"Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 мамырда № 15123 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген, 2015 жылы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер.";

      9-тармақта:

      1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);";

      2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);";

      3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      бұйрықтың 2-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
3-қосымша";

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамалардың және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелеріндегі апостиль мөртаңбасы.";

      9-тармақта:

      1) тармақшасында:

      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);";

      бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік архив мекемесі берген, апостиль мөртаңбасы қойылатын архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;";

      оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік архив мекемесі берген, апостиль мөртаңбасы қойылатын архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда апостиль мөртаңбасы қойылмайды, ол жөнінде көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарландырылады;";

      2) тармақшасында:

      екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);";

      төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік архив мекемесі берген, апостиль мөртаңбасы қойылатын архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын растайтын және бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.";

      3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

      мемлекеттік архив мекемесі берген, апостиль мөртаңбасы қойылатын архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері;

      бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа).";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 31 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 13 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 57 бұйрығына
1-қосымша
  "Архивтік анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  берушінің атауы)
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының тегі, аты, әкесінің
  аты
  ___________________________
  (ол болған жағдайда)
  Тұрғылықты жері (жеке тұлға
  үшін)/заңды мекенжайы (заңды
  тұлға үшін):
  ____________________________
  ____________________________
Байланыс телефоны: __________
  Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____

Өтініш

      Келесі _________________________________________________________ жылдағы

      (жылдардағы): ___________________________________________________________________

      (көрсетілген мерзімде мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның

      ________________________________________________________________________________

      тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      туралы _________________________________________________________________________

      (сұратылатын мәліметтерді көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      мәліметтерді растау туралы архивтік анықтаманы (архивтік құжаттардан куәландырылған

      архивтік көшірмелер мен үзінділер) беруді сұраймын.

      Қосымша: сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың

      көшірмелері (болған жағдайда)

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20 __ жылғы "____"_______________ ________________ (қолы).

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 57 бұйрығына
2-қосымша
  "Архивтік анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол
  болған жағдайда), көрсетілетін
  қызметті алушы ұйымның атауы)
  ___________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                              (қолы)

      Күні

      Орынд. тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________

      Тел. ______________________________

      Алды: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __ жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 57 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
2-қосымша

"Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленді.

      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледi.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) жеке тұлға үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлға үшін – құрылтайшы құжаттардың көшірмелері;

      Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа заңдастырылған құжаты;

      3) "Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына 60-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      10-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жiберiледi, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде берiледi.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі байланыс телефоны – 74-04-85.

  "Ұлттық архив қорының
мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан
Республикасынан тысқары
жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) немесе
атауы)

Өтініш

      Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі мынадай құжатын (-тарын) Қазақстан

      Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беруді сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      (атауы, сипаттамасы, саны)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Әкету мақсаты: ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Құжаттар әкетілетін елдің атауы: _____________________________________________.

      ________________________________________________________________________________

      Әкету мерзімі: _____________________________________________________________.

      Өтініш берушінің деректері: _________________________________________________,

      (жеке тұлға үшін – тұрғылықты мекенжайы, почталық индексі,

      ________________________________________________________________________________

      телефондары, факсі, жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлға үшін – заңды мекенжайы,

      ________________________________________________________________________________

      почталық мекенжайы, электрондық почтасы, телефондары, факсі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"_______________

      Мөр орны

      (заңды тұлға үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 57 бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік архивтерінен
шығатын және шетелге
жіберілетін архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
Тұрғылықты жері (жеке тұлға
үшін)/заңды мекенжайы (заңды
тұлға үшін): _________________
Байланыс телефоны: __________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____

Өтініш

      Мемлекеттік архив берген ___________________________________________________

      архивтік анықтамалардың және (немесе)

      ________________________________________________________________________________

      архивтік құжаттардың көшірмелеріне

      апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      20 __ жылғы "____"_______________                  ___________ (қолы).

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 57 бұйрығына
5-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік архивтерінен
шығатын және шетелге
жіберілетін архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), көрсетілетін
қызметті алушы ұйымның атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                              (қолы)

      Күні

      Орынд. тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________

      Тел. _______________________________

      Алды: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __ жылғы "__" ____________