"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 маусымда № 15249 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесі қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11436 болып тiркелген, 2015 жылғы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызмет "Іскерлік байланыстар" құралы және "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11181 болып тiркелген).".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) Қызмет берушінің жұмыскері Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес Қызмет берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады;

      3) Қызмет берушінің жауапты жұмыскері жиынтық өтінімді уәкілетті органға келісуге жібереді;

      4) уәкілетті орган мемлектік қызметті көрсету үшін мақұлданған Көрсетілетін қызметті алушылар тізімдерін Көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) көрсетілеін қызметті берушінің жұмыскері Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10 күніне дейін оқыту өткізілетін күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы тиіс;

      "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Бағдарламаға сәйкес құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және іріктейді;

      3) "Даму" КДҚ" АҚ атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері жиынтық өтінімді уәкілеті органға келісу үшін жібереді;

      4) уәкілетті орган Көрсетілетін қызметті берушілерінің келісілген тізімін "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына жолдайды";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жұмыскерінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және Қызмет берушінің жауапты жұмыскеріне беруі;

      2) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскерінің құжаттарды қарауы;

      3) жиынтық өтінімді уәкілетті органға келісуге жолдау;

      4) уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушылардың мақұлданған тізімдерін Көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;

      "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жұмыскерінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және Қызмет берушінің жауапты жұмыскеріне беруі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10 күніне дейін оқыту өткізілетін күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы тиіс;

      "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жұмыскерінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне ұсынуы;

      2) "Даму" КДҚ" АҚ атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскерінің құжаттарды қарауы;

      3) жиынтық өтінімді уәкілетті органға келісуге жіберу.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Бағдарламаға сәйкес құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды;

      3) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері жиынтық өтінімді уәкілетті органға келісуге жолдайды;

      4) Көрсетілетін қызметті берушіне мемлектік қызметті көрсету үшін мақұлданған уәкілетті орган Көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін жолдайды;

      "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10 күніне дейін оқыту өткізілетін күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы тиіс;

      "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" компоненті шеңберінде оқыту бойынша:

      1) "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызмет алушының жүгінген күні Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты жұмыскеріне береді;

      2) "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік филиалы атынан Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Бағдарламаға сәйкес құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.;

      3) "Даму" КДҚ" АҚ атынан Қызмет берушінің жауапты жұмыскері жиынтық өтінімін келісу үшін уәкілетті органға жолдайды;

      4) уәкілетті орган оқытуды ұйымдастыру үшін Көрсетілетін қызметті берушілердің келісілген тізімін "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "Даму" КДҚ" АҚ атынан көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері жиынтық өтінімді уәкілетті органға келісуге жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов