"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 маусымда № 15230 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар" деген сыныбында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныбында:

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: банк қызметтеріне ақы төлеу кезiнде; соманы айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру" кіші бағдарламасы бойынша және "Инвестициялар тарту үшін жағдай жасау" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру" кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының тиісінше "Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету", "Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын шолу және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту" бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу", "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету", "Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің арасындағы жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі әкімшісі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету" кіші бағдарламасы бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" ММ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму конференциясының ЮНКТАД атқарушы агенттігі арасында жасалған консалтингтік қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарт бойынша сомаларды аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Шетелдік іссапарлар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезiнде тіркеу талап етілмейді. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.

      Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.

      Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов