"Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 мамырда № 15108 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) су айдындары – өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар;

      2) құтқару бекеті – құтқарушылармен жасақталған, құтқару жабдығымен жарақталған, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орындайтын, заңды және жеке тұлғалар құратын акваторияның нақты учаскесіндегі бекет;

      3) су айдынындағы демалу орны – шомылуға жабдықталған орындар (жағажайлар), катерлерді, желкенді қайықтарды, қайықтарды, гидроциклдер мен катамарандарды жалға беру станциялары;

      4) шағын көлемді кеме – ұзындығы 20 метрден аспайтын, бортындағы рұқсат етілген адам саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау үшін салынған немесе жабдықталғаннан басқа жүк тасуға, жетекке алуға, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осындай жұмыстарды жүргізуге, лоцмандық және мұз жару, сондай-ақ су объектілерін ластану мен бітеліп қалудан қорғау іс-шараларын жүзеге асыратын кеме;

      5) құтқаратын "Александров жібі" – суға батып бара жатқан адамға көмек көрсететін құрал, ол диаметрі 40 сантиметрлік ілмегі және екі қалқымасы бар ұзындығы шамамен 30 метрлік қалқыма түрінде болады;

      6) оқу орны – жүзу бойынша ұжымдық және жеке сабақтарды өткізу үшін барынша ыңғайланған, жағажай аумағында арнайы жабдықталған орын;

      7) қалалық жағажай – жергілікті атқарушы органның қарамағындағы су айдынындағы демалу орны;

      8) жеке құтқару құралы – суда немесе мұзда қалған кезде адамға қосымша қалқымалығы үшін жасалған құтқару құралы. Жеке құтқару құралдарына құтқару шеңберлері, күртешелер, кеудешелер, қалтқы белгілер жатады;

      9) демалушылар - демалу, балық аулау, шомылу, шағын көлемді кемелермен серуендеу және басқа да демалу түрлері мақсатында осы Қағидалар талаптарын сақтауға жауапты, су айдындарына болатын адамдар;

      10) осы Қағидалар талаптарын сақтауға жауаптылар – су айдындарының иелері, нұсқау берушілер (жаттықтырушылар), құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын адамдар.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданады:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

      1) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді;

      2) Қазақстан Республикасының су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді;

      3) судағы демалыс орындарында профилактикалық рейдтерді және патрульдеуді жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы органдар:

      1) қаладағы жағажайларда медициналық көмек көрсету пункттерін және қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастырады;

      2) суға шомылу және демалу үшін пайдаланылатын су айдындарына түгендеу жүргізеді және оларға нақты иелерді бекітеді;

      3) су айдындарында құтқарушылармен жасақталған және құтқару жабдықтарымен және жарақтармен жабдықталған құтқару бекеттерінсіз, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін кезекші медициналық персоналмен және қажетті құралдармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған үй-жайларсыз және балалар шомылатын орындарсыз демалыс орындарын ашуға жол бермейді;

      4) суға шомылуға және балаларды жүзуге үйрету үшін қалалық және қалалық балалар жағажайларын құрады және жабдықтайды;

      5) суда жаппай демалатын орындарға аумақтық бөлімшелермен бірлесіп ерікті құтқарушыларды тартады.".

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Суға шомылу маусымы басталар алдында су айдынындағы демалыс орны иесінің өтініші бойынша аумақтық бөлімшелер немесе су астында жұмыстар жүргізуге сүңгуірлік жабдығы мен жарағы бар ұйымдар жағажайдағы акваторияны тексереді, тексеріс қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісі жасалады және бекітіледі.

      11. Су айдындарының қауіпті және демалу, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 3-қосымша талаптарына сәйкес тыйым салатын және алдын алу белгілерін орнатады.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Су айдынында демалу орындарында болғанда осы Қағидалардың талаптарын сақтауға жауаптыға және демалушыға:

      1) мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

      2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

      3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

      4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

      5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

      6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

      7) жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

      8) жалған дабыл беріп айғайлауға;

      9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

      10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.";

      Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына "Орындалған жұмыстар актісі" 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолымен расталған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 233 бұйрығына
қосымша
  Су айдындарындағы
қауіпсіздік қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
  Жағажай акваториясына тексеру
  жүргізген мекеменің (ұйымның)
  басшысы
  ___________________________
  Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
  20___ жылғы "____" _________

Орындалған жұмыстар актісі

      Біз төменде қол қойған жағажай акваториясына тексеру жүргізген мекеменің

      (ұйымның) өкілі _____________________________ және сүңгуірлік топ бір тараптан, және

      ______________________ өкілі ____________________ мырза екінші тараптан 20___ жылғы

      __________ өзенінде (көлде) орналасқан __________________ жағажай акваторийіне тексеру

      жүргіздік.

      Балалар мен ересектер шомылуға арналған су учаскесінің барлық жағалау бөлігі қаралады.

      _________________ жағажай аумағының шекарасы белгіленді, 2,5 метрге дейін жүзу

      аймағы қалқыма қоршаумен белгіленді. Жүзе білмейтіндер үшін таяз бассейн ______________

      орнатылды.

      Су айдынының топырағы – құмды, лайлы, тасты, малтатасты. Түбінің еңісі – еңкіш, тік,

      құламалы, кертпелерсіз және шұңқырсыз біртіндеген тереңдікте, ағысы баяу, қалыпты, қатты.

      Балдыр – болады, болмайды. Жағалау бойынша шомылу орнының көлемі ___ тереңдіктен ___

      -ден _____-ге (-ға) дейін.

      Шомылу ауданының түбі қаралды және ересектер мен балалар шомылу үшін ешқандай

      қауіп төндірмейді.

      _________________ жағажайының мынадай құтқару мүлкі бар:

      1) құтқару қайықтары _____ бірлік;

      2) құтқару шеңберлер _____ дана;

      3) "Александров жібі" құтқару құралы ____ дана.

      Суда жұмыс істеу уақытында адамдар өмірін сақтауды ұйымдастыруды ____________

      бастап күн тәртібінде көзделген сағаттарда қалалық жағажайының, демалыс базасының

      (аймағының), балалар лагерінің әкімшілігі және ведомстволық құтқару бекеті жүзеге асырады.

      Жағажай жұмысының басталуы 20___ жылғы ___________

      Аумақта Қағидалар бойынша _____ дана түрлі түсті плакаттар орнатылған, __________

      дана есебінде __________________ басқа да ескерту плакаттары бар.

      Жағажайдың жұмыс тәртібі және балалар мен ересектердің шомылу жөніндегі

      нұсқаулықтары __________________________________________________________________

      Ұсыныстар________________________________________________________________

      Қорытынды

      Осы акт екі данада жасалған және жағажайдың ашылуы үшін негізгі құжат болып

      табылады.

      Екі дананы жағажай акваторияларына тексеру жүргізген мекеме (ұйым) басшысы

      бекітеді. Бірінші данасы мекемеде (ұйымда) қалады, екінші данасы жағажай иесіне беріледі.

      Бірінші данасы жағажай акваторияларына тексеру жүргізген мекемеге (ұйымға) бекіту

      үшін берілді. Екінші данасы жағажай иесіне берілді (актілер олар бекітілгеннен кейін күшіне

      енеді).

      Құжаттың сақталу мерзімі бір жыл.

      Жағажай акваторияларын тексеру бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды,

      жағажайға тексеру жүргізген мекеме (ұйым) өкілі___________ 20___ жылғы ___________

      Иелігінде жағажай бар ұйым өкілі 20___ жылғы ___________ орындалған жұмыстар

      актісін алды.

      Қолы __________________________________________