Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық әділет орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығымен бекітілген |
Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау
жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттар
Ескерту. Үлгі штаттарға өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Лауазымдардың атауы | Бірліктердің саны | |
Басқарушы персонал | |||
1. | Басшы | 1 бірлік | |
2. | Басшының орынбасары | 2 бірліктен кем емес | |
2-1. | Филиалдың басшысы | 1 бірлік | |
2-2. | Филиал басшысының орынбасары | 1 бірлік | |
3. | Бас бухгалтер | 1 бірлік | |
4. | Аға жаттықтырушы (немесе аға жаттықтырушы-оқытушы) | олимпиада резервін даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОРДО), олимпиадалық даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОДО) қоспағанда, дене шынықтыру-спорт ұйымдары (бұдан әрі – ДСҰ) әрбір дамытып жатқан спорт түрінен 1 бірлік | |
ОРДО, ОДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы) 1 бірлік | |||
5. | Спорт бөлімінің басшысы | балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін (бұдан әрі – БЖСМ), балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарын (бұдан әрі – БЖДДК) қоспағанда, барлық ДСҰ 1 бірлік | |
5-1. | Бөлімінің немесе қызметтің басшысы | қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
Негізгі персонал | |||
6. | Дәрігер | БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік | |
3 бірліктен кем емес (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ үшін) | |||
7. | Медициналық бике | БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік | |
дәрігердің 1 бірлігіне медициналық бикенің 1 бірлігі (БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ үшін) | |||
8. | Медициналық бике/аға (мамандандырылған) (массаж бойынша) | ОДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік | |
ОДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен кем емес | |||
9. | Диетикалық бике | БЖСМ, БЖДДК қоспағанда, барлық ДСҰ 1 бірлік | |
10. | Педагог-психолог (немесе психолог) | 1 бірлік | |
11. | Жаттықтырушы (немесе жаттықтырушы-оқытушы) | жаттықтырушы-оқытушы құрамының штаттық бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша топтарды жинақтаудан және тарификациялық-біліктілік кестеден шыға отырып, белгіленеді | |
12. | Әдіскер | ОДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік | |
ОДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен кем емес | |||
12-1. | Жүргізуші (көлік бар жағдайда) | көліктің әр түріне 1 бірлік | |
Әкімшілік персонал | |||
13. | Бухгалтер |
жеке спорт базасы бар ДСҰ басқа | |
жеке спорт базасы бар ДСҰ | |||
14. | Экономист |
жеке спорт базасы бар ДСҰ басқа | |
жеке спорт базасы бар ДСҰ | |||
15. | Заңгер | ОДО басқа 1 бірлік | |
ОДО 2 бірліктен кем емес | |||
16. | Аудармашы | ОДО басқа 1 бірлік | |
ОДО 2 бірліктен кем емес | |||
17. | Бағдарламашы немесе фото және бейне аппаратурасының, көшіргіш-көбейткіш машинаның, байланыс жүйесінің, компьютер құрылғысына қызмет көрсету жөніндегі компьютерлік техника (бағдарлама) операторы | қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
18. | Инспектор | қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
19. | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер |
жеке спорт базасы бар ДСҰ басқа | |
жеке спорт базасы бар ДСҰ 2 бірліктен кем емес | |||
20. | Мұрағатшы | 1 бірлік | |
21. | Референт (немесе хатшы, немесе іс жүргізуші) | 1 бірлік | |
Өз меншігінде спорттық базасы бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер | |||
22. | Әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары | 1 бірлік | |
23. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
24. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
25. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
26. | Бас бухгалтердің орынбасары | 1 бірлік | |
27. | Бас инженер | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
28. | Асхана басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
29. | Бассейннің басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
30. | Жылқы шаруашылығының басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
31. | Кітапхана басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
32. | Спорттық ғимараттың басшысы (меңгерушісі) |
әрбір жеке тұрған спорттық ғимаратқа 1 бірлік | |
33. | Кір жуатын бөлме басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
34. | Қойма басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік | |
34-1. | Шаруашылық қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшенің (қонақ үй, фитнес-орталығы, мұз айдыны, бюро, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық, қойма, шаруашылық) басшысы | 1 бірлік | |
34-2. | Медициналық кешенің басшысы (меңгерушісі) | 1 бірлік | |
35. | Механик | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
36. | Техник | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
37. | Инженер | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
38. | Кітапханашы | 1 бірлік | |
39. | Энергетик | 1 бірлік | |
40. | Әкімші | әрбір жеке тұрған жатақхана, қонақ үй немесе асхана ғимаратына 1 бірлік | |
41. | Кезекші әкімші |
әрбір жеке тұрған жатақхана, қонақ үй немесе асхана ғимаратына | |
42. | Кассир (ДСҰ халыққа ақылы қызметтерді көрсету кезінде) |
күндізгі жұмыс кестесімен бес күндік жұмыс аптасы кезінде жеке орналасқан халыққа қызмет көрсететін әрбір аймаққа (спортық арена, фитнес, жаттығу залы, бассейн, спорт түрлері бойынша секциялар, қонақ үй, асхана) | |
бір кассирдың жұмыс уақыты еңбек заңнамасының нормаларынан асып кеткен жағдайда жұмыстың ауысым кестесі кезінде, жеке орналасқан халыққа қызмет көрсететін әрбір аймаққа (спортық арена, фитнес, жаттығу залы, бассейн, спорт түрлері бойынша секциялар, қонақ үй, асхана) | |||
43. | Комендант | әрбір жеке тұрған ғимаратқа 1 бірлік | |
44. | Күзетші | көрермендерге арналған мінбелері жоқ спорттық ғимаратқа 3 бірлікке дейін | |
көрермендерге арналған мінбелері бар спорттық нысанындарда әр кіру/шығу кіреберісіне 4 бірлікке дейін | |||
45. | Дыбыстық техника жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі механик | 1 бірлік | |
46. | Үй-жайларды тазалаушы | Үй-жайларды тазалаушы тазалаушы лауазымының штаттық бірлігі жинайтын 250 шаршы метрінің әр алаңына 0,5 штат бірлігі есебінен, бірақ кемінде 1 бірліктен белгіленеді | |
46-1. | Аула сыпырушы | Аула сыпырушы лауазымының штаттық бірліктерінің саны сыпырылатын учаске алаңына қарай белгіленеді | |
Жұмыстың ерекшелігі бар ДСҰ арналған қосымша штаттық бірліктер | |||
47. | Ұшу қызметінің басшысы | ДСҰ 1 бірлік | |
48. | Парашют қызметінің аға нұсқаушысы | ДСҰ 1 бірлік | |
49. | Жаттықтырушы-майлаушы | ДСҰ 1 бірлік | |
49-1. | Жаттықтырушы-сервисмен | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
50. | Техник-кеме жүргізуші | ДСҰ 1 бірлік | |
51. | Хореограф | ДСҰ 1 бірлік | |
52. | Аккомпаниатор | ДСШҰ 1 бірлік | |
53. | Зоотехник | ДСҰ 1 бірлік | |
54. | Қару-жарақ шебері | ДСҰ атудың әрбір түріне 1 бірлік | |
55. | Ветеринарлық дәрігер | ДСҰ 1 бірлік | |
56. | Қару-жасаушы | ДСҰ 1 бірлік | |
57. | Ұста | ДСҰ 1 бірлік | |
Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері: | |||
ат спорты, саятшы құстармен аңға шығу түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін | |||
58. | Жылқышы | 1 бірлік | |
59. | Ат бағушы | 1 бірлік | |
60. | Ветеринарлық зертханашы | 1 бірлік | |
61. | Нұсқаушы | 4 бірліктен кем емес | |
желкен спорты дамытып жатқан ДСҰ үшін | |||
62. | Матрос-құтқарушы | 3 бірлік | |
63. | Дәнекерші | 1 бірлік | |
64. | Ағаш ұстасы | 1 бірлік | |
65. | Электромонтер | 1 бірлік | |
теңгерімінде бассейні бар ДСҰ үшін | |||
66. | Оператор-хлорлаушы | 1 бірлік | |
67. | Жүзуден нұсқаушы | 4 бірліктен кем емес | |
68. | Инженер-механик | 1 бірлік | |
есу спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін | |||
69. | Спорттық жабдықтау жөніндегі нұсқаушы | 1 бірлік | |
70. | Нұсқаушы-құтқарушы | 3 бірлік | |
авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ДСҰ үшін | |||
71. | Инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы | 1 бірлік | |
72. | Нұсқаушы-ұшқыш | 2 бірлік | |
73. | Парашютттік-десанттық дайындық нұсқаушысы | 2 бірлік | |
74. | Парашютттік-десанттық дайындық қоймасының меңгерушісі | 1 бірлік | |
75. | Ұшақ және қозғалтқыш жөніндегі техник | 2 бірлік | |
76. | Авиациялық жабдықтау жөніндегі техник | 2 бірлік | |
77. | Радиоэлектрондық жабдықтау жөніндегі техник | 1 бірлік | |
78. | Жанаржағармай жөніндегі техник | 1 бірлік | |
79. | Аэродром технигі | 1 бірлік | |
80. | Аэродром жұмысшысы | 2 бірлік | |
мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ДСҰ үшін | |||
81. | Сурдоаудармашы | 1 бірлік | |
82. | Механик | 1 бірлік | |
83. | Спортшы-нұсқаушы | әрбір спорт түріне 4 бірліктен кем емес | |
Мұз спорт сарайы, жекпе-жек сарайы, сырғанау мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, көпфункционалды спорт кешені, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ипподром, шаңғы-биатлон стадионы бар ДСҰ үшін | |||
84. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
85. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
86. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
87. | Нұсқаушы | 4 бірліктен кем емес | |
88. | Спорт бойынша нұсқаушы | 10 бірліктен кем емес | |
89. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
90. | Машинист | көліктің әрбір түріне 1 бірлік | |
91. | Слесарь-сантехник | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
92. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
93. | Электрик | әрбір 500 жарықтандыру және электрлік нүктелерге 1 бірлік | |
94. | Газэлектрдәнекерлеуші | 1 бірлік | |
95. | Бас әкімші | 1 бірлік | |
96. | Бөлме тазалаушы | 250 шаршы метрге 1 бірлік | |
97. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.09.2018 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||
98. | Ағаш ұстасы | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
99. | Менеджер | 4 бірліктен кем емес | |
100. | Кастелянша | қызметтік қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
101. | Шебер | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
102. | Ғимаратқа кешенді қызмет көрсету бойынша жұмысшы | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
103. | Аспазшы | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
104. | Наубайшы | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді | |
105. | Ас үй қызметкері | техникалық қажеттілігіне сәйкес белгіленеді |