"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14975 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда "Заң газеті" газетiнде жарияланған № 42 (1465) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


"




197.


"Таңдау+"



198.


"NCR 7197-printer-Мебиус-3К KZ ONLINE "




".


      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов