"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрығымен бекітілген |
Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына сәйкес әзірленген және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың жазаның осы түрін орындауға тартуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды ұйымдастыру тәртібі
2. Жергілікті атқарушы орган анықтама-жолдама мен сот үкімінің көшірмесін алғанда:
сот үкімін алғаны және орындауға қабылдағаны туралы пробация қызметіне дереу хабарлайды;
қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау үшін жұмысқа қабылдау туралы бұйрық немесе өкім шығарады;
жұмыс істеген уақытты есепке алу табелін жүргізеді;
жұмыстардың атауы, күні мен уақыты, орындалған жұмыстардың саны жазылған ерікті нысанда орындалған жұмыстардың актісін жасайды және оны ағымдағы айдың соңғы күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жолдайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
3. Қоғамдық жұмыстар сотталғандарды негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды. Кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты қоғамдық жұмыстар он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады және ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы - күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жергілікті атқарушы органдар сотталғанның жазаны өтеуден жалтару фактісін анықтаған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметін жазбаша түрде хабардар етеді.