Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15313 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 255 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен, жәрдемақылармен және басқа да төлемдермен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Толық бір ай қызмет өткермеген әскери қызметшіге тиесілі ақшалай ризықтың мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты санына пропорционалды түрде сүйене отырып айқындалады.

      3. Әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда, қамау түріндегі жазасын өтеу уақытында сотталған әскери қызметшіге, гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу уақытында ақшалай ризық әскери қызмет міндеттерін нақты орындаған күндеріне пропорционалды түрде командирдің бұйрығы негізінде төленеді. Бұйрықта әскери қызметте нақты болмаған күндері көрсетіледі. Ақшалай ризықты пропорционалды түрде есептеу үшін бір айдағы күнтізбелік күндер қолданылады.

      4. Әскери қызметшіге ағымдағы айға ақшалай ризықты төлеу ағымдағы айдың 25 күнінен бастап соңына дейін жүргізіледі.

      Ақшалай ризық төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

      Ақшалай ризықты төлеу кезінде әскери қызметші тиісті кезең үшін оған тиесілі ақшалай ризықтың құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, сондай-ақ төленуге тиіс жалпы ақша сомасы туралы жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабардар етіледі.

      5. Әскери қызметшіге белгіленген мерзімдерден бұрын ақшалай ризық төлеуге оның баянатының негізінде мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) демалысқа (жүктілікке және бала тууына және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты қоспағанда), оқуға, қызметтік іссапарға кеткенде – егер ол қызмет орнына ақшалай ризық төлеу мерзімінен кешігіп қайтса, ағымдағы ай үшін;

      2) жаңа қызмет орнына қоныс аударғанда – ағымдағы ай үшін.

      6. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.

      6-1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады. Лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін әскери бөлімдегі (мемлекеттік мекемедегі) қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардың құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған кезде – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) міндетті түрде енгізіледі.

      Азаматтар әскери қызметке 15 жұмыс күн аралығында, сондай-ақ жыл сайын 20 қаңтарға дейін кірген кезде (1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық әскери қызметшілердің қызмет өтілін белгілеу үшін) комиссия отырысы жүргізіледі. Қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі екі данада құрастырылады (кадр қызметіне - бір данасы, қаржы қызметіне - екіншісі).

      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметі жарғысымен белгіленген мерзімдер шегінде істері мен лауазымын тапсырған уақыт үшін, сондай-ақ оған істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін шығарылу кезінде берілетін жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық атқаратын әскери лауазымы бойынша төленеді.

2-тарау. Әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу

1-параграф. Курсанттан, кадеттен және мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшінің әскери атағы бойынша айлықақысы

      8. Әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери атақ беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.

      9. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.

      10. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы бөлім жеке құрамының тізімдеріне қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.

2-параграф. Офицерлер құрамы әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы

      11. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.

      12. Әскери оқу орнын бітірген офицерге офицерлік атақ берілген күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін взвод командирінің лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

      13. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған офицерге жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кеткен күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.

      14. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерге әскери бөлім жеке құрамының тізімдеріне қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.

      15. Офицерді лауазымға тағайындау кезінде, оның ішінде әскери оқу орнын бітіргеннен кейін және запастан әскери қызметке айқындағаннан кейін атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

3-параграф. Курсанттан, кадеттен басқа, сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы

      16. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.

      17. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге лауазымдық айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

      Істер мен лауазымды қабылдағанға дейін мыналар төленеді:

      1) мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейін лауазымға қабылданған және тағайындалған әскери қызметшіге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесімен (бұдан әрі – еңбекақы төлеудің жүйесі) белгіленген лауазымның санаты бойынша лауазымдық айлықақы;

      2) әскери орта арнайы оқу орнын бітірген әскери қызметшіге – еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның II санаты бойынша лауазымдық айлықақы;

      3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери бөлім жеке құрамының тізімдеріне қосу туралы командирдің бұйрығы шығарылған күннен бастап – еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның I санаты бойынша лауазымдық айлықақы.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні бір лауазымнан басқасына ауыстырған кезде жаңа лауазым бойынша айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

      19. Осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам офицерлер құрамының бос лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеген сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап оның міндеттерін атқаруға уақытша жіберілген әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы

      20. Мерзімді әскери қызметке шақырылған адамға жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шығарылған күннен бастап лауазымға тағайындағанға дейін лауазымның еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

      21. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні бір лауазымнан басқасына ауыстырған кезде жаңа лауазымы бойынша айлықақысы лауазымға тағайындау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери оқу орнында оқитын курсанттың, магистрант пен докторанттың лауазымдық айлықақысы (стипендиясы)

      22. Келесі курсқа ауыстырылған оқыту курсына байланысты айлықақы алатын курсантқа осы оқыту курсы бойынша айлықақы келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан ерте емес төленеді.

      23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан әскери қызметшіге төлемдер халықаралық келісімшарттарға және шарттарға сәйкес төленеді.

      24. Әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшіге шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мыналар төленеді:

      1) әскери оқу орнына қабылданар алдында әскери бөлімде әскери лауазымды атқарғанға (үлгермеуі мен тәртіпсіздігі үшін шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) оқуға қабылданғанға дейін ол әскери бөлімде атқарған соңғы штаттық әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы;

      2) әскери оқу орнына мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген кезеңінде қабылданған және үлгермеуі, сондай-ақ тәртіпсіздігі үшін шығарылғанға лауазымның еңбекақы мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санат бойынша айлықақы.

6-параграф. Әскери қызметші өкімде болған кезеңде әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару кезінде ақшалай ризық айлықақысын төлеу

      25. Осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам офицерлер құрамының бос лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеген әскери қызметшіге істер мен лауазымды қабылдағаны туралы бұйрық шыққан күннен бастап, ол міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

      26. Әскери қызметшіге командирдің өкіміне қабылданған күннен бастап соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай ризық төлеу мынадай мерзімдер ішінде сақталады:

      1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде – 2 ай;

      2) ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізуге байланысты – 3 ай.

      Әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңінде оған қатысты күдіктінің әрекетін жіктеу туралы қаулының шығуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін ақшалай ризық төлеу тоқтатыла тұрады.

      27. Ақшалай ризық алуға құқықты айқындаған кезде өкімде болу мерзіміне әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысында, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдері есептелмейді.

      28. Өкімде болуына байланысты оны алу құқығын жоғалтқан әскери қызметшіге ақшалай ризықты төлеу мыналарға қалпына келтіріледі:

      1) лауазымға тағайындалғанға – лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бұл ретте тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға кіріскен күнге дейінгі кезең үшін бұдан бұрын атқарған лауазымдары бойынша айлықақылары төленеді;

      2) бос әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға уақытша жіберілгенге – әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқарудан босатылған күнге дейінгіні қоса алғанда;

      3) емделуге жіберілгенге – жіберілген күннен бастап, бұл ретте айлықақы өкімде болу орнына қайтқан күнді қоса алғанда, ал сырқаттануы бойынша демалысқа кеткенге әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді;

      4) әскери оқу орнына күндізгі оқуға қабылданған магистрант пен докторантқа, сондай-ақ курсантқа – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап;

      5) демалысқа кеткенге – демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте айлықақы демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.

      29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай ризық командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.

      30. Заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыс жасауда кінәлі деп танылған әскери қызметшіге командирдің өкімінде болған уақыты үшін ақшалай ризық төленбейді.

7-параграф. Сырқаттану кезеңінде, демалыстарда болу уақыты үшін, әскери қызметші қайтыс болған жағдайда

      31. Әскери қызметшіге емдеу мекемесінде емделуде немесе әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша сырқаттануы бойынша демалыста үздіксіз болған барлық кезең үшін соңғы атқаратын лауазымы бойынша айлықақысы және әскери атағы бойынша айлықақысы төленеді.

      32. Демалыстың барлық түрлерінде болған кезеңде (жүктілігі және бала тууы, олар үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс уақытын қоспағанда, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23-тармағына сәйкес) әскери қызметшінің ақшалай ризығы сақталады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай ризық оны бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығарған күнге дейін төленеді.

3-тарау. Курсанттан, кадеттен басқа, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар

1-параграф. Үстемеақыларды төлеу тәртібі

      34. Ерекше қызмет өткеру жағдайлары үшін үстемеақы алуға құқығы бар әскери қызметшіге үстемеақы атқаратын әскери лауазымы бойынша нақты алатын лауазымдық айлықақысына төленеді.

      35. Егер үстемеақы толық бір ай үшін есептелмесе, оның мөлшері осы айдағы өткерілген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып, пропорционалды түрде айқындалады.

      36. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы командирдің бұйрығы негізінде істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.

      37. Әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған күннен немесе үстемеақы төлеу белгіленбеген әскери лауазым міндеттерін уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.

      38. Әскери лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген үстемеақыларды алуға құқығы бар, қызмет орны бойынша лауазымы сақтала отырып, әскери бөлімнен және бөлімшеден уақытша кеткен әскери қызметшіге үстемеақылар төлеу сақталады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта әскери қызмет орны бойынша төленеді.

      40. Үстемеақы төлеу көзделген әскери лауазымның міндеттерін уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақы осы Қағидаларға сәйкес төленеді.

2-параграф. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы

      41. Әскери қызметшіге үстемеақы сыныптық біліктілік берілген (растау, төмендету) күннен бастап, бірақ командирдің бұйрығы негізінде тиісті әскери лауазым бойынша міндеттерін атқаруға кіріскен күннен ерте емес төленеді.

      Бір мамандық бойынша сыныптық біліктілігі бар, ол бойынша сыныптық біліктілік берілетін басқа да әскери-есептік мамандықтың әскери лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге күнтізбелік жылдың соңына дейін үстемеақы төлеу сақталады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Екі және одан артық мамандық бойынша сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшіге үстемеақы ол әскери лауазымы бойынша міндетін атқаратын мамандық бойынша төленеді.

3-параграф. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы

      43. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда әскери қызмет өткеретін, тиісті командирдің бұйрығымен оқу жылына арналған ұшуларға жіберілген, ұшуларды орындайтын және рұқсат етілген мерзімдерден артық үзілісі жоқ әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы өткен ай үшін ағымдағы айда төленеді.

      44. Ұшулардағы рұқсат етілген үзіліс аяқталған күннен бастап бір ай ішінде ұшуларды орындамаған кезде ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу кезекті ұшуларды орындағанға дейін тоқтатылады.

      Оларға байланысты емес себептер бойынша (сырқаттануы, демалыс, іссапар, ұшуларға тыйым салу, авиациялық техниканың жөндеуде, регламенттеу жұмыстарында болуы, істен шыққан кезде, ресурс аяқталғанда) ұшуларды орындамаған әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы ай сайын төленеді.

      Рұқсат етілген мерзімдерден артық үзілістері жоқ әскери қызметшілерді, сондай-ақ оларға байланысты емес себептер (нақты себептерді көрсете отырып) бойынша осы ұшуларды орындамаған адамдар көрсетіле отырып, үстемеақы төлеу туралы тиісті командирдің бұйрығымен ай сайын жарияланады.

      45. Атқарып отырған лауазымынан босатусыз ұшу жұмысынан шеттетілген әскери қызметшіге үстемеақы командирдің ұшу жұмысынан шеттету туралы бұйрыққа қол қойған күнге дейін төленеді.

      46. Әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған немесе үстемеақы төлеу көзделмеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.

      47. Ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы алатын, осы үстемеақыны төлеу белгіленбеген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезең үшін үстемеақы төленбейді.

      Үстемеақы төлеу белгіленген бос әскери лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақылар осы Қағидаларға сәйкес төленеді.

4-параграф. Авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы

      48. Авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

      1) арналуы бойынша пайдаланылатын немесе қысқа мерзімді сақтауда (бір жылға дейін) тұрған авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 50 пайыз;

      2) ұзақ мерзімді сақтауда (бір жылдан артық) тұрған авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 25 пайыз;

      3) тренажерларға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 10 пайыз.

      49. Әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы командирдің бұйрығы негізінде төленеді.

      50. Командирдің үстемеақы төлеу туралы бұйрығы ай сайын шығарылады онда мыналар көрсетіледі:

      1) лауазымы;

      2) әскери атағы;

      3) тегі, аты, әкесінің аты;

      4) авиатехникаға қызмет көрсетуге рұқсатнама;

      5) қызмет көрсетілетін авиатехника.

      Үстемеақы төлеу туралы бұйрыққа әскери қызметші ол авиатехникаға қызмет көрсету жөніндегі жоспарларды, техникалық жай-күйі мен жұмыстарын қарау, бақылау нормаларын орындаған жағдайда қосылады.

      Әскери қызметшіні авиатехникаға қызмет көрсетуден шеттеткен жағдайда үстемеақы төлеу командирдің тиісті бұйрығының негізінде тоқтатылады.

      51. Әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған немесе осы үстемеақы төлеу көзделмеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.

      52. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы алатын, осы үстемеақыны төлеу белгіленбеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезең үшін үстемеақы төленбейді.

      Үстемеақы төлеу белгіленген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақылар осы Қағидаларға сәйкес төленеді.

5-параграф. Қолданылудағы, жөндеудегі және сақтауда тұрған корабльдер мен катерлерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы

      53. Үстемеақы алатын және белгіленген тәртіппен ол бойынша осы үстемеақы төлеу белгіленбеген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезеңі үшін үстемеақы төленбейді.

      Үстемеақы алуға құқығы жоқ және белгіленген тәртіппен ол бойынша үстемеақы төлеу белгіленген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезеңі үшін осы үстемеақы жалпы негіздерде төленеді.

      54. Үстемеақы төлеу командирдің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

6-параграф. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы

      55. Мемлекеттік құпиялармен ұдайы жұмыс істейтін әскери қызметшіге оған рұқсат етілген ақпараттың құпиялылық дәрежесіне байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін ай сайын мынадай мөлшерде үстемеақы төленеді:

      1) "ерекше маңызды" құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 5 пайыз;

      2) "өте құпия" құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 4 пайыз;

      3) "құпия" құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 3 пайыз.

      56. Мемлекеттік құпиялармен ұдайы жұмыс істеу деп мемлекеттік құпияларға рұқсатнаманың қолданылу кезеңіне бір реттік, кезеңділік немесе ұдайы негізде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен және олардың жеткізгіштерімен кез келген жұмыс істеу түсініледі.

      57. Үстемеақылар төлеу командирдің бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Бұйрықта мыналар көрсетіледі:

      1) лауазымы;

      2) әскери атағы;

      3) тегі, аты, әкесінің аты;

      4) рұқсатнама нысаны, рұқсатнамаға карточкада көрсетілген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнама нөмірі, күні;

      5) ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсатнамаға ресімделуге жататын жұмыскерлер лауазымдарының номенклатурасымен бекітілген рұқсатнама нысаны;

      6) мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы келісімшарт нөмірі және күні;

      7) пайыз түрінде белгіленетін ай сайынғы үстемеақы мөлшері.

      Командирге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы жоғары тұрған командирдің бұйрығымен белгіленеді. Оны дайындау үшін жоғарыда тұрған басқару органына жоғарыда көрсетілген мәліметтер ұсынылады.

      Бұйрық әскери басқару органы (әскери бөлім, мекеме) әскери қызметшіні қабылдаған, мемлекеттік құпияларға рұқсатнама нысаны, нөмірі мен күні және штаттар өзгертілген кезде шығарылады. Бір жыл ішінде мекеменің лауазымды адамын қабылдау және шығару кезінде үстемеақы төлеу мәселелері командирдің бұйрығында (саптық бөлім бойынша) көрсетіледі.

      Бұйрық жобасы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелермен, ал штаттарда олар көзделмесе – құпия іс жүргізу бөлімшелерімен келісу бойынша әзірленеді.

      58. Әскери қызметшіні командирдің оған үстемеақы төлеуге бұйрығына қосу үшін негіз:

      1) тиісті нысан бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсатнаманың және мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы үлгілік шарттың (келісімшарттың) бар болуы;

      2) ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсатнама ресімдеу көзделген лауазымға тағайындау;

      3) тиісті командирдің тікелей рұқсат ету туралы өкімінің бар болуы;

      4) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер, ал олар штаттарда көзделмесе құпия іс жүргізу бөлімшелері беретін сынақ тапсыру нәтижелері бойынша анықтама;

      5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге әскери қызметшінің баянаты болып табылады.

      Әскери қызметшінің оған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге баянаты тиісті белгілерді қоюмен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелермен келісіледі.

      59. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақылар мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуіне тест тапсырған және тиісті бұйрық шығарылған сәттен бастап қызмет орны бойынша нақты белгіленген лауазымдық айлықақыларына ағымдағы ай үшін ақшалай ризық бір уақытта төленеді.

      60. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін пайыздық үстемеақы мыналарға:

      1) атқарып отырған лауазымынан босатылған адамға;

      2) оған қатысты рұқсатнама тоқтатылған адамға;

      3) командирдің бұйрығымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуден босатылған адамға;

      4) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуіне тест тапсыру нәтижелері бойынша екі реттен астам қанағаттанарлықсыз баға алған, сондай-ақ шеттетілген, оның ішінде құпиялылық режимін бұзғаны үшін мемлекеттік құпиялармен жұмыстан уақытша шеттетілген адамға төленбейді.

      Төлеуді тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім командирдің бұйрығымен (саптық бөлім бойынша) жарияланады.

7-параграф. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы

      61. Шифрлау жұмысы үшін лауазымдық айлықақыға ай сайынғы үстемеақы мемлекеттік шифрлау құралдарымен оларға теңестірілген құжаттармен және материалдармен (шифрларды есепке алу және сақтау, шифрлау техникасын пайдалану және жөндеу, құжатталған ақпаратты шифрлау-шифрын ашу, шифрлау қызметінің кадрларын оқыту) жұмыс істеумен тікелей айналысатын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері шифрлау қызметінің органдарында штаттық лауазымда тұрған әскери қызметшіге белгіленеді. Сонымен қатар, үстемеақы шифрлау қызметінің органдарында шифрлау жұмысымен тікелей айналысатын және құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы штаттық лауазымын атқаратын адамға төленеді. Әскери оқу орындары мен оқу бөлімшелерінде үстемеақы шифрлау қызметінің магистранттарын (докторанттарын) және курсанттарын тікелей оқытатын адамға, сондай-ақ оқу процесін қамтамасыз ететін (оқу бөлімшесінің, негізгі құжаттама тобының, құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы, нұсқаушы, зертханашы, техник және шифрлау техникасын жөндеу бойынша шебер) адамға төленеді.

      Шифрлау жұмысының өтіліне байланысты үстемеақы мынадай мөлшерде төленеді:

      1 жылдан астам – 3 пайыз;

      3 жылдан астам – 7 пайыз;

      5 жылдан астам – 10 пайыз.

      Қолмен кодтау құжаттарымен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбейді.

      62. Шифрлау жұмысындағы өтілді айқындау кезінде мемлекеттік органға, әскери бөлімге, ұйымға, мекемеге немесе кәсіпорынға тиесілігіне қарамастан, шифрлау қызметі органдарындағы құжат түрінде расталған жұмыс өтілі ескеріледі. Сонымен қатар, әскери қызметшінің әскери оқу орнында және шифрлау қызметі органдарының жұмыскерлерін даярлау бойынша оқу бөлімшесінде оқу кезеңдері, егер оқуға қабылданған күні ол шифрлау қызметі органдарында тиісті штаттық лауазымды атқарса және шифрлау жұмысын орындаса, шифрлау жұмысының өтіліне есептеледі.

      Шифрлау жұмысының өтіліне шифрлау қызметі органдарындағы жұмыстағы үзілістер есептелмейді.

      63. Үстемеақы әскери қызметшіге командирдің бұйрығы негізінде төленеді, ол үстемеақыны бірінші рет тағайындаған, үстемеақы төлеуді қайта бастаған, сондай-ақ үлкен мөлшерде үстемеақы төлеуге құқық беретін жұмыс өтіліне жеткен кезде шығарылады.

      Әскери лауазымға тағайындалған (әскери лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген) кезде үстемеақы төлеу командирдің көрсетілген үстемеақыны төлеу туралы бұйрығында көрсетілген күннен бастап жүргізіледі.

      Бұйрықта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, шифрлау жұмысындағы өтілі және пайыз түрінде белгіленетін үстемеақы мөлшері көрсетіледі.

8-параграф. Әскери полиция әскери қызметшілеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы

      Ескерту. 3-тарау 8-параграфпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63-1. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери полиция әскери қызметшісіне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап лауазымдық айлықақысынан 10 пайыз мөлшерінде төленеді.

      63-2. Командирдің (бастықтың) істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрығында үстемеақы белгілеу туралы көрсетіледі

4-тарау. Әскери қызметшіге төленетін жәрдемақылар мен өзге де төлемдер

1-параграф. Әскери қызметші демалысқа кеткен кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу

      64. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде ақшалай ризық және демалысқа кететін күні атқаратын әскери лауазымы бойынша екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.

      65. Сауықтыруға арналған жәрдемақы онда жәрдемақының сомасын көрсете отырып, командирдің бұйрығы негізінде төленеді. Командирдің әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткені туралы бұйрығы алдын ала демалыс басталғанға дейін шығарылады. Бұйрықтан үзінді көшірме бұйрық шығарылған күні қаржы органына беріледі. Қаржы органы әскери қызметшінің демалысы басталғанға дейін үш күннен кешіктірмей сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеуді жүргізеді.

      Тиісті командирдің өкімінде тұрған әскери қызметшіге соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы есепке алынады.

      Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген әскери қызметшіге ол атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.

      Бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге атқаратын әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.

      66. Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде оған сауықтыруға арналған жәрдемақыны әскери оқу орны төлейді.

      Шетелдік әскери оқу орнын бітірушіге сауықтыруға арналған жәрдемақыны одан әрі әскери қызмет өткеру үшін келген әскери бөлім (мекеме) төлейді.

      67. Әскери қызметшіге ол келісімшарт (әскерге шақыру) бойынша әскери қызметке кірген жылы және қызметтен шығарылған жылы демалыс берілген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері екі лауазымдық айлықақыны он екіге бөлумен және алынған соманы әскери қызметке кірген немесе одан шығарылған жылы әскери қызметтің толық айларының санына көбейтумен есептеледі.

      Әскери қызметшіге үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыс берілген және одан шыққан жылы жыл сайынғы негізгі демалыс екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлей отырып, демалыс кестесіне сәйкес толық көлемде беріледі.

      68. Келісімшарт бойынша әскери қызметші теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда алған сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына барабар өтейді.

2-параграф. Әскери қызметші қызмет бабында ауыстырған кезде көтерме жәрдемақы төлеу

      69. Курсантты, кадетті және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшіні қоспағанда, әскери қызметші қашықтығы 100 километрден астам басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауыстырылған кезде (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) оған әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.

      Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес офицерлер құрамы әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерінің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Көтерме жәрдемақы әскери қызметші тағайындалған немесе ол әскери бөлім жаңа тұрақты орналасу пунктіне келген күні атқаратын әскери лауазымы бойынша айлықақыдан және ауысқан күні әскери атағы бойынша нақты айлықақысы бойынша төленеді.

      71. Осы Қағидалардың 69-тармағында белгіленген тәртіппен және мөлшердегі:

      1) ерікті түрде келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген жағдайлардан басқа, әскери бөлім командирінің істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрығы негізінде лауазымға тағайындалуына байланысты жаңа қызмет орны бойынша қоныс аударған және алғаш рет әскери қызметке шақырылған;

      2) әскери қызметші іссапарға жіберілген әскери бөлімнің іссапарға жіберуіне байланысты қоныс аударған;

      3) әскери басқару органдарына қабылданған әскери оқу орнын бітірушіні қоспағанда, командирдің әскери бөлімнің тізімдеріне қосу туралы бұйрығы негізінде оны оларға ведомстволық бағынысты әскери бөлімдерге одан әрі тағайындау үшін жаңа қызмет орны бойынша өкімге қабылдануына байланысты қоныс аударған;

      4) командирдің орналасу орнына келу туралы бұйрығы негізінде әскери бөлімнің немесе бөлімшенің тұрақты орналасу орнының өзгеруіне байланысты қоныс аударған;

      5) тиісті бастықтың қабылдау туралы бұйрығы негізінде осы әскери оқу орны әскери оқу орнына оқуға қабылданған;

      6) бір мемлекеттік органнан әскери қызмет көзделген басқасына ауысуына байланысты қоныс аударған әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы төленеді.

      Бұл ретте көтерме жәрдемақыны төлеу көтерме жәрдемақының сомасын көрсете отырып, тиісті командирлердің жоғарыда көрсетілген бұйрықтарында ескеріледі.

      Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Әскери бөлімге лауазымға тағайындалған және ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің басқа пунктке қоныс аудару туралы бұйрығын алғаннан кейін осы әскери бөлімге келген әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы жаңа тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.

      73. Жаңадан құрылған әскери бөлімге тағайындалған және бөлімнің уақытша орналасу пунктіне жаңа қызмет орнына келген, одан кейін оның тұрақты орналасу пунктіне қоныс аударған әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.

      74. Көтерме жәрдемақыны әскери қызметшінің әрбір отбасы мүшесіне оның нақты ауысқан күнін және жеке ісінде жазылған оның отбасының құрамы туралы кадрлар қызметінің анықтамасы негізінде төленеді.

      Егер зайыбы мен жұбайы әскери қызметшілер болып табылған жағдайда олардың қалған отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы олардың таңдауы бойынша әскери қызметшілердің біреуіне осы жәрдемақыны алушының ақшалай ризығының айлықақысынан төленеді.

3-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметші қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу

      75. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызмет мерзімі он және одан да көп жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшіге әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мынадай еңбек сіңірген жылдары барларға:

      1) 10 жылдан 15 күнтізбелік жылға дейінгілерге – төрт айлық ақшалай қамтылым;

      2) 15 жылдан 20 күнтізбелік жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қамтылым;

      3) 20 жылдан 25 күнтізбелік жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қамтылым;

      4) 25 жылдан 30 күнтізбелік жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қамтылым;

      5) 30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қамтылымның мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

      Жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері мен бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.

      Әскери қызмет өткеру кезеңінде орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қамтылымның екі айлықақысына арттырылады.

      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызмет мерзімі он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген келісімшарт бойынша əскери қызметшіге, əскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша не штаттарды қысқартуға байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы мынадай əскери қызмет мерзіміне:

      күнтізбелік 10 жылдан аз – үш айлық ақша қаражаты;

      күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық ақша қаражаты;

      күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық ақша қаражаты;

      күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық ақша қаражаты;

      күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық ақша қаражаты;

      күнтізбелік 30 жылдан астам– сегіз айлық ақша қаражаты мөлшерінде төленеді.

      Жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражаты мөлшері мен бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері бұрын алынған ақша қаражатының мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.

      Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақша қаражатының екі айлықақысына арттырылады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Әскери қызметшіге біржолғы жәрдемақыны шығарылғанмен түпкілікті есеп айырысу және оған қызметтен шығару туралы құжаттарды тапсыру кезінде әскери бөлім (мекеме) төлейді.

4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу

      78. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді қызметтегі әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысы - бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған адамдарға - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақша қаражатының екі айлықақысына арттырылады.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша еңбекақы төлеу

      79. Экологиялық зілзала аймақтарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде қосымша ақы төленеді.

      80. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша ақылар әскери қызметшіге экологиялық зілзала аймағында орналасқан әскери бөлім жеке құрамының тізіміне қабылданған күннен бастап төленеді.

      Әскери қызметшіге қосымша ақы төлеу әскери бөлім жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап тоқтатылады.

      81. Егер әскери қызметшіге қосымша ақы толық емес ай үшін тиесілі болса, оның мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып, барабар айқындалады.

      Әскери қызметшіге қосымша ақы ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта төленеді.

6-параграф. Әскери қызметшіге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу

      82. Ақшалай өтемақы төлеу жабық және оқшауланған әскери қалашықта, шекара заставасында тұратынды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге жүргізіледі. Бұл ретте тиісті гарнизонның аудандық пайдалану бөлімі (ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы) жыл сайын 20 қаңтарға дейін тиісті гарнизонда жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында тұратын әскери қызметшілердің тізімін осы гарнизонның әрбір әскери бөліміне (мемкемесіне) ұсынады. Бір жыл ішінде тізім түзетілген жағдайда тиісті гарнизонның аудандық пайдалану бөлімі (ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы) үш күн мерзімнен кешіктірмей осы гарнизонның әскери бөлімдерін (мекемелерін) хабардар етуді жүргізеді.

      Ақшалай өтемақы әскери қызметшіге ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта төленеді.

      83. Ақшалай өтемақы әскери қызметшінің әскери қызметте болуының барлық кезеңі үшін төленеді.

      Әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу ол әскери қызметтен шығарылған кезде тоқтатылады.

      84. Ақшалай өтемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айқындалады.

      85. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай өтемақы ол әскери бөлім жеке құрамының тізімінен шығарылған күнге дейін төленеді.

7-параграф. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу

      86. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.

      87. Өтемақы әскери қызметшіге ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта төленеді.

      88. Өтемақы төлеу командирдің бұйрығы негізінде ақшалай ризықты төлеген сәтте көрсетілген жұмыстарды орындаған күндері үшін жүргізіледі. Бұл ретте бұйрықта жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаумен айналысатын әскери қызметшілердің тізімі және осы жұмыстарды жүргізу кезеңі көрсетіледі.

8-параграф. Әскери қызметтен шығарылған кезде әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу

      89. Әскери қызметтен шығарылған кезде ақшалай ризық мыналарға:

      1) мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге, бөлім жеке құрамының тізімінен шығарылған күнге дейін, бірақ әскери бөлім шығару туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап бір айдан артық емес;

      2) мерзімді қызмет әскери қызметшісіне, әскери оқу орнының курсантына, ол шығарылған барлық ай үшін төленеді.

      90. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери бөлім әскери қызметтен шығару туралы бұйрықты (хабарламаны) алған күні емдеу мекемесінде емделудегі әскери қызметшіге ақшалай ризық қызмет орнына қайтып келген күнді қоса алғанда, ал жыл сайынғы негізгі демалыстағыға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді. Бұл ретте емделуге немесе демалысқа кеткенге дейін істері мен лауазымын тапсырмаған әскери қызметшіге ақшалай үлес Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында белгіленген мерзімдер шегінде істері мен лауазымын тапсыру уақытына төленеді.

      91. Қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге істер мен лауазымын тапсыруға дейін ұсынылған жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық әскери бөлім командирінің жыл сайынғы негізгі демалыс беру және оның ұзақтығы туралы бұйрығы негізінде демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.

      Әскери қызметшіге қызметтен шығарылған кезде істер мен лауазымын тапсырғаннан кейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін оның ішінде белгіленген мерзімнен астам өкімде тұруына байланысты ақшалай қамтылымды төлеу уақытша тоқтатылған әскери қызметшіге төлемдер соңғы әскери лауазымы бойынша айлықақы, әскери атағы бойынша айлықақы есебінен жүргізіледі. Осы жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін үстемеақылар мен қосымша төлемдер төленбейді.

9-параграф. Зейнетақы алу құқығынсыз жұмыстан босатылған офицерге төлемдер

      92. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттарды қысқарту бойынша, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығынсыз жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшісіне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеумен қатар қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.

      Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызметтегі әскери қызметшілерге әскери атағы бойынша айлықақылар арттырылса, тиісінше офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін төленетін осы айлықақылардың мөлшері де арттырылады. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте болған, жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақылар төленбейді.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 04.05.2018 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Зейнетақы алу құқығынсыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен босатылған офицерлерге әскери атағы бойынша жалақы төлеуді қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жүргізеді.

      94. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар, бөлімдер жеке істердің келіп түсуіне байланысты босатылған офицерлерден карт-шотының нөмірін сұратады.

      95. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлім куәландырған босату туралы бұйрық көшірмесі, карт-шот нөмірі жеке істі алған күннен бастап 10 күн ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолданады.

      96. Қорғаныс істері жөніндегі департамент алынған құжаттар негізінде бір жыл ішінде әскери атағы бойынша жалақы төлеуді жүргізеді.

      97. Көрсетілген төлемдерді есептеу бөлімнің жеке құрам тізімінен алып тастаған күннен бастап жүргізіледі.

8-тарау. Ақшалай аттестаттар

      98. Әскери қызметші қызмет бабында ауыстырылған (оның ішінде бір мемлекеттік органнан басқасына), сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығымен әскери қызметтен шығарылған кезде оған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай аттестат беріледі.

      99. Әскери қызметшіге ақшалай аттестат ол әскери бөлімнің (мекеменің) қаржы бөлімшесіне кету парағын ұсынғаннан кейін беріледі.

      Әскери қызметшіге ақшалай аттестат берілмеген жағдайларда оны әскери бөлім (мекеме) жаңа қызмет орнына не тиісті жергілікті әскери басқару органына жолдайды.

      100. Ақшалай аттестат әрбір әскери қызметшіге бөлек жазылады. Топтық аттестаттарды беруге әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер командасы толық құрамда одан әрі қызмет өткеру үшін бір әскери бөлімге (мекемеге) жіберілетін жағдайларда жол беріледі. Топтық аттестатқа әскери қызметшілердің атаулы тізімі қоса беріледі. Атаулы тізім екі данада жасалады, олардың біреуі берілген аттестаттар тізілімінде сақталады.

      101. Ақшалай аттестаттар өшірулерсіз және түзетулерсіз анық толтырылады, әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) мен қаржы бөлімшесінің бастығы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Ақшалай аттестаттардағы жазбалар тек ондағы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен жасалады.

      102. Ақшалай аттестат берілген әскери қызметші онда көрсетілген жазбалардың дұрыстығын өз қолтаңбасымен растайды. Ақшалай аттестат әскери қызметшіге берілген аттестаттар тізілімінде қол қойғызып беріледі.

      103. Жаңа қызмет орнына келген әскери қызметшіге ақшалай үлес берілген ақшалай аттестатта көрсетілген деректерді ескере отырып төленеді.

      Ақшалай аттестатсыз жаңа қызмет орнына келген әскери қызметшіге өткен уақыт пен ағымдағы ай үшін ақшалай үлес төленбейді. Бұл жағдайда ақшалай үлес ол атқаруға кіріскен лауазымы бойынша келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.

      Әскери қызметші ақшалай аттестатсыз келген әскери бөлім (мекеме) дереу оның алдыңғы қызмет орнынан ақшалай аттестатты сұратады.

      104. Әскери бөлім (мекеме) ақшалай аттестатты алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей әскери қызметшінің бұрынғы қызмет орнына ақшалай аттестатқа растауды жолдайды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне ақшалай үлесті,
жәрдемақылар мен басқа да
төлемдерді төлеу қағидаларына
қосымша
  Нысан

      № ________ ақшалай аттестат

      _______________________________________________________________________________

      (кім берді)                                          (әскери атағы)

      _______________________________________________________________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда))

      төлемдердің мынадай түрлерімен қанағаттандырылғанын куәландырады:

      1. 20___ж. _________ бойынша _____________ лауазымдық айлықақымен теңге есебінен

      2. 20___ ж. ________ бойынша _________ әскери атағы үшін айлықақымен теңге есебінен

      3. 20___ ж. _______ бойынша _______ үстемеақылармен (қосымшалармен) теңге есебінен

      4. 20___ ж. __________ бойынша _______________ өтемақы төлемдерімен теңге есебінен

      5. ______________________________________________________________________________

      6. ______________________________________________________________________________

      7. ______________________________________________________________________________

      8. Барлығы______________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      9. 20_____ жылғы 1 қаңтарға әскери қызмет өтілі (мемлекеттік қызметін ескере отырып)

      _________ жыл, ______ ай, ______ күнді құрайды:

      10. 20____ жылғы демалыс _________________________________________________________

      (пайдаланғанын, пайдаланбағанын көрсету)

      11. Сауықтыруға арналған жәрдемақы_______________________________________________

      (төленген/төленбегенін көрсету)

      12. 20____ж. "___" ____________________________ бойынша Зейнетақы қорына аударымдар

      13. Алименттер (басқа ұстаулар) бойынша __________________________________ сот шешімі

      20____ж. "____"__________. № __________ табыс сомасынан _____________% мөлшерінде

      ________________________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      ________________________________________________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда) және алушының толық мекенжайы, ЖСН, ағымдағы шоты,

      банктің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ пайдасына

      20___ж. "__"__________ бойынша ұсталынды және аударылды.

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      Кесу сызығы

      № ______ ақшалай аттестатқа растау

      Кімге жіберіледі _________________________________________________________________

      (ақшалай аттестат берген әскери бөлімнің (мекеменің) атауы )

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, аты, тегі, әкесінің аты )

      № _______ ақшалай аттестат ұсынылғанын растайды, оған сәйкес ол мынадай есеппен

      20_____жылғы "______" ___________________ ақшалай үлеспен қанағаттандырылды:

      Сырт жағы

      14. __________________ ст. дейін жол жүрген адамға __________ № ___________ тасымалдау

      талаптары берілді

      Үй заттарын тасымалдауға _______ кг жүк талаптары берілді.

      20___ж __________. № __________ талон және _______ кг аз жылдамдықпен.

      20___ж.______________ № _________ талап.

      Басқа мәліметтер_________________________________________________________________

      15. _________________________________________________________________ берешегі бар.

      (берешек түрін көрсету)

      20______ж. _____________ дейін сомасы _________________________ теңге өндіріп алынуы.

      және _________________________________________________ мекенжайына жолдануы тиіс

      (қайда аударылатынын көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      16. 20___ж. __________ бастап _____________________________ өкімінде тұр

      17. Әскери қызметшінің деректемелері______________________________________________

      ________________________________________________________________________________________________

      ЖСН, ағымдағы шоты, банктің атауы

      Аттестат _______________________________________________________байланысты берілді

      20 ____ ж. "___" ________ қаласы__________________

      М. О.                              Қолы: 1.

      2.

      Аттестатта көрсетілген деректер дұрыс деп санаймын__________________________________

      (қолы)

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      Кесу сызығы

      Лауазымдық айлықақысы ___________________________ теңге, атағы бойынша айлықақысы

      ___________________ теңге, үстемеақылар (қосымшалар) _________________ теңге, өтемақы

      төлемдері ______________________ теңге, барлығы ______________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      Ұстауға жататын сома ________________________________ алименттерді (басқа ұстаулар)

      төлеуге табысынан____________ "___" % мөлшерінде немесе _________________ теңге.

      М. О.                              Қолы: 1.

      2.