көрсетілген күн | |||
8. | Ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық пошта операторының анықтамасы ** | ЖСН/БСН | |
Кбе | |||
Банктің немесе ұлттық пошта операторының деректемелері: | |||
БИК | |||
ИИК | |||
БСН | |||
Кбе |
* өзі жасаған азық пайдаланылған жағдайда пайдаланылған ингредиенттерді растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру қажет;
** ағымдағы шот ашылған немесе оның деректемелері өзгерген жағдайда тауар өндіруші өтінімге ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының анықтамасының түпнұсқасын тіркейді.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер (бар болса)
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Мөр орны (бар болса)
20__ жылғы "__" _______________
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _______ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ___________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
---------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы) Талон
№ _______________________
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _______ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ___________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жиынтық акт
____________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) бойынша
20__ жылғы _________ (айы)
Тауар |
Жеке сәйкестендiру нөмiрі /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Субсидияла-натын балықтың түрі | Субсидияла-натын балықтың мөлшері, тонна | Азықтың атауы және түрі | Пайдаланыл- ған азықтың көлемі, тонна | Азықтың құны, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны |
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Бөлім маманы ________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
2-нысан
_________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
бойынша жиынтық акт
20__ жылғы ___________ (ай)
Тауар |
Жеке сәйкестендiру нөмiрі /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Субсидияла-натын балықтың түрі | Субсидияла-натын балықтың мөлшері, тонна | Азықтың атауы және түрі | Пайдала-нылған жемнің көлемі, тонна | Азықтың құны, теңге | Бюджеттік субсидия-лардың тиесілі сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны |
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Қаржы басқармасының басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
3-нысан
Тауар өндірушілер тізбесі
_______________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
бойынша 20__ жылғы ___________ (ай)
Тауар |
Жеке сәйкестендiру нөмiрі /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Субсидия-ланатын балықтың түрі | Субси-дияланатын балық-тың мөлше-рі, тонна | Азықтың атауы және түрі | Сатып алынған азықтың көлемі, тонна | Азықтың құны, теңге | Бюджеттік субси-диялар-дың тиесілі сомасы, теңге | Ескерт-пе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жиыны |
Комиссия мүшелері:
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан |
Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат
20___ жылғы "___" ____________жағдай бойынша есептік кезең
__________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
__________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) бойынша
Индексі: 2-БАЛЫҚ
Кезеңділігі: он күн сайын
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармалары береді
Қайда жіберіледі: аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы бөлімдері
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың онына, жиырмасына және отызына (қоса есептегенде) дейінгі мерзімде
Тауар |
Жеке сәйкестендiру нөмiрі /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Субсидия-ланатын балықтың түрі | Субси-дияланатын балық-тың мөлше-рі, тонна | Азық атауы және түрі | Пайдала-нылған азықтың көлемі, тонна | Азықтың құны, теңге | Бюджеттік субси-диялар-дың тиесілі сомасы, теңге | Ескерт-пе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жиыны |
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Қаржы басқармасының басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған осы "Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат" нысанына қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректер жинауға арналған "Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат" нысанына қосымша |
"Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат"
нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректер жинауға арналған "Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі - Нысан) жүргізудің негізгі міндеті акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға тауар өндірушілердің берген өтінімдерін қарау қорытындылары туралы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы бөлімдерін хабардар ету болып табылады.
2. Толтырылған Нысан аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы бөлімдеріне беріледі.
3. Көрсеткіштер облыс бойынша бекітілген жиынтық акт бойынша қалыптасады.
4. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында тауар өндірушінің атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендiру нөмiрі немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында субсидияланатын балықтың түрі көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын балықтың көлемі көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында азықтың атауы және түрі көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында пайдаланылған жемнің көлемі көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында азықтың құны көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында тиесілі субсидиялардың сомасы көрсетіледі.
13. Нысанның 9-бағанында ескертпе көрсетіледі.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 6-қосымша Нысан |
№_____ өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама
20 ____ жылғы " __" ______________
Тауар өндіруші _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш жасау мақсаты __________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
Жүгінген күні 20 ____ жылғы "___" __________________
Комиссияның шешімі ___________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_________________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) __________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы _____________________________________________________
______________________________________________ _______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 7-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан |
Бюджет қаражатын игеру туралы есеп
20__ жылғы "___"____________ үшін есепті кезең
______________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша
Индексі: 3-БАЛЫҚ
Кезеңділігі: ай сайын
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармалары береді
Қайда жіберіледі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесіне (қоса есептегенде) дейінгі мерзімде
№ |
Тауар | Субсидияла-натын балық-тың түрі | Осының алдындағы жылы сатыл-ған акваөсі-ру (ба-лық өсіру) өнімінің нақты көлемі, тонна | Ағымда-ғы жылы өндіріле-тін акваөсіру(балық өсіру) өнімінің болжам-ды көлемі, тонна | Бір жылға жоспарланған субси-дияланатын балық-тың көлемі, тонна | Бір жылға жоспар-ланған субси-дияланатын азықтың көлемі, тонна | Бір жылға бекітілген субси-диялар сома-сы, мың теңге | Суб-си-дия-лан-ған ба-лық көлемі, тон-на | Ағымдағы күнге мақұл-данған субси-дияланатын азық көлемі, тонна | Ағымдағы күнге мақұлданған субсидия-лар сома-сы, мың теңге | Төленген субсидия-лар сома-сы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны |
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Қаржы басқармасының басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Ескертпе: толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған осы "Бюджет қаражатын игеру туралы есептілік" нысанына қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректер жинауға | |
арналған "Бюджет қаражатын игеру туралы есептілік" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған
"Бюджет қаражатын игеру туралы есептілік" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік деректер жинауға арналған "Бюджет қаражатын игеру туралы есептілік" нысанын (бұдан әрі - Нысан) жүргізудің негізгі міндеті акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға бағытталған бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жасау болып табылады.
2. Толтырылған Нысанды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне облыстардың жергілікті атқрушы органдарының (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
3. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне қаражат игерудің нақты деректері бойынша қалыптасады.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 2-бағанында тауар өндірушінің (өтінім берушінің) атауы және жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында субсидияланатын балықтың түрі көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында осының алдындағы жылы сатылған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында ағымдағы жылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірудің болжамды көлемі көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында бір жылға жоспарланып отырған субсидияланатын балықтың көлемі көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында бір жылға жоспарланып отырған субсидияланатын азық көлемі, тонна, көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында бір жылға бекітілген субсидиялар сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында субсидияланған балықтың көлемі көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында ағымдағы күнге мақұлданған субсидияланатын азық көлемі көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында ағымдағы күнге мақұлданған субсидиялар сомасы көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 8-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан |
Субсидиялар төлеу туралы ақпарат
20__ жыл үшін есепті кезең
_____________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша
Индекс: 4-БАЛЫҚ
Кезеңділігі: жыл сайын
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармалары береді
Қайда жіберіледі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар айының онына (қоса есептегенде) дейінгі мерзімде
№ | Субсидия алушының атауы | Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес сәй-кестендiру нөмiрi | Субсидиялана-тын балықтың түрі | Субсидияланған балықтың көлемі, тонна | Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
_________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) | |||||
_________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) | |||||
Жиыны |
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Қаржы басқармасының басшысы
______________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мөр) (қолы)
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған осы "Субсидиялар төлеу туралы ақпарат" нысанына қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректер жинауға арналған "Субсидиялар төлеу туралы ақпарат" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған
"Субсидиялар төлеу туралы ақпарат"
нысанын толтыру туралы түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректер жинауға арналған "Субсидиялар төлеу туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі - Нысан) жүргізудің негізгі міндеті акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға бағытталған субсидиялар төлеу туралы мониторинг жасау болып табылады.
2. Толтырылған нысанды жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру туралы түсіндірме
4. Нысанның 2-бағанында субсидия алушының атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында жеке сәйкестендiру нөмiрі немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын балықтың түрі көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында субсидияланған балықтың көлемі көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.