"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 225 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 22 мамырдағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 маусымда № 15201 болып тіркелді

Қолданыстағы
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 225 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7548 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағы" актісінде 2012 жылғы 24 шілдедегі № 8 болып жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (А.Ж. Темірғалинов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына (А.Ж. Темірғалинов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов