"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15088 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігінен әзірлейді.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

      Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      30. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

      2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже);

      5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын және "Алтын белгі" белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.";

      үлгі қағиданың қазақ тіліндегі 2-қосымшасына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 135 бұйрығына қосымша
  Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
2-қосымша

Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы


р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

4

Геометрия

0 – 12

13 - 36

37 -48

49 - 60

5

Физика

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

6

Химия

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

7

Биология

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

8

География

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 - 60

12

Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

13

Француз тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

14

Неміс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 - 40

15

Информатика

0 – 6

7 – 13

14 – 20

21 – 27