"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 наурызда № 14963 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      келесі мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында "пилоттық" жоба шеңберінде)

      1-параграф. Негізгі ұғымдар

      378-1. Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      қазынашылық сүйемелдеу – қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық этаптарында құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануына, жобаның барлық қатысушыларымен – мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау;

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер (мердігер) – заңды тұлға, тапсырыс берушімен қазынашылық сүйемелдеу кезінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша тарапы болып әрекет етуші (бұдан әрі – қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер);

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі инжинирингтік компания – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметтерді (техникалық қадағалау, жобаны басқару) жүзеге асыратын компания;

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігер – құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігермен бірге қосалқы мердігерліктің шарты бойынша жекелеген кешендерді немесе жұмыс түрін орындайтын ұйым;

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі тапсырыс беруші – мемлекеттік мекеме, қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы;

      мемлекеттік сатып алу шоты – бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде аударылған қаражатты есептен шығару және есепке алумен байланысты қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - МСА шоты);

      төлем сертификаты – осы Ереженің 115-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде төлемдер жүргізген кезде төлемді орындау үшін негізгі болатын кейінен аумақтық қазынашылық органдарына ұсыну үшін инжинирингтік компаниямен қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердiгерге берілген құжат.

      2-параграф. Қазынашылық сүйемелдеу

      378-2. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы өткеннен кейін:

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі тапсырыс беруші, конкурс женімпазы анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу қорытысының хаттамасын қоса ұсынып конкурс женімпазы туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі тапсырыс беруші, конкурс женімпазы анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, конкурс женімпазына аумақтық қазынашылық органдарында шот ашу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      конкурс женімпазы (қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер), қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан кейін, келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында қарастырылған құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса тіркеп, осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысанда кодтарды беру және шоттарын ашуға арналған өтінімді береді және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің салық заңнамасына сәйкес ұсынған тізімін мемлекеттік кірістер органдарына талдау жүргізу үшін жолдайды.

      378-3. Мемлекеттік кірістер органдары, бір жұмыс күннен аспайтын мерзімде талдау жасалған қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер тізімі бойынша қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерге тәуекелдердің бары немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды.

      378-4. Қандай да бір қосалқы мердігерлер бойынша тәуекелдердің бар болуы туралы ақпаратты алған жағдайда, сондай-ақ объект құрылысы кезеңінде қосалқы мердігерлер тізімін толықтырған жағдайда, қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер осы тізімге өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

      Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдердің бар болуына кейінгі талдау осы Ереженің 378-2-тармағының үшінші абзацы мен 378-3, 378-4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      378-5. Аумақтық қазынашылық органдары төлемдерді жүргізген кезде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігермен инжинирингтік компанияның төлем сертификатына, ал қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігермен – ЭШФ-ға сәйкес бақылауды жүзеге асырады.

      378-6. Аумақтық қазынашылық органдарымен жүргізілген төлемдер туралы мәліметтер тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.

      378-7. Қазынашылық сүйемелдеу аумақтық қазынашылық органдарында ашылған МСА шоттарына ақшаның толық және уақтылы есептелуімен және растайтын құжаттар (төлем сертификаты және/немесе ЭШФ) негізінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуімен қамтамасыз етіледі.

      378-8. МСА шоттары бойынша қазынашылық сүйемелдеу кассалық негiзде жүзеге асырылады, түсiмдердi есепке алу және есептен шығару жөнiндегi операциялар ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылады.

      378-9. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер кодтар беру және шоттар ашу үшін аумақтық қазынашылық органдарға осы Ережеде көрсетілген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттар қосымшасымен бірге осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттарын ашу мен кодтар беруге арналған өтінімді ұсынады.

      Аумақтық қазынашылық органы қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кодтар беруге және шоттарын ашуға арналған өтінімді жібереді.

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер кодтарды беруге және МСА шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      378-10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен кодтарды аумақтық қазынашылық органдарынан осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал МСА шоттарын ашу қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге код берілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      378-11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық органдарына электрондық түрдегі хатпен хабарлайды.

      Аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар және ашылған МСА шоттары туралы қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлайды.

      378-12. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.

      378-13. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге ашылған МСА шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 49-қосымшаға сәйкес 5-19 нысаны бойынша көрсетіледі.

      378-14. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар мен МСА шоттары ашылғаны туралы тиісті мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша хабарлайды.

      378-15. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің атауы өзгерген жағдайда қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер немесе қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 116-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атауын өзгертуге арналған өтінімді береді.

      378-16. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің ашылған МСА шоттары бойынша дерекнама қалыптастыру осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-17. МСА бақылау шоттарын жүргізу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 6-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-18. МСА шоттарын жабу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-19. Қазынашылық сүйемелдеуге жататын объектілердің құрылысымен байланысты жасасқан шарт (қосымша келісімдер) аумақтық қазынашылық органында қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерге ашылған шоттың деректемелерін көрсете отырып қағаз тасығышта және "Қазынашылық-клиент" АЖ қалыптастырылған Өтінімге қоса беріледі.

      378-20. Аумақтық қазынашылық органдары қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі тапсырыс берушімен қазынашылық сүйемелдеуге жататын тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) осы Ереженің 6-тарауының 5-параграфында көрсетілген талаптарына сәйкестігіне және қосымша:

      шартта көрсетілген ақшаны аумақтық қазынашылық органдарында ашылған МСА шоттарына аудару туралы талаптың болуына;

      ЭШФ АЖ арқылы шот-фактураларды жазып беру талаптарының болуына тексерісті жүзеге асырады.

      378-21. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлермен Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер үшін – инжинирингтік компанияның төлем сертификаты және электронды шот-фактураларды өңдеу және беру бойынша ақпараттық жүйесінде жазып берілетін ЭШФ (бұдан әрі – растайтын құжаттар);

      қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – электронды шот-фактураларды өңдеу және беру бойынша ақпараттық жүйесінде жазып берілетін ЭШФ (бұдан әрі – растайтын құжаттар) болып табылады.

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық сүйемелдеу қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын растайтын құжаттармен қоса беруін қамтамасыз етеді.

      378-22. Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін төлем тапсырмасын толтыру бойынша талаптар осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен реттеледі.

      Бұл ретте, төлем тапсырмасын толтыру кезінде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігермен "Төлем тағайындау" деген ашық жолақта растайтын құжаттардың деректері көрсетіледі.

      378-23. Аумақтық қазынашылық органдары төлем тапсырмаларын тексеру кезінде:

      растайтын құжаттардың деректерілерінің сәйкестігіне;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен олардың толтыруы мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарына сәйкес келуіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

       Аумақтық қазынашылық органдары осы тармақтың, осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 378-20, 378-21–тармақтарының талаптарын сақтамаған кезде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлем тапсырмаларын орындаусыз кері қайтарады.

      378-24. МСА шоттарына осы бюджеттік инвестициалық жобаны іске асыру кезінде қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 6-тарауының 16-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-25. МСА шоттындағы ақша қалдығы, объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін, қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шотына олардың төлем тапсырмалары негізінде аударылады.

      378-26. Аумақтық қазынашылық органдары МСА шоттарынан ақша қалдығы қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шотына аударылғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.";

      Ереже осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес 115-1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы ___________"____"

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      ________________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 15 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 151 бұйрығына
қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
  оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-1-қосымша
  Нысан

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі

      тапсырыс беруші ММ ____________________________________________

      Инжинирингтік компания (ИК) ____________________________________

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер _____________________

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігер _________________

      Объект _______________________________________________________

      Төлем сертификаты № _____ күні "___" ________

      кезең 20___ж.______ бастап 20 __ж._________ аралығында

Төлеуге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасы

Қосалқы мердігерліктің шарты бойынша жалпы құны (теңге)

Құны(теңге)

Ескертпе

Алдынғы айдың төленбеген сомасы

Ағымдағы айдың сомасы

Төлем сомасы

1. Материалдар






2. Жабдық






3. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (жер өндеу жұмыстары)






4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (құрылыс жұмыстары)






5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басқа






Төлемге барлығы






      Инжинирингтік компания __________________ _________

      (Т.А.Ә.) (бар болса) қолы

      Қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі

      бас мердігер __________________ ___________

      (Т.А.Ә.) (бар болса) қолы

      күні