"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргіз қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10492 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығымен бекітілген |
Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит (бұдан әрі - аудит) – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестегі немесе сәйкес еместігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
2) объект - азаматтық қорғау саласында талаптар қойылған және талаптар қойылуға тиісті заңды және жеке тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, технологиялық жабдықтар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік;
3) өрт тәуекелі - өрт қауіптілігінің іске асу мүмкіндігінің және оның адамдарға және материалдық құндылықтарға салдарының сандық сипаттамасы;
4) өрт қауіпсіздігі талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы жағдайлар;
5) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласында аудит қызметін жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте аккрредиттелген ұйым;
6) объектінің өрт қауіптілігі - өрттің туындау және өршу, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі.
3. Аудит объектінің басшысы мен сараптама ұйымының арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
4. Аудит жүргізу мерзімі шартпен айқындалады, бірақ оны талаптар қол қойған күннен бастап үш айдан аспайды.
5. Аудит:
1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;
объектінің, оның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшылары мен персоналының даярлығы;
2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және өршу мүмкіндігін, өрттің қауіпті факторының адамдарға тигізетін әсерін анықтау, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін объектіні зерттеу, оның ішінде:
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттамалық және нақты сәйкес келуі;
кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғауға арналған өрт техникасының бар-жоғы және жай-күйі;
3) объект әкімшілігімен объектіні өрт қауіпсіз күйге келтіру жөнінде консультациялар, ұйым қызметкерлерімен өрт-техникалық минимум және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқама өткізу;
4) объектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі туралы қорытынды дайындау іс-шараларын қамтиды.
6. Аудит нәтижесі бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.
7. Аудит қорытындысына аудит жүргізген сараптама ұйымының қызметкерлері қол қояды және сараптама ұйымының басшысы бекітеді. Аудит қорытындысы тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіледі және мөр болған жағдайда онымен куәландырылады.
8. Аудит қорытындысы оны бекіткен күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды.
9. Қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне қорытындының көшірмесін ұсынады.
Өрт қауіпсіздгі саласында аудит жүргізу қағидаларына қосымша |
|
нысан | |
Бекітемін Сараптама ұйымының басшысы (сараптама ұйымының атауы, Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні, мөр |
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20___ ж. "__"_________№ _______
________________________________________________
(бағалау объектісінің атауы, мекенжайы )
Қорытынды 5 жұмыс күні ішінде келіп түсті
________________________________________
(ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшесі)
Кіріс №_____ күні ____________
1. Тапсырыс беруші және орындаушы туралы мәліметтер:
1.1 Тапсырыс беруші туралы мәлімет
Тапсырыс берушінің толық және қысқартылған атауы
______________________________________________________________________________
(тапысырыс беруші ұйымның атауы )
Мекенжайы ____________________________________________________________________
Ұйым басшысы _________________________________________________________________
1.2. Орындаушы сараптама ұйымы туралы мәлімет
Орындаушының толық және қысқартылған атауы ____________________________________
(орындаушы ұйымның атауы)
Мекенжайы ____________________________________________________________________
Ұйымның басшысы ______________________________________________________________
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қызметін жүргізуге аккредиттелген сараптама ұйымы
Аккредиттеу аттестаты № ____ ___ ж., жарамды _________ж.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі.
Шарт өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі болып табылады. (көшірмесі қоса беріледі).
3. Өрт тәуекеліне тәуелсіз бағалау жүргізудің мақсаты.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға
сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізуге қатысушы адамдар.
4.1. Тапсырыс беруші және орындаушы, ұйым, пайдаланылған объекті өкілдерінің лауазымды
адамдарының тегі, аты және әкесінің аты, олардың қатысуымен тексеру жүргізілді.
__________________________________________________________________________
5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілетін объекті.
Нақты қатыстырылғандығына сәйкес атауы:
________________________________________________________________________________
(ғимарат, құрылыстар, аумақтардың атауын көрсету қажет)
Функционалды өрт қауіптілігінің сыныбы: __________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________________
Құқық түрі: жеке меншік, жалға алу, жедел басқаруда:_________________________________
6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит негізінде жүргізілген өрт қауіпсіздігі талаптарының айқындалуы.
Объектіге арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін заңнамалық және
нормативтік құқықтық актілер тізбесі.
_______________________________________________________________________________
Тізбесі көрсетіледі)
7. Объектінің жалпы техникалық сипаттамасы.
Кәсіпорын, ұйым мынадай қызмет түрін жүзеге асырады: ______________________________
Ғимарат, үй-жай мыналарға арналған: _______________________________________________
Ғимарат, үй-жай болып мынадан табылады: __________________________________________
Қабаттылығы: ___________________________________________________________________
Ғимарат іргетасы: ________________________________________________________________
Сыртқы қабырғалары (материалы): _________________________________________________
Ішкі қабырғалары және бөлу қабырғалары (материалы): ______________________________
Жабыны (түрі, материалы): ________________________________________________________
Сатысы (материалы): _____________________________________________________________
Ғимарат биіктігі: _________________________________________________________________
Ғимарат, үй-жай ауданы: __________________________________________________________
Ғимарат көлемі: _________________________________________________________________
Жарық беру: ____________________________________________________________________
Желдету: _______________________________________________________________________
Жылу беру: _____________________________________________________________________
Объекті қорғалады: ______________________________________________________________
8. Құжаттамалық тексеру
р/с № | Құжаттаманың атауы | бар | жоқ | ескертпе |
1 | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық | |||
2 | Қызметкерлердің өрт-техникалық минимум өткендігі туралы куәлігі | |||
3 | Өртке қарсы режимді белгілеу туралы бұйрық | |||
4 | Объектідегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық | |||
5 | Өртке қарсы негізгі, бастапқы, қайталау және нысаналы нұсқамалар тіркеу журналы | |||
6 | Өртті анықтаудың және сөндірудің автоматты жүйелерін, түтіннен тазарту және адамдарды құлақтандыру (бар болғанда) жүйелерін пайдалануға енгізу актілері | |||
7 | Өртті анықтау және сөндіру жүйелерін, түтіннен тазарту және жүйелерін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу және жөніндегі жұмыстардың жоспар-графигі | |||
8 | Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру актілері | |||
9 | Жабынның металл өрт сөндіру сатыларымен қоршауларды пайдаланылуын сынау хаттамасы | |||
10 | Бастапқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және техникалық жағдайын есепке алу журналы | |||
11 | Өртке қарсы қоспамен өңдеудің жай-күйін тексеру хаттамасы | |||
12 | Күштік және жарық беру электр жабдықтарын, электр желілерін оқшаулау қарсылығын өлшеу актілері | |||
13 | Жерге тұйықтайтын және жерге тұйықтағыш кедергісін тексеру хаттамасы |
Объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын, құжаттамалық талдау жүргізілген, сондай-ақ
персоналдың даярлық деңгейі туралы қосымша ақпараттар:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Объектіні тексерудің нәтижелері.
Анықталған кемшіліктерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар
тармақтарының баптарын, бұзушылықтар орындарын табу немесе өрт тәуекелінің есебін көрсете отырып жазу:
1. __________________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________
.... _________________________________________________________________________
Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі
талаптарының бұзылуы болмаған жағдайда бұзушылықтың жоқтығы туралы тиісті жазба жүргізіледі.
10. Өрт тәукелі есебінің нәтижелері.
Өрт тәуекелі мәні есебінің ретін жазу:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ескертпе: Егер өрт тәуекелі есебі жүргізілген жағдайда толтырылады.
11. Объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмегендігі туралы қорытынды
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
12. Осы қорытындының қосымша шарттары.
Қорытынды мынадай:
- тапсырыс беруші ауысқан және кеткен (заңды тұлға, ЖК, жеке тұлға);
- осы қорытындыда көрсетілмеген (яғни қайтадан жол берілген) өрт қауіпсіздігі талаптарының
бұзушылықтары: сәулет-құрылыс, ғимараттың (құрылыстың) көлемдік-жоспарлау шешімдері;
аумақтардың, технологиялық процестері. Сондай-ақ, өрт қауіптілігінің (функционалдық
мақсатының) функционалдық сыныбы, объекті немесе оның бөлігін өзгерген күрделі жөндеу,
реконструкциялау, техникалық қайта жабдықтау жағдайларында өзінің күшін жояды.
13. Қолданылған нормативтік актілер мен құжаттар, анықтамалық көздер мен бастапқы
деректер және басқа да ақпараттар тізбесі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Қосымша:
- Аккредиттеу құжаттары;
- Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі жұмысты жүргізу шарты;
- Өрт тәуекелін Өрт және жарылыс қауіптілігі жөніндегі санатты бағалау жөніндегі есептерді
(егер өрт тәуекелі есебі жүргізілсе) жүргізу туралы есеп;
- қорытындының 8-тармағы бойынша растайтын құжаттар көшірмесі;
Аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері:
___________________ ____________ ______________________________________
(лауазымы) ( қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
___________________ ____________ ______________________________________
(лауазымы) ( қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
Аудитті жүргізген сараптама ұйымының өкілдері:
___________________ ____________ ______________________________________
(лауазымы) ( қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
___________________ ____________ ______________________________________
(лауазымы) ( қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
Тігілген, мөрмен куәландырылған.
Парақтар _____ ( соңғы парақтың артқы бетінде)