Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 маусымда № 15235 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 мамырдағы
№ 229 бұйрығымен бекітілген

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесі

Мамандық коды

Мамандық атауы

Білім

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5В010300

Педагогика және психология

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

5В010500

Дефектология

5В010600

Музыкалық білім

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

5В010900

Математика

5В011000

Физика

5В011100

Информатика

5В011200

Химия

5В011300

Биология

5В011400

Тарих

5В011500

Құқық және экономика негіздері

5В011600

География

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі

5В012000

Кәсіптік оқыту

5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В012200

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5В012500

Химия-Биология

5В012600

Математика-Физика

5В012700

Математика-Информатика

5В012800

Физика-Информатика

5В012900

География-Тарих

5В013000

Тарих-Дінтану

Өнер

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

5В041900

Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

5В050400

Журналистика

5В050600

Экономика

5В050800

Есеп және аудит

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051500

Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Техникалық ғылымдар және технологиялар

5В070100

Биотехнология

5В070300

Ақпараттық жүйелер

5В070600

Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

5В070800

Мұнай газ ісі

5В071100

Геодезия және картография

5В071300

Көлік, көліктік техника және технологиялар

5В071700

Жылу энергетикасы

5В071800

Электр энергетикасы

5В071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)

5В072600

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

5В072700

Азық – түлік өнімдерінің технологиясы

5В072800

Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

5В072900

Құрылыс

5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

5В073700

Пайдалы қазбаларды байыту

5В074500

Көлік құрылысы

Ауылшаруашылық ғылымдары

5В080100

Агрономия

5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

5В080300

Аңшылықтану және аң шаруашылығы

5В080400

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

5В080500

Су ресурстары және суды пайдалану

5В080600

Аграрлық техника және технология

5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы

5В080800

Топырақтану және агрохимия

5В080900

Жеміс - көкөніс шаруашылығы

5В081000

Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

5В081100

Өсімдік қорғау және карантин

5В081200

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Қызмет көрсету

5В090100

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

5В090300

Жерге орналастыру

5В090500

Әлеуметтік жұмыс

5В090600

Мәдени-тынығу жұмысы

5В090700

Кадастр

5В090900

Логистика (сала бойынша)

5В091000

Кітапхана ісі

5В091200

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Әскери іс және қауіпсіздік

5В100100

Өрт қауіпсіздігі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5В110100

Мейірбике ісі

5В110200

Қоғамдық денсаулық сақтау

5В110300

Фармация

5В110400

Медициналық-профилактикалық іс

Ветеринария

5B120100

Ветеринарлық медицина

5B120200

Ветеринарлық санитария

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

5B130100

Жалпы медицина

5B130200

Стоматология