"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 10 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 74 (28552) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларында:

      4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер білім алушының академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, онда білім алушы:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады;

      техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу сабақтарымен қатар, жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындайды, білім беру ұйымының басшысымен бекітілген оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.

      12. Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), аталған пән (модуль) бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.".

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Э. Суханбердиева

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мырзахметов
2017 жылғы 4 сәуір

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 17 сәуір

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 27 наурыз

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________ С. Жасұзақов
2017 жылғы 11 сәуір

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
______________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы 21 сәуір

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
______________ Қ. Қожамжаров
2017 жылғы 31 наурыз

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
______________ К. Мәсімов
2017 жылғы 10 сәуір