"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15149 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 2) тармақшасында орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 21 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 5 сәуірдегі
№ 188 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын
автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде
қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

Жол индексі

Жолдардың атауы

Ұзақтығы, км

1

2

3

М-32

РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы

2083,1

М-36

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы

2042

М-38

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей арқылы

1094

М-51

РФ шекарасы (Челябинскiге) – РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы

190

А-1

Астана - Петропавл, Көкшетау арқылы

456

А-2

ӨР шекарасы (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен)

970,1

А-3

Алматы – Өскемен (Аягөздің және Сарқандтың айналма жолдарымен)

1083

А-4

Алматы-Үшқоңыр - Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр-ҚР шекарасы (Ұзынағаш кентіне кiреберiспен)

115

А-5

Ақсай – Шонжы – Көлжат - ҚХР шекарасы (ҚХР шекарасына кiреберiспен)

160

А-6

Көкпек - Кеген - ҚР шекарасы (Түп) (Кеген шатқалының айналма жолымен)

115

А-7

Үшарал-Достық

184

А-8

Таскескен-Бақты (ҚХР шекарасы)

187

А-9

Өскемен-Риддер- РФ шекарасы

167

А-10

Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы

120

А-11

Семей- РФ шекарасы (Барнаулға)

111

А-12

Петропавл-Соколовка- РФ шекарасы (Есiлге)

62

А-13

Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық - РФ шекарасы (Омбыға)

278

А-14

Тараз - Утмек - ҚР шекарасы

14

А-15

Жизақ-Гагарин-Жетiсай-Киров-Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жiбек жолы (Атакент ауылына кіреберіспен ӨР шекарасы Сырдария, Гүлстан және Чиназ және Сарыағаш санаториясына)

221

А-16

Жезқазған-Петропавл Арқалық арқылы

940

А-17

Қызылорда-Павлодар-Успенка- РФ шекарасы

1493

А-18

Павлодар-Шербақты- РФ шекарасы

112

А-19

Қашыр-Михайловка- РФ шекарасы

108

А-20

Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз

921

А-21

Мамлютка-Қостанай

398

А-22

Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай

543

А-23

Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шекарасы

142

А-24

Ақтөбе-Мәртөк- РФ шекарасы (Орынборға)

92

А-25

Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскке)

127

А-26

Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз

401

А-27

Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға)

871

А-28

Атырау - Орал

487

А-29

Орал-Тасқала- РФ шекарасы (Озинкиге)

100

А-30

Подстепное - Федоровка – РФ шекарасы

144

А-31

Чапаев-Жалпақтал-Казталовка- РФ шекарасы

213

А-32

Орал-Теплое- РФ шекарасы

28

А-33

Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетiбай-Ақтау порты

798

А-34

Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі – ТР шекарасы (Түркменбашыға)

237

А-35

Ақтау - Құрық

59

А-36

Құрық - Жетібай

64

Р-1

Бейнеу-Ақжiгіт-ӨР шекарасы (Нүкіске)

84

Р-2

Астана-Қорғалжың (Қорғалжың қорығына кіреберіспен)

143

Р-3

Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Темiртау

250

Р-4

Астана-Ерейментау-Шідерті

243

Р-6

Макин-Ақсу-Торғай

235

Р-7

Бурабай курорт аймағының жолдары

66

Р-8

Щучье-Зеренді

80

Р-9

Вячеслав су қоймасына кiреберіс

17

Р-10

Астанаға айналма жол

53

Р-11

Көкшетау-Рузаевка

196

Р-12

Көкшетау-Атбасар

184

Р-13

Жасы-Есіл-Бузулук

82

Р-14

Көкшетауға айналма жол 

18

Р-15

Кеген-Нарынқол

89

Р-16

"Көкпек-Кеген-Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты - Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiспен)

89

Р-17

Алматы-Талғар-Бәйдібек би

69

Р-18

Қапшағай-Күрті

67

Р-19

"Алматы - Көктал - Байсерке - Междуреченское" а/ж – РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

52

Р-20

Сарыөзек-Көктал (Сарыөзек станциясының айналма жолы)

192

Р-21

Алма-Тау турбазасына кiреберiс

15

Р-22

Алматы-Космостанция (Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен)

37

Р-23

Семей-Қайнар

276

Р-24

Өскемен-Семей

195

Р-25

Өскемен - Зыряновск – Үлкен Нарын - Қатон қарағай - Рахман қайнары

446

Р-26

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу) - Қалжыр-Теректі

124

Р-27

Қалқаман - Баянаул - Үмiткер - Ульяновский

324

Р-28

Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс

24

Р-29

Мерке-Бурылбайтал

266

Р-30

Шу-Благовещенка

56

Р-31

Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр-Төрткөл

119

Р-32

Шымкентке айналма жол

36,5

Р-33

Қызылорда-Жалағаш - РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент

91

Р-34

"Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем- Қаражал-Атасу

144

Р-35

Ақшатау-Ағадыр-Ортау - "Қызылорда- Павлодар" а/ж

195

Р-36

Қостанай-Әулиекөл-Сурган

257

Р-37

Бастау-Ақтау-Теміртау

53

Р-38

"Қостанай-Жақсы" а/ж – "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж

6

Р-39

"Қостанай-Қарабұтақ" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

21

Р-40

Махамбет – Хамит Ерғалиев

45

Р-42

Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс

4

Р-43

Рудныйдың Батыс айналма жолы

7

Р-44

Казталов - Жәнiбек - РФ шекарасы

165

Р-45

Ленинск-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар - Курчатовқа

234

Р-46

Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс

8,9

Р-47

ҚР шекарасына (Қарасу) кіреберіс

375,4

Р-48

"Алатау ақпараттық технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс

10

Р-49

"Бурабай – Көкшетау, Петропавл - РФ шекарасы" Астана – Петропавл транзит дәлізі (Петропавл айналма жолы)

30

Р-50

Ақтөбенің Солтүстік айналма жолы

39,3

Р-51

Өнеге-Бисен-Сайхин

103

Р-52

"Жаңа Қалқұтан-Ақкөл-Минское" а/ж кіреберіс

4,6

Р-53

Т.Рыскулова ауылына кіреберіс

39

Р-54

Қарағандыға кіреберіс

16

Жиыны

23 910,9

      Ескертпе:

      а/ж – автомобиль жолдары

      ҚР – Қырғызстан Республикасы

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ӨР – Өзбекстан Республикасы

      ТР – Түрікменстан Республикасы

      РФ – Ресей Федерациясы