Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 44 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15116 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 45 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан аспайтын және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызы мөлшерінде;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартында:

      23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауға тиіс;";

      1-қосымша "Сақтандыру төлемдерінің кестесі" осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.";

      1-қосымша "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын, зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу" осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2-қосымша "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеуге арналған өлім-жітім көрсеткіштері" осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
1-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша

Сақтандыру төлемдерінің кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

Сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

























      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.

      Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Актуарий ____________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
2-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты
 бойынша сақтандыру
ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын, зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу

      1. Ағымдағы құн факторы алушының зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:



      мұнда:


- ағымдағы құн факторы;

      n=11+i - дисконттаушы фактор;

      i - кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j - индекстеу мөлшерлемесі;

      ipx - аннуитенттің х жасынан x+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы.

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;

      x - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;

      t - 0-ден n-ге дейінгі мәні бар ауыспалы мән;

      n - аннуитет төлемдерін алған жылдардың саны;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.

      2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:



      мұнда:


- ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      ЗЖ - зейнетақы жинақтарының сомасы;

      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;


- ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      СТ - сақтандыру төлемінің мөлшері;

      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;


 - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 44 қаулысына
3-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты
 бойынша сақтандыру
ұйымынан сақтандыру
сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Ерлер

Әйелдер

45

0,00506324

0,00105021

46

0,00541322

0,00115314

47

0,00578732

0,00126615

48

0,00618720

0,00139024

49

0,00661461

0,00152647

50

0,00707133

0,00167605

51

0,00755957

0,00184026

52

0,00808139

0,00202055

53

0,00856150

0,00221848

54

0,00911608

0,00243578

55

0,00974127

0,00267434

56

0,01043421

0,00293622

57

0,01119231

0,00322371

58

0,01212124

0,00353929

59

0,01305795

0,00388571

60

0,01400278

0,00426596

61

0,01501191

0,00468334

62

0,01596719

0,00514145

63

0,01692128

0,00564423

64

0,01787294

0,00619604

65

0,01882189

0,00680160

66

0,01976891

0,00746613

67

0,02067111

0,00819532

68

0,02161884

0,00899540

69

0,02256598

0,00987319

70

0,02351273

0,01083618

71

0,02551640

0,01189253

72

0,02781936

0,01305117

73

0,03048121

0,01432187

74

0,03357435

0,01571531

75

0,03718733

0,01724312

76

0,03942173

0,01891804

77

0,04240343

0,02075393

78

0,04527532

0,02276590

79

0,04833681

0,02497042

80

0,05159970

0,02738210

81

0,05507533

0,03002636

82

0,05877769

0,03292159

83

0,06272054

0,03609071

84

0,06691831

0,03955854

85

0,07138613

0,04335197

86

0,07613984

0,04750000

87

0,08119598

0,05203393

88

0,08657181

0,05698741

89

0,09325468

0,06239659

90

0,10149249

0,06830019

91

0,11160518

0,07473955

92

0,12400550

0,08175869

93

0,13922717

0,09042079

94

0,15632075

0,10110721

95

0,17551690

0,11431587

96

0,19707469

0,13069990

97

0,22128032

0,15112112

98

0,24847002

0,17473764

99

0,27900683

0,20205015

100

0,31330354

0,23363790

101

0,35182396

0,27016395

102

0,39508920

0,31241675

103

0,44368478

0,36128724

104

0,49826864

0,41781337

105

0,55958003

0,48319612

106

0,62844965

0,55882516

107

0,70582143

0,64631980

108

0,79272471

0,74751993

109

0,87892804

0,85071915

110

1

1