"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14977 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13696 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі –Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Б.Б. Мусинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________ Д. Абаев

      14 наурыз 2017жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т.Сүлейменов

      13 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 9 наурыздағы
№ 24 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 16.04.2019 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы іске асырылады (бұдан әрі – портал).

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтама беру болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады (бұдан әрі –ЭЦҚ).

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар).

      8. Жұмыс кестесі:

      1) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;

      2) қызмет көрсетушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      9. Жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті құжаттардың тізбесі – ЭЦҚ қойылған электрондық сауал.

      "Жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы сауалды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу уақыты мен күнін көрсетумен хабарлама жолданады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша түрде, пошта не қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің мекен-жайы (мемлекеті, пошта индексі, облыс/аудан/елді мекен, көше/даңғыл/шағын аудан атауы, үй/пәтер нөмірі), байланыс нөмір телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау оны қызмет көрсетушінің кеңсесінде тіркеу болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 нөмір телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жолдағанда, шағымның қаралу жағдайы туралы ақпарат қолжетімді, көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысының көмегімен көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін есепке ала отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орналасқан мекен-жайы көрсетілетін қызметті берушінің www.pravstat.prokuror.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналасқан.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс нөмір телефоны – 115. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірлері – 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің есептері бойынша
тұлғаның әкімшілік кұкық
бұзушылық жасағаны туралы
мәлімет беру мемлекеттік
қызмет көрсету стандартының
қосымшасы
  Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      __________________________________________________________________________

      (туған жылы және жері/год и место рождения)

      по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о привлечении к административной ответственности не имеется (имеются следующие сведения о привлечении к административной ответственности:)

      20_____ жылдың "___" ______ жағдайы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ (әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы төмендегідей мәліметтер бар:)



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.



      **штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы еспеке алу жөніндегі комитет бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью начальника управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан