Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15115 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Мыналар:

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
1-қосымша

Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең
төмен талаптары

      1. Осы Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары (бұдан әрі – Шарттар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды.

      2. Кpeдиттiк бюроларға ақпарат беру шарттары мен ең төмен талаптары мыналар болып табылады:

      1) кредиттiк бюромен ақпаратты ұсыну туралы шарт жасалған күннен кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда кредиттiк бюроға ақпарат беруге жауапты және (немесе) кредиттiк бюромен өзара әрекет етуге уәкiлеттi тұлғалар және оларды ауыстыратын тұлғалар (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефонының нөмірі) туралы ақпарат ұсыну;

      2) ақпарат берушiнiң өзі алған кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздері туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмдерiн электрондық нысанда жүргiзуі;

      3) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзі туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпаратты беруге келiсiмiнің болуы.

      3. Кредиттік бюроның кредиттiк тарих дерекқорында жеке немесе заңды тұлғаның кредиттiк тарихы болмаған жағдайда, ақпарат берушi мынадай ақпаратты электрондық тасымалдағышта қалыптастырады және кредиттiк бюроларға ұсынады:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні және жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні (Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер);

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат).

      4. Ақпарат берушi мен кредиттiк бюроның арасында жасалатын ақпарат беру туралы шартта айқындаған өзге мәліметтерді ақпарат берушi кредиттiк бюроға оларды қалыптастыруына қарай Заңда белгіленген мерзімде ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
2-қосымша

Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға
(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу,
кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік тарих субъектiлерiнiң өздері туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) және кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмдерiн ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

      3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келiсiмдерiн ақпаратты берушілер және алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын iшкi құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.

2-тарау. Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу тәртібі

      4. Ақпарат берушi мен кредиттік тарих субъектісінің арасында кредит беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушi кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.

      5. Ақпарат беруге келісім еркін нысанда, жазбаша түрде жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) келісімді ресімдеу күні;

      2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні және жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, атауы және деректемелері (құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі және құжат берген органның атауы) немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;

      3) ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға өзі туралы ақпаратты беруге кредиттік тарих субъектісінің келіскені туралы белгі;

      4) жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың түпнұсқасын қоса бере, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректерін көрсете отырып заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі келісімге қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған ақпарат берушінің атауы, келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

3-тарау. Кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресімдеу тәртібі

      6. Ақпарат берушi мен кредиттік тарих субъектісінің арасында кредит беру туралы шарт не өзге мәміле жасауға өтінішті қарау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушi кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн (бұдан әрі – кредиттiк есептi беруге келісім) алады.

      7. Кредиттiк есептi беруге келiсiм еркін нысанда, жазбаша түрде жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) келісімді ресімдеу күні;

      2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні және жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, атауы және деректемелері (құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі және құжат берген органның атауы) немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;

      3) кредиттік тарих субъектісінің болашақта түсетін деректерді қоса алғанда, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келіскені туралы белгі;

      4) жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың түпнұсқасын қоса бере, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректерін көрсете отырып заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі келісімге қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған ақпарат алушының атауы, келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
3-қосымша

Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары

      1. Осы Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және кредиттiк есептi берудiң тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылатын кредиттiк есепті кредиттік бюро Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келісімі болғанда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.

      3. Кредиттік бюро кредиттiк бюроға сауал келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кредиттiк есептi алушыға кредиттік есепті ұсынады.

      4. Кредиттік есеп кредиттік тарихта қамтылатын ақпаратты толық немесе ішінара беру нысанында ұсынылады. Кредиттік есептерде қамтылатын ақпараттың көлемі Заңның 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес жасалатын кредиттік есептерді алу туралы шартпен айқындалады.

      5. Егер алушыға берілген кредиттік есепте кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат болса, кредиттік тарих субъектісі өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алады.

      Ақпарат берушінің кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушыға және кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюроның ақпарат берушіден тиісті ақпарат алған сәттен бастап жүзеге асырылады.

      6. Егер кредиттік есепті беру туралы сауал Заңның 29-бабының 1, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік бюро кредиттік есепті беруден бас тартады.

      7. Тізбесі Заңның 20-бабының 1-тармағында айқындалған адамдар кредиттік есепті алушылар болып табылады. Кредиттік есеп Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілмеген тұлғаларға берілмейді.

      8. Ақпарат берушi кредиттiк бюроларға кредиттiк тарих субъектiлерi туралы сауалдарды электрондық нысанда есепке алуды жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
4-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің
құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 тіркелген, 2005 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 15 жарияланған, 109-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3616 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 ақпандағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.