"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 маусымда № 15194 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 18 наурызда № 52 (28276) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктеліміне:

      19-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;

      шабу және шабылған шөптерді жинау;

      шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;

      жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу және бекіту;

      жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларды себу;

      жаңа жыраларды қазу;

      қурап қалған ағаштарды тамырландыру және шауып алу;

      арық жүйесін және жем беру лотоктарын жөндеу немесе ауыстыру;";

      8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;

      жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;

      жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтірін ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтірін ұстау;

      GPS қондыру және пайдалану;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;

      жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);

      тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;

      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:

      дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;

      жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, РТZ басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;

      жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;

      серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі;

      жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды салу және/немесе жөндеу;

      қолданыстағы автомобиль жолдарына жол қоршауларын, аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;

      мал кірмеуі үшін қоршауларды орнату және жөндеу, ауыстыру;

      шығу және кіру жолдарын жөндеу;

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      бүйірлі желбағарды орнату және ауыстыру;

      қираған жол учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізғе ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;

      көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;

      сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;

      сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;

      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және т.б.) қондыру, ауыстыру және жөндеу;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды ауыстыру, элементтерді шірігеннен тазалау;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерін алмастыру;

      10) ғимараттар, өндіріс базалары, жол зертханалары, жол сервис объектілері және павильондары, пайдалану қызметі мен ақы алу пункттерінің аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:

      ғимараттарды, өндіріс базаларын, жол зертханаларын, жол сервис объектілерін және павильондарын аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды және ақы алу пункттерін жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтіндіктерін тазалау, су өткізу және канализациялық құрылғыларды тазарту, ішетін және техникалық суды тасу, қоқысты шығару, септиктерді тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметі ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кіреберіс жолдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметін, оның ішінде әскерилендірілген, диспетчерлік қызметті күтіп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйінде күтіп ұстау;

      регламенттелген мерзімде уәкілетті органда зертханалық жабдықтарды тексеру және тиісті сертификатты алу;

      жаңа материалдарды қосу немесе қоспау арқылы күрделі, кемелденген, ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жолдарды жөндеп кескіндеу;

      сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау, түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыныларды салу және ауыстыру. Жеке элементтерін алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдықтар, ұңғымалар, су құбырлары, канализациялық желілер, байланыс желісін, жылумен қамтамасыз ету, желдету, жарықтандыру жүйелерін және электр құрылғыларын алмастыру, зертханалық жабдықтарды алмастыру және жөндеу;

      11) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:

      кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң, автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ тозған және шығындық бөліктерін, тетіктерін, элементтері мен тораптарын төлқұжаттық деректерге, талаптарға сәйкес ауыстыру, орнату, жаңарту;

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      мәліметтерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, мәліметтерді берудің резервтік немесе қосымша арналарын ұйымдастыру (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі - ТОБЖ), радиорелелік, спутниктік), желінің архитектурасын өзгерту, қосымша виртуалдық арналар құру, желілік жабдықтарды ауыстыру;

      сервердің орнын және/немесе басқа байланыс операторларының гермоаймағындағы бағандарды немесе серверлік үй-жайын жалға алу мен бірге автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және ауыстыру (істен шыққан) бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар:

      ұйымдастыру техникасын, жұмыс станцияларын және басқа да материалдарды қоса алғанда жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің құрамдас бөлшектері мен төлемді тіркеу жүйесі үшін техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және ауыстыру;

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;

      ТОБЖ және деректер беру желілерінің жұмыс істеуіне арналған байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда аталған желілерге техникалық қызмет көрсету;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ-ны басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;

      бақылау қақпаларына орнатылған фото/бейне тіркеу жабдықтарын қоса алғанда, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қауіпсіздікті сертификаттау;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүймелдеу;

      ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, жаңғырту және жаңарту;

      12) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:

      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;

      көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;

      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;

      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;

      жолдарды патрулдік қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;

      жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;

      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;

      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;

      қар тоқтату үшін автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;

      қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;

      мұз басумен күрес;

      жол-жөндеу қызметі ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пунктерін жылумен қамтамасыз ету;

      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;

      ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру;

      тау баурайында, жартылай ойық және ойық, оның ішінде механикаландырылған амалмен нөлдік орындарды әзірлеу мен кеңейту.";

      26-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жасанды құрылыстар бойынша:

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизаңиялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);

      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ мәліметтерді сақтаудың дискілік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын төлқұжаттағы мәліметтердің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ-ны басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде орнату қалпына келтіру және жаңғырту;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының басқа да ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      автомобиль жолдарының ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту, пысықтау;

      жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің нысандарына кіру үшін бақылау жүйесін орнату.";

      30-тармақта:

      2), 3), 4) и 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жамылғылары бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      монолитті цемент-бетонды төсем бойынша:

      цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;

      жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      цементбетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы 500 метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға ауыстыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзындығы бір километрден аспайтын айналма жолдың құрылғысын орындау;

      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:

      елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйесін жөндеу және жаңасын салу;

      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;

      шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;

      автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;

      өту-жылдамдық жолағы және кіреберіс құрылғысымен автомобильдердің аялдамасы құрылғысымен автотұрағына арналған алаң немесе демалу алаңын (электржарықтардырумен, дәретханамен, қоршаумен, абаттандырумен және басқа орналастырумен.);

      дәретханалардың және жол сервис павильонының құрылғысы, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау;

      4-1) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:

      автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ жаңғырту және қайта құру, оған мыналар кіреді:

      сервердің, желілік, коммутациялық және жол жүру үшін төлем жасау, бақылау-өлшеу аспаптарының, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтау және фото/бейне тіркеу жүйесінің, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасы жабдықтарының аппараттық-бағдарламалық бөліктерін орнату, жөндеу, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, біріктіру;

      ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өзара орнату, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, толықтыру, интеграциялау;

      лицензиялық бағдарламалық қамтылымды орнату және жаңарту;

      бақылау қақпаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық ауыстыру;

      ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілерін және жеке жобалау таблосын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен анықталады;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің объектілеріне қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және ауыстыру;

      автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін енгізу;

      ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыру, дамыту, толық жаңғырту;"

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Автомобиль жолдарының күрделі жөндеуі мен құрылысы оларға кешенді орындалады – барлық объектілерге, автомобиль жолдарының құрамында тұратын, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін, мемлекеттік сараптамадан өткен және жобаларды бекіту Ержесіне (техника-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама) сәйкес бекітілген, сондай-ақ бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) бекітілген.";

      35-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жамылғысы бойынша:

      ұзақтығы 5 километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;

      цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;

      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;

      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;";

      5) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;

      жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      аялдамалық, түсу алаңын және автопавильонды жабдықау;

      демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен, дәретханамен, жол сервис павильонымен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, тротуарда, жол учаскелеріндегі өту жолдарында жабдықтау;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;

      автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен миражды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;

      желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;

      жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерін, құрылыстарын және оның үстінен өтетін көлік ағынын зерттеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөніндегі пункттерді құру және жабдықтау;

      өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;

      қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргізу;

      қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыру;

      күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет және видео бақылау жүйесін орнату;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, басқа да ақпараттық жүйесін тиісті жабдықты монтаждау және қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы автомобиль жолдарының ЗКЖ орнату;

      дәретханалар (оның ішінде мүгедектерге, ана мен балаға арналған бөлмелерімен, душ кабиналарымен), жол сервис павильондарын құрылғысы, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек