"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 болып тiркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті "Іскерлік байланыстар" құралы және "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.";
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңселерінде жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде оқуға жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде оқыту бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
"Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
"Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
1) "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама (бар болған жағдайда).
Құжаттардың қабылданғанын растау "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңселерінде құжаттарды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
"9-2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |