БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11222 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.";
осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 11, 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 28 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 7 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 11-қосымша |
"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қоса берілген құжаттармен алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттардың топтамасы толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауды өткізу нәтижелерін куәландыратын хаттаманы беру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша ұсыным;
3) аттестаттауға жататын қызметкердің білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) аттестаттауға жататын қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі;
5) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (бастапқы аттестаттаудан өткен жағдайда).
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы, немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуі мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндіктері шектеулі қызметті алушыларға (олардың өкілдеріне) мемлекеттік қызметті көрсетудің олар қызмет берушіге жүгінген жағдайда ерекшелігі: "Министрліктер үйі" ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістер аралығында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке есікпен жабдықталған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында - www.energo.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kaenk.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген, қызмет берушінің байланыс телефондары, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 50-30-79, 50-30-77. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Аттестаттауды өткізу нәтижелері туралы
№_____ хаттама
Астана қ. "___"__________20___ж.
Комиссия төрағасы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Хатшы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күн тәртібі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Комиссия _________________________________________________________________
(аттестациядан өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге жұмыс істеуге
______________________________________________________________ аттестаттауға
(бастапқы, мерзімді, кезектен тыс аттестаттау)
тестілеу (әңгімелесу) нәтижесін қарап шығып
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
ШЕШТІ: Атқаратын қызметіне лайық / қайтадан аттестаттауға жатады
Комиссия төрағасы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Хатшы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
№ _______ Күні: "___" _______20__ ж.
Өтініш
Сізден мені ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білуімді тексеру, сондай-ақ еңбек міндеттерімді атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетімді анықтау үшін аттестаттауға ______________________________________
(бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс)
жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша:
1) ұсыным;
2) аттестаттауға жататын қызметкердің білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аттестаттауға жататын қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі;
4) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (бастапқы аттестаттаудан өткен жағдайда).
Қолы__________
"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Ұсыным
Әкімшілік ___________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы болған жағдайда))
___________________________________________ қызмет бойынша міндеттерін
(қызметтің, бөлімшенің, қондырғының, ұйымның атауы)
орындау кезінде __________________________________________ аттестаттаудан
(Т.А.Ә. (болған жағдайда))
өткізуді сұрайды.
Қоса берілетін құжаттар:____________________________________________
Басшы __________________________________ _____________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
М.О. (болған жағдайда) 20__жылғы "___"_______
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 12-қосымша |
"Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап –30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса есептегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілі), оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті жеңілдіктері бар тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтамалар;
3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;
4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.
Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін қажетті нәтижелерді алуға бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескертпе:
* - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері, немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданады (бұдан әрі – Портал).
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы, немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуі мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар (олардың өкілдері) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: "Министрліктер үйі" ғимаратының он төртінші және он бесінші кіреберістері арасында орналасқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке кіретін есікпен жабдықталған.
15. Мемлекеттік қызметті көрсететін жердің мекенжайы:
1) Министрліктің интернет-ресурсына: www.energo.gov.kz, "Байланыс" бөліміне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына: www.kaenk.gov.kz, "Байланыс" бөліміне орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефоны, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 50-30-78, 50-29-56, 50-29-54. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Елтаңба
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүргізу құқығына ұйымды аккредиттеу туралы
КУӘЛІК
"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________ қызметі саласында
_________________________ сараптаманы жүзеге асыру үшін аккредиттеледі.
Куәлік 20__ жылғы "___"___________ дейін жарамды
Уәкілетті органның басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
М. О.
(болған жағдайда)
Сериясы ______№ _______________
Берілген күні:
"Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Кімге: _____________________________
(уәкілетті орган басшысының
__________________________________
Т.А.Ә., лауазымы)
Кімнен:__________________________
(ұйым басшысының
__________________________________
Т.А.Ә., лауазымы (бар болса))
Деректемелер:____________________
(ЖСН (жеке тұлға үшін), ЖБН (ұйым
__________________________________
үшін), мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтініш
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
________________________________________________ қызметі саласында
__________________________________________ сараптаманы жүзеге асыру үшін аккредиттеу жүргізуді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
6. ____________________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________ _____________
(Т.А.Ә.) қолы
Мөрдің орны Толтырылған күні 20__жылғы "_____" ___________
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 13-қосымша |
"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту туралы немесе басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелденген бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса есептегенде сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
Көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі – КҚК) конструкциясын бекіту үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге арналған өтінім;
2) уәкілетті органның "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау" қызмет түріне арналған лицензиясының көшірмесі;
3) B (U) типіне, С типіне және уран гексофторидіне КҚК конструкциясын бекіту үшін:
болжамды радиоактивті құрамы, оның физикалық және химиялық құрамын және сәулелену сипатын көрсете отырып, толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
КҚК пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер ҚҚК 100 кПа-ға тең манометрлік қысымнан асып түсетін ең жоғарғы деңгейдегі қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, таңдап алуы жоспарланған сынамалардың және ұсынылған сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжауы радиоактивті құрамы сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың дәйектемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдардың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарын сипаттауды;
КҚК құрастыруын суретпен сипаттаушы өлшемі 21 см х 30 см артық емес нақты көшірмесін алуға жарайтын кескінделген бейнелемені;
КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
4) B (М) типіне КҚК конструкциясын бекіту үшін осы қосымшаның 3) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көліктің түрі жайында кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет.
Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясына басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінім;
2) Уәкілетті органның "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау" қызмет түріне арналған мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;
3) басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың есепке алынған көшірмесі;
4) КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының толық сипаттамасы.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері, немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданады (бұдан әрі – Портал).
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы, немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуі мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: Министрліктер үйі ғимаратының он төртінші және он бесінші кіреберістер арасында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бөлек кіріспен жабдықталған.
15. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін мекенжайы:
1) Министрліктің интернет-ресурсінде: www.energo.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсінде: www.kaenk.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефоны, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 50-30-78, 50-29-54. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Өтінім
Кімге ___________________________
(уәкілетті органның атауы)
Кімнен ___________________________
(Т.А.Ә/ұйымның атауы)
Сіздерден ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің
конструкциясын бекітуді / немесе _________________________________________
(сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)
сертификат-рұқсаттардың күшін қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына 20__
жылғы "__" ________ дейінгі мерзімде таратуды сұраймын.
Жеке тұлғаның/ұйымның мекенжайы _________________________________________
________________________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
Жеке тұлға/ұйым басшысы _______________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мөрдің орны Толтырылған күні 20__ жылғы "___"__________
(болған жағдайда)