БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10227 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 1 тамыздағы № 28623 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – бұл ІІО қызметкері аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы;
2) ІІО қызметкері – бұл полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілері;
3) ІІО бөлінісі – бұл полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің, азаматтық қорғау органдарының бөліністері;
4) цифрлық аудиобейнежазбаның мобильдік жүйесі (бұдан әрі – мобильдік бейнетіркегіш) – арнайы контингентті этаптауға арналған қызметтік, арнайы автокөлік және арнайы вагондарда аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы.
5) радар – бұл көлік құралдары қозғалысының жылдамдығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қауылысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды бейнетіркеуді бақылауға арналған бейнетіркегіші бар жылдамдықты өлшеуіш.";
6-8 тармақтарды мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бейнетіркегіштердің, радарлардың, басқару серверінің, деректерді сақтауға арналған желілік жинаушылардың техникалық сипаттамалары ІІМ-нің Техникалық қызмет департаментімен келісіледі. Бейнежетондарды және мобильдік бейнетіркегіштерді сатып алу осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға және 1-1-қосымшаға сәйкес аудиобейнетіркеудің ең төменгі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. ІІО бөлінісінің (ҰҰ әскери бөлімінің) басшысы жазба күні мен уақытын өзгертуге, бейнеге рұқсатты, жазбаларды бейнетіркегіштен файлдарды жоюды, көшіруді, қабылдауды, шығаруды және сақтауды, сондай-ақ жазылған жазбаларды қарауды және талдауды жүргізетін жауапты адамды тағайындайды.
8. Әрбір бейнетіркегішке, радарға, оның ішінде мобильдік бейнетіркегіштің, радардың ақпарат тасымалдағышына (бұдан әрі – есте сақтау картасы) құрылғыны беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін пайдаланылатын радарлар ең төменгі талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Радарлар ІІО бөліністерінде жауапты адамда сақталады және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол-патрульдік полициясы қызметкеріне қызметтік міндеттерін орындау басталардан бұрын бейнежетонды және мобильдік бейнетіркештің есте сақтау картасын есепке алу, беру және тапсыру журналына (бұдан әрі - Журнал) қол қою арқылы беріледі.
9-2. Жауапты адам бейнетіркегіштің және радардың алынатын есте сақтау карталарын орнатқаннан кейін көрсетілген ажыраманы мөрлейді.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын, сондай-ақ радарды беруді және тапсыруды есепке алу журналы ІІО бөлінісінің (ҰҰ әскери бөлімінің) кеңсесінде тіркеледі, парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Есепке алу журналының соңғы бетінде: "Осы журналда нөмірленген, тігілген және мөрмен мөрленген барлығы ___ парақ" деген жазуды кеңсенің жауапты адамы жасайды. Журналдағы жазба шарикті қаламмен жүргізіледі. Жіберілген қателер дұрыс емес жазуларды сызу және жаңа жазбаны енгізу арқылы түзетіледі, ол туралы түзетуді жүргізген адамның қол қоюы арқылы ескертпе бағанына ескертпе жасалады. Корректормен түзетуге жол берілмейді.
11. Қызметтік міндеттерді орындау, профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар кезеңінде ІІО қызметкерлері бейнетіркегіштің, радардың сақталуын қамтамасыз етеді және аяқталу бойынша жауапты адамға тапсырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Деректерді сақтау серверіне түсіру бейнетіркегіштің және радардың аккумуляторын зарядтау уақытында автоматтық режимде жүргізіледі.";
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аудиобейнежазбаны жүргізу процесінде ІІО қызметкерінің де, құқық бұзушының да барлық іс-қимылдарына, оның ішінде материалдарды толтыруға және құқық бұзушыны ІІО-ға жеткізуге, сондай-ақ борттық журналда немесе қызметтік кітапшада тиісті жазба жүргізе отырып, "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қбпү бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13410 тіркелген) көлік құралдарын тоқтатуға тіркеу жүргізіледі.
24. Бейнетіркегіштегі, есте сақтау картасындағы және радардағы бар жазбаны өз бетімен жоюға, сондай-ақ бейнетіркегішті өз бетімен ажыратуға және аудиобейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді, жол берген заң бұзушылық үшін ІІО қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Ақау немесе аккумулятор батериясы бәсеңдеген кезде кейіннен бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналына тиісті жазба енгізе отырып, кезекшіге немесе тікелей басшысына (командиріне) дереу баяндайды.
Бұл ретте, кезекші немесе тікелей басшы (командир) жауапты адамды мүмкін болған жағдайда кейіннен ақаулардың себептерін жоя отырып, осы фактіні тексеру үшін жібереді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. ІІО қызметкері бейнетіркегішке, радарға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, басқа адамдарға бермеуге міндетті, көрсетілген ең төменгі талаптарды бұзған жағдайда толық материалдық жауапкершілікте болады.";
Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Нұсқаулыққа 1-1 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Радарларға қойылатын ең төменгі талаптар
1. Радарларға қойылатын негізгі функционалдық талаптар:
Анықталған бұзушылықтарды Процессингтік орталықтарға кейіннен автоматты түрде бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеу;
барлық көлік құралдарын тіркеу (жаппай бақылау);
бөгде есте сақтау карталарын рұқсатсыз орнату мүмкіндігін болдырмау үшін құрылғыда есте сақтау картасын тіркеу;
есте сақтау картасын фото-бейнежазбаларды рұқсатсыз жоюдан қорғау функциясы;
шолу бейнені көрсету және жазу мүмкіндігі.
2. Қалыптастырылатын фотоматериалдардың графикалық қолтаңбасына енгізілетін деректер:
радардың атауы;
радардың зауыттық нөмірі;
оқиғаны тіркеу күні мен уақыты;
тіркелетін оқиғаның типі;
көлік құралдары қозғалысының бағыты;
радарды орнату орнының координаттары;
оқиғаны тіркеу орны туралы ақпарат;
тексеру туралы куәліктің нөмірі мен жарамдылық мерзімі.
Мұқабаның сыртқы жағы
Бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегішті есепке алу, беру және тапсыру журналы
__________________________________________________________________________
(бөлініс атауы)
20 __ жылғы "___" __________ басталды
20 __ жылғы "___" __________ аяқталды
Мұқабаның ішкі жағы
р/с № | Радардың мүкәммәл нөмірі | Радарды пайдаланушының Т.А.Ә (болған жағдайда, патрульдік автокөліктің борттық нөмірі, мем.нөмірі) | Күні және уақыты, алғаны туралы қолы | Күні және уақыты, тапсырғаны туралы қолы | Ақпаратты алу күні және уақыты | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |